Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 15 страница

 

Мектеп психологы күнтізбелік жоспарының үлгісі.

 

Айлар Жұмыстың мазмұны
Тамыз 1. Жылдық жұмыс жоспарын жасау 2 жұмыс жоспарын педагогикалық кеңесте бекіту 3. Мектепке қабылданған балалардың оқытуға дайындағын диагностикалау 4. 1-сынып оқушыларының ата-аналарын психодиагностика нәтижесі мен таныстыру 5. Гимназиялық сыныптарға оқушыларды іріктеп алуға қатынасу
Қыркүйек Бірінші сынып оқушыларын психодиагностика минумынан өткізу 1-сынып оқушыларының мектеп режиміне бейімделу мәселесі жайында мұғалімдерге кеңес беру Таным процестері нашар және орта дамыған балалармен түзету дамыту жұмысын жүргізу. бірінші сынып оқушыларын мектеп режиміне үйрету іс шараларын жүргізу
Қазан 1. Балаларды диагностикалау нәтижелерін өңдеу және оларды ереже бойынша түсіндіру 2. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және қажеттілікке байланысты екінші,үшінші сынып оқушыларына арналған коррекциялық сабақтар жүргізу. 3.Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу 4.Дамуында ауытқу белгілері бар балалармен түзету дамыту машықтарын ұйымдастыру. 5.Бастауыш сыныптар оқушыларының таным процесстерін жетілдіру және дамыту жұмыстарын жүргізу. 6.Ата-аналардың сұранысымен жеке дара психологиялық қызмет көрсету (жеке кеңес беру,терең психодиагностикалық зерттеулер жүргізу т.с.с.)
Қараша 1.жоғары буын оқушыларына арналған шығармашылық ойлауды дамыту курсын ұйымдастыру. 2. жеке тұлғаның жағымсыз мінезін түзету тренингтерін жүргізу 3.Орта буын оқушыларымен психологиялық білімге баулу апталығын ұйымдастыру 4.Ата-аналар жиналысында балалардың жекелік ерекшеліктері туралы баяндама жасау және пед.кеңесте сөз сөйлеу. 5.Орта буындарда жүргізіліп жатқан психодиагностикалық минимум көрсеткіштерімен оқытушыларды таныстыру. 6.Психологиялық қызмет көрсету туралы сұраныстарды талдау 7.Сұраныстар бойынша кеңес беру  
Желтоқсан 1.Орта буындағы психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуге анықталған сынып оқушыларын толық зерттеуден өткізіп,нәтижесін оқушы карточкасына түсіру
   
   
   

 

 

Кіріспе.

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға өте үлкен назар аударылады. Мектептерде және мектептен тыс оқу-тәрбие мекемелерінде психолог штаты бекітіліп, көптеген мамандар кәсіби қызмет атқаруда. Білім беру жүйесінен басқа да көптеген салаларда психологтарға сұраныс мол болып отыр. Осы мамандарға қажеттілікті қанағаттандыру үшін жоғары оқу орындары психологтарды даярлап жатыр.

Білім беру жүйесінде кәсіби қызметін атқару барысында психолог оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагогтарға көптеген мәселелерді тиімді шешуге психологиялық жағынан көмек көрсетеді. Балалардың мектепте оқытуға даярлығын анықтаудан бастап, мектепке қабылдау, бастауыш сыныптарда жетелеу орта және жоғарғы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң өмір жолын тауып алу проблемаларын шешуде кеңесші және көмекші болатын адам – мектеп психологы. Ол оқушылардың жекелік қасиеттерін диагностикалап, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, олардың күнделікті дамуына ықпал жасайтын іс-шаралар жүргізеді. Сонымен қатар дамуында нормадан ауытқуы бар балалармен жеке -дара, қажеттілік туғанда–топпен, түзету және дамыту жұмыстарын ұйымдастырады. Ерекше қиын жағдайларда баланы басқа мамандарға көрсетіп, оның психологиялық дағдарысын оңтайландыру жолдарын анықтауға ат салысады.

Жаңадан қалыптасып келе жатқан психологиялық қызметтің жұмыс мазмұнын анықтау, психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді жинақтап алу, әр буында оқитын балаларға тиімді қызмет көрсету жолдарын табу психологтарға қиын болып отыр. Өйткені, қазақ тілінде жазылған, психолог мамандарын даярлауға және жұмыс орнында психологиялық қызметті ұйымдастыруға негіз болатын оқу-әдістемелік құралдар өте тапшы. Осы оқу-тәрбие мекемелеріндегі психологиялық қызметтің мазмұны мен әдістемелерін анықтауға кірістік.

«Тәжірбиелік психология» оқулығының бірінші кітабында білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мазмұны ашылып, әр жас кезеңіндегі балалардың даму ерекшеліктерін бағалау әдістемелері берілген.

Ұсынылып отырған екінші кітап психологтың кәсіби қызыметіне даярлықтан өтіп жүрген студенттерге және әр салада тәжірибеленуші психолог мамандарына арналған. Бұл еңбекте барлық психологтарды толғандырып жүрген психологиялық кеңес беру және психокоррекциялық жұмысты ұйымдастыру формаларының негізгі түрлері сипатталған. Сонымен қатар психокоррекцияда қолданылатын көптеген әдіс-тәсілдерді пайдалану ерекшеліктерін көрсету, осы қызмет барысында пайда болатын сұрақтарға жауап беруге жасалған әрекет болып табылады.

Екінші кітап екі тараудан тұрады. Оларда психологиялық кеңес берудің ерекшеліктері, психокоррекция жүргізудің теориялық негіздері мен оларды ұйымдастыру және жүргізу технологиясы, психологиялық кеңес беру және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу барысында пайдаланылатын психодиагностикалық және коррекциялық әдіс-тәсілдер мен ойындар жинағы берілген.

Психологтың кеңес беру және психологиялық коррекция жүргізудің технологиясы мен мазмұнын анықтау ХІХғасырдың аяғынан бері зерттелінуде. Соған қарамастан бұл саладағы қызметің көптеген қыр-сырлары әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасаған Г.Айзенк, Ф.МАлександр, А.А.Боалев, А.Лазарус, К.Роджерс, Б.Ф.Скиннер, А.С.Спиваковская, У.Шутц, М.Фельденкрайс, З. Фрейд, А.Химед, К.Юнг, И.Д.Ял, т.б. ғалымдар психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер үлгілерін жасаған. Осы ғалымдардың еңбектеріне негізделе отырып баланың даму ерекшеліктеріне байланысты олардың тұлғалық қасиеттеріндегі орын алған ауытқуларды түзету, ата –аналардың өз балаларымен қарым-қатынасындағы туатын қиындықтарды саралау және оларға тиімді көмек көрсету нұсқасы берілген

Балалардың әр түрлі жас кезеңдеріндегі даму заңдылықтарымен байланысты орын алатын мазасыздану, тұлғааралық қатынасқа түсу проблемаларын зерттеп, олардың көрінісін бағалауға қолданылатын психодиагностикалық әдістемелер жүйеге келтіріліп берілген. Сонымен қатар мектеп оқушыларымен жүргізілетін психотренингтерде пайдалануға болатын коррекциялық ойындар жинақталған.

Барлық ұсынылып отырған әдістемелер бірнеше жыл бойы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студентерді оқыту барысында және олардың педагогикалық-кәсіби іс-тәжірибелерінде қолданылып, біздің мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге сай келетіндей етіп өнделген.

Әдістемелерді жинақтауға негіз болған білім көздері ретінде орыс тіліндегі шығып жатқан дерекнамалар кеңінен пайдалынады. Олардың барлығы әдебиеттер тізімінде толық көрсетілген.

Психолог жұмысындағы психологиялық кеңес беру

Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері

Психологияда жеке адамның психологиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуде пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын- психокоррекция деп атайды. Оларды баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырып, жинақтағандардың бірі А.А.Бодалев және оның зертханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғары сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетіледі.

Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын біржақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез-келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, ата-аналарға кеңес беру, т.с.с. Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, жанұя бұзып ажырасуларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.

Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиетпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және өзін қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне біржақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында болған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және псиологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе, онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Кеңес берілгеннен соң клиент жете түсінбеген және дұрыс бағаламаған жағдайлар кездеседі. Бірақ уақыт өте келе, сол адам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екенін түсіне бастайды.

Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпен кездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамағанын және қабылдамағанын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.

 

Психологиялық кеңес беру тиімділігінің басты көрсеткіші – клиенттің қанағаттанушылығы болып есептелінеді. Дегенмен көп нәрсе кеңес алуға келген адамның проблемаларының сипатымен анықталады. Мысалы, жапа шеккен адам кеңес беруден соң өзін біршама жеңіл сезініп, болашағы жақсы болатынына сенімі нығаюы мүмкін және тиіс, ал кеңес беруші оның қайғысын, тағы басқа эмоционалдық жағдайын жеңілдетуге тырысуы қажет. Келесі бір жағдайда эмоционалдық жағдайды жеңілдету кеңес берушінің тікелей мақсаты болмауы мүмкін: себебі психологпен жүргізген әңгіме пайдалы болғанын сезінген клиент өз проблемаларын өте терең, ауыр және өткір сезінуі мүмкін. Өткен проблеманы талдау барысында оның мән-мағынасына терең малшынумен бірге өзінің сол оқиғаның орын алуына себепкер болғанын түсіну, оқиғаға өзінің кінәлі екенін, жауапкершілік өз мойнына жүктелетінін сезіну, оны мойындау оңай емес. Бұл жағдайда клиент кеңес беру процесінен айтарлықтай нәр алып, қанағаттанады деп айту өте қиын. Дегенмен себептерін толық таңдау арқылы өз кінәсін мойындаудың өзі клиенттің басқаларды кінәлаудан бас тартып, біртіндеп эмоционалдық зорлану жағдайынан шығуына негіз болады.

Психологиялық кеңес берудің табысты болуы көбінесе кеңес берушінің клиентті мұқият тыңдауы және шағымданушының өз жеке басында болған оқиғасы туралы түсінігін кеңейту секілді міндеттерді шешуіне тәуелді. Психологтың көмегіне сүйенген көптеген адамдардың шынайы проблемасы- олардың өздерін не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауында. Кеңес берушінің оларды мұқият тыңдай алуы мен түсінетіндігі өте маңызды.Осы қатынастың өзі белгілі оң өзгерістерге алып келеді.Оның үстіне маманмен байыпты және ойлы әңгімелесу барысында клиент өзі мен қоршаған адамдар жайында көп жаңалықтарды біліп, оны түсінуіне алып келеді.Осы түсініс клиенттің өзі мен өзге адамдар туралы ойлауының «азығы» болғандықтан ол өте бағалы болып табылады және оның қоршаған әлеуметтік орта туралы түсінігінің кеңеюіне алып келеді. Психологтың көмегіне сүйенген клиент үшін бұндай нәтиже оның психологиялық тұрақтылығын көтеруге және жалпы адамдарға деген көзқарасы тұрғысынан маңызды болады. Сонымен қатар оның басқа да мамандарға, олардың көмек көрсететініне сенімі артады.

Кеңес беру барысында әңгімелесу әдістемесі кеңінен пайдаланылады. Оның негізгі мақсаты- кеңес сұрап келген адамның алдында шешімі табылмай тұрған мәселенің мәнін анықтап алу және шағымданушы мен қосыла отырып шытырман жағдайдан шығу немесе мәселені шешу жолын іздеу.Бұл процестің маңыздылығы – клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаларға жауапкершілікті психологтың өз мойнына алуы.

Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы

Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия бір –бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады. Сондықтан психологиялық қызметтің бұл салаларын жіктеп бөлу және оларға дәл анықтама беру арнайы еңбектің тақырыбы бола алады. Сондықтан психологиялық қызметтің бұл салаларын жіктеп бөлу және оларға дәл анықтама беру арнайы еңбектің тақырыбы болады. Біз мұнда оларды шартты түрде ғана бөліп, психологиялық кеңес беру мен психокоррекцияны студенттерге түсіндіріп, олардың болашақ мамандық қызметіне бұл тәсілдерді пайдалану жолдарын анықтауға мүмкіндік беретіндей жерлерде тоқталамыз.

Психологиялық кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы – жоспарланған әңгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.

Әңгімелесу кеңес беру, психокоррекция және психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен,егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым-қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психоррекциялық және психотерапиялық ықпал негізінен көптеген өмірлік қиындықтар мен шиеленістердің негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған.

«Психокоррекция» мен «психотерапия» терминдерінің айырмашылығы жеке тақырып болады. Отандық психологияда пайда болған бұл ұғымдарды бөлу жұмыс ерекшеліктерімен емес, психотерапиямен арнайы медициналық білімі бар адамдар ғана айналыса алады деген заңды жағдаймен байланысты. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан бұл шектеу жасанды болып табылады. Себебі, психотерапия психологиялық ықпал жасау жолдарын ойластырады. Оның үстіне «психотерапия» термині халықаралық болып табылады және әлемнің көптеген елдерінде кәсіби психологтар іске асыратын жұмыс әдістері ретінде қолданылады. Психотерапия мен кеңес беру арасындағы шек өте шартты екендігі күмәнсіз. Мұны А.С. Спиваковская, т.б. авторлар өз еңбектерінде бірнеше рет атап өткен. Бұл еңбектерде психотерапия және психокоррекция саласында ортақ көрсеткіштері мол екенін атай отырып, дегенмен психологиялық кеңес беруді арнайы медициналық дайындығы жоқ психологтар жүргізуіне болатындығын, кеңес беру тек психологиялық жағдайға көзқарасты өзгертуге бағытталған болғандықтан оны адамның психикалық қасиеттеріне белсенді ықпал ету арқылы өзгерту керек емес кезде психолог мамандар жүргізе алатыны айтылған.

Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайда болатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға қатаң талап қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптерін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізу немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдері де кеңінен пайдаланылады. Психотерапия тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық меңгерген және оларды емін-еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болу керек.

Клиенттің проблемасы тұлғааралық немесе жеке тұлғалық екендігін дәлірек анықтау үшін психолог шағымданушыға көптеген жанама сұрақтар қойып, оларға берген жауаптарын, психологпен кездесуден күткен үмітінің ерекшелігін талдап, анықтайды. Кеңес беруші психологтың клиенттері, әдетте, жеке өмірлік қиындықтардың пайда болуына басқалар теріс рөл атқарады деп көрсетеді. Ал тереңірек психокоррекциялық жұмысқа бағдарланған клиенттердің шағымы басқаша болады: оларды көбінесе өзінің ішкі жағдайын, қажеттілігі мен тілегін бақылап, оларды реттеуге қабілетсіздігі мазасыздандырады.

Сонымен, кеңес беруші – психологтың клиенттеріне мына типтес шағымдар тән. «Біз күйеуміз екеуміз үнемі себепсіз ұрысып қаламыз», немесе, «Әйелім мені ешқандай себепсіз қызғанады». Психотерапевтке келетіндердің көбісі өзінің проблемалары туралы басқаша айтады: «Мен өзімді өзім ұстай алмайтын, өте ашушаң болып кеттім, үнемі күйеуіме айқайлаймын», немесе, «Соңғы кезде әйелімнің адалдығына сенімсіздік білдіремін, ол мені алдайтын сияқты болады да тұрады, оны ешқандай себепсіз қызғанамын». Шағымдарда мұндай айырмашылықтар өте көп болады, ішінара сол клиенттермен жеке проблемалары мен сәтсіздіктерін сараптау бойынша арнайы жұмыс жасалынады. Адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаға өзін жауапты деп қабылдауы – белгілі дәрежеде ерлікті қажет ететін қадам. Ол адам өзін-өзі өте терең және жан-жақты,барлық қыр-сырына түсініп тануға дайын екені күмәнсіз.

Шағымдар локусының бағыттылығы мен адамның психологиялық көмек алуға дайындығы – онымен жасалатын жұмыстың формасын да анықтайды. Клиентке көмек беру үшін кеңес беруші оған өзінің проблемаларын толық түсініп, өмірлік күрделіліктерге басқаша қарау, бұл проблемалардың неден орын алғанын көрсете білу және әдетте байқалмайтын қиындық көзі болатын тараптардың өзара қатынастарын талқылау арқылы жүргізеді.Ықпал жасаудың мұндай формасының негізі, бәрінен бұрын, клиенттің көзқарасын қалыптастыру және оның негативтік қатынасын өзгерту болып табылады. Кеңес беру әңгімесі барысында клиент оқиғаға кеңірек және тереңірек қарау арқылы ондағы өзінің рөлін бағалауға, осы жаңа көзқарасына сәйкес өткен оқиғаға өз қатынасы мен мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік алады.

 

 

Психотерапевтік ықпал басқаша қалыптасады. Мұнда психологиялық ықпал жасау жұмысының бастапқы, шағымды талдау кезеңдерінде-ақ тереңдеп, қайта қалыптастыру процесінде үлкен рөл атқарады. Маманмен әңгімелесу барысында клиенттің қазіргі кездегі өзінің басқалармен арақатынасының өзекті оқиғалары ғана емес, өткен мәселелерде (балалық, жеткіншектік, қыз – бозбалалық шақоқиғалары) талданады. Адамның психологиялық өмірінің, түс пен өңнің ассоциациясы секілді байланысы бар ерекше формалары психотерапияда жиі-жиі пайдаланылады. Психотерапияның ерекше бейнесі – көмек сұраған адам мен кәсіби маман арасындағы қатынас көптеген өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады: тасымал және контртасымал терминдерімен белгіленетін қатынас, сараптау үлкен орын алады. Кеңес беру барысында сұрақтарға клиенттің берген жауаптары мүлдем талқыланбайтын кездері психотерапиялық ықпал мүмкіндіктерін тереңдету мен кеңейтудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Р.Урсано, С.Зонненбери, С.Лазар т.б. психотерапевтердің айтуы бойынша мұндай тәсіл жүйкенің терең қабаттарын сараптау арқылы клиенттің патогенді күйзелістері мен ерекше мінез-құлық себептерін терең түсінуге алып келеді және жеке тұлғаның қиналып жүрген проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

Психологиялық ықпал жасаудың бұл түрлерінің ұзақтығы да әртүрлі болады. Психологиялық кеңес беру көбіне қысқа мерзім ішінде жүреді және клиентпен 5-6 кездесуден асуы сирек кездеседі. Ал психотерапия процесі ұзаққа созылады және бір жыл ішінде ондаған, тіпті жүздеген кездесулер өткізуге бағдарланған болады. Психотерапевтік ықпалдың психокоррекция мен кеңес беруден айырмашылықтары – клиенттердің жеке тұлғалық типтерімен де байланысты. Кеңес беруші – психологтың қабылдауына келген клиенттердің ішінде психологиялық статусы, кәсібі, материалдық жағдайы, т.б. көрсеткіштері әртүрлі адамдарды кездестіруге болады.Олардың ішінде кемшіліксіз клиент, рефлекциясының даму деңгейі жоғары адамдар, өте қымбат және ұзақ емделу курсына ақы төлеуге мүмкіндігі бар, өте қабілетті, бірақ ол қабілетін іс жүзінде көрсете алмағандар, психотерапевт қызметін пайдалану үшін уақыты жеткілікті невротиктер, т.с.с. кездеседі.

Мамандардың психотерапиялық ықпал жасауға даярлығын көрсететін біліміне қойылатын талап өте үлкен және олар теориялық психологиялық дайындықпен қатар белгілі медициналық білімі, сонымен қатар, жеке психотерапия мен тәжірибелі супервизор басшылығымен жұмыстың ұзақ тәжірибесінен өтуінен тұрады. Психотерапия өзінің тарихи дамуында психиатриямен тығыз байланысты болғандықтан бұл салада қызмет атқаратындар арасында кәсіби психологтармен қатар психотерапевтердің арасында арнайы дайындықтан өткен психиатрлардың кездесуі кездейсоқ емес. Психотерапевтке қаралған адам дәстүр бойынша клиент емес, пациент деп аталатынын байқаймыз.Сондықтан бұл саладағы маманның толыққанды дайындығын жеке психотерапиялық тәжірибесіз елестету мүмкін емес. Соның арқасында ол жан-жақты жұмыс істеуге, клиенттердің проблемаларын дұрыс талдауға даярлығы нығаяды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: