География

1. Құрлыққа еніп жатқан мұхиттың бөлігі: A) бұғаз B) түбек C) шығанақ D) теңіз E) Арал
2. Өзара байланысты бірнеше компоненттерді немесе құбылыстарды көрсететін: A) саяси карта B) топрақ картасы C) жалпыгеографиялық карта D) комплексті карта E) тақырыптық карта
3. Мұнайды игеруге қатысатын шетел компаниясы: A) Ауди B) Нестле C) Филлипс D) Фиат E) Шеврон
4. Гималай тауының биік нүктесі: A) Джомолунгма B) Аконкагуа C) Винсон тауы D) Мак- Кинли E) Монблан
5. Кез- келген нүктенің меридианнан қашықтығы A) географиялық бойлық B) параллель C) меридиан D) градус торы E) географиялық ендік
6. Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке қарай созылуы. A) 2200 км. B) 1000 км. C) 1600 км. D) 3200 км. E) 900 км.
7. Батыс Сібірдің Қазақстан жеріндегі өзендері: A) Сырдария, Арыс, Шу. B) Ертіс, Тобыл, Есіл. C) Ойыл, Нұра, Жетісу. D) Жем, Жайық, Сағыз. E) Іле, Қаратал, Арыс.
8. Нәсілдік белгілер... берілуіне байланысты. A) табиғат жағдайына B) климатқа C) күн радиациясына D) ата-анасынан ұрпақтарына E) әлеуметтік жағдайына
9. Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының басым өркендеген бағыты: A) Етті-жүнді. B) Сүтті-етті. C) Сүтті. D) Етті, сүтті-етті. E) Етті-сүтті, мүйізді ірі қара.
10. Оңтүстік-Батыс Азия халқының көпшілігі ұстайтын дін: A) Синтаизм. B) Христиан. C) Христиан. D) Ислам. E) Индуизм.
11. Оңтүстік Америкадағы ең ірі мемлекеттің астанасы: A) Каракас. B) Тегусигальпа. C) Бразилиа. D) Рио-де-Жанейро. E) Буэнос-Айрес.
12. Бекіре балығы уылдырығын шашатын өзен. A) Жайық. B) Ертіс. C) Тобыл. D) Есіл. E) Ембі.
13. Озон қабатының бұзылуы, климаттың өзгеруі – бұл: A) Азық-түлік проблемасы. B) Экологиялық проблема. C) Энергетикалық проблема. D) Соғыс-бейбітшілік проблемасы. E) Шикізат проблемасы.
14. Қара металлургияның негізгі шикізаты - A) Болат. B) Темір кені. C) Қорғасын. D) Қорытпалар. E) Шойын.
15.... туристерді ең көп қабылдайды. A) Испания, Франция, Италия B) Венесуэла, Колумбия, Эквадор C) Лаос, Түркия, Албания D) Бутан, Мьянма, Болгария E) Үндістан, Ливия, Монғолия
16. Бірдей қысымы бар жерлерді қосатын сызықтар. A) Горизонталь. B) Сызықтар C) Изобара. D) Изотерма. E) Циркуляция.
17. Алматы қорығы орналасқан тау. A) Іле Алатауы. B) Маңғыстау. C) Жоңғар Алатауы. D) Қаратау. E) Талас Алатауы.
18. Кәсіптік маңызы балықтар; бекіре, қызыл балық, мөңке (қара балық)... өмір сүреді: A) Жемде. B) Електе. C) Жайықта. D) Кiшi өзенде. E) Үлкен өзенде.
19. Көліктің маусымдық түрі. A) Теміржол. B) Электронды. C) Автомобиль. D) Өзен. E) Құбыр.
20. Химия өнеркәсібі үшін құндылығы зор өсімдіктер: A) Эфедра, дермене. B) Бидай, терек. C) Сұлы, қарағаш. D) Түймедағы, қияр. E) Қызан, картоп.
21. Мұнайды өңдегеннен кейін қалатын сұйық қалдық- A) Гудрон. B) Керосин. C) Дизель майы. D) Қара май. E) Мазут.
22. Халық тығыздығы өте жоғары облыстар: A) Алматы, Қарағанды. B) Ақтөбе, Қызылорда. C) Ақмола, Маңғыстау. D) Солтүстік Қазақстан, Атырау. E) Оңтүстік Қазақстан.
23. Табиғат ресурстарының барлық түрлері бар елдер: A) Индонезия, ОАР. B) Қытай, Ресей. C) Бутан, Бразилия. D) Монғолия, Непал. E) Канада, Кувейт.
24. Кофе экспорттаушы ел: A) Египет. B) Эфиопия. C) Ботсвана. D) Зимбабве. E) Алжир.
25. Атлас тауларының солтүстік бөлігінің төменгі белдеуін... табиғат зонасы алып жатыр. A) тропикалық шөлейт B) альпілік шалғындар C) биік таулы D) антропегендік E) субтропиктегі мәңгі жасыл жерорта теңіздік табиғи өсімдіктер
26. Дала зонасы Қазақстан аумағының... алып жатыр. A) 15 % B) 16 % C) 36 % D) 26 % E) 46 %
27. Конденсация: A) Судың қатты күйге айналуы. B) Судың қатты күйден буға айналуы. C) Су буының сұйық күйге айналуы. D) Мұндай ұғым жоқ. E) Судың сұйық күйден буға айналуы.
28. Хромит, фосфорит, никель рудаларын өндіру және өңдеу өнеркәсіп торабы: A) Орал. B) Ембі. C) Маңғыстау. D) Ақтөбе. E) Петропавл.
29. Эфиопия таулы қыратында өмір сүруге және егіншілікке қолайлы белдеуі: A) 200 м - 1000 м. B) 1800 м - 2400 м. C) 1700 м - 1800 м. D) 1000 м - 1700 м. E) 2400 м - 3000 м.
30. АҚШ-тың негізгі космодромы орналасқан штат: A) Мен. B) Аляска. C) Техас. D) Калифорния. E) Флорида.

72-вариант


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: