Тесттер

  1. Жүректiң оң жақ қарыншалық әлсiздiгiне тән емес

1.аяқтың iсуi

2.бауырдың ұлғаюы

3.асцит, гидроторакс

4.өкпеде қанның iркiлуi

5.мойын веналарының кеуiп iсiнуi

  1. Жүрек демiкпесiне тән емес

1.инспираторлық тұншығу

2.акроцианоз

3.өкпенiң үстiнде перкуссия кезiнде қорапты дыбыстың естiлуi

4.өкпе артериясы үстiнде екiншi тонның акцентi

5.ортопноэ

  1. Эпигастрия аймағында болатын пульсацияны тудыратын себептерге жатпайды

1.сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

2.оң жақ қарыншаның гипертрофиясы

3.iш қолқасының пульсациясы

4.оң мәндi веналық пульс

5.бауырдың пульсациясы

  1. Сол жақ қарыншаның жиырылу функциясының нашарлауын көрсететiн белгi

1.жүрек тондарының әлсiреуi

2.сол жақ қарыншаның көлемiнiң ұлғаюы

3.бөдене ырғағы

4.жүрек тондарының күшеюi

5.жүрек ұшында систолалық шудың естiлуi

  1. Мына төмендегiлердiң қайсысы сол жақ қарыншаның әлсiздiгiнiң бастапқы белгiсi болып табылады

1.физикалық күш түскенде ентiгу

2.түнгi полиурия

3.ортопноэ

4.пароксизмальды демiкпе

5.аяқтағы iсiк

  1. Есiнен таңған (обморк) ауруға мына төмендегiлердiң қайсысы дұрыс емес

1.науқасты шалқасынан жатқызып төсектiң басын жоғарлату

2.науқасты шалқасынан жатқызып басын төмендету

3.түймесiн ағытып, тар киiмнен босатып, таза ауа келуге жағдай жасау

4.нашатыр спиртiн иiскету

5.бетiне, кеудесiне суық су бүрку

  1. ''Ортопноэ'' жалпы жағдайды жеңiлдетiп, азайтады:

1 жүрек аймағындағы ауырсынуды

2 жөтелдi

3 аяқта iсiктердi

4 ентiгудi

5 бастың ауырсынуын

  1. Жедел оң қарыншалық жетiспеушiлiкке тән:

1 беттiң және қолдың бозаруы

2 мойын веналарының бiлеуленiп iсiнуi

3 бет гиперемиясы

4 facies mitralis

5 каротид биi

  1. Өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентiнiң анықталуы тән емес:

1 митралды тарылуға

2 митральды жетiспеушiлiкке

3 өкпе эмфиземасына

4 созылмалы өкпе тектi жүрекке

5 гипертониялық ауру

  1. Оң жақ жүрекшенiң гипертрофиясы тән емес:

1 митральды тарылуға

2 үш ашпалы қақпашаның тарылуы

3 бiрiншiлiк өкпелiк гипертензия

4 созылмалы өкпе тектi жүрек

5 өкпе артериясының тарылуы

Ситуациялық есептер:

Бала кезiнен ревматизм ауруымен сырқаттанатын 46 жастағы науқас ауыр демiкпе ұстамасымен клинакаға жеткiзiлген. Тыныс алуы шулы, бұрқыл тәрiздi, қақырығы көпiршiген, қызыл реңi бар. Жүрек ұшында әлсiз I тон және төстiң сол жақ жиегiмен жоғары тарайтын қатты систолалық шуыл. Жыбыр аритмиясы, жұректiң соғу жиiлiгi минутына 150. Пульс ырғақсыз, жиiлiгi 110 минутына. Кан қысымы 140/70. Бауыры үлкеймеген, шеткей iсiктер жоқ. Негiзгi ауруға қандай асқыну қосылған

1.жедел тамыр шамасыздығы

2.миокард инфарктiсi

3.жедел сол қарынша шамасыздығы

4.жедел оң қарынша шамасыздығы

5.жедел тоталды жүрек шамасыздығы

Аралық бақылау сұрақтары:

  1. Жүрек маңайын қарау: жүрек ұшының соққысы, жүрек соққысы, пальпациясы.
  2. Сипаттамасы: орналасуы, көлемі, күші, биіктігі, қалыпты жағдайда. Балалардағы ерекшеліктері.
  3. Қан-тамырларын физикалық және аспаптық зерттеу әдістері
  4. Артериальдік пульсті зерттеу
  5. Сфигмография
  6. Артериальдік пульстің қасиеті
  7. Тамырларды зерттеу, көрнекті пульсация, эластикалық қабілеті, қолқа пульсациясын анықтау
  8. Артериальдік қысымды өлшеу. Балалардағы ерекшеліктері.
  9. Перкуссия. Жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау.
  10. Жүрек конфигурациясын анықтау.
  11. Қалыпты жағдайда жүрек контуры немен құрастырылған. Балалардағы ерекшеліктері.
  12. Аускультация тәсіл ретінде. Жүрек аускультация тәсілі.
  13. Науқастың әртүрлі жағдайындағы (вертикальды, горизонтальды) жүректің аускультациясы, тыныс фазасына байланысты, тыныштықта және физикалық жүктемеде
  14. Жүректің тыңдау нүктелері. Жүрек қақпаншаларының кеудеге негізгі проэкциясы.
  15. Жүрек аускультациясының тәртібі
  16. Жүрек қарыншаларының систола мен диастола кезіндегі аускультациялық айырмашылықтары
  17. Жүрек тондары, пайда болу механизмдері
  18. Негізгі тондары (І, ІІ) және қосымша тондары (ІІІ, ІҮ)
  19. Жүрек тондарының қасиеттері: тембрі, күші. Балалардағы ерекшеліктері
  20. Сұрастыру. Негізгі шағымдар. Жүрек тұсының ауырсынуы. Симптомның сипаты: орналасуы, мінездемесі, тарауы, ұзақтығы, физикалық жүктемеге, қобалжуға байланысты, ауырсынуды тоқтату әдістері. Диагностикалық маңызы.
  21. Ентігу. Ентігудің физикалық жүктемеге байланысты болуы.
  22. Тұншығу (жүрек астмасы). Уақыты және пайда болу шарттары, ұстаманың ұзақтығы және басылуы. Диагностикалық маңызы.
  23. Жүрек қағуы, ретсіз соғуы. Себептері. Диагностикалық маңызы.
  24. Жөтел, қан түкіру. Сипаты, пайда болу себептері, диагностикалық маңызы.
  25. Ісіктер. Орналасуы және сипаты. Балалардағы ерекшеліктері.
  26. Жүрек патологиясымен науқасты қарап тексеру: сана сезімі, төсектегі жағдайы, дене құрылысы, тері жабындыларының түсі. Ісіктер. Анасарка. Диагностикалық маңызы.
  27. Теріс жүрек ұшының соққысы. Систолалық және диастолалық дірілді анықтау.
  28. Ірі перифериялық қан тамырларын қарап тексеру, ұйқы артериясының, басқа тамырлардың пульсациясы. Балалардағы ерекшеліктері
  29. Жүрек тұсын қарап тексеру. Жүрек шекараларының өзгеруінің диагностикалық маңызы.
  30. Жүрек ұшының, жүрек соққысының пальпациясы. Систолалық және диастолалық дірілді анықтау әдісі.
  31. Аускультация. Тондардың өзгеруі: күшеюі, әлсіреуі, екі естілуі, жарықшақтануы, қосымша тондар. Үш тондық ырғақтар: «бөдене», «шоқырақ» ырғақтары.
  32. Жүрек шулары. Шулардың жіктелінуі. Жүрек жұмыс фазасына шулардың қатынасы.
  33. Систолалық және диастолалық шулар. Шулардың қасиеттері: тембірлік, ұзақтылық, қаттылық. Шулар ең жақсы тыңдалатын нүктелер
  34. Функциональды шулардың органикалық шулардан айырмашылығы
  35. Қан тамырларының аускультациясы. Екі естілетін Траубе тоны, екі естілетін Виноградов-Дюрозье шуылы. Шулардың диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері.
  36. Екі жармалы қақпақша зақымдану синдромы: жетіспеушілігі және тарылуы. Этиология, патогенез, гемодинамика. Симптомдар.
  37. Екі жармалы қақпақша зақымдану синдромының негізгі диагностикалық әдістері. Балалардағы ерекшеліктері.
  38. Қолқа қақпақшасының зақымдану синдромы: жетіспеушілігі және тарылуы. Этиология, патогенез, гемодинамика. Симптомдары.
  39. Қолқа қақпақшасының зақымдану синдромының негізгі диагностикалық әдістері. Балалардағы ерекшеліктері.
  40. Коронарлық жетіспеушілік синдромы (жедел, созылмалы). Жедел коронарлық жетіспеушілік синдромының себептері.
  41. Жедел коронарлық жетіспеушілік синдромының симптомдары. Негізгі диагностикалау әдістері.
  42. Созылмалы коронарлық жетіспеушілік синдромының себептері. Симптомдары. Негізгі диагностикалау әдістері.
  43. Артериалық гипертензия синдромы (эссенциалық). Артериалық гипертензия себептері.
  44. Артериалық гипертензия синдромының негізгі симптомдары. Негізгі диагностика әдістері. Балалардағы ерекшеліктері.
  45. Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілік синдромы (солқарыншалық және оңқарыншалық). Себептері. Симптомдары.
  46. Жүрек астмасы, өкпе ісінуі. Диагностиканың негізгі әдістері. Балалардағы ерекшеліктері.
  47. Созылмалы жүрек жетіспеушілік синдромы. Себептері. Симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері. Балалардағы ерекшеліктері.
  48. Жіті жетіспеушілік синдромы (естен тану, коллапс, шок). Себептері. Симптомдары. Балалардағы ерекшеліктері.

Тәжірибелік дағдылар

  1. Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды қарау
  2. Жүрек алды аймағы пальпациясын жүргізу
  3. Ірі және шеткі тамырлардың пальпациясын жүргізу
  4. Артериялық пульсті тексеру
  5. Жүрек перкуссиясын жүргізу (салыстырмалы шекарасы, жүрек конфигурациясы)
  6. Жүрек және тамырлар аускультациясын жүргізу
  7. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің патологиясы бар науқастардан шағым жинау және оларды қарау
  8. Жүрек аускультациясы (шулар), балалардағы ерекшеліктер
  9. Жүрек қақпақша аппараты зақымдану синдромын диагностикалау
  10. Коронарлық жетіспеушілік синдромын диагностикалау
  11. Эссенциалық АГ синдромын диагностикалау
  12. Жүректің жіті жетіспеушілік синдромын диагностикалау
  13. Жүректің созылмалы жетіспеушілік синдромын диагностикалау

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: