Https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek 11 страница


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

 

Мерзiмі: 5. 04. 2017ж.

Сынып: 8«а»

Тақырыбы: «Ізгілік іздеп келемін.»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б

Сабақ мақсаты: Оқушыларға мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік қасиеттерін ұстанудың маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділігі: Ізгілікке жетудің негізгі қағидалары туралы туралы түсінік беру

Дамытушылығы: Оқушыларды өз өміріне сенімді болуға және өзгелермен ізгілікті қарым-қатынас жасауға жауапкершілікпен қарау қасиетіне баулу;

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ізгілікке,мейірімділікке, сенімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Белсендіргіш тақта, бетшедегі жүрекше стикерлер, топқа бөлуге арналған көрнекіліктер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Топқа бөлу (өлең жолдарын оқу арқылы үш топқа бөлу. 1. «Жүзі жылы жандар»; 2. «Гүлі сұлу орман»; 3. «Шулап аққан өзен».)

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

 

 

1. Үй тапсырмасын тексеру

Жағдаятты жалғастырып, шешімін табу

 

 

2. Дәйексөз.

«Өмір- теңіз, онда жүзем демеңіз

Ізгіліктен жасалмас кемеңіз

М.Әуезов

1.Хормен оқыту

2.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

3.Оқушыларға дәптерге жазғызу

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4. Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау

 

4. Әңгiмелесу

· Ізгілікті қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіңдер?

· Қандай адамды адамгершілігі мол, ізгі дейді?

 

Мәтінмен жұмыс

«Ізгілік»

(«Құтты білік» дастанынан үзінді)

Жүсіп Баласағұн

Мәтін бойынша сұрақтар

· Қандай қасиеттер адамды ізгілікке жетелейді?

· «Жүзі жылы барлық жерге сыйымды» - деген ойды қалай түсінесіңдер?

· «Кішісінде- махаббат, кәрісінде- мархабат» деген сөзде қандай ой жатыр?

 

Бейнежазба «Бәрін өзіңнен баста»

 

Жаңа ақпарат

Адам қолымен жасаған игі істің бәрі- оның ақыл-парасаты мен жүрек жылуының көрінісі.Жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алатын адамның іс-әрекетінде ізгіліктің негізі жатады.Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза, сезімі сергек болады.Рақым, қанағат, әділдік және қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін, рақатын көреді.Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның руханилық қуаты арта түседі.

 

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс

1-топ «Ізгілік – өмір нәрі» тақырыбына өлең құрау

2-топ «Ізгілік- іздеп келемін» тақырыбында диалог құрастыру

3-топ Қиылған нақыл сөздерді құрастыру және мағынасын ашу

 

Топпен ән айту

Жақсы адамдар

1.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі,

Пенделіктен өресі аспағандар.

Қ/сы

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар

Жақсы адамдар

2.Жақыс көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қ/сы

3.Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

 

 

Үй тапсырмасы

«Қыз- құндыз» ертегісін оқып, мазмұнын айту

 

 

Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балаларға бетшеге жабыстырылған жүрекше стикерлер беріледі.Сол стикерлерге бір топтың оқушылары екінші топтағы әр баланың бойындағы жақсы қасиетті жазып, оларға ұсынады.

Сабақтың тақырыбы: Ізгілік іздеп келемін… Сабақтың мақсаты: а) адамгершілік құндылықтарды, өмірді тану, жақсылық жасау, ойлылық, ұжымшылдық жайлы меңгерген білімдерін қорытындылау; б) күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде адамгершілік құндылықтарға сай ұжымда бірлесе жұмыс істеу іскерліктерін дамыту; в) имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, жүрекшелер, қағаздан жасалған су тамшылары, плакат Сабақтың әдісі: Топтық жарыс І-топ «Ізгілік»; ІІ-топ «Игілік» Сабақтың барысы: І. Оқып үйренейік ІІ. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. ІІІ. Жаным толған жақсылық. І V. Жылы жүрек, жақсы тілек. Ұйымдастыру: «Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын,белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек», - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай білім берудің шынайы мақсаты адамға белгілі бір білімді үйретіп қоймай, сонымен қатар әрбір шәкірттің рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту екені баршамызға мәлім. Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу – ата-ананың да, мектептің де ең басыт міндеті. Бала үйде де, мектепте де, қоғамдық көпшілік орындарда да әдепті, сыпайы болуы керек. Әр бала – керемет рухани күш иесі.Рухани бай, ары таза, адамшылық қасиеттерді бойына сіңірген мемлекетіміздің тірегі болашақ азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің үлесімізде, осы күрделі де, игілікті істерде табысқа жете білейік. Шаттық шеңбері: Достық Сөзі: Е.Елубаев. Әні: И. Нүсіпбаев Ортақ мекен – жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан. Ортақ бізге бір Отан, Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жер ортақ Ортақ бізге барлығы. Туыспыз біз бәріміз, Бір Отанды сүйеміз Бақытты елде туған соң, Бақытты өмір сүреміз. І. «Ізгілік» Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастанынан үзіндіні әр топтан бір оқушы шығып, мәнерлеп оқиды да, әр топ «ізгілік» сөзіне сипаттама береді. Ізгілік Ж.Баласағұн. «Құтты біліктен» үзінді Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез-құлық, ісі қандай өзінің? Ізгіліктің нышаны? Халық үшін қайтпай құрақ ұшады. Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды, Жомарт жандар құнын тілеп жатпайды, Қайырымды жан қайырым етпес есеппен, Есе күтсең, ұрғанмен тең кесекпен... Қадірсіз зат шеттеп жерде қалады, Асыл нәрсе төрден орын алады. Ізгі іс етсең – текті тірлік сүргенің Жауыздығың – жерге тірі кіргенің.... Ізгі ісіне опық жеген жан бар ма? Жаманатты зауал таппай қалған ба? Жамандықты қусаң азап шегесің, Жамандыққа жақсылық қыл, жеңесің! ІІ. Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен Әр топ тақырыпты ашатын сахналық көрініс қояды. «Игілік» тобы: «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» аңыз әңгімесінің желісі бойынша сахналық көрініс қойып тұжырымдама жасайды. «Ізгілік» тобы: «Таза бұлақ» Ы.Алтынсарин әңгімесінің желісі бойынша сахналық көрініс қойып, тұжырымдама жасайды. ІІІ. Жаным толған жақсылық. Шығармашылық жұмыс. Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар, көздеріңді жұмыңдар. Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза, салқын су жағасына келдік деп елестетіңдер. Су жанымызға әсемдік сыйлап, сылдырай ағады. Тап-таза айнадай мөлдір судың бізге айтары бар сияқты. Біз су жағасына жақындап екі қолымызбен бір уыс су тамшысын іліп алдық. Алақанымыздағы су тамшыларын төгіп алмайтындай, уысымызда аялай ұстап көзімізді ашамыз. – Алақандарыңдағы су сендерге не айтуы мүмкін, сол суды қалай пайдаланар едіңдер? Балалар, біз судың қандай жақсы қасиеттерінен үлгі алсақ болар еді? Әр оқушы өз ойын білдіре отырып, әрқайсысы қағаздан жасалған су тамшыларынан «Жақсылық дариясын» құрайды. Дәйексөз: «Өмір теңіз. Жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» А.Рудаки. Оқушылар сөздің мағынасын талдап түйіндеме жасайды. Қорытындылау «Ізгілік» сөзжұмбағын шешу арқылы жүзеге асады. ІV.Жылы жүрек, жақсы тілек Оқушылар шеңберде бір-біріне тілек айтады. Автор: Қалияждарова Бақытгул Орынбекқызы Еңбекшіқазақ ауданы О.Жандосов мектебінің психологы Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс! Қызықты мақалал

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/36195/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңызІзгілік іздеп келемін

admin


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: