Https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek 5 страница

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

 

Мақсаты:Оқушыларға «Табиғат нәрі», «Табиғат», «Жер», «Су», «Ауа», «Топырақ» туралы сүйіспеншілік ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
1.Оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсіндіру;
2. Оқушыларды табиғатты аяушылық сезімдеріндамыту;
3. Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу.
1.Ұйымдастыру сәті:5 «Т»-ны сақтау
Тыныштық сәті:Нұрға бөлену. Волшебная компазиция «Хрустальная грусть» 5 мин.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Ресурстар (кітап, дәптер, үнтаспа)

 

Сабақ барысын талдау.
2.Үй тапсырмасы.№20сабақ, 84-беттегі Қ.Толыбаев«Ақ гүл» мәтінін оқып келу.
1.Гүлдер өз бойындағы қандай қасиеттерді мақтаныш етті?
2. Гүлдер кімге өздерінің разылығын білдірді?
3. Табиғат пен адам үйлесімділігінің сыры неде?
4. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі қандай сезім тудырады?

5. Сүйіспеншілік сезімі қандай қасиеттер арқылы орын алды?
6. Сүйіспеншілікті күнге теңестірудің сыры неде?
3.Дәйек сөз.
«Сүйіспеншілік –баға жетпес байлық»
Лев Толстой (1828-1910)
Неліктен сүйіспеншілік баға жетпес байлық болып саналады?
2-ұлға,2-қызға оқыту.Бәріміз бірге қайталау.Дәптерге жазып алу.
4.Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.
Аққулы мекен
(Үзінді)
Ы. Кененбаев
...Көктем туа масатыдай құлпырып жайнап шыға келген айналаңа көз тоймайды. Шығысында қалың қарағайлы сыңсыған тау шатқалдарының қүзар басынан жыл он екі ай бойы қар кетпейтін. Ал сол заңғар биіктен төгіліп түсіп, оңтүстікті ала көкорай кең шатқалды қалқалай қоршап келіп, оған қасқая қарсы түра қалған екінші тау беткейінде қырмызы қызғалдақтар құлпыратын. Екі ортадағы жайма жазық шұрайлы өңірді жара сылдырай аққан тау өзенін бойлап үркердей ғана біздің ауыл жатар еді.
Бірде, тіпті, тым ерте тұрып кетіппіз. Біз Төбеби басына жеткенде, шығыстағы биік тау шатқалдарынан күн жаңа көтеріліп келе жатты.
Балалар, әне қараңдар, күн шығып келеді, - деп мәз бола жар салды Жұпар.
Күннің шығуын жаңа көріп, жаңа байқағандай, бәріміз де жалт-жалт қарастық.
Алдымен тау кемерлерінен жарқырата шұғыла шашып, одан кейін бірте-бірте толықси көтерілген кербез күн сұлулығы, шынында да кімді болсын, таңғажайып керемет бір әсерге бөлегендей еді.
Бір сәт бәріміз де үнсіз қалт тұра қалыппыз.
Қандай әдемі, жүріңдерші, күннің шыққанын тағы да көрелік! - деді Жұпар балғын жүзі алаулап. Сөйтті де, «қалай көреміз?» - деп ақтарыла үйірілген бізді бастап төмен құлдилады. Сол сәт ешнәрсенің байыбына жете түсінбесек те, оның соңынан жарыса біз де жүгірдік.
Төбебидің орта тұсындағы жазық әлі қаракөлеңке еді.
Құлдырап біз жеткенде дүр көтеріліп, алғашқы күн шапағын енді-енді қарсы алып, құшып сүйе бастады...
Одан кейін тағы да төмен түстік. Етекте тұрып, күн нұрын үшінші рет қарсы алдық. Үшінші рет тау жиегінен алтын арайдың алғашқы шуағына шомылып, кәусар сұлулығын тамашаладық. Ойламаған жерден өзіміз ашқан жаңалыққа өртене қуанып, қайта өрге ұмтылдық...
Тау басына алғаш жеткен Жұпар болды. Екі өкпемізді қолға алып, жүрегіміз аузымызға тығыла біз де жеттік.
- Қараңдар, күн биіктеп кетіпті.
- Күн емес біз биікке шықтық!
- Жоқ, биікке күн көтерілді.
- Айтасың-ау, таудың басына біз шықтық емес пе?
- Таласпаңдар, күнмен бірге біз де биікке көтерілдік, - деді үнемі бәрімізді тыңдап барып сөзін нығарлап айтатын Төкен.
Онымен енді ешкім таласқан жоқ. Бәріміз де осы тау басына талай көтеріліп жүрсек те, айналамыздағы бүкіл әлемді жаңа көргендей таңырқай, тамсана қарастық.
Туған жер, оның тұнған байлық, асқан сұлулығын мен сонда алғаш көрдім. Сылаң қаққан сұлу қарағайлы беткей, сылдырап аққан өзен, бәрі-бәрі таң шапағын қуана қарсы алып, құшып-сүйіп жатты.
Табиғат-Ана дүр сілкініп, басын көтергендей еді осы сәт. Алғашқы күн нұрымен кербез қарағай сән түзеп, су бетінде «күміс шабақтар» ойнады. Шөп бастарынан сырт-сырт етіп таңғы шық үзіліп, күн нұрына қарап гүл қауызын ашты.
- Таптым, таптым! — дедім мен өз-өзіммен мәз болып, жерден жеті қоян тапқандай қуанып.
- Не таптың?
- Қайсы, кәне?
- Күнделігіме жазатын тақырып таптым.
- Ой, сен де айтады екенсің...
- Сонда, не жазбақсың, мына күнде көріп жүрген айналаны ма? - деп қадалды Ұзақбай.
- Иә, айналаны, осы көріп тұрғанымның бәрін. Мынау қырмызы қызғалдақты да, анау қарағайлыбеткейді де, төмендегі Тасбұлақты да, бәрі-бәрін... күннің шыққанын күніне үш рет көргенімді де!?.
Ұзақбай ешнәрсеге түсінбегендей иығын қиқаң еткізді.
- Қызық екен.
- Күнделікке тек қызық нәрселерді жазу керек. Жұпар ғана мені жақтағандай қасыма келіп сыбыретті.
- Кейін маған оқытасың ба?
- Жарайды, - дедім мен, құдды бір күнделігім жазылып бітіп, енді оны көрсету-көрсетпеудің жайын шешкендей масайрап...
• Төкенге табиғат қандай шабыт берді?
• Төкен күнделігіне не жазды деп ойлайсыңдар?
-Табиғаттың қандай көрінісі балаларды таңқалдырды?
-Табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығы неде?
-Адамның сүйіспеншілік сезімін оятуына не себеп болды?

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Оқушылар «Су», «Топырақ», «Ауа» болып үш топқа бөлінеді. «Адамға су, ауа, топырақтың қажеттілігі» тақырыбы бойынша сурет салу
6.Топпен ән айту. Атамекен
Сөзі Қ.Мырзалиев
Әні: Е.Хасанғалиев

Жасыл жайлау-түкті кілем көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем.
Қ-сы:
Қайда жүрсең атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына,
Қимай оны батады екен.
Жасыл жайлау – түкті кілем көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын көп күлем.
Асқар тауың, аспанымен таласқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қ-сы:
7.Үй тапсырмасы№20сабақтың дәптердегі 1-2 –тапсырмасын орындау.
21-сабақтың 109-бетіндегі О.Бөкейдің«Алтай» мәтінін оқып келу.
8. Тыныштық сәті.
Сіздерден қол-аяқтарыңызды айқастырмай, түзеу отыруларыңызды өтінемін. Көздеріңізді жұмыңыздар. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс-жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!
Осындый тыныштық күйінде сәл отыра тұрайық. Қандай жақсы жан тыныштығы! Енді жайлап көздерімізді ашуға болады.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар. Рахмет! Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

 

Мектебі: №17 жалпы орта мектеп

Күні: 14.09.2016ж

№: 20

Мұғалімі: Султанкулова СарвинозАнаркуловна

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны: 24

Тақырыбы: Табиғаттан нәр алып.

Құндылығы: Қиянат жасамау.

Қасиеттері: Қоғам меншігін қамқорлау, толеранттылық (кеңпейілділік), қоршаған ортаны қорғау.

Мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаға қамқорлық жасай отырып, табиғаттан нәр алатынын қиянат жасамау құндылығы арқылы түсіндіру. Міндеттері:
  1. Білімділік: Оқушыларды қоғам меншігіне қамқорлық жасауға үйрету.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың толеранттылық қасиеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларны қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) Өзін-өзі тану.kz №6(66) Маусым 2015
Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т – ережесі:
    1. Тәртіп.
    2. Талап.
    3. Тыныштық.
    4. Тазалық.
    5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсі ріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқта рыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындық ты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
  1. Үй тапсырмасын тексеру.
1. №19 сабақ жұмыс дәптердегі 1 тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №20, 84-беттегі Қ.Толыбаев «Ақ гүл» мәтінін оқып келу. 1. Гүлдер өз бойындағы қандай қасиеттерді мақтаныш етті? 2. Гүлдер кімге өздерінің разылығын білдірді? 3. Табиғат пен адам үйлесімділігінің сыры неде? 4. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі қандай сезім тудырады? 5. Сүйіспеншілік сезімі қандай қасиеттер арқылы орын алды? 6. Сүйіспеншілікті күнге теңестірудің сыры неде? 7. Әңгіме қай құндылық туралы айтылып тұр? 8. Сен қай гүлге ұқсағың келеді?
 
  1. Сабақтың дәйексөзі.
«Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді». Махатма Ганди. Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту.   Үндістанның ұлы перзенті - Махатма Ганди. Мохандас Карамчанд Ганди - үнді халқының оның көзі тірі кезінде - ақ аты аңызға айналған көсемі. Сөзі мен ісінің арасында алшақтық болып көрмеген Махатма Гандидің өмір жолы бұрын - соңды адамзат баласы басынан кешіп көрмеген теңдесі жоқ үлгі - өнеге! Махатма Ганди өзі құрған Сатьяграха қозғалысының арқасында еш қандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз, асқан төзімділікпен Үндістан халқын тәуелсіздікке жеткізуге шындап бел буады. Ата - бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық асыл заттарды банкіге өткізіп, оның өсімін жетім - жесірлерге жұмсап отырды. Адам миы жете бермейтін қадамдарға бару - М. Ганди үшін үйреншікті әдет болды. Сұрақтар:
  1. «Қиянат жасамау» дегенді қалай түсінесіздер?
  2. Адам өзіне қатысты қандай қиянат жасамауы керек?
  3. «Жанашыр адам» қандай болуы керек?
  4. «Шексіз жанашырлықты» қалай сипаттаймыз?
  5. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
 
  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)
«Жер ана туралы мысал» Ертеде жер кіршіксіз таза болыпты. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары болатын. Ол барлық жер бетіндегі тіршілік иелеріне, жануарларға, құстарға, жәндіктерге пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған бар сүйіспеншіліктерін арнап, жанашырлықпен қарады. Күндердің бір күнінде Табиғатадам пайда болды. Ол құдыретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыратын, ол ән айтқанда онымен бірге аспан мен жел қосылып ән шырқайтын. Жер-ана мен Табиғатадам бір-бірінен жарастық тауып олардан адам-ұрпақ өмірге келді. Бірақ әрбір ұрпақ- адам оларға өмір сыйлаған Ұлы сүйіспеншіліктен алыстай берді. Жер-ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды. Адамдар Жер- ананың кім екенін ұмытты, ал Табиғатадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды. Адамдар өздерінің қажеттіліктері үшін жерді жыртты, егін екті, одан пайда тапты. Тамақ іздеп, олар жердің мәпелеп өсірген өсімдіктері мен жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң алтын мен басқа қазба байлықтарын іздеп Жер- ананың денесін ойып, шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттер қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтыларды құрту үшін қуатты қаруларды пайдаланып, соғысты. Ал Жер - ана осының бәріне шыдады, ол адамдар естерін жияр, олар Ұлы сүйіспеншіліктің перзенттері екенін түсінер деп сенді. Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп, табиғи апаттарын жасап, өз күшін көрсетті. Сонда да адамдар қорқатын емес, олардың құлақтары алтынның сыңғырынан керең болған, көздері сараңдықтан көрмей қалған, адамдықтың шырқау биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүруде. Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал Табиғатадамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер- ана мен Табиғатадамның сүйіспеншілік дастаны өкінішпен аяқталуы мүмкін. Сұрақтар:
  1. Жер- ананың бастапқы қалпы қандай болған?
  2. Адам ұрпағы Жер – ана мен Табиғатадамның риясыз сүйіспеншілігін жалғастыра алды ма?
  3. Жер -ана неге адамдарға ашуланды, ол неден үміттенді?
  4. Адамдар неліктен қатыгез болып кетті, одан құтылар жол бар ма?
  5. Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?
  6. Ана мен жердің қандай ұқсастықтары бар?
  7. Табиғатқа жасалынған залал қиянатқа жата ма?
  8. Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтырады?
Қорытынды: Адам үшін тыныс алуға таза ауа, ішуге мөлдір су, тіпті, өмір сүру үшін бүкіл табиғат қажет. Табиғат адамға қажет баға жетпес байлық. Сондықтан халқымыз «Табиғат-адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» деген. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаны қолайлы болуына адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етуіне ықпал етеді. Сондықтан әр бір адам Жер-Ананы аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екендігін ұмытпаған жөн. Жер-Ананы аялауға үлес қосуға шақырамын.
 
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Енді балалар осы Табиғат ананың балаларының аты бойынша төрт топқа бөлінеміз: «Жер» тобы: Жерге еткен жақсылық жерде қалмас. «Су» тобы: Су - ырыстың көзі, Еңбек кірістің көзі. «Ағаш» тобы: Аялы ағаш — саялы. «Ауа» тобы: Туған жердің ауасы да шипа. Тапсырма: «Адамға жер, су, ауа, ағаштың қажеттілігі» тақырыбы бойынша сурет салу.  
6. Топпен ән айту. Жерім менің Сөзі: Н. Назарбаевтікі Әні: Б. Тілеухановтікі Байлығы қазағымның кең даласы, Ырыстың ұясындай сай-саласы. Туған жер қасиетіңмен айналайын, Таусылмас ұрпағымның қазынасы. Жерім менің. Қайырмасы: Бабамнан қалған кең далам, Анам сенсің мен балаң. Арым сенсің аялар беу кең далам, Аманатым қорғаған. Жетісу жер жанаты ғажабыңнан, Думаным Сарыарқам бар базарыңдай. Арасы өр Алтаймен Атыраудың, Жаратқан бұйыртыпты ау қазағыма. Жерім менің Қайырмасы:  
  1. Үй тапсырмасы.
1. №20сабақтың дәптердегі 1-2 –тапсырмасын орындау. 2. №21 сабақтың 109-бетіндегі О.Бөкейдің«Алтай» мәтінін оқып келу.
 
  1. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Өзін – өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы «Бөбек» Алматы, 2010
  2. «Өзін – өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» Алматы, 2010
  3. «Өзін – өзі тану» Оқулық. 8 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010
  4. «Өзін – өзі тану» Оқушы дәптері. 8 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010
  5. Самопознание.kz №6(66) Маусым 2015

Пәні: Өзін-өзі тану Пән мұғалімі: Кенжебаева Шынар Түлкібайқызы

Оқушы саны: 14

Мерзімі: 10.02.2016

сағ.9⁵⁵ -10⁴º № 15 кабинет

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттан нәр алып

Құндылық

қиянат жасамау

Қасиеттер

өзін қоршаған ортаны бағалау, шыдамдылық, мейірімділік, қиянат жасамау

Мақсаты

қиянат жасамау құндылығының маңыздылығын ұғындыру

Міндеттері

оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: