Г) 10-тен 25 мА дейін 2 страница

    Монографиялық әдіс белгілі жағдайда бөлек алынатын объектінің терең зерттелуін қарастырады. Бұл кезде сәтсіз оқиғаның барлық тікелей және қосалқы себептері қарастырылады. Монографиялық әдіспен тағы зақымдану қауіптілігі болатын сәтсіз оқиға және қауіпті мезгілдер зерттеледі. Монографиялық зерттеудің 1-ші кезеңі техникалық, ұйымдастырмалы-социологиялық, психологиялық және санитарлы-гигиеналық сипатты факторлардың толық тізімін құрайды. Одан әрі зерттеу программасын құрастырады. Сондай-ак, бұл әдістің мақсаты белгіленіп алынған объектіні жан-жақты, кемелді түрде зерттеу болып саналады.

    Объект ретінде алынатындар келесілер:

- учаскелер, болмаса оның бөлімдері;

- кейбір технологиялық процесстер;

- кейбір жұмыс түрлері.

Техникалық әдіске келетін болсақ, кейбір жазатайым жағдайда сол болған орнында жан-жақты зерттейтін әдісті атауға болады. Мұнда жаңа техникалық әдістер мен құралдар қолданылады.

Гигиенистер қайтарылмайтын биологиялық әсерлердің кері, яғни зиянды факторларын болдырмаудың шекті рұқсат етілген концентрациялар (ПДК - ШРК) немесе шекті рұқсат етілген деңгейлер (ПДУ - ШРД) деген түсініктемелер көмегімен шектейді.

Шекті рұқсат етілген концентрациялар ШРК және шекті рұқсат етілген деңгейлер ШРД шамалары Санитарлы-ережелер мен нормалар, Мемлекеттік стандарттар.Мысалы: ГОСТ 12.01.2002 ССБТ «Өнеркәсіптегі электрлік жиіліктер жазықтықтары. Жұмыс орнындағы кернеуді және талаптарды тексеруді жүргізу» нормативті құжаттар бойынша анықталады.

ШРК көбіне мг/м3 түрінде көрсетіледі. Сонымен, хлордың шекті рұқсат етілген концентрациясы өнеркәсіп өндірісі бөлмесінің жұмыс аймағындағы ауадағы мөлшері – 1 мг/м3, аммиактікі - 20 1 мг/м3.

ШРК, ШРД – зиянды өндірістік факторлардың деңгейінің гигиеналық нормативтері, жалпы жұмысшының жұмыс жасауы күнделікті жұмыс барысында олардың ауруға ұшырауына, денсаулығында ауытқулардың болуына себепші болмауы керек, болмаған күнде ол кемістіктер қазіргі кезеңдегі жетілдірілген тексерістер әдісімен анықталады. Жұмыс кезінде зиянды заттар әсерінен тікелей пайда болған аурулар мен ауытқулар ғана емес, сондай –ақ оның қазіргі кездегі және келер ұрпаққа да әсері қарастырылуы керек. Күнделікті жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы керек (демалыс күнін санамағанда). Гигиеналық нормативтер 8 сағатты жұмыс смендерін ескере отырып жасалған. Жұмыс сменасының ұзақ уақыт зиянды және қауіпті ортада жұмыс жасауы Мемлекеттік санитария эпидемиология бақылау ұйымдарымен келісімде болуы керек.

Жұмыс орнындағы үйлесімді немесе рұқсат етілген деңгейді ұстап тұру мүмкін болмаған жағдайда жекешеленген қорғаныс түрлерін пайдалану керек.

Зиянды және қауіпті жағдайларда жұмыс жасағанда жұмысшыларды қорғаудың белсенді жеке және ұйымдық әдістерін қарастырған дұрыс деп есептеледі.

    Қауіпсіз еңбек етуді қамтамасыз ету қондырғылардың құрылымдарында, сондай-ақ өндірістік үрдістерде және басқа да салаларда қарастырылады. Көрсетілген әдістермен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған жағдайда жұмысшыларды қорғау амалдары қолданылады (СЗР-ЖҚА).

    Жұмысшыларды қорғау амалдары (ЖҚА) қауіпті және зиянды өндірістік факторларда (ҚЗӨФ) жұмысшыларға зиянды заттың әсерін болдырмауға немесе оның әсер етуін төмендету үшін қолданылады. Бұл амал жұмыс ортасындағы адам ағзасына (организм) көптеген пайдалы әсерлер тудырады және келесідей көрсеткіштер тізімін құрайды.

ҚЗӨФ төмендету мақсатында техникалық амалдарды немесе технологиялық үрдістерді жаңаландыра

түсіруді;

Жұмыс аймағынан қауіпті және зиянды заттарды, материалдарды әкету (аралық қорғану);

ҚЗӨФ –р аймағындағы еңбек ету уақытын шектеу (уақыт бойынша);

Қолданылатын санитарлық нормалармен қарастырылған шамаларға дейін зиянды заттар деңгейін

төмендету;

Технологиялық үрдістердің кезінде пайда болатын, сондай-ақ, жұмыс жағдайында және қабылданған технологияға сәйкес жұмысшыларды ҚЗӨФ-р әсерінен қорғау;

Қорғану амалдарын пайдалануға жетелейді.

Қорғану сипатына байланысты ЖҚА-ры өндірісте жұмыс жасайтын барлық жұмысшылармен қызметкерлерді қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдық (ҰҚА-СКЗ) және өз бетімен жұмыс жасайтын, бір адамның қауіпсіздігін қорғайтын өзіндік қорғаныс амалдарына бөлінеді.

        

 

 

2 бөлім Қауіпсіздік техникасы негіздері. 2.1 тақырып Электрлік қауіпсіздік.

 

3-дәріс. Электр қауіпсіздігі дегеніміз – статикалық электр тоғынан, электр магниттік өрістен, электрлік дұғадан, зиянды және қауіпті электр тоғының әсерінен адамдарды қорғау үшін ұйымдастырылған техникалық шаралар.

Егер адам денесінің екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы пайда болса электр тоғы ол арқылы ағып өтеді.

Тізбектің екі нүктесіне адамның бір уақытта жанасу кезінде пайда болатын кернеуді жанасу кернеуі деп атайды.

Адам органзиміне электр тоғының әсері.

Адам денесі ток өткізгіш. Электр тоғы адам организіміне әсер еткенде терметикалық, электрлиттік, биолгиялық әсер етеді.

Терматикалық әсер электр энергиясы жылу энергиясына айналғанда адам организімінің терісі, еті, қан тамырлары қызады, күледі.

Электрмагниттік әсер кезінде электр тоғының адам организіміндегі қан құрамын ыдыратып, организдегі сүйықтықратдың құрамын өзгертеді.

Биологиялық әсер – электр тоғының бұлшық еттерге әсерін тигізу арқылы адам организімінде бұлшық еттер қысқарады.

Электр тогының әсерінен күю, терінің металдануы, электрлік таңбалар, электроофтальмия, электрлік соққы, механикалық бұзылулар пайда болады.

Электрлік күйік дегеніміз – электр тогының қызуымен күйік пайда болады. Ең қауіптісі электрлік дұға әсерінен пайда болған күйік. Себебі оның темперетурасы 30000С тең.

Электролметализация дегеніміз – электр тоғының әерінен адам терісінің астына кішкентаі уақ ұсақ темір жарқыншақтары кіреді.Адам организмі ток өткізгіш болып шығады, яғни дененің кедергісі төмендейді.

Электрлік белгі (таңба) электр қондырғыларының тоқ өткізетін бөлшектерінің денемен тығыз жанасуымен күлгін, ақшыл сары белгілер пайда болады.

Электрофтальмия дегеніміз электрлік дұғаның ультракүлгін сәулесінің әсерінен көз жанарының зақымдануы.

Электрлік соққы дегеніміз адам организімінің жалпы зақымдануымен қатар, адам бұлшық еттерінің, нерв, жүрек, буындарының қысқаруымен бұзылуы. Кей жағдайда электрлік соққы адам өліміне әкеледі.

Механикалық бұзылу дегеніміз – (еттің жыртылулуы сүйектің сынуы). Электр тоғы соқанда адам бұлшық еттерінің тартылуынан, қысқаруынан және белгілі бір биіктіктен құлаған жағдайда пайда болған оқау түрі.

Электр тоғына түскен жағдайда адам организіміне келетін зиян тоқтың мәніне, түріне өту жолына, өту мерзіміне, адам организімінің ерекшелігіне байланысты болады.

Электр тоғының мәні мен түрлі зақымданудың сипатын береді.

Адам орназиміне тоқтың әсерт етуіне байланысты: сезілетін, жібермейтін (босатпайтын), фибрилляциялық болып бөлінеді.

Адам денесінен өткен кезде сезілетін, діріл болдыратын тоқты сезілетін тоқ деп атайды.

0,5 ÷ 1,5 мА дейінгі айнымалы тоқты, 5-7 мА тұрақты тоқты адам сезеді.

Адам денесінен тоқ өткен кезде саусақтар қалтырайды, тұрақты тоқ теріні қыздырады, денені шымырлатады. Бұл тоқтарды шектеуші сезім тоқтары деп атайды.

Жібермейтін тоқтар қолдың бұлшық еттерін тырыстырады. Тоқ өткізбейтін бөлшектерден өз бетінше қолды тартып алуға болмайтын тоқты – шектеуші жібермейтін тоқтар деп атайды.

10-15 мА айнымалы тоқтар

50-80 мА тұрақты тоқтар.

Тоқты одан әрі көбейтсе жүрек тамырлары зақымдалады. Тыныс алу қиындап, жүрек жұмысы өзгереді.

Электрқондырғылардың тоқ өткізбейтін жүйелерінен қорғану.

Электрқондырғылардың тоқ өткізбейтін бөлігіне адам жанасқанда ол жерде кездейсоқ тоқ көзі бөлу мүмкін. Сондықтан қорғану шаралары қорғау жерлестіру және нөлдену қолданылады.

Қорғау жерлендіру – әдейі жермен электрлік байланыс немесе оның эквивалентті қондырғының тоқ өткізбейтін бөлігімен жалғанып кездейсоқ кернеуден қорғау үшін қосылады.

Қорғану жерлендірудің мақсаты –корпус пен жердің арасындағы кернеудің мәнін қауіпсіз мәнге дейін төмендету. Яғни жанасу кернеуі төмендесе адам организімі арқылы өтетін тоқ мәні төмендейді.

Егер электр қондырғыда қорғау жерлендіру жоқ болса фаза корпусқа қосылғанда адам денесі арқылы қауіпті тоқ ағып өтеді.

Егер корпус жерленген болса, тоқтың көп мәні жерлендіру қондырғысы арқылы өтеді. Себебі жерлендіру қондырғысының кедергісі адам денесінің кедергісіне қарағанда аз болады. Жердің электрлік потенциялы жоғары болғанда корпус пен жердің арасындағы потенциялдар айырмасы төмендейді. Яғни жанасу кернеуі мен адам денесі арқылы өтетін тоқ мәні азаяды.

Жерлендіру қондырғысы – жерлендіргіштен және жерлендіру сымынан тұрады.

Жерлендіргіш –сым немесе бірнеше сым бір бірімен жалғасқан және жерлендірілген.

Жерлендіргіштер табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.

Табиғи жерлендіргішке – ғимараттың тоқ өткізетін бөлігі, қондырғылар, жерге қазылған су және өзге құбырлар, кабельдің, қорғасынның қабығы жатады.

Газ құбыры және басқа жарылатын заттарды табиғи жерлендіргіш ретінде қолдануға болмайды.

Жасанды жерлендіргіш ретінде, құрыштан, мыстан, мырыштан жасалған трубалар, бұрыштамалар жатады. Олар топырақтың қатпаған тереңдігіне дейін көміледі.

Электр қондырғылардың жерлендірілетін элементтері жерлендіргішпен жерлендіру сымы арқылы қосылады. Жерлендіру сымы екі немесе оданда көп тармақталған болса онда магистралды жерлендіру жүйесі пайда болады.

Қорғау жерлендірудің сапасы оның кедергісімен сипатталады. Кейбір қондырғылармен байланыс аппаратураларды қорғау жерлендіру кедергісі 10 Ом дейін және одан да көп болуы мүмкін.

Қорғау жерлендірудің қондырғысының тхникалық жағдайын білу үшін оларды тексеріп отыру қажет.

Нольдендіру дегеніміз электр қондырғының тоқ өткізбейтін бөлігін нольдік сыммен, егер онымен кернеу ағып өтетін болса қасақана жалғау. Нольдендіру 1000 В дейінгі тұйықталған нейтралы бар төрт сымды желіде қолданылады.

Нольдік қорғау сымы деп (генератор, трансформатор) тоқ көзінің жерлендіру нейтралын кондырғының нольдендіру бөлігімен жалғайтын сымды айтамыз.

Егер фаза корпусқа косылғанда фаза мен нольдік сымның арасында үлкен тоқ пайда болады. Осы кезде қорғағыш жұмыс істейді және қондырғының бұзылған фазасы автоматты түрде істен шығады. Қорғағыш ретінде ерігіш корғағыштар немесе автоматты ажыратқыштар қолданылады. Оларды қысқаша тұйықтау тоғынан қорғау үшін қондырғының алдына орналастырады. Қондырғының қалқаны нольдендіру сымымен және нейтрал (дербес) жерлендірілген қорғағыш қосылмастан бұрын жерлендірудің қорғау қасиеті қосылады.Нольдендіру кезінде жұмыстық нолдену қайта жерлендіріледі.

Егер жұмыстық нольдендіру сымы, қондырғының нольдендіру сымы және желінің нейтралы үзілген жағдайда қысқа тұйықтау тоғы қайта жерлендіру сымы арқылы жерге ағып өтеді.

 

 

Электрқондырғылардың тоқ өткізбейтін жүйелерінен қорғану.

 

Электр қондырғыларында қызмет ететін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жерлендіргіш құрылғыларын қолданады. Оның негізгі элементтері – жерлендіргіштер және өткізгіш сымдар.

Жерлендіргіштер дегеніміз – тікелей жермен жанасатын металл өткізгіштер.

Өткізгіш сымдар деп - электр қондырғыларының жерге қосылатын бөліктерін жерлендіргіштермен қосатын металл өткізгіштерді айтамыз. Олар қорғағыш жерлендіру және нөлдену деп екі түрге бөлінеді.

Қорғағыш жерлендіру дегеніміз – кернеу болуы мүмкін, бірақ тоқ өткізуге арналмаған металл бөлшектерді жермен электрлік түрде арнайы қосу.

Қорғағыш жерлендірудің мақсаты –корпус пен жердің арасындағы кернеудің мәнін қауіпсіз мәнге дейін төмендету. Яғни жанасу кернеуі төмендесе адам организмі арқылы өтетін тоқ мәні төмендейді. Егер электр қондырғысында қорғағыш жерлендіру жоқ болса фаза корпусқа қосылғанда адам денесі арқылы қауіпті тоқ мәні ағып өтеді. Электр қондырғыларын адамның денесі арқылы өтетін тоқ күшін қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін жерлендіреді. 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жерлендіру кедергісі 4 Ом-н аспауы керек.

Жерлендіргіштер табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.

Табиғи жерлендіргіштер ретінде жер астымен өткізілген өзге міндеттер атқаратын металдан жасалған заттар жатады.

Жасанды жерлендіргіштер тек қана жерлендіру үшін қолданылады.

Нөлдену – бұл кернеуі болуы мүмкін, тоқ өткізуге арналмаған металл бөлшектерді нөлдік өткізгіш сыммен арнайы түрде электрлік қосу болып табылады.

Нолденудің мақсаты- бір фазалық қысқаша тұйықталу кезінде корпустің тесілуінен сақтау, қорғанудың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қысқа мерзімде электрқондырғыны қорек көзінен ажыратады.

Егер фаза корпусқа косылғанда фаза мен нөлдік сымның арасында үлкен тоқ пайда болады. Ал қондырғының корпусына нөлдену құрылғысының қосылысы тізбек аймағының ажыратылуын қамтамасыз етеді. Ол сақтандырғыштардың күйіп кетуіне немесе автоматты ажыратқыштардың ажырауына сонымен қатар кернеудің корпустан алынып қалуына себепкер болады.

Осы кезде қорғағыш жұмыс істейді және қондырғының бұзылған фазасы автоматты түрде істен шығады.

 Қорғағыш ретінде ерігіш сақтандырғыштар немесе автоматты ажыратқыштар қолданылады. Оларды қысқаша тұйықтау тоғынан қорғау үшін қондырғының алдына орналастырады.

Қорғаушы ажыратқыш қондырғысы

Егер тоққа түсу қауіп пайда болғанда электр қондырғының автоматты түрде ағытылуы қорғанудың жедел түріне жатады.

Бұндай қауіп:

- электр қондырғысының корпусінде кернеу болса;

- фаза жерге тұйықталса;

- сымдардың изоляция кедергісі төмендегенде болады.

Одан қорғану үшін қорғаныс ажырату қондырғысын қолданады. Ол дербес қорғау қондырғысы

болып есептеледі, қорғау жерлендірі немесе нолдендіру орнына қолданылады.

УЗО жұмыс                                                         

Корпус пен қосымша жерлендіру арасында (РН) кернеу релесі қосылған. Егер 1 фаза үзілсе корпуста кернеу пайда болады. Егер кернеу шектелген кернеуден асып кетсе (РН) кернеу релесі іске қосылады. (АВ) автоматты ажыратқыш тізбегіндегі (ОК) ажыратқыш катушка іске қосылады. Электр қондырғы тоқтан ажырату УЗО жерлендіру мен нолдендірудің тиімділігі аз желіде қолданылады.

Артықшылығы:

Қарапайымдылығы

Кемшілігі

- өзін өзі бақылау мүмкіншілігі жоқ

- сараптау орындалмайды

- қосымша жерлендіру қолданылады.

Электр тоғынан қорғану үшін пайдалынылатын қорғаушы құралдар.

Изоляцияланған қорғаушы құралдар адам организімін электр қондырғыларындағы тоқ көзінен қорғау үшін пайдаланылады. Олар екі түрге бөлінеді: негізгі және қосымша. Негізгі қорғаушы құралдарды қолдана отырып электр қондырғылардың тоқ өтіп жатқан бөлшектеріне жанаса алады.

1000В жоғары электр қондырғыларда негізгі қорғаушы құралдарға:

1. Изоляцияланған штангы

2. Изоляцияланған тоқ өлшейтін клещ

3. Кернеуді көрсеткіш құрал жатады.

Қосымша қорғаушы құралға;

1. Диэлектрлі перчатка

2. Диэлектрлі боты

3. Диэлектрлі резиналы коврик

4. Изоляцияланған төсеніш.

1000 В дейінгі электр қондырғыларда негізгі қорғаушы құралға:

1. Диэлектрлік перчатка

2. Қол-сабтары бар изоляцияланған құралдар

3. Кернеу көрсеткіш құрал

Қосымша қорғаушы құрал:

1. Диэлектрлі галош

2. Диэлектрлі резиналы коврик

3. Изоляцияланған төсеніш.

Изоляцияланған штанға ажыратқыштарды қосып ажырату үшін қолданылады.

Штанга үш бөліктен тұрады:

1. Жұмыс істейтін бөлігі

2. Изоляциялаушы бөлігі

3. Сабы.

Изоляцияланған клещ трубкалы қорғағыштарды алмастыру үшін қолданылады.

Кернеу көрсеткіш ұшына неон лампасы орналыстырылған. Кернеу көрсеткіш бойынан тоқ өткен кезде неон лампасы жанады. Сол арқылы кернеудің бар немесе жоқтығын көруге болады.

Изоляцияланған қол-сабтары бар құралдар электр қондырғыларда монтаж жұмыстарын орындау үшін пайдаланылады. Олардың қол-саптары изоляция материалдарынан жасалады. Қолсап ұзындағы 10 см кем болмау керек және қолсаптарда тірегіш тежеулер болуы керек. Жұмысқа кіріспес бұрын изоляцияланған қол саптары бар құралдар тексерілу керек.

Индикаторлы (отвертка) бұрауыштар - бұл лампасы бар отвертка. Егер өлшенетін жерде кернеу болса, индикатор лампасы жанады.

Қазіргі кезде (светодиодпен) бірге индикаторлы отверткалар бар. Олар 5 қызмет атқарады:

· фаза-нольді анықтайды;

· айнымалы кернеуді анықтайды (соның іішінде жасырынды сымды);

· кабельдің үзілген жерін анықтайды;

· тізбектің бүтіндігін тексереді;

· аккумулятор немесе батарея полюстерін анықтайды.

Жұмыс істеу принципі

Индикатор ұшымен кернеуі бар сымға жанасқанда тоқ өзекше (стержень)

бойымен өтіп резистор арқылы индикатор лампасының жануына ықпал етеді. Одан кейін контактылы пластинамен жанасқан қолға түсіп, өлшеу жүргізген адамның денесі арқылы жерге өтеді. Осы кезде адамға ешқандай қауіп төнбейді. Себебі отвертка ішіндегі кедергінің шамасы өте үлкен, ал тоқтың мөлшері миллиамперден аз болғандықтан адам оны сезбейді.

Диэлектрлік перчатка, галош, боты және ковриктерді (төсеніштер) арнайы маркалы резинадан жасайды. Олардың электр төзімділігі жоғары болады.

Диэлектрлік перчатканың 2 түрі болады (1000В дейінгі және 1000 В жоғары электр қондырғыларда жұмыс алдында олардың бүтіндігін тексереді

Диэлектрлік галоштар мен ботыларды қосымша қорғаушы құралдар есебінде пайдаланылады.

Диэлектрлі ковриктердің қалыңдығы 6 м размері 50х50см. Олардың беті тегіс емес. Шаң және ылғал бөлмелерде ковриктер диэлектрлік қасиеттерін жояды. Бұндай жағдайларда ковриктер орнына изоляцияланған төсеніштер қолданылады.

Барлық қорғаушы құралдар жабық және бөлмеде сақталады және ылғалдан, шаңнан, механикалық ақаудан сақталады. Сонымен қатар галоштар, ковриктер, ботылар химиялық заттардың әсерінен, күн сәулесінен және жылудан сақтаған жөн.

Диэлектрлік перчаткаларды, галоштарды және қол сабтары изоляцияланған құралдар арнайы стендте сынайды. Онда күшейткіш трансформатор, ванна және қосу бақылау приборы орналасқан. Жұмысқа жарамды қорғаушы құралдарға жұмыс кернеуі, сақтау мерзімі және лаборатория аты жазылған белгі (таңба) басылады.

 

 

Қондырғының тоқ өткізгіш бөліктерінен қорғану шаралары

Жарақаттану сараптамасы электр травманың жартысынан көбі электр қондырғының тоқ өткізетін бөлігіне жанасқан жағдайда болатындағын көрсетеді.

Электр қондырғысының тоқ өткізгіш бөлігі деп жұмыс кезінде электр тоғы ағып өтетін бөлігін айтады. Мысалы сымдар, аппараттардың контактылы элементтері. Тоқ өткізетін бөліктерден қорғау үшін қоршаулар, түйықтағыштар (блокировкалар) изоляция қолданылады. Кей жағдайда тоқ өткізетін бөліктерді қол жетпейтін жерге орналастыру қарастырылады.

Қоршаулар  адамның қауіпті аймаққа кездейсоқ тап болуынан қорғайды.

Қоршаулар: кожух, шкаф, таған, қалпақ, тқсеніш ширме түрінде жасалады. Олар қондырғының бір бөлігі немесе тасымалданатын болуы мүмкін.

Блокировка қауіптілігі жоғарғы жағдайда жұмыс істеген кезде қолданылады. Олар жұмысшының қателіктер жібермеуін және қауіп төнген кезде қондырғыларды іске қалуынан сақтандырады, егер блокировка кернеуге қосылған болса оны жабу үшін қажет.

Жұмыс істеуіне қарай блокировка электрлік және механикалық болып бөлінеді.

Электроблокировка блоккантакт арқылы электр қондырғының қорек көзінен ажыратады және қоршаудың шкафтың есігін ашқанда істен шығарады.

Механикалы блокировканы қолданғанда кернеуді қосу құлып жабық болғанда тегіс ашылмағанда орындалады. Себебі олар ажыратқышпен байланысты.Изоляция тоқ өткізетін сымдарды, кабельді механикалық бұзылудан және адамдарды электр тоғының ықпалынан қорғау үшін қолданылады. Резинадан, пластмассадан мақтадан жасалған қабықтар кездейсоқ тоқ өткізуші бөлікке жанасқанда сенімді қорғайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: