Кредиттін саны: 2

Астана 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Әлеуметтану кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән: AL «Әлеуметтану»

әлеуметтанулық емес мамандығының

студенттеріне арналған

Астана, 2015

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әлеуметтік ғылымдар факультеті, әлеуметтану кафедрасы

1. Оқытушының аты-жөні: Бурбаева Перизат Тулеугалиевна, әлеуметтану ғылымының кандидаты, аға оқытушы. телефон: 87017407492, perizatburbaeva@mail.ru

Ғылыми зерттеу бағыты: Жастар әлеуметтану, мәдени әлеуметтану, жастар саясаты

Ғылыми мектебі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

2. Пәннің аты: Әлеуметтану

Пәннің коды: ALE 1108

Кредиттін саны: 2

3. Оқу пәнінің жүргізілетін уақыты мен орны: кесте бойынша

4. Пререквизиттер: тарих, философия, экономикалық теория негіздері

Постреквизиттер: мәдениеттану, саясаттану

1. 5. Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1. Оқу пәнінің бағыты. Әлеуметтану қоғамды, ондағы байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттейді. Адамдардың, топтар, таптардың өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік институттармен байланыстарын түсіндіреді. Қоғамдағы қалыптасқан, пайда болған күрделі байланыстар мен қарым-қатынастарға сипаттама береді, қоғам өміріндегі бүкіл құбылыстарды анықтап, тиісті шешім, даму жолдарын көрсетіп беріп отырады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты. Студенттердің санасында қоғам мен оның құрылымы жайлы, ондағы әлеуметтік құбылыстар мен байланыстар жайлы дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыру. Оларды бүгінгі таңдағы қоғамда болып жатқан өзгерістермен таныс ете отырып, ол өзгерістерге талдау жасап, жеке тұлға ретінде баға беруге баулу.

5.3.Пәнді оқытудың міндеттері. Студенттері әдістемелік және дүниетанымдық жағынан қоғамды тану мәселесін көтергенде қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа көзқарас, теория, тәсілдермен таныстыру:

· әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның тарихи дамуын түсіндіретін түрлі талаптарды талдап түсіндіру;

· қоғамдағы теңсіздікті, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды азайту жолдарын қарастыру;

· әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейде теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету:

· әлеуметтік институттар мен индивидтер арасындағы байланыстарға бақылау жасап, реттеп отыру.

5.4.Пәнді оқу барысындағы студенттер қалыптастыруға тиіс жайлар мен дағдылар.

· Әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның дамуын түсіндіретін түрлі әлеуметтанымдық концепцияларды талдап түсіндіру;

· Қоғамдағы теңсіздікті, жіктік, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды әлеуметтік әділеттілік принципі арқылы шешілу жолдарын түсіндіру;

· әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейдегі теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету.

5.5 Пәннің мазмұны. Тақырыптық жоспары.

Апта саны Тақырыптар атауы Оқыту түрлері, сағат көлемі СӨЖ үшін Тапсырмалар
1. Әлеуметтанудың объектісі және пәні Дәріс-1, семинар-1, -
2. Әлеуметтану ғылымының даму тарихы Дәріс-1, семинар-1, 5 әлеуметтану ғылымының негізгі қалаушыларының теорияларын сипаттама жасау: О.Конт, Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, К.Маркс, М.Вебер
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы, стратификация және әлеметтік мобильдік Дәріс-1, семинар-1, В.В. Радаевтын 9 турлі стратификация жүйесі (таблица) П.Сорокинның әлеуметтік мобильділік теориясы (конспект)
4. Әлеуметтік институттар Дәріс-1, семинар-1, -
5. Тұлға әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, -
6. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, Таблица. Негізгі девиантты мінез-құлық теорияларының сипаттамасы. (Э. Дюркгейм, Г.Беккер, У.Шелдон, Ч.Ламброзо, З.Фрейд, Р. Мертон)
7. Әлеуметтік топтар Дәріс-1, семинар-1, -
8. Отбасы әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, -
9. Мәдениет әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, «Мәдениет әлеуметтануы» тақырыбына кроссворд әғ термин (2студентр жұмыс істейді)
10. Этникалық әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1,  
11. Дін әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, «Қазақстандағы діни одақтардын салыстырмалы зерттеуі» таблица.
12. Әлеуметтік шиеленістер Дәріс-1, семинар-1, Әлеуметтік шиеленістер теориялары (конспект)
13. Экономикалық әлеуметтану Дәріс-1, семинар-1, -
14. Әлеуметтік зерттеу әдістері Дәріс-1, семинар-1, Әлеуметтік зерттеу (2 сағат)
15. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы Дәріс-1, семинар-1, Әлеуметтік зерттеу

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

6.1.Негізгі әдебиеттер

1.М.М.Тажиннің ред.Социология. Т 1-2, Астана, 2004

2.Ш.Карабаев. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2009

3.А.Т.Забирова, Практикалық әлеуметтану, Астана, 2011

4.А.И.Икенов, А.Д.Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.Б.Ж.Смағамбет. Шетелдік әлеуметтану тарихы. Астана, 2010

6.А.Н.Болатова, және т.б. Әлеуметтану. Алматы, 1998

7.А.Х.Тұрғынбаев. Әлеуметтану: лекциялар курсы. Алматы: Білім, 2001

8.Т.Ж.Калдыбаева Білім социологиясы. Алматы, 1997

9.Э.Гидденс Социология. М: Эдиториал, УРСС, 1992

10.С.С.Фролов. Социология. Москва, 1994

11.Г.Е.Зборовский. Общая социология. Москва, 2004

12. Г.Е.Зборовский. История социологии. Москва, 2004

13.Большой социологический словарь. М: 1999

6.2. Қосымша әдебиеттер:

1.М.С.Аженов, К.Ү.Биекенов Экономическая социология. Алматы, 2002

2.Н.А. Аитов. Социология труда. Алматы, 1997

3.К.Г.Габдуллина. Социология. Алматы, 1997

4.М.С.Аженов, М.С.Садырова. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

5.К.Г.Габдуллина. Құқық социологиясы. Алматы, 2003

6.З.Ж.Жаназарова. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. Алматы, 2004

7. М.С.Аженов, М.С.Садырова. Кедейлік социологиясы. Алматы, 2004

8.А.Т.Забирова. Этносоциология. Астана, 2008

9.Р.С.Салыкжанов. Политическая культура студентческой молодежи, Астана, 2010

10.Г.С.Абдирайымова.Ценностные ориентации современной молодежи. Алматы, 2005

11.Г.О.Абдикерова. Социализация современной личности. Алматы, 2005

12. В.И. Добреньков, А.И.Кравченко. Методы социологического исследования. Москва, 1994

13.П.А.Сорокин. Человек. Цивилизация. Общество. М: 1992

14. Штомпка П. Социология социальных изменений. М: 1996

15. Арутюнян Ю.В., Дробижева Л.А.. Этносоциология. М: 1998

7. Білімді бақылау және бағалау:

Пәнді оқыту барысында ағымдағы бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау өткізіледі. Аралық бақылау 1семестрде 2 рет өткізіледі. Сондай-ақ бақылау әдістері бар. Студенттер сабаққа белсенді қатысып отыруы тиіс. Оқытушының студенттерге ескертпей бақылаудың әртүрлі түрлерін қолдану құқы бар. Студент материалды сапалы игеру үшін аптасына 30-50 беттік материалды оқуға уақыт бөлуі керек.

Уақытында орындалмаған тапсырманы оқытушының қабылдамауға құқығы бар.

Төмендегідей көрсеткіштерге белгіленген:

Ағымдағы бақылау – 20%

Аралық бақылау– 20%

СӨЖ, СОӨЖ– 20%

Емтихан– 40%

Барлығы– 100%

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік баға Баллдық сандық баламасы Оқу пәнін игерудің %-дық мазмұны Дәстүрлі баға жүйесі
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 қанағаттанарлықсыз

Қорытынды баға төмендегі формула арқылы анықталады:

N%= P1+P2 x 0,6 + Э х 0,4

да: Р1-1 рейтингтің пайыздық мазмұны, Р2-2 рейтингтің пайыздық мазмұны, Э – емтихан бағасының (тест-емтихан) пайыздық мазмұны.

8. Оқу пәнінің саясаты

Сабаққа және оқу процесіне міндетті болып табылады. Студент сабаққа кешікпеуі, сабақтан себепсіз қалмауы, ауырған кезде анықтама қағаз әкелуі, қалған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта тапсыру, барлық сабаққа белсенді қатысуы керек. Сабақ үстінде ұялы телефонды қолдануға тыйым салынады. Ғадет нормалары мен әдебі университет талаптарына сай болуы тиіс.

Кафедраның әдістемелік секциясында отырысында қарастырылған, 2015 жылғы «____»__________№___ хаттамасы

Кафедра меңгерушісі бекіткен Байғабылов Н.О.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: