Шешім альтернативті тандау ретінде

Денгей, 10 балл

31. Басқару шешімінің маңызды талабы

Басқару шешімінің ең маңызды белгісі- өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.

Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды қысқартып, жұмыстың орындалуына кедергі жасамау керек.

Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі- мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды.

Кез келген шешім ауызша немесе жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, орындауға жауаптылар көрсетілуі тиіс.

32. Кез келген шешімдің қабылдау түрлері

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең қиын мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.

Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтанда шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.

33. Шешім қабылдау — ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің (функциясының) құрамдас бөлігі ретінде.

Шешім қабылдау — ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің (функциясының) құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасумен, сол мақсатқа жетудегі іс-қимылын түгелдей қамтиды. Кез келген басқару өнерін игерем деген адам үшін, шешім қабылдау табиғатын түсіну, аса маңызды мәселе. Шешім дегеніміз — бұл альтернативті тандау. Альтернатив — мүмкін болған екі үйғарымның бірін ғана таңдап алуға
мәжбүрлік. Әрбір басқару қызметі (функциясы) өмірде жүзеге асыруды талап ететін жалпылама, тіршілікте қажетті, маңызды шешімдермең байланысты.


Шешім альтернативті тандау ретінде.

Шешім дегеніміз-бұл баламаны немесе альтернативті таңдау. Альтернатив дегеніміз- мүмкін болған екі ұйғарымның біреуін ғана таңдауға мәжбүр етеді. Жеке өмірдегі шешім қабылдауға қарағанда басқарудағы шешім қабылдау өте қатал процес. Адамдардың шешім қабылдау қабілеті де бірте — бірте тәжірйбе жүзінде дамуда. Маңызды шешімдерді қабылдаудығы жауапкершілік басшылығы ауыртпалық әкеледі. Сондықтан басшылар ойланып қарастырылмаған маңызды шешімдерді қабылдай алмайды.

35. Басқарушы шешімдердің өзара байланыстары және аспектілері.

Басқарушы шешімдер деген сөз көп аспектілі мағынаны сипаттайтын категория. Басқарушы шешімдер өзара байланыста 3 аспектіден тұрады: Біріншіден, басқарушы шешім — басқару
жүйесінде жүретін қызмет түрі. Ол белгілі бір іс-әрекеттерді дайындау, табу, таңдау және қабылдаумен байланысты; Екіншіден, басқарушы шешім — басқару объектісіне басқару органдарының ықпал тигізуіне варианттар үсынады; Үшіншіден, басқарушы шешім — ол басқару жүйесінде тәжірибе - ұйымдастыру қызметі болып табылады.

36. Экономикадағы басқару шешімдерінің басты объектісі

Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі.Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.

37. Басқарушылық қызметтің ерекше мағынасы

38. Басқару шешімдерінің тиімділігіне әсер ететін факторлар.

Басқару шешімдерінің тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді. Бұл факторлардың барлық жиынтығын екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топтың факторларына - басқару шешімдерін жасағанда нені ескеру керек - солар жатады. Олардың ішіндегі ең негізгі орынды мақсат алады.

Екінші топтың факторларына осы айтылған мақсатты іске асырғанда қажетті ұйымдастыру жүмыстары және басқару жүйесіндегі ұйымдастыру - тәжірибе қызметтері жатады.

39. Басқару шешімдерінің тиімділігіне әсер ететін 1-топтағы /кезеңдегі/ факторлар Басқару шешімдерінің тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді. Бұл факторлардың барлық жиынтығын екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топтың факторларына - басқару шешімдерін жасағанда нені ескеру керек - солар жатады. Олардың ішіндегі ең негізгі орынды мақсат алады.

Екінші топтың факторларына осы айтылған мақсатты іске асырғанда қажетті ұйымдастыру жүмыстары және басқару жүйесіндегі ұйымдастыру - тәжірибе қызметтері жатады.

40. Басқару шешімдерінің тиімділігіне әсер ететін 2-топтағы /кезеңдегі/ факторлар Басқару шешімдерінің тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді. Бұл факторлардың барлық жиынтығын екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топтың факторларына - басқару шешімдерін жасағанда нені ескеру керек - солар жатады. Олардың ішіндегі ең негізгі орынды мақсат алады.

Екінші топтың факторларына осы айтылған мақсатты іске асырғанда қажетті ұйымдастыру жүмыстары және басқару жүйесіндегі ұйымдастыру - тәжірибе қызметтері жатады.

 

41. Басқару шешімдерінің сапасына субъективті факторлар

Басқару шешімдерінің сапасына субъективті факторларда қатаң әсер етеді. Олар:

• басшының жеке басының қасиеті (оның кәсіптік дайындығы, білім деңгейі, жетік білетіндігі және т.б.);

• шешім қабылдағанда хабарлармен қамтамасыз ету процесі;

• үйымдастыру жұмысымен байланысты факторлар. Олар: -шешім қабылдау үшін мамандарды тарту,

-шешімдерді орындаушыларға жеткізу тәсілдері мен түрлері; -бақылауды ұйымдастыру мәселесі және т.б.;

• технологиялық факторлар (техникалық жабдықтарды, ЭВМ — ды қолдану және т.б.).

42. Шешімдерді жіктеу, теориялық және практикалық мәні

Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың әр түрлілігін жіктеу, реттеу үшін белгілер бойынша жіктейді.

Басқару субъектісі бойынша шешімдерді бөлуге болады:

әкімшілік

қоғамдық ұйымдар шешімі, т.б.

Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, ол көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.

Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы шешім ауыл шаруашылығындағы өндірістің ерекшелігін айқындайды. Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.

Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті, жедел деп бөледі.

Перспективалық шешімнің орындалуына ұзақ уақыт керек(3-5 жыл және одан да көп). Күнделікті шешім көбінесе 1-2 жыл аралығында жүзеге асырылады. Жедел шешім қысқа уақыт ішінде жүзеге асырылады(бірнеше апта, күн, ай).

Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей, алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.

43. Басқару субъектісі бойынша шешімдердің типтері.

Басқару субъектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:

1. Әкімшілік шешімі.

2. Қоғамдық ұйымда шешімі т.б.

44. Уақыт өлшеміне қарай шешімнің перспективалық, күнделікті, жедел түрлері

Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті, жедел деп бөледі.

Перспективалық шешімнің орындалуына ұзақ уақыт керек(3-5 жыл және одан да көп). Күнделікті шешім көбінесе 1-2 жыл аралығында жүзеге асырылады. Жедел шешім қысқа уақыт ішінде жүзеге асырылады(бірнеше апта, күн, ай).

45. Функционалдық мақсатына орай шешімдердің бөлінуі

Функционалдық мақсатына орай шешімдерді жоспарлау-экономикалық, технологиялық, қаржы және әкімшілік сипатта бөледі.

Функционалдық басшылық- бұл функционалдық басқарма қызмет, бөлімдер мен басқарудың барлық деңгеіндегі басқа да бөлімшелерге басшылық ету. Оның міндетіне басқарылатын объектілердегі параметрлерді өзгерту үшін сызықтық басшылыққа ұсыныс әзірлеу жатады.

46. Ұжымдық шешімдердің бағдарланған және бағдарланбаған типтері

Шетелдік авторлары ұжымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп жіктейді. Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың немесе іс-әрекеттердің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтижесі, яғни шешімнің математикалық теңдеуі болып табылады.

Бағдарланбаған шешім біршама жаңа ішкі құрылымы қалыптаспаған немесе белгісіз факторлардың жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар жатады: ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жақсату керек.

Практикада таза түрінде бағдарланған және бағдарланбаған шешім дер сирек кездеседі, барлық шешімдер шектеулі варианттардың аралығында болады.

Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы мәселе қалай шешілу керек деген сауалға жауап береді. Бұл- шешімнің маңызды бөлігі.

Шешімнің ұйымдық бөлігіне мынадай мәселелер жатады: іс-әрекеттің реттілігі, календарлық мерзімдер(аралық, ақырғы), орындауға жауаптылар, орындаушылар арасындағы үйлестіру және өзара әрекеттесу мәселелері есеп беру тәртібі. 

47. Шешімдерді шығару және қабылдау технологиясы.

48. Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген және тиімді сипаты

Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген және тиімді сипаты болады.

Интуитивтік шешім- бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезіге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды.

Пайымдауға негізделген шешім- бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.

49. Шешімді жасау процесінің үш негізгі кезеңдері

Шешім қабылдау процесі кезекті кезеңдер қатарынан тұрады, циклдерді қалыптастыра отырып, тікелей немесе кері байланыстар ретінде бір-бірімен біріктірілуі мүмкін. Шешімді өңдеу және қабылдау процесі кезеңдердің келесі кезектілігінде іске асырылады:

 - Проблеманы қалыптастыру және негіздеу,

- Шешім қабылдау үшін шектеулер және критерийлерді қалыптастыру,
- Шешімнің мүмкін варианттарын қалыптастыру және тандау
- Шешімнің ең жақсы вариантын тандау.

50. Шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру.

Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Басқару шешімін әзірлеу, қабылдау және жүзеге асырудың схемасы:

шешім қабылдау- дың қажеттілігін анықтау мәселені қарастыру жиналған мәліметтер- ді талдау шешім мәселелерінің негізделуін бағалау мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау шешімнің орында- луын ұйымдасты- ру орындалу барысын бақылау жә- не нәтижені бағалау

Шешім қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау шешіміне байланысты. Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.

Қабылданатын шешімнің нәтижелік критерийін таңдау- күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий дегеніміз- қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе бірнеше көрсеткіш.

51. Басқару шешімін әзірлеу, қабылдау және жүзеге асырудың схемасы.

Басқару шешімін әзірлеу, қабылдау және жүзеге асырудың схемасы:

шешім қабылдау- дың қажеттілігін анықтау мәселені қарастыру жиналған мәліметтер- ді талдау шешім мәселелерінің негізделуін бағалау мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау шешімнің орында- луын ұйымдасты- ру орындалу барысын бақылау жә- не нәтижені бағалау

Шешім қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.

52. Басқару шешімдерін ғылыми дайындау және қабылдау

Басқару шешімдерін ғылыми дайындау және қабылдау - бұл техниканы, технологияны, экономика - математикалық әдістерді, ақпараттар теориясын, адамдар мінез-құлқының әлеуметтануын және психологиясын енгізетін кешенді проблема болып табылады.

Шешім қабылдау процесі кезекті кезеңдер қатарынан тұрады, циклдерді қалыптастыра отырып, тікелей немесе кері байланыстар ретінде бір-бірімен біріктірілуі мүмкін.

53. Шешім қабылдауда қолданылатын әдістер

Ұжымдық әдіс. «Ми шабуылы» (жаңа идеяларды біріге басқару және кейін шешім қабылдау), Дельфа әдісі (сауалнаманың кӛптурлық процедурасы), Кингисе (жапондық (шеңберлі) шешім қабылдау жүйесі, қарауға жаңалық жобасы дайындалады).

Сандық әдіс. Математикалық типіне байланысты: сызықтық моделдеу, динамикалық жоспарлау, ықтималдылық және статистикалық модель, ойындар теориясы, имитациялық модель.

54. Шешімді өңдеу және қабылдау процесі кезектілігі

Шешімді өңдеу және қабылдау процесі кезеңдердің келесі кезектілігінде іске асырылады:

1. Проблеманы қалыптастыру және негіздеу,

2. Шешім қабылдау үшін шектеулер және критерийлерді
қалыптастыру,

3. Шешімнің мүмкін варианттарын қалыптастыру және тандау

4. Шешімнің ең жақсы вариантын тандау.

Шешімдер варианттарын салыстыру нәтижесі бойынша алдыға
қойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді жетуді қамтамасыз ететін,
нақты жағдай үшін мақсатты вариант таңдалады. Шарт бойынша бүл
проблема жөніндегі шешім қабылдау болып табылады.

55. Проблеманы қалыптастыру және негіздеу,

Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалмаған жағдайда міндеттін шешілуі 50 пайызға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті — өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.Басшы кез келген проблеманы ең алдымен ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының басқару объектісі проблемаларын шешудегі ерекше көзқарасының өзі, сіне осында. Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра білуіне байланысты.

56. Шешім қабылдау үшін шектеулер және критерийлерді
қалыптастыру,Шектеуді орнату.
Бағыныштыларға шешім қабылдаған жағдайда белгілі шектеулер қойып, арнайы рұқсатсыз олардан тыс шықпауы керек. Осы жолмен бақылайтын басшы қаражатты теріс пайдаланудан сақтайды.

57. Шешімнің мүмкін варианттарын қалыптастыру және тандау

Шешім варианттарының бірнешеуін ойластырғаннан кейін, әр вариантты жеке қарастырады. Шешім қабылдаудың бұл сатысында әр түрлі варианттардың қиындық дәрежесі мен орындау мүмкіндігін айқындау қажет. Ең тәуір вариантты таңдау басқару шешімінің жауапты кезеңі. Іске аспайтын варианттардың шығарып тастайды да, ақырғы таңдауға неғұрлым жүзеге асатын вариант шешімдерін қалдырады. Қолайлы шешім вариантын ақырғы таңдау жөніндегі бұдан кейінгі жұмыстарды оңайлату үшін не істеу керек? Ол үшін әрбір вариантты мұқият ойластыру қажет.

58. Шешімнің ең жақсы вариантын тандау.

59. Көпкритерийлік тиімділеу мәселесі

Қабылданатын шешімнің нәтижелік критерийін таңдау- күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий (межелеуіш) дегеніміз, қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көсреткіш немесе бірнеше көрсеткіш.










Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: