Тараз-2015

Т Ү С І Н І К Х А Т

№36 орта мектебі 2015-2016 оқу жылындағы жұмыстық оқу жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» №500 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығы, «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы», 2012 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» №557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары, "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" және ҚР Білім ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру қызметінің үлгілік қағидалары негізінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығы, мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («Біз мектепке барамыз», 2010 ж.) мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа ала отырып және оқу жүктемесінің нормалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 179 бұйрығына сәйкес құрылды.

2015-2016 оқу жылында «Шетел тілі» пәні бастауыш мектептің 3-сыныптарында 1 сағаттан, «Дүниетану» пәні 1 сағаттан оқытылады.

Мектеп компонентінің жұмыстық оқу жоспарының вариативті бөлігі төмендегідей:

І. Мектепалды даярлық топтарында оқу жоспарының вариативті сағат есебінен тілдік сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Әдеп әліппесі», логикалық ұғымдарды меңгерту мақсатында «Логика», танымдық қызығушылығын ашу үшін «Ертегілер елінде», алғашқы логикалық ұғымдарды меңгерту, интеллектуалды қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Ағылшын тілі» таңдау курстары енгізілді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: