Бейнефильм бойынша тапсырмалар

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1). Фильм кейіпкерлері жеке кәсіпкерлік туралы не дейді?

2). Бас кейіпкер туралы айтыңыз?

3). Шетел кәсіпкерлері жұмыстарын қалай ұйымдастырады?

4). Кәсіпкердің әлеуеттін арттыру дегеніміз не?

5). Кәсіпкердің әлеуеттін арттыру үшін мемлекет тарапынан қандай іс-шаралар өткізіліп жатыр?

6). «Бизнес-Кеңесші» курстары кім үшін ұйымдастырылған және олар нені үйретеді?

7). «Бизнес-Кеңесші» курстарына, статистикалық мәліметтер бойынша, қанша адам қатысты?

8). Кейіпкерлердің ойынша шетел мен Қазақстанның оқыту жүйесінде айырмашылығы қандай?

9). Фильм кейіпкерлердің шетел кәсіпкерлері жайында ойлары қандай?

3. Бейнефильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Төртінші апта. ІСКЕРЛІКҚАТЫНАСҚҰРЫЛЫМЫ

1-сабақ.

ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІ

Іскерлік қатынас – бұл бірлескен жұмыс нәтижесінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мен қойылған мақсатты жүзеге асыру. Бұл іскерлік ақпарат пен жұмыс тәжірибесінің алмасуын қарастыратын үрдіс.

Іскерлік қатынас шартты түрде екіге бөлінеді. Біріншісі, тікелей араласу, екіншісі – жанама. Жанама іскерлік қатынасқа хаттар, телефонмен әңгімелесу, іскерлік хаттар, электрондық почта және т.б. жатады.

Тікелей қатынастың үлкен нәтижелігі, эмоционалды әсер ету мен сездіру күші бар, ал жанаманың ондай күшті нәтижесі болмайды. Онда міндетті түрде қандай да бір әлеуметтік–психологиялық механизмдер болады.

Жалпы түрде іскерлік қатынастардың бейресмиден айырмашылығы, онда кез-келген уақытта әріптестермен келіссөздер жүргізу үшін белгілі бір рұқсатты талап ететін нақты міндеттер мен мақсаттар қойылады. Қарапайым достық кездесуде мұндай нақты мақсаттар мен міндеттер сияқты мәселелер көтерілмейді. Сондықтан да мұндай кездесуді жаңғырту мүмкіндігін жоғалтпай (екі тараптың келісімі бойынша) тоқтатуға болады.

Сөздік

Алмасу – обмен

жанама – косвенный, побочный

жаңғырту – обновление

келісім – согласие

қол жеткізу – достичь

міндеттітүрде – обязательно

нәтижелігі – результативность

сездіру – чувствовать, ощущать

тәжірибе – опыт

үрдіс – тенденция

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

1) Іскерлік қатынас дегеніміз не?

2) Іскерлік қатынастың қандай түрлері бар не?

3) Тікелей және жанама қатынастардың айырмашылақтары қандай?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтінбойыншажоспар құрып, мазмұнынайтыңыз.

2-сабақ.

БАСҚАРУШЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байланысты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі).

Басқарылатын жүйе деп белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму нышанын айтады. Оның өзі өндірістің алуан саласындағы процесті жүзеге асырады. Басқарушы жүйе - бұл техникалық құралдар көмегімен мақсатқа сай ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен жеке жұмысшылар жиынтығы. Басқарушы жүйе - бұл «нені» немесе «кімді» басқарады, ал басқарылатыны - «не» немесе «кім» басқарады.

Кәсіпорын өте күрделі, үлкен әрі біркелкі дамитын жүйе. Мұның өзі жекелеген бөлімдерден кездейсоқ ұйымдасқан бірлестік емес. Кәсіпорын дегеніміз тұтастай құрылған, оның бөлімдерінің ерекше бірлестігі. Тек қана осындай бірлестік мақсатқа жетуге қажетті жаңа сапаға ие болады, сол үшін кәсіпорын жүйе ретінде құрылады.

Басқарылатын жүйенің басты элементі - адамдар. Олар бүкіл жүйенің қозғаушы күші, шешім қабылдаушысы т.б. Бұлар тұтастай басқару аппаратын құрайды.

Сөздік

әлеуметтік – социальный

басқарлатын – руководимый, управляемый

басқарушы – управляющий

біркелкі – однородный; одинаковый

дербес – отдельный; самостоятельный

тұтас – полностью, целиком

бірлестік – объединение

кәсіпорын – предприятие

нышан – признак

сапа – качество

ұйымдастыру – организовать

ықпал – влияние

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Әлеуметтік-экономикалық жүйесі қандай бөліктерден тұрады?

2) Басқарушы жүйе деген не?

3) Кәсіпорынның ерекшеліктері қандай?

4) Басқарлатын жүйенің негізгі элементі кім?

3. Мәтінбойыншажоспар құрып, мазмұнынайтыңыз.

4. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Сізде өз қалағанкәсібіңіздібүгінненбастапашуға мүмкіндік болып тұр. Бірақ қандай шешім қабылдайтын білмей тұрсыз. Төмендеберілгенжауаптардың біреуін таңдап, өзойыңыздыдәлелдеңіз

1. - Қорқынышты сезім болады екен.

2. - Тәуекелге барып, өз ісімді бастаймын.

2. Бейнефильм «Кәсіпкерлік».

«Кәсіпкерлік»атты бейнефильмді мына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=5UBXjeIKaC8 бойынша көре аласыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: