Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 1 страница

Клара

5 Қазіргі шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту жайы

Шағын жинақты мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі қиындықтар осы мектептерге, біріктірілген сыныптарға арналған арнайы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың болмауынан туындап отыр. Пән мұғалімдерінің жетіспеуі немесе жүктеменің аздығы салдарынан шағын мектептерде бір мұғалімнің бірнеше пән бойынша сабақ беруіне тура келеді. Біріктірілген сыныптарда мұғалім бір мезгілде екі сыныпқа қатар сабақ өткізеді. Осыған байланысты әр сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім сабақ уақытының белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Мұндай біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру кез келген мұғалімнен, әсіресе жас мамандардан шығармашылық ізденісті, кәсіби жоғары шеберлікті талап етеді. Мұның өзі шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақ өткізуде мұғалімдерге әдістемелік көмекші болатын құралдардың қажеттілігін туындатады.

Шағын жинақталған мектептердің проблемасы мен қиыншылықтары көп. Әсіресе, бастауыш және негізгі мектептердің жағдайы төмен. Материалдық-техникалық базасы нашар. Арнайы жабдықталған пәндік кабинеттер, зертханалар жоқ, зертханалық тәжірибелер жасалынбайды. Көрнекі құралдар ескірген. Интернет желісі қосылмаған. Кітап қоры аз. Кадр тапшы және шағын жинақталған мектеп үшін арнайы маман жоқ (қос пәндік,қазақ тілі -математика т.б) Бір пәннің мұғалімі бірнеше пәннен сабақ береді. Мұның үстіне, бала саны аз болғандықтан сыныптар топтастырылып сабақ өтетіндігін ескерсек, оқушының бағдарламаны толық игеріп, жан-жақты білім алуы қиындық туғызып отыр.

Солай бола тұрса да шағын жинақталған мектептің ауыл жағдайына прогрессивті рөлі бар:

- мектеп – ауылдағы мәдени орталық;

- жастардың ауылда тұрақтануына әсер етеді;

- ауылдың рухани мәдениетін көтереді (кеш, кездесу, т.б)

- мұғалім ата-аналармен етене жақын жұмыс істейді, себебі, бәрін таниды.

Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;

- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;

- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;

- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады;

- оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;

- оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады;

- үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.

Шағын жинақты мектептерде оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік

стандарт дәрежесіне көтеру, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсарту – қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Шағын жинақталған мектептерде мұғалімнің негізгі мақсаты: бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу екені белгілі. Бұл үшін шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үрдісін кіріктіре оқытудың әдістерін тиімді пайдалана отырып өткізу керек. Екі сынып қатар оқытылатындықтан сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс әзірлеу, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс пайдалану мәселесі туындайды.

Кіріктірілген сабақтарда оқушыға өзі өмір сүретін орта туралы, құбылыстар мен заттардың байланысы жайында ауқымды және айқын түсінік беріледі. Мұнда негізгі басымдылық қандай да бір білім көлемін игеруге емес, бейнелі ойлауды дамытуға беріледі.

Шағын жинақталған мектепте кіріктіріп оқытудың бұл ерекшеліктері алдыңғы алған білімін қайта жаңғыртуға көмектеседі. Бұл байланыс оқыту барысында нақты жаттығулар мен тапсырмалар арқылы нығая түседі. Осы ерекшеліктерді ескере отырып шағын жинақты мектептердің мұғаліміне мынадай талаптар қойылып отыр:

- өздігінен білім көтерудің тиімді әдістерін таңдай білу;

- шағын жинақталған мектеп жағдайына қарай бейімдеу, оқу үрдісін сапаландыру;

- әртүрлі жастағы оқушылар ұжымын басқара білу;

- оқушылардың бірін-бірі өзара білім алуды сапаландыру бағытын дамыту;

- оқушылардың бір отбасы балалары сияқты болып, өзін-өзі басқара білуін ұйымдастыру;

- оқуышылар арасындағы бір-біріне деген сенімділігін және сыйластықтарын арттыру;

- оқушылардың ата-аналарын қоғамдық-педагогикалық жұмыстарға қатыстыру.

Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар (деңгейлеп, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, дамыта оқыту, модульдік оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология және т.б.) қолданылады.

Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылар арасында танымдық қарым-қатынасын, оқушылардың бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі балалардың қарым-қатынасы тапшылығын азайтуға, ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында оқушылардың монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.

Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.

Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін кең қолдану - әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеу.

Шағын жинақты мектеп мәселесін оңтайлы шешудің тағы бір жолы – бұл жаңа білім беру кеңістігін құру болды. Ол үшін материалдық-техникалық базасы мықты толық білім беретін мектептерден ресурстық орталықтар ашылды. Ресурстық мектеп – бұл шағын жинақты мектеп оқушыларының бейімделген, әр деңгейлі, көп сатылы, саралай және терең білім алуына жағдай жасайтын, оқу-тәрбие дамуын бағыттап отыратын ауыл мектебі.

Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы білім беру, ғылым мен мәдениет және т.б. салаларда ақпараттардың халықаралық дереккөздерін, электрондық оқу материалдарын пайдаланады, тірек мектебімен (ресурстық орталықпен) байланыс орната отырып, сессияаралық кезеңде олардың білім қорларын пайдаланады, қашықтан оқытуды жүзеге асырады.

Жақын орналасқан шағын жинақты мектептерді біріктіретін, білім беру ұйымы болып табылатын тірек мектептер (ресурстық орталықтар) оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуіне жағдай туғызады. Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп оқушылары үш рет (оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) он күннен (сессия) білім алады əрі онда аралық жəне қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектептерде оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен жəне қашықта оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Тірек мектептердің қорларын қолдану негізінде білім сапасы, мектептердің педагогикалық өзара қарым-қатынасы, тәжірибе алмасу жүйесі дамытылады.

Бүгінде біздің елімізде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру мақсатында шағын жинақты мектепке үлкен көңіл бөлініп, қамқорлық жасалуда. Оған дәлел:

1. Жалпы орта білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы;

2. Шағын жинақты мектептің негізгі нормативтік-құқықтық базасының

болуы;

3.«Білім туралы» Заңда шағын жинақты мектеп мәселелерінің белгіленуі;

4.«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасында» шағын жинақты мектептерде білім беру сапасын арттыру мәселелерінің нақтылануы;

5. Шағын жинақты мектепте бала санының аздығына қарай:

- әр түрлі жастағы балалардың бір-бірімен толық қанды қарым

қатынасының орнауы;

- тілдің дамуына үлкен мүмкіндіктің болуы;

- әр оқушыны табысты оқыту;

- мұғалім мен оқушылардың тығыз ынтымақтастығы;

- оқытудың жеке әдіс-тәсілдерін ұғымдық түрімен ұштастыруға

мүмкіндіктің тууы.

6. Педагогикалық оқу орындарында шағын жинақты мектеп үшін

педагог кадрларды дайындауға деген бетбұрыстың жасалуы;

7. Педагог кадрларының біліктілігін арттыруды бюджеттік

қаржыландыру (шағын жинақты мектеп педагогтарын түгел біліктілікті арттырумен қамту).

Шағын жинақты мектеп мәселелері еліміздің барлық өңіріне тән жағдай.

Мемлекет тарапынан шағын жинақты мектептерді дамыту мен оның жұмыс жүйесінің назарға алынуы, қолдау көрсетілуі – еліміздің рухани-мәдени ошағына айналған ауыл мектебін сақтап қалуға қосқан үлес деуге болады.

 

6. ШЖБМ-гі пәндерді оқыту құралдарына сипаттама.

Оқыту құралдары – оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптері сияқты). Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В.Е.Гмурман, Ф.Ф.Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П.Р.Атутов, И.С.Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г.С.Костюк, А.Р.Лурия, М.Н.Скаткин) сөз деп түсінеміз. Оқыту құралдары – бұл ақпарат алу тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал әрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде жаңа мәліметтер бередіОқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай-материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады.Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т.б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға болады.

Оқыту үдерісінің екі жақты үдеріс екенін ескере отырып, А.П.Усова педагог пен баланың әрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Осыған орай, ол дидактикалық құралдарды екі топқа бөледі. Құралдардың астауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады. А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.

Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:Бағдарлама (1-4 сыныптар);Оқулықтар (1-4 сыныптар);Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптарМатематикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар);Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар);№1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып);Математикадан

Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек.Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны – стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.

Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда. Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.

 

7 арай

8 ШЖБМ-те білім мазмұнының сипаттамасы.

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.

· өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

· сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;

· осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.

- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.

- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.

- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;

- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;

- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: