Меншік объектілері мен субъектілері

B X

Мысалы, экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Хжәне У - А - барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған - В - Х тауарын өндіруге, - С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану - Е - ресурстарды толық пайдаланбау - D - осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс. 1 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы.  

Альтернативті шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктер. Бұдан туындайтын қорытынды экономикада альтернативті (баламалы) шығындары төмен тауар өндіру қажеттігі. Өндірістегі барлық шығындар баламалы шығындар болып табылмайды. Баламалы емес - шығындар бұл өндірушінің бас тарта алмайтын шығыны. Ол шығындарды өндіруші міндетті түрде жұмсайды.

Ұсыным көлеміне әсер ететін негізгі фактор - шығындар. Сондық­тан қанша тауар өндіру керек туралы шешім қабылдау үшін, фирма шығындарды талдап шығуы қажет.

Шығындар - бұл өндіріс факторларын алуға төлемдер. Шығын­дардың мәні әртүрлі экономистермен түрлі тұрғыдан, әртүрлі мақсатпен қарастырылады.

К.Маркс шығындарды оқып білуді, құнда көрінетін жалдамалы жұмысшыны қанау ерекшелігін зерттеумен байланыстырады. К.Маркстің айтуынша, тауар өндіру үшін қоғам қалай тірі еңбек (қажетті және қосымша), сондай құралдардың, шикізаттың, жанар­майдың және т.б. құнында көрсетілген затталған еңбек жұмсауы (шығындалуы) керек.

Тауардың құнын құрайтын осы еңбек шығындарын ол «қоғам шығындары» деп атады. Тауарды өткізген соң түскен ақшадан капиталист құралдарға, шикізатқа, жанармайға, энергияға және қажетті еңбекке төлемге жұмсалған шығындардың орнын жауып өтейді. Қосымша еңбек төленбейді.

Демек, капиталистің шығыны, яғни, оның өндіріс шығындары қоғамдық шығындардан (тауар құны) аз (төленбеген қосымша еңбек көлемінен). Атап айтқанда, пайданың көзі болып саналады. Демек, Маркста пайда шығындардан тыс жатыр. К.Маркс өндіріс шығындарынан басқа айналым шығындарын бөледі, яғни тауарларды өткізу процесімен байланыстыратын шығындар.

Тауар құнын құруда айналым шығындары емес, тек өндіргіш болып саналатын бөлігі, яғни, айналым саласында өндіріс процесінің жалғасын білдіретіндер ғана қатысады (жүк тасымалдау, сақтау, орау және т.с.с). Сондықтан, барлық шығындар баға құрушы болып саналмайды.

К.Маркске қарағанда, қазіргі кездегі батыс экономистері шығындарды шаруашылыққа қарайтын қызметкер тұрғысынан қарас­тырады. Олардың ойынша, кәсіпкер барлық шығындардан кіріс кіргізудің амалын ойлайды. Осының негізінде олар тәуекелге төлем ретінде бағалап, кәсіпкердің пайдасын шығынға қосады.

К. Маркстің айтуынша, өндіріс шығындарының сомасы (C+V) пайдамен (P) бірге өндіріс бағасын құрайды. Шетел әдебиеттерінде шығындарды басқаша классификация­лайды. Өндіріс көлемі өсуінің әсеріне байланысты шығындар тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді.

Тұрақты шығындар FC (Fixed cost.) – бұл өндіріс көлеміне байланысты еместер. Оларға жататындар: ғимарат пен құрылыс амортизациясына аударылған сомалар, ренталық төлемдер, әкімшілік-басқарма шығындары және т.б. Бұл шығындар кәсіпорын тоқтап қалса да төленуі қажет.

Ауыспалы шығындар VC (variable cost) - бұл шығындар өндірілетін өнімдер санына байланысты. Олар шикізаттарға, материалдарға, жалақыларға және т.б. шығындардан тұрады. Өндіріс көлемінің өсуімен бірге олар да артады. Шығындардың тұрақты және ауыспалы болып бөлінуі, жағдайға байланысты және талдау жасайтын кезеңге байланысты. Сонымен ұзақ мерзімдік кезеңде барлық шығындар ауыспалы болады, өйткені ұзақ мезгілде барлық жабдықтаулардың айырбасталуы мүмкін (жаңа зауыт сатып алынады немесе ескісі сатылады).

Тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасы барлық немесе жалпы шығындарды TC (total cost) құрайды.

 
 

Жалпы, ауыспалы және тұрақты шығындарды графикте беруге болады (2-сурет).

Бірлік өнімді өндіруге кеткен шығындарды өлшеу үшін орташа жалпы АТС (average total cost), орташа тұрақты AFC (average fixed cost) және орташа ауыспалы шығындар AVC (averade variadle cost) категориялары қолданылады.

Орташа шығындар фирманың пайдалылығын анықтау.үшін маңызды: егер баға орташа шығынға тең болса, онда фирмада пайда болмай, нөлдік тиімділік болады.

Егер баға орташа шығыннан аз болса, онда фирма шығындалып, күйреуі мүмкін.

Егер баға орташа шығыннан көп болса, онда фирма осының айырмашылығы көлемінде пайда алады.

Орташа жалпы шығындар жалпы өндірілген өнімдердің санына бөлгенге тең:

ATC = TC
Q

Орташа тұрақты шығындар жалпы тұрақты шығындарды өндірілген өнімдердің санына бөлу арқылы анықталады:

AFC = TFC
Q

Орташа ауыспалы шығындар жалпы ауыспалы шығындарды өндірілген өнімдердің санына бөлу арқылы құрылады:

AVC = TVC
Q

Шығындарды бағалау әдісіне байланысты «бухгалтерлік» және «альтернативтік шығындар» деп айырады.

Бухгалтерлік шығындар - бұл белгілі бір өнім санын істеп шығаруға өндіріс факторларының фактілік шығыны.

Бірақ бір және сол ресурстарды әртүрлі альтернативтік мақсатта қолдануға болады. Сондықтан пайдалана алмаған мүмкіндік шығын­дары немесе альтернативтік шығындар болады.

Альтернативтік шығындар - ресурстарды қолдануда альтерна­тивтік әдістердің барлық мүмкіншілігінен ең пайдалысынан алуға болатын ақылы сомасы.

Қаражаттардың жиналуына байланысты шығындар сыртқы және ішкі деп бөлінеді.

Сыртқы шығындар - фирманың шикізатты, жабдықтарды, энергияны «сырттан» сатып алуға кеткен шығындары, яғни кәсіпорынның құрамына кірмейтіндері.

Ішкі шығындар - бұл өздерінің жеке қолданатын ресурстарына төленбеген шығындар. Мысалы, өсіп шыққан астықтың бір бөлігін фирма келесі жылға қолдануға алып қалады. Оны фирма өзінің ішкі қажеттігіне қолданады және ол төленбейді.

Өнімді максималды шығару мақсатында фирма шекті шығын­дарын есептейді.

Шекті шығындар МС (marginal cost) - шығарудың берілген көлеміне қарағанда әрбір қосымша өнім бірлігін өндіруге қажетті қосымша шығындар.

МC = DTC
DQ

Ол фирманың стратегиясын анықтау үшін қажет. Тұрақты шығындар өзгермейтін болғандықтан, шекті шығындар ауыспалы шығындардың өсуіне тең, яғни шикізат, жұмыс күші және т.б.

Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бір жағынан жекеленген­дердің жиынтығы болып табылады, басқа жағынан дербес (жеке меншік шаруашылығы) ұдайы өндіріс жүргізуші фирмалардың өзара тәуелділігін білдіреді.

Дербес ұдайы өндіріс -бұл тауарды жасау және кіріс алу мақсатында өндіріс факторларын өндіргіш ретінде қосып, біріктірудің үздіксіз қайталану процесі.

 
 

Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың айналымды­лығы. Капиталдың айналымдылығы бұл - өндіріс пен айналу сферасы арқылы өндіріс факторлары құндарының қозғалысы. Осының нәтижесінде кезекпен үш сатыны өтіп, дәйекті (жүйелі) өндірістік, ақшалық және тауарлық форманы қабылдайды.

Өндірістік циклдің сатысы:

Мұнда: А – бастапқы капитал (авансталған ақша);

Т – тауар

ЖК - жұмыс күші

ӨК - өндіріс құралдары;

Ө - тауарлар мен қызметтерді өндіру процесі;

Т¢ - өндірілген өнім;

А¢ - алғашқы авансталған капиталдың өсуі

Үш сатының әр біреуі белгілі функцияларды орындайды:

- біріншісінде өндіріс жағдайы құрылады;

- екіншісінде тауарлар мен қызметтер өндірісі жүргізіледі;

- үшіншісінде тауарлар мен қызметтерді өткізу және пайда алу жүреді;

Үздіксіз қайтадан басталатын процесс ретінде қарасты­рылатын айналымдылық капитал айналымы деп аталады.

Айналымдылық пен айналым арасында айырмашылық бар: айналымдылықтың бір ағымында (айталық аяқ киім партиясын өндіру) фирмаға бастапқы авансталған құнның бір бөлігі ғана қайтып келеді; ал айналымның бір ағымында фирмаға бастапқы авансталған құнның барлық бөлігі қайтып келеді. Бұл үшін бірнеше айналымдылықтың болуы мүмкін.

Айналым уақытпен және жылдамдықпен өлшенеді.

Айналым уақыты бұл - ағымда, ресурстар, өндіріс және айналыс сфераларын өтіп, бастапқы (ақшалай) форма­сына қайтып келетін кезең.

Айналым уақыты өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді.

Айналым жылдамдығы бір жыл ішінде жүргізілетін, ресурстардың айналымы санымен өлшенеді. Айналым саны мына формуламен анықталады:

n – бір жылдағы айналым саны;

o – қабылданған уақыт бірлігі (1 жыл)

t - берілген ресурстардың айналым уақыты;

Айналымды өндірістік капитал істейді. Өндірістік капитал - тұйық ұдайы өндіріс циклінде жұмыс істейтін өндіріс факторларының құндық формадағы көрінісі.

Қолданған өндірістік капиталдың құнын жасалған тауарлар құнына көшіру әдісіне тиісті, әртүрлі натуралдық-заттық формасы­мен оның элементтері екі топқа бөлінеді: негізгі капитал, айналым капиталы.

Негізгі капиталға жататындар: ғимарат, жабдықтар және т.б. Олар өндірістік циклде бірнеше рет қолданылады және құнын бөліктеп көшіреді.

Айналым капиталына жататындар: шикізат, материалдар, жұмыс күші. Олар толығымен қолданылады және құндарын бір өндірістік цикл кезеңінде көшіреді.

Негізгі капиталдың жұмыс мерзімі кезеңінде оның құнын, өндірілген тауарлар құнына көшіру процесінде оны амортизациялық қорда аккумуляциялауды (жинау) амортизация деп атайды.

Амортизациялық қор физикалық және моральдық тозу кезінде өндіріс процесінен шығып қалатын негізгі капиталдың элементтерін қалпына келтіру үшін арналған.

Негізгі капиталдың физикалық тозуы - оның тұтыну құнын жоғалтуы.

Моральдық тозу бұл - екі себеппен құнын жоғалтуы:

1. Осыған ұқсас және арзан еңбек құралын жасау;

2. Осы баға бойынша өнімділігі жоғары еңбек құралын шығару.

Физикалық және моральдық тозуды есептеу үшін амортизацияның нормасын құруда маңызы бар.

Амортизацияның нормасы - пайызда көрсетілген амортизациялық төлемдердің жылдық сомасының, негізгі өндірістік капиталдың орташа жылдық құнына қатынасы. Ол негізгі капитал құнын қанша жылда орнын толтыру керек екенін көрсетеді. ҒТП жағдайында жабдықтардың жұмыс істеу мерзімі қысқарады, сондықтан амортизацияны тездету проблемасы пайда болады.

Негізгі қорларды (капиталды) қолдануды жинақтап қорытатын көрсеткіш қордың қайтарылуы (фондоотдача ФО):

Мұнда: ФО – қордың қайтарылуы;

П - өнімдерді шығару;

Фнег - негізгі өндіріс қорларының (капиталдың) құны

Айналым қорларын қолдану материал сыйымдылығымен (материалоемкость МЕ) беріледі:

Мұнда: Фоб - айналым қорлары

П - шығарылған өнімдердің құны

Негізгі және айналым капиталынан басқа фирмалардың айналыс қорлары болады, ол өткізу процесіне арналған.

Айналма қорларына және қорлар айналымдылығына салынған ақша қаражаты айналым қаражаттарын құрайды.

Айналым қаражаттарын қолдану тиімділігі (эффективность) айнамдылық коэффициентімен анықталады. Ол (соңғысы) бір жылда өткізілген өнімдер құнының, айналым қаражаттарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.

Пайда мәселесі экономика теориясындағы ең қиыны және даулы болып саналады. Оның көздерімен экономикада атқаратын рөлі де айтыс тудырады.

Қазіргі кезде «пайда» сөзі (алғашқыда шығындалған капитал соммасына) «өсу», «көбею», «үстеме» деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде ғана емес, олар сатылып кеткенде көзге түседі. Сондықтан, пайданы коммерциялық қызметтегі жетістікпен байла­ныс­тырады.

Осыған орай, заңды сұрақтар туындайды: ол қай салада жасалады, кім өндіреді, ненің арқасында пайда болады.

Әртүрлі мектептер мұны әртүрлі түсіндіреді.

Меркапиталистер пайда айналым арқылы пайда болады және оның негізгі көзі болып сыртқы сауда есептеледі дейді.

А.Смит пен Д.Ракардо пайданы жұмысшы еңбек өнімінен шегеру дейді.

К.Маркс пайданы жалдамалы еңбектен қана шыққан қосымша құнның өзгерген, туынды формасы ретінде қарастырған.

Бұл категорияның қазіргі Батыс экономистерінің анықтамасы бойынша әр түрлі нұсқалардың компромистік қоспалары сияқты көрінетіні және оның негізгілері төмендегідей екені белгілі:

- пайда – өндірістің бар факторларынан түсетін табыс немесе ол рента, пайыз және еңбекақы;

- пайда - кәсіпкерлік іс-әрекетке сыйақы және техникалық жетіл­дірулерді енгізу;

- пайда - тәуекелге, белгісіздікке бел буу.

Қазіргі уақыттағы пайда туралы түсінік үш бағытта жүргізілуде: кейнстік, институционалды-әлеуметтік және неоклассикалық.

Кейнстіктер макроэкономика деңгейіндегі жиынтық пайда концепциясын алға тартады.

Институционалды-әлеуметтік теорияда пайда әлеуметтік, сыртқыэкономикалық факторлар тұрғысынан түсіндіріледі: қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне қамқорлық, т.б.

Неоклассикалық теорияда, неғұрлым толық түрде пайданы зерттеу жетілген мен жетілмеген бәсеке жағдайында негізгі мақсаты пайданы максимизациялау болатын жеке фирма деңгейінде жүргізі­леді.

Фирма жалпы, орташа және шекті табысты есепке алады.

Жалпы табыс бүкіл өнімді өткізуден түсетін түсімге тең.

Орта табыс сатылған өнімнің бір бірлігіне есептеледі.

Шекті табыс дегеніміз - бір бірлік қосымша өнімді сатудан жалпы табыстың өсуі.

Сандық тұрғысынан қарағанда пайда тауарды сатудан түсетін жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Бұл шығындардың құрамына не кіретініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайданы айырады.

Бухгалтерлік пайда - жалпы табыс пен өндірістің бухгалтерлік шығындары арасындағы айырма (23 сұрақты қараңыз).

Экономикалық пайда - жалпы табыс пен экономикалық шығын­дар­дың айырмасы. Тура осы - экономикалық теория ғылымы­ның зерттейтін мәселесі.

Егер фирманың жалпы табысы оның шығындарына тең болса, онда экономикалық пайда «нөлдік» немесе «қалыпты» делінеді (экономикалық шығындарға неоклассиктер кәсіпкердің «тәуекелінен туатын пайданы кіргізеді»).

«Қалыпты пайда» – неоклассика моделіндегі «жетілген бәсеке» пайдасының негізгі түсінігі.

«Қалыпты» пайда (Марксте - орта пайда) – фирманы «шаруада» ұстау үшін алатын жоғары табысы.

Жетілмеген бәсеке жағдайында, егер фирма нарықта монополиялық жайда болса (газ, мұнай, теміржол т.б.), онда ол қолайлы табиғи ортада пайда бола беретін (табиғи байлық, климат т.б.) монополиялық пайда түсіреді.

Фирма үшін пайданың қажетті көзі болып құрылтайшы пайда есептеледі. Ол – акцияны ашық жазылу арқылы сатудан түсетін сомамен кәсіпорынға салынған нақты капиталдың арасындағы айырма. Оны осы акционерлік қоғамның құрылтайшылары иеленеді.

Фирма табыстарының салыстырмалы мөлшері пайда нормасымен суреттеледі. Пайда нормасы - пайызбен берілген пайданың өндіріс шығында­рына шаққандағы арақатынасы.

3 тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

1. Экономикалық жүйе және оның элементтері.

2. Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.

3. Аралас экономикалық жүйе.

Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердің жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.

Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқа да шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.

Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.

1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.

2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?

3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)

4. Кім үшін өндіру керек?

5. Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).

Экономикалық өсуді зерттеуде екі бағытты бөледі. Бірінші бағытты жақтаушылардың ойынша, (Макконнел, Брю) экономикалық өсуді екі әдіспен есептеп шығаруға болады:

1) не ЖҰӨ (немесе ТҰО) жалпы өсуін санап;

2) не осы көрсеткіштердің кісі басына өсуі;

Екінші бағыттағылардың ойынша, экономикалық өсу бұл сан жағынан ғана емес, сонымен қоса өнімдердің және өндіріс факторларының сапасы жағынан жетілдірілуі деп санайды.

Экономикалық өсудің үш типін ажыратады: экстенсивтік, интенсивтік, аралас (нақтылы) экономикалық өсу.

Экстенсивтік өсу -қосымша өндіріс факторларын қатыстыру арқылы ұлттық өнімді өсіру.Мысалы, 1950-ші жылдардың аяғында астық өндірудің көлемін көбейту үшін Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру арқылы жүргізілді.

Интенсивтік өсу -технологияны және техниканы жетілдіру арқылы ұлттық өнімді өсіру. Нақты өмірде экстенсивтік және интенсивтік типте болмайды. Олар аралас болып келеді.

Аралас (нақты) өсу – технология мен техниканы жетіл­діру арқылы және қолданатын өндіріс факторлары­ның санын өсіру нәтижесінде өндірстің қуаттылығын (күшін) өсіру.Экономикалық өсу пайызда алынған жылдық өсу қарқынымен өлшенеді.

ҰЖО өсу қарқыны = ҰЖО1 х100 %
ҰЖО0

Мұнда ҰЖО1 – есеп беретін жылдағы ұлттық өнім

ҰЖО0 - базистік жылдағы ұлттық өнім

Қандай қарқын қолайлы екені әлі айтыста және талқылануда. Бірақ мүмкін болатын варианттар: а) жоғары қарқынды; б) нөлдік қарқыны; в) жағымсыз қарқыны (қайшы); г) үйлесімді қарқыны (қолайлы).

Алғашқы көзқарасқа жоғары қарқыны болғаны пайдалы сияқты.

Біріншіден, өнімнің сапасын ескеру керек: сөйтіп жарылатын теледидарларды өндірудің жоғары қарқыны бұл - қауіпті.

Екіншіден, өнімнің өсуінің құрылымы маңызды: соғыс өнімінің үлес салмағының жөнсіз көбеюі (өсуі) және тұтыну заттарының төмендігі халықтың өмірлік жағдайын төмендетеді, бұл да жаман.

Өз кезегінде экономикалық өсудің нөлдік қарқыны да көбінесе теріс сипатта болмайды. Мысалы, егер олар материал сыйымдылығын (материалоемкость) төмендетсе, осыменен өндіріс факторларына шығынды үнемдейді. Бұл да жаман емес. Егер, объективті себеп болмаса, нөлдік өсу милитаризация шығындары да оған пайдалы.

Жағымсыз қарқыны - бұл ұлттық экономиканың дағдарысына дәлел. Олар 80-90 жылдарға тән. Ол кездегі дағдарыс бірнеше себептермен түсіндіріледі: соғыс өнімдерінен және өндіріс құрал- жабдығынан үлкен мол үлес салмағы бар экономиканың орынсыз, ұтымсыз құрылымы. Бұрынғы Кеңес үкіметіндегі республикалардың арасындағы шаруашылық байланысының бұзылуы, күйреуі, нарықты экономикаға көшудің қиындығымен түсіндіріледі.

Үйлесімді (оптимальный) қарқыны. Олар тым жоғары не тым төмен болмайды. Олар макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ете алатындай болуы керек. Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, солардың маңыздысы: ұсыным факторлары, сұраным факторлары, бөлу факторлары.

Ұсыным факторына жататындар:

1. Табиғат ресурстарының саны және сапасы (жер), пайдалы қазбалар, климат (ауа райы және т.б.): табиғат жағдайлары жақсы болған сайын, экономикалық өсуге елдің мүмкіншілігі көп болады;

2. Еңбекке қабілеті бар халықтың саны және сапасы: бұл жағдайдағы байланыстылық тура;

3. Негізгі капиталдың болуы;

4. Өнімді өндіруге қолданатын технологияның деңгейі.

Сұраным факторына жататындар: өндірілген өнімдерге қоғам­ның жиынтық сұранымын көтеріп, сонымен оның өсуін ынталан­дыратындар.

1. Жалақы жоғары болса, сұраным да жоғары.

2. Мемлекеттің фискалдық саясаты, салық жоғары болса, жалақы төмен, яғни, сұраным да төмен, экономикалық өсу де төмен.

3. Халықтың сақтық қор жинауға (сбережения) бейімділігі де нақты сұранымды төмендетеді, яғни, экономикалық өсуді де төмендетеді.

Бөлу. Ресурстарды бөлу өнімдердің өсуі үшін ең жақсы ұйымдастырылуы керек. Өсудің факторларына байланысты экономикалық өсудің модельдері құрылады. Олар екеу: көп факторлық және екі факторлық.

Көп факторлы модель өсуге аталған барлық факторлардың әсерін болжайды. Осы факторлардың барлығының өзара әрекеті туралы жалпы түсінікті өндірістік мүмкіншіліктер қисығы береді. Ол өндірілген өнімдердің варианттар санына факторлардың әртүрлі қосындысы қалай әсер ететінін көрсетеді. Кез келген ұсыным факторларының күшеюі (санының көбеюі мен ресурстар сапасының жақсаруы және техникалық прогресс) өндірістік мүмкіншіліктер қисығын оңға жылжытады.

Екі факторлы модель өзіне еңбек пен капиталды ғана қосады. Американдық экономист Денисонның мәліметі бойынша, өнім өсуінің 2/3 еңбек (капитал) өнімділігінің өсуі арқылы, 1/3 – еңбек шығынын (еңбекті) өсіру арқылы іске асырылады. Екі факторлы модельдің екі вариантын құруға болады: біріншісінде ҒТП ескерілмейді; екіншісінде ескеріледі.

 
 

Егер ҒТП қатыспаса, онда капиталдың қорлануы бірте-бірте соңғы өнімділікті төмендетуге әкеледі және экономикалық өсуді тежейді. ҒТП қолданған кезде капитал мен еңбекті өнімділікті болып - ҒТП инвестицияның өсуіне әкеледі. 3-сурет.

Инвестициялар экономикалық өсуге әртүрлі әсер етеді. Олардың біреуі еңбек шығынын үнемдеуге және капитал шығынын өсіруге әкеледі. Оларды еңбек сақтағыш (трудосберегающий) деп атайды. Басқа инвестициялар еңбекке қарағанда, капиталды салуды айтарлықтай қысқартады. Оларды капитал сақтағыш (капитало­сберегающими) деп атайды. Еңбекті және капиталды тең үнемдегендегі инвестицияларды нейтралды деп атайды.

Өнеркәсібі дамыған барлық елдердің экономикалық дамуы циклмен сипатталады: басылу, көтерілу, күйреу, жандану, қайтадан басылу, тағы да жандану және т.с.с. Бірақ бұл қайталану шеңбер емес, шиыршықты серіппе (спираль) түрінде жүреді. Сондықтан циклділік - бір орында тұру емес, ол прогрессивтік даму формасы.

Цикл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын білдіреді.

Ауытқудың үш түрі бар.

1) Нарықтық сұранымның тауарлар мен қызметтердің ұсынысынан ауытқуы. Бұл қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болуы мүмкін. Біріншісі тез ауытқып кету, екіншісінде тепе-теңдік үш-төрт жылдан соң қайта кәсіптендіру арқылы қалпына келтіріледі.

2) Сұранымның жабдықтарға, құрылыстарға және т.б. өзгеруімен байланысты ауытқулар 8-12 жылда капиталдың қайта жиналуымен жеңіп шығады. Бұл Маркспен, Энгельспен зерттелген өнеркәсіптік циклдер деп аталады. Олардың ұзақтығы орташа цикл деуге де болады. 10-15 жылға мерзімінің созылуы негізгі капиталдың жұмыс істеу мезгілімен түсіндіріледі. Негізгі капиталды жаппай жаңарту экономиканы жандандыруға әкеледі, ол көтерілуге көшеді және жұмыс істейтін техниканың ескіруі дағдарысқа соғады.

3) Бір технологиялық өндіріс әдісінен екіншіге өтумен байланысты ауытқу, оның аралары (шегі) адамзат өркениетінің ірі кезеңдерімен шектеледі. Бұл өтулер өндірістің барлық құрамдас элементтерінің ауысуына әкеледі, бір жұмысшылар ұрпағы басқамен ауысады немесе олар түбімен басқа мамандыққа көшеді. Технологиялық өндіріс әдісі - материалдармен, технологиямен, ақпаратпен және өндірісті ұйымдастырумен, еңбек құралының бірлігі, тұтастығы.

Мерзімі 40-60 жылғы ұзақ циклдер Кондратьев деген ғалымның атымен байланысты және «Кондратьевтің ұзақ толқындары» деп аталды. Кондратьевқа даңқтылықты 1928 ж. КСРО-да Экономика Институтында жасаған «Большие циклы конъюнктуры» деген баяндамасы әкелді. Бұл теорияны ХХ ғ. Шумпетер, Кларк, Митчел және т.б. дамытты.

Тепе-теңдіктің екінші және үшінші ауытқудың арасындағы байланысы, технологиялық өндіріс әдісінің мәнімен болуы, яғни, ол қоғамдық өндірістің белгілі бір ғылыми принциптерін қолданады.

Айырмашылығы: орташа циклдің ұзақтығы машинаның жұмыс істеу мерзімімен байланысты. Технологиялық өндіріс әдісінің бір кезеңінде, техниканың бірнеше ұрпағы ауысуы мүмкін және оларға өздерінің циклдері сәйкес келеді. Бірақ та, соңында бар технологиялық өндіріс әдісі кезеңінде жетілдірудің уақыты таусылады, жаңа технологиялық өндіріс әдісінің уақыты келеді, жаңа ұзақ толқындар болады.

Экономикалық теорияларда циклдің себебін әртүрлі түсіндіреді:

· неоклассикалық бағыт дағдарысты тез өтетін, кездейсоқ көрініс ретінде қарастырады;

· толық тұтынбау концепциясы артық өндірудің экономикалық дағдарысын, көп еңбекшілердің кедейлігімен түсіндірді;

· ХІХ ғ. аяғында циклдің несие-ақша концепциясы пайда болды. Осы бойынша дағдарыс - ақшаға сұраным мен ұсыныс облысындағы бұзылудың нәтижесі;

· Маркстік концепция дағдарыстың себебін капитализмнің қайшылығынан, негізінен өндірістің қоғамдық сипаты мен жеке капиталистік иемдену арасындағы қайшылықтан көреді;

· Кейнстік теория тепе-теңдіктен жүйенің ауытқу себебін нарықты механизмнің әлсіздігімен түсіндірді және өндірісті реттеуде мемлекеттің араласуының жолдарын ұсынды.

Қазіргі кездегі экономистерде циклдің себебін анықтауда үш жол бар:

Бірінші жол циклді сыртқы (экзогендік) факторлармен түсіндіреді.

Екінші жол - ішкі (эндогендік) факторлармен.

Үшінші жол - бірінші және екіншінің қосындысымен (синтез).

Бірінші жолда негізгісі - сыртқы факторларды зерттеу. Сыртқы факторлар - экономикалық жүйеден тыс болатын көріністер.

Оған жататындар: тұрғындар санының өзгеруі, ойлап табу - инновациялар, соғыстар және басқа да саяси жағдайлар. Тұрғындардың өсуі өндіріспен жұмысбастылық деңгейін өсіреді, ол көтерілу шыңына әкеледі.

Тұрғындар санының төмендеуі кері нәтиже береді. Технологияның түбімен өзгеруі (автомобиль, самолет, компьютер) іскерлік белсенділіктің жоғарылауына және кең инвестицияға әкеледі. Осыдан - жаңа жұмыс орындары ашылады экономиканың өсуі басталады. Саяси жағдайлар іскерлік белсенділікке әр түрлі әсерін тигізеді. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс АҚШ-ты қайта қаруландыруға итермеледі, нәтижесінде 30-жылдардағы ұлы депрессия соғыстан кейінгі көтерілумен ауысты. Керісінше, Жапония үшін соғыстан кейінгі қарулы күшінің болуына тыйым салу, экономиканы инвестициялауға мүмкіндік ашып, «жапондық таңқаларлыққа» әкелді.

Екінші жолдың негізгісі - ішкі факторларды оқу. Ішкі факторлар бұл жүйенің ішінде болатын көріністер. Оған жататындар: тұтыну, инвестициялау және үкіметтің әрекеті.

Тұтынудың әсері: фирма, сатып алушы нені қалайды, соның бәрімен қамтамасыз етуге ұмтылады; нәтижесінде тұтынушы шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сөйтіп өнімдерді өндіру, жұмысбастылық және сату көлемі өседі, экономика көтерілу фазасына кіреді. Ал тұтынушы шығындары қысқарғанда, кері жағдай пайда болады және сондықтан басылу кезеңі басталады.

Инвестициялаудың әсері: негізгі қорларға салу, жаңа жұмыс орындарын құрады, ол тұтынушының сатып алу қабілеттілігін өсіреді - осының бәрі көтерілуге мүмкіндік туғызады. Ал инвестициялаудың деңгейі төмендегенде, кері көрініс жүреді және басылу кезеңі басталады.

Үкімет әрекетінің әсері: екі әдіспен жүргізіледі - фискалдық саясатпен, яғни, салықтарды жинау мен оларды жұмсау және монетарлы саясатпен, яғни ақша айналымын реттеумен.

Үшінші жолда циклдің себебін анықтауда ішкі және сыртқы факторларды синтездейді. Осы концепцияның авторларының ойынша сыртқы (экзогендік) фактор циклге алғашқы түрткіні (қозғауды) береді, ал ішкі (эндогендік) фазааралық ауытқуларға әкеледі. Осы бағыт өнімділеу.

Қазіргі теория Самуэльсонның, Хикстің іскерлік циклі моделімен байланысты. Онда цикл ұлттық табыстың (немесе ҰЖӨ), тұтынудың және капитал қорлануының өзара әрекеттерінің нәтижесі ретінде қарастырылады.

Осы байланыс тұрақты мультипликатормен акселератормен сипатталады.

Мультипликатор капитал салудың өсуінен ұлттық табыстың (ҰТӨ) өсу байланыстылығын көрсетеді.

Акселератор - ұлттық кірістің (немесе ҰЖӨ) өсуінен салымдардың өсуі байланыстылығы.

Самуэльсон мен Хакстің айтуларынша, акселератор мен мультипликатор принциптерін қосу, нақты өмірдегідей де осындай циклді жасауы мүмкін.

Айталық экономика толық жұмысбастылықта делік: ҰЖӨ көбейді, өнімдерді өткізу жоғары қарқында жүріп жатыр. Осы кезде акселератор принципі бойынша өнімдерді өткізудің өсуі инвестицияның жоғары деңгейіне әкеледі. Ал мультипликатор бойынша инвестиция деңгейінің көтерілуі ҰЖО әрі қарай өсуіне мүмкіншілік жасайды. Экономика бұл жағдайда көтерілу фазасында болады. Кері жағдай болуы да мүмкін.

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.

Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валютамен қатар шетелдік валюта қолданылады.

1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

1.1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

1.2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

1.3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

1.4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

2.1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

2.2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

2.3. Постиндустриалдық жүйе - бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.

Дәстүрлі экономикалық жүйенің сипаттамасы:

1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

3. Техникалық прогресс шектеулі.

4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

6. Мемлекет пен қарулы күштердің рөлі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы кеңестер одағы шығыс Еуропа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктің болуы.

Экономиканы жоғарыдан басқаруы, яғни, халық шаруашылығын орталықтан жоспарлау, монополиялануды әкімшілік түрде ұйымдастырылуын қарастырады.

Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.

1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

4. Орталықталынған ресурстар қоры.

5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталылығының болмауы.

Нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.

Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін рөлі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.

Нарықтың экономикаға тән қасиеттер:

1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктің болуы.

2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген

нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.

3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тұтынушылардың болуы.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйені пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.

2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай, мемлекеттік реттеумен толықтырылады.

Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.

Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттің ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.

Аралас экономикалық жүйенің бірнеше үлгілері бар.

1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жекеменшік басым, нарықтық бәсеке механизмі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».

2. Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мұнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.

3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебіміз де осыдан.

4. Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.

Экономикасы дамыған елдерде осы уақытқа дейін дәстүрлі экономикажүйесі сақталуда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.

Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама берсек: Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып, қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әртүрлі өркениетті өкілдер меншіктің табиғаты туралы және қоғам дамуындағы рөлі туралы өз пікірлерін ортаға салып өткен.

Меншіктің әртүрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр- салты, рухани қал- жағдайы, оның құрметтеп бағалайтын жайттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады.

Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек.

Біріншіден, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңартып отырады, т.б.

Екіншіден, нақты өркениеттің мәдени құндылығының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіруге мақсатталады. Сондықтан ол қатал, тұйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін- өзі ұдайы өндіру қабілетін сақтауға атсалысатын, экономикалық жүйенің әдет- ғұрыптары атқарады.

Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі - адамзат қоғамы дамуындағы қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сипатталады.

Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы басты міндеттері мыналар:

1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.

2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).

3. Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.

4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.

5. Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.

6. Экономиканың қаржылық тұрақтануы.

7. Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері:

Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда Қазақстан нарықтық экономикаға өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырды.

Екіншіден, нарықтық экономикаға өтуде Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілік - әміршілікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түрінде негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілік-әміршілік экономикадан нарыққа өтудің халықаралық тәжірибеде Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың әкімшілік-әміршілік элементін қолданғандығы қажет болды. Бірақ та әлемдік өркениеттің біздің ұлттық құндылығымыз бен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұсталды.

Үшіншіден, Қазақстанның территориялық географиялық жағдайы - өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орны болып табылып, өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.

Төртіншіден, Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде болды.

Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту, металлургиялық, химиялық және химия – мұнай кәсіпорнынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар – кеңшарлар көп болды. Республикада 2059-ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынның 75% құрады. Осындай ерекшеліктер жекешелендіру сипатына әсер етпей қоймады.

Нарықтық экономика кезінде макроэкономикалық процестерді мемлекеттің реттеуі тікелей және жанама тәсіл арқылы жүргізіледі.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей тәсіл-мемлекеттік экономикалық бағдарламаны жасау мен өткеру арқылы жүргізіліп, қысқа, орта, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге атсалысады. Бұдан басқа да қалыпты және төтенше бағдарламалар жасалуы.

Мысалы, соғыстан соң Оңтүстік Кореядағы экономиканы орнынан тұрғызуға қабылданған төтенше бағдарламаны, ал Жапонияда «Автомобиль жолын салудағы төтенше шаралар» заңы ескерілді. Жапонияда мемлекеттің 10-нан астам институттары нарық дамуының жоспары мен бағдарламасын жасайды.

Өтпелі экономикада ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы керек. Бұл жағдай Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань – тәжірибесімен расталады. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған модельге ұқсастықпен жүзеге асырылды.

Қазақстан реформаны өз бетінше 1993 жылы қараша айында ұлттық валютаны кіргізуімен бірге жүргізе бастады. Қазақстан Республикасының дағдарысқа қарсы шаралар мен әлеуметтік – экономикалық реформаны тереңдету бағдарламасында басым бағыттары мына салаларға арналған: энергетика, металлургия, халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік және коммуникация (байланыс, теміржол транспорты) салалары. Осындай бастамалардың нәтижесі: 1996 жылдың аяғында өндірістің құлдырауы тоқтатылды. Энергетика, металлургия кәсіпорындарды көтеру үшін шетелдік инвесторлардың тікелей инвестициясын тартты.

Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкерлік ерекше сипатқа ие болады. Мемлекеттің заңды тұлға ретінде жаңа функциясы – кәсіпкерлік қабілетті игеру қажеттілігі.

Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық негізі мемлекеттік меншік болып табылады. Қазақстан Республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санында 23,5% құрады.

Мемлекеттің осындай үлесі ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік берді.

Осының ең күрделі мысалдары:

- Қазақстанның кен өндіру, отын – энергетика мен металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіптік өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғап, дәл уақытында шетел капиталын тарта біледі;

- 1996 жылдың басында Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуразия теміржолы бойынша транзистік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Еуропа пен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша мемлекеттің қызметі көрінді. Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтинентальды темір жол магистральдары өтеді:

1. Трансазия (Қытай-Қазақстан-Түркия),

2. Еуразия (Қытай-Қазақстан-Ресей-Еуропа),

3. Орта Азия мен Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралі,

4. Еуропа – Скандинавия- Иран – Парсы шығанағы арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуын қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.

Осы келісімнің маңыздылығы: барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады.

Қазақстан Республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері.

Қазақстанның өтпелі экономикасы үшін Жапония мен Оңтүстік Кореяның өнеркәсіптерінің құрылымдық қайта құру тәжірибелері өте маңызды.

Өндірісті құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың оңтүстік Кореялық моделіне сүйене отырып, салалардың басыңқы бағыттарының алты критерийі қолданылады:

1. Саланың экономикалық әлеуеті бағаланады, яғни ұлттық экономиканың салыстырмалы артықшылығына сүйеніп, тезірек экспортты қарқындату мүмкіндігі.

2. Ішкі нарықта сала өніміне сұраныстың өсуі.

3. Осы саланың дамуы елдің ең жоғары индустриалды стадиясына жетуге сәйкес келуі тиіс.

4. Салалар дамуы олардың шикізат пен энергия импортына аз көлемде тәуелді болуы керек.

5. Елдің сауда балансында тапшылықты аз мөлшерге дейін қысқарту мүмкіндіктеріне баға беру.

6. Басым бағыттағы сала дамуы қаншалықты жағымды эффект беруге қабілетті болып, сонымен қатар экономиканың басқа сектор мен саласындағы өндіріс тиімділігін қамтама


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: