Ежелгі Египет мектебі 15 страница

Жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде оларды” дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми е”бектерде әлеуметтендіруді” жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді. Олар:

- мегафакторлар (мега- өте үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетіні” тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.

- макрофакторлар (макро-үлкен)

ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру.

- мезофакторлар (мезо-орташа)

тұрғылықты жерде халықты” болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдарды” үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы.

Микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.

Адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы қоғамдық мәдениеті адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның ойынша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениетті” үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі қажет – материалдық, рухани және социо-нормативті немесе адамгершілік мәдениеті. “Мәдениет” латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы-рухты дәріптеп көтеру. Рим ораторы М.Р. Цицерон өзінің “Тускуланские диспуты” еңбегінде ең алғаш рет “мәдениет” сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл ж.д.д.). Э. Тайлер мәдениетке барлық білімні” жиынтығы ретінде, яғни адамны” табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем өнер, әдет-ғұрып, діншілдік деңгейінде тұжырымдаған.

Материалдық мәдениет адам қолымен жасалған материалдық құндылық заттардың жиынтығы материал (машина, құрал-жабдық, техника, әртүрлі бағыттағы объектілер т.б.). Мәдениеттің бұл саласы адамдардың тума қасиет шеберлігінде еместігі ескеріледі. Рухани мәдениетті кейде интеллектуалды деп те атайды, адамдардың табиғат пен әлеуметтік ортаны қабылдау мен бейнелеуді белгілі бір ғылым мен искусствада айқындалған болмысы ретінде қабылданады. Социо-нормативті мәдениет, қоғамдық өмірді ұйымдастыру (экономика, құқық, саясат т.б.) тума қасиет мінез-құлыққа тәуелді еместігімен оқшауланады.

Адамдық мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, мәдениеттің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, мәдениет мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз сапасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрекет үстінде адамшылық мәдениетке ыңғайланады.

СОӨЖ-ның тақырыбы: Қоғамдық мәдениеттің тәрбие кеңістігі ретінде қалыптасуы.

Жоспар:

1. Тәрбие мақсатының даму тарихын талдау.

2. Тәрбие мақсатының жалпы және жалқы түрі.

3. Мақсатқа ұмтылу жолдары.

4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру мәселесі.

5. Қоғамдық мәдениет мәселесі және өмірдегі орны.

6. Адамдық мәдениет пен қоғамдық мәдениеттің байланысы.

Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Тәрбие, “тәрбие мақсаты”, “әлеуметтендірудің” түсініктерді айқындау.

2. Тәрбие мақсатының мәнін ашыңыз.

3. Тәрбие мақсатының әдіснамалық қалыптасу негізіне сипаттама беріңіз.

4. Материалдық және адамдық мәдениет арасын ашыңыз.

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1. Сынып ұжымының сипаттамасы бойынша тәрбие мақсатына ықпал ететін негізгі факторларды атаңыз.

2. Жалпы және жеке тәрбие мақсатының өзара байланыс схемасын құрастыру.

3. Тұлғаны әлеуметтендіруде әр түрлі екі позициядағы тәрбие мақсатына мысал келтіріңіз.

4. Материалдық мәдениетке мысалдар келтір және талда.

Реферат тақырыптары.

1. Қоғамдық тәрбие мақсатының әлеуметтік негізі.

2. Теория мен тарихи педагогикалық ойдың дамуында “тәрбие мақсатына” анықтамасын дамыту.

3. Жастарды кәсіптік іс-әрекетке дағдыландыруда әлеуметтендіру шараларының маңызы.

4. Адамдық мәдениеттің қоғамдағы орны.

Әдебиеттер.

1. Муканова Б.И. Педагогическое руководство формированием социальной активности подростков. Алма-Ата, 1990.

2. Мудрик А.В. Социальная педагогика. М., 1999.

3. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика: Курс лекций. М., 1999.

4. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания опыт педагогической антропологии. Пед. соч. В.2 т.т. Т.1. М., 1974.

5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998.

6. Педагогика. Дәріс курсы Алматы, 2003.

16-лекция. Ғылыми дүниетаным – оқушының интелектуалды дамуының негізі

Жоспары:

1. Дүниетаным туралы түсінік, мәні бөліктері.

2. Дүниетанымның философиялық негіздеріне түсінік.

3. Жеке тұлғаның құндылық бағдары.

4. Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының жолдары мен тәсілдері.

Негізгі ұғымдар: дүниетаным, дүниеге көзқарас, әлеуметтік орта, әлеуметтену, жеке тұлғаны дербестендіру.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымның қалыптасуы – күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Жеке тұлғаның, оныңішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыданкҰкейкесті мәселеге айналуда.

Қазіргі нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.

Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.

Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.

Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нәтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылай түседі, өзгертеді.

Жеке адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның “Мен” деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың коллективті индивидуалдық тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір “білетін” немесе “түсінетін” емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Білімдер адам үшін қажетті білімдер болуы керек, яғни субъективті, жекелік мағынаға ие болулары керек. Сенімге айналған білімдер мен идеялар дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналады.

Жеке тұлғаның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оның мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты өзгереді. Әлеуметтік орта – адамды әлеуметтік өміріндегі қоршаған қоғамдық қатынастардың дамуының белгілі бір сатысындағы нақты көрінісі. Әлеуметтік орта қоғамдық-экономикалық формация түрінде, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмыстық және кәсібіне тәуелді.

Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.

Философияның өзі де – дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы. Философия сияқты дүниетанымның басқа да формалары бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның дүниетанымның басқа формаларынан айырмашылығы – оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Ал оның ішінде, натуралистік формадан өзгешелігі, ерекше категориалық аппараты бар, ал ол өз дамуы барысында барлық ғылымдарға, адамзат дамуының бірыңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді. Философияның мәні “дүние-адам” мәселелері туралы ойлар.

Арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат негізгі адамгершілікке байланысты белгіленеді, ал оған шартсыз мағынасындағы, шексіз қабілеттілігіндегі жеке тұлға ұғымы жатады. Қоғамда жеке тұлғаның өмірлік міндеттері қайталанып қана қоймайды, оның арман-мұратқа ұмтылысындағы күш-жігері де толығады. Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өмірі индивидуалдық өзін-өзі танытуға талпыну мен шартсыздық пен жоғары даралыққа ұмтылу сияқты тербелісте болады. “Жеке тұлғаның шартсыздық принципі қажет болған сайын бүкіл адамзаттық, ғаламдық ынтымақтастық арман-мұратына әкеледі... Қоғамдық арман-мұратқа еркін универсализм принципі деп анықтама беруге болады” (П. И. Новгородцев).

Дара тұлғаның дүниетанымы жалпы білімдер дегенді және оларды құбылыстарды тану мен бағалау үшін және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктері дегенді білдіреді. Ол білімдердің ақиқаттылығына және оларды қызмет-әрекеттің құралы ретінде пайдаланудың нәтижелілігіне деген сенімдерден тұрады.

Тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Қажеттілік дүниетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық-мазмұндық категория емес, ол, сондай-ақ, психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды-жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар, шынайы мүмкін және қол жетерлік туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман-мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Арман, сенім, мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін салады, ол – қызмет-әрекеттің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі – дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі әзірлік.

Құндылық бағыттары – адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.

Психологтар “құндылық” ұғымымен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелілік, жеке тұлғаның (адамдар тобының, коллективтің) және оның іс-әрекетінің нәтижесін; ал екіншіден, “құндылық” санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.

Адамның құндылық бағыттары мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, оны “заттандыруға”, яғни қажетті объектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады.

Құндылық дегеніміз, біріншіден, объектіге деген когнитивті қатынасқа, яғни көңіл-күйі басымырақ, субъектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан, тұратын қатынас. Екіншіден, ол – сананың ішіндегі құндылық бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық параметрлер, олардың негізінде көзқарас, дәлелдің, білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады. Үшіншіден, санадағы құндылық – объективті шынайы заттық білім, ол дәл осы шынайылық, дұрыстық, ақпараттыңарқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады.

Дүниетаным тек дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес. Ол, сонымен қатар, қоғамның саналы мақсат-мүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтар – өмірдегі мінез-құлықтың бағытын таңдауды, оның қоғам мен өз өзіне деген жауапкершілікті қатынасын анықтауы.

Жеке тұлғаның дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс – материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс – болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың толассыздығы мен толасуы; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс – мәнділіктің көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика – таным негізі, ақиқат критериі.

Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты – оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.

Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманныңталабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.

Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. “Түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен, көмегімен қалыптастыруы қажет. Түсініктердің пайда болуы, заңдарды жете түсіну – оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді процесі”.

Оқу оқушылардыңіс-әрекетінің басты нәтижесі олардыңбойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны– іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып табылады.

Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.

СОӨЖ-ның тақырыбы: Жеке тұлғаның дүниетанымы ның қалыптасуы

Жоспар:

1. Дүниетаным туралы түсінік, мәні, мазмұны.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары.

3. Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру жолдары.

4. Дүниетаным қалыптастырудағы оқу пәндерінің орны.

5. Дүниетаным қалыптастырудағы мұғалімнің ролі.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар

1) Оқыту процесіндегі дүниетаным мен оқушылардың іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар?

2) Адамның сенімі мен оның өмір салты арасында қандай байланыс бар?

3) Дүниетанымныңқалыптасуының негізгі заңдылықтарын сипаттаңыз.

4) “Дүниетаным” ұғымының мазмұнын ашыңыз.

5) Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасуына іс-әрекетінің әсері қандай?

6) Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктерін сипаттаңыз.

7) Дүниетаным құрылымы қандай?

8) Дүниетаным құрылымындағы сенімнің орнын анықтаңыз.

9) Оқушының іс-әрекетінің негізгі түрлері қандай?

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1. “Дүниетанымның пайда болу және қалыптасуының әлеуметтік-мәдени динамикасы” тақырыбына дерек-мәлімет дайындаңыз.

2. Дүниетанымныңмәніне қатысты ғылыми әдістемелердің жіктемесін құрыңыз.

3. “Қазіргі кезде қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның дүниетанымы” тақырыбындағы ғылыми мақалалардың конспектісін жасаңыз.

4. “Дүниетаным” ұғымы анықтамасының салыстырмалы кестесін жасаңыз.

5. Жеке тұлғаның дүниетанымдық бағдарларының алуан түрлі қатынастар жағдайларындағы қалыптасуының үлгісін жасаңыз.

6. Ғылыми дүниетанымның қалыптасуы процесінде тәрбиенің жалпы әдістерінің жүйесін пайдалану қажет екенін дәлелдеп беріңіз?

7. Жеке тұлға қалыптасуына әсер ететін факорларды іздестіріңіз.

Реферат тақырыптары

1. Сыныптан тыс тәрбиелік іс-әрекеттегі оқушылар дүниетаны-мының қалыптасу жолдары.

2. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың ғылыми түсініктерінің қалыптасуының психологиялық мәселелері.

3. Оқушылардың дүниетанымы мен қоғамдық белсенділігінің қалыптасуының ара қатынасы.

4. Дүниетаным қалыптасуындағы мұғалімнің алар орны.

5. Білім беру процесіндегі оқушылар дүниетанымының қалыптасуы.

6. Педагогикалық ғылымдағы дүниетанымдық түсініктер, көзқарас-тар мен сенімдердің қалыптасуы мен дамуы.

7. Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы – мектептің іс-әрекетінің басты бағыты.

8. Дүниетанымды қалыптастырудағы ортаның ықпалы.

9. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары.

17-лекция. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны

18-лекция Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі

Жоспар:

1. Оқушылар тәрбиесінің формалары мен әдістері туралы.

2. Тәрбие әдістерінің жіктелу жолдары.

3. Оқушылар санасын қалыптастыру әдістері.

4. Мінез-құлық тәрбиесі мен оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру туралы.

5. Іс әрекеттегі ынталандыру әдістері.

Негізгі ұғымдар: тұтас педагогикалық процесс, педагогикалық процестің қозғаушы күші, тәрбиенің формалары мен әдістері.

Мұғалім педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: