Пререквизиты: Анатомия негізі, гистология негізі, физиология негізі

Силлабус

(Syllabus)

 

 

Пән: Анатомия негізі

Мамандығы: 5В130100 Жалпы медицина

Оқу сағат көлемі/кредиттер - 3:

Курс және оқу семестрі: 3-курс, 5- семестр.

Оқу сағатының көлемі/ 45сағат

 

 

Семей 2017 ж.


Пәннің Силлабусын анатомия және гистология кафедрасымен құрастырылған

 

Авторы(лар): аударған оқытушы: Есболатова Г.М.

 

 

Кафедра отырысында талқыланған «04».09.2017ж.

№ 1 хаттама

 

Каф.меңгерушісі___________ С.К. Қожанова

 

 

Мамандықтың ББК мәжілісінде талқыланды __________________

«____» _________2017ж. № ____ хаттама

Төрағасы _________________ (Т.А.Ә.,қолы)

 

 

Оқу әдістемелік кеңесте бекітілген

«31».08. 2017ж. № 1 хаттама

Төрағасы _________________ (Т.А.Ә.,қолы)

 

1.Оқытушылар туралы мәліметтер:

ФИО Қызыметі, лауазымы, ғылыми дәрежесі, Ғылыми қызығушылығы және жетістіктері/санаты
  Кожанова С.К. Каф.меңгерушісі, м.ғ.к, доцент Ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен перинаталды кезеңдегі иммунды жүйенің морфофункционалды жағдайы.
  Милюшина И.Н. Аға оқытушы,м.ғ.к. Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері.
  Щетинина Н.В. Аға оқытушы Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері.
  Милюшина Я.А. Аға оқытушы, м.ғ.к Айырша бездің патоморфологиясы
  Есболатова Г.М. Аға оқытушы Ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен перинаталды кезеңдегі иммунды жүйенің морфофункционалды жағдайы.
  Жандаулетова М.Б. Оқу-ісінің меңгерушісі, оқытушы Тісжақ аномалияларының анатомиялық алғышарттары
  Мекебаева А.Н. Оқытушы Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері.
  Мукашева М.М Оқытушы Гипофизарлы-хиазмалық аймақтың хирургиялық анатомиясы.
  Токанова Д.М. Оқытушы Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері

Қысқаша ақпарат: Семей қ-сы, Абай Кунанбаев көшесі №103, морфологиялық корпус, тел.8-(722)- 252-19-05

2. Пән саясаты

2017-2018 оқу жылына

Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды - біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

· Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

· Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

· Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және қатаң сақтау.

· Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

· Өрткеқарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

· Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тыныштықты және тазалықты сақтау.

· Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

• Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинарлық) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу. 4 курстан дәрістерге қатысу - ерікті түрде. Бейнедәрістерді «Сириус» АБЖ орналастыру, дәріс сұрақтарын аралық бақылау және емтихан сұрақтарына кіргізу.

· БОӨЖ (білімалушылардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысына) қатысуда кафедраның талаптарын орындау.

· Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

· Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітапшаның болуы.

· Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті сындырған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

· Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

· Кафедра өміріне белсене қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына т.б.).

· Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялармен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

· Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

· Емтихандарға ұялы телефондарды, i-Pad,басқа ақпараттық қызмет көрсету құралдарын алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефонды, i-Pad, шпаргалкалар және б. еске түсіру құралы ретінде пайдаланса:

· - емтиханның ауызша түрі немесе дифференциалды сынақ кезінде жауап жоққа шығарылады емтиханнан шығарылып соңынан акт жасалады; қайталап билет таңдау мүмкіндігінен айырылады, «0» баға қойылады.

- емтиханның тестілік түрінде – емтиханнан шығару негізінде тестілеу аяқталады, жауап толық жоққа шығарылады, «0» баға қойылады.

- пәндер бойынша тестілерді ықпалдаса тапсыру кезінде шпаргалка табылса, тест аяқталады, осы пән бойынша «0» баға қойылады, басқа пәндер бойыынша басталмаған тестілер жалғастырылады.

· Шпаргалкалар және ұялы телефондар, i-Pad және басқа ақпараттық қызмет көрсету құралдарын пайдалану кезінде аппеляцияға беруге тиым салынады.

· Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып тіркелген орнынан берілген анықтама (бакалавриат үшін - студенттік емхана, ОДА, ПСТ) табылады: студенттік емханадан анықтама нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек, жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

· Шетел студенттері үшін, оқу жылының басталу уақытына тұрып жатқан елінен кеш келген жағдайда, визаны және құжаттарды рәсімдеуге байланысты сабақтарды босатқандығы себепті болып саналып, сабаққа шыққан күннен бастап бір ай мерзімі ішінде өтеледі

 

· Білімалушының сабақтарды себепті және себепсіз босатқан жағдайда деканаттан рұқсатнаманы сабаққа шыққаннан кейін 7 күн ішінде алуы керек.

· Деканаттан алынған рұқсатнамалар оқу топтарының журналдарында сақталады.

· Кафедраларда өтелімдер сабақтан тыс уақытта өтелімдерді өткізу туралы Ережеге сәйкес өткізіледі, жай күндері де рұқсат етіледі (сол сияқты теориялық кафедраларда кезекші оқытушы 18.00 дейін болуы керек).

· Білімалушы себепті жағдаймен босатылған сабақтарды сабаққа шыққан күннен бастап бір ай ішінде өтеуі керек.

· Білімалушы сабақтарды себепсіз босатқан жағдайда сабаққа шыққан күннен бастап 2 апта ішінде қосымша оқыту түрі (ҚОТ) ретінде ақылы түрде ҚОТ көрсетуге келісім шартты құрумен жүргізіледі.

· Дәрістерді босатқан жағдайда себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеуі керек. Дәрістер тегін өтеледі, өтеулер журналында міндетті түрде тіркеумен кафедра өтелімдері кестесіне сәйкес және деканатқа босатылған дәрістердің болуы мен өтелуі бойынша мәліметтер беріледі. Дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

· Өтелмеген екі және одан да көп дәрістер болған жағдайда пән бойынша ЖРБ сынақ кітапшасына қойылмайды және білімалушы осы пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

· Әскери кафедрадан өтумен байланысты білімалушының дәрістерді босатуы жеке кесте бойынша өтеледі.

· Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

· Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою өтеулерден кейінгі бір тәулік ішінде жүргізіледі. Босатылған сабақтар мен дәрістерді өтеуді қабылдау сессияға 3 күн қалғанда тоқтатылады.

· Егер білімалушы себепті жағдайлармен қорытынды бақылауды босатқан жағдайда және бір ай ішінде өтемесе, журналда «бж» орнына «0» қойылады және оның рейтингі автоматты түрде төмендетіледі.

· Бекітілген мерзімде білімалушы екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттестатталмаған деп саналады.

· Білімалушылардың аттестатталуы туралы мәліметтерді уақыттылы беруге кафедра меңггерушілері арнайы жауапты.

· Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

· Оқытушы бағаларды күнделікті жариялауы керек және дубликат үшін топтар старосталарына оқу журналын беруіп отыруы керек.

· Оқу пәнін бір оқытушы ғана жүргізуге болмайды. Оқу ісі меңгерушісі алынатын ставкаларды есепке алумен ПОҚ бөлуі керек.

· Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

· Ағымдағы сабақтарда және қорытынды бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған кезде білімалушы төмен ЖРБ алады, ол өз ретінде емтихандарға жіберуге әсер етеді.

· Білімалушы пәннің аудиторлық сабақтарының (дәрістер, практикалық) жалпы сағат көлемінен себепсіз 50% және одан да көп босатса, онда пән бойынша аралық аттестаттау (емтиханға/дифф.сынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуі керек.

· Білімалушы жазғы (ақылы) семестрден өткен кезде себепті жағдайлармен (денсаулығына байланысты) босатса, бірақ GPA жинамаса, онда ол академиялық қарыздармен курстан курсқа ауыстырылады. Академиялық қарыздарды жою мерзімі – бір академиялық мерзім.

· Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, барлығы қосылады да, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде емтихандық ведомстке қойылады.

· ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

· Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыр5анда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен сессияға 3 күн қалғанда рәсімделеді, сонымен қатар білімалушының сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабасы басылады, онсыз білімалушының емтиханға кіруге құқығы жоқ.

· Семестр аяқталғаннан кейін емтихандық сессияға рұқсатнама алу үшін 1 күн беріледі.

· Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -ден 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

· Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 4,5 курс білімалушылары «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

· Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады. Егер емтихандық баға 19,8 баллды құраған жағдайда, яғни 40%, онда қортынды баға есептеледі.

· Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар - 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

· Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

· Пән бойынша апелляцияға өтініштерді беру емтиханнан кейін келесі күннен кешіктірмей 12 сағатқа дейін білімалушы бастамасы бойынша мынадай жағдайларда өткізіледі:

- түсініксіз немесе орынсыз тұжырым;

- дұрыс жауап жоқ;

- бірнеше дұрыс жауаптар;

· -пәннің жұмыс бағдарламасында көрсетілген оқу бағдарламасы шегінен шығатын сұрақтар.

· Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы бар және аппеляциялық комиссияның теріс шешімін алған білімалушы ақылы негізде пәнді қайтадан өтеді.

· Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек). осы жағдайда білімалушыға деканның өкімімен емтиханды жеке кесте бойынша тапсыру тұрақталады.

· Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

· Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

· Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту балын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта балын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

· Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

· Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

· «Қазіргі заманға Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

· «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағасын оңды бағаға көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

· Бітіруші емес курс білімалушыларына сессия қорытындылары бойынша академиялық қарыздарды жою үшін ақылы семестр 6 апта ұзақтығымен жазғы мезгілде ғана өткізіледі.

· Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №94 бұйрығы 99 тарауы 16 наурыз 2011 ж.)

 

Пререквизиты: Анатомия негізі, гистология негізі, физиология негізі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: