Инфаркт миокард (абдоминальный)? 7 страница

*интеллекттің сақталуы

 

103. 23 жастағы студент жүріс-тұрысында оғаштық бақылана бастады. Баяу қимылдайтын болған, созып сөйлейді. Күн бойында бірнеше рет бірнеше секундқа қатып қалады, осындай жағдайда ешнәрсені естімейді, сұрақтарға жауап бермейді. Науқастың өзі бұл бұзылыстарды байқамайды және есінде қалмайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*депрессивті ступор

*кататониялық ступор

*+кіші ұстама

*джексондық ұстама

*қарауытқан жағдай

 

104. 35 жастағы науқас, дәрігер қабылдауында нақты, детальді түрде шағымдарын әңгімелейді. Осы кезде өз ауруының көріністеріндегі маңыздысын ажыратуда қиналады.

Төменде аталған ойлау бұзылыстарының қайсысы болуы мүмкін?

*персеверация

*+байымдылық

*стереотипиялар

*неологизмдер

*резонерлік

105. 35 жастағы әйел, жұмысындағы конфликтен кейін “дауысын жоғалтты». Дәрігер қабылдауында демонстративті, сыбырлап сөйлейді. Тамағындағы спазмдарға байланысты сөйлей алмайтынына, тамақ жұта алмайтынына шағымданады. Әңгімелесу кезінде кезеңмен еңіреп жылайды, көпке дейін сабырға түсе алмайды. Зейіні жұмысындағы жағдайға фиксацияланған, басшылыққа “ауыр ауруға жеткізгендіктері” жөнінде хабарлауларын өтінеді.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*неврастения

*реактивті депрессия

*+истериялық невроз

*пуэрилизм

*псевдодеменция

 

106. 67 жастағы науқас, гипертониялық кризден кейін өз денсаулығына аса көңіл бөлетін болды. Үнемі өзінің артериялық қысымын бақылап отырады, тамырларындағы тартылу, қозғалу, шаншу, кернеу тәрізді жағымсыз сезімдерге шағымданып, жиі үйіне дәргер шақыратын болды. Науқас өмірінде өз денсаулығына мазалану басым орын алатын болды.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*фобиялық синдром

*сенестопатиялық синдром

*+сенесто-ипохондриялық синдром

*обсессивті синдром

*истериялық синдром

 

107. Екіншілік психопрофилактикаға төменде аталған іс-шаралардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы жатады:

*диспансерлік бақылау

*сүйемелдеуші терапия жүргізу

*психикалық ауруды ерте анықтау

*+санитарлық ағарту

*ауру рецидивтерінің профилактикасы

108. Науқас әйел 47 жаста, өзінің соматикалық күйіне эмоциональды түрде шағымданады. Осы кезде науқастың өз дертінің белгілерін субъективті күшейтіп тұрғаны, дәрігердің зейінін өз жағдайына аударуға тырысуы байқалады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*+аггравация

*симуляция

*диссимуляция

*анозогнозия

*ипохондрия

 

109. Галлюцинаторлы бұзылыстармен түскен 27 жастағы науқас, жүргізілген емнен кейін, “дауыстардың жоғалғанын” айтты. Дегенмен, науқастың сыртқы бейнесінен кезеңмен үрейшіл, мазасызданып, бірдеңеге құлақ түретіні байқалады. Бірақ дәрігердің сұрағына табанды түрде “дауыстар жоқ” деп жауап береді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*анозогнозия

*+диссимуляция

*симуляция

*аггравация

*гипернозогнозия

 

110. Рациональды психотерапия негізінде төменде аталған факторлардың қайсысы болмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

*науқастың эмоциональды сферасына әсер ету

*+науқастың ойлау қызметіне әсер ету

*науқастың ерік саласына әсер ету

*біріншілік сигналды жүйеге әсер ету

*науқас тұлғасына әсер ету

 

111. Суггестивті психотерапия негізінде төменде аталған факторлардың қайсысы болмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

*екіншілік сигналды жүйеге әсер ету

*науқас санасына әсер ету

*науқастың ойына әсер ету

*+науқастың эмоциясына әсер ету

*науқастың интеллектіне әсер ету

 

112. Продуктивті (позитивті) психопатологиялық симптоматикаға төменде аталған бұзылыстар тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

*галлюцинациялар

*жабысқақтықтар

*+аутизм

*фобиялар

*сандырақ

 

113. Негативті психопатологиялық симптоматикаға төменде аталған бұзылыстар тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

*ақыл аздығы (олгофрения)

*ақыл кемістігі

*+каталепсия

*тұлға деңгейінің төмендеуі

*абулия

 

«Инфектология негіздері» модулі «ЖТД тәжірибесінде жұқпалы аурулар» пәні бойынша «ЖМ» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған тесттік тапсырмалар

* ЖТД тәжірибесінде жұқпалы аурулар* 1*5

# 1

*! Қандай жағдайда СЭС-ке жедел хабарламаны жіберу қажет?

+++инфекциялық(жұқпалы) ауруларға күмәнданған кезде

# 2

*!Сальмонеллезден кейін қандай контингент бақылауға жатады?

Тек декреттелген контигент қана алынады,(диспансерлик бакылауға жатад)

#3

*!Бруцеллездің таралуының ең көп таралған берілу жолы қандай?

+++алиментарлы, аэрогенді, қатынас

+++қатынас арқылы –зақымдалған тері

+++дұрыс өңделмеген сут

# 4

*!Грипп кезінде жиі зақымдалатын тыныс жолдарын көрсетіңіз?

+++трахея(кеңірдек)

# 5

*! Менингококкты инфекцияның ошақты формасына тән:

+++пневмония

+++жедел назофарингит или менигококк тасымалдаушы

* ЖТД тәжірибесінде жұқпалы аурулар*2*23

6#1

*! Ер адам 31 жаста жедел ауырған: маңдай аймағының және көз алмаларының ауыру сезімі, қалтырау, сүйектері мен буындарының қақсап ауруы, тамағының ауруы, мұрынның бітелуі, дене қызуының 39о С-қа дейін жоғарылауы мазалаған. Өздігінен Терафлю, парацетамол қабылдаған, бірақ әсері болмағандықтан ауруханаға қаралуға келген. Жұқпалы ауруханада қарап тексергенде: аңқада – шырышты қабаттың айқын гиперемиясы мен түйіршіктенуі. Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Мұрыннан тыныс алуы қиындаған. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульсі – 98 рет/мин, ҚҚ 100/60 мм с.б.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?

+++грипп

7#2

*! 25 жастағы ер адам жедел ауырған: маңдай аймағында және көз алмаларында ауыру сезімі, қалтырау, сүйектері мен буындарының сынып ауыруы, тамағының ауыруы, мұрынның бітелуі, дене қызуының 39оС-қа дейін жоғарылауы мазалаған. Терафлю, парацетамол қабылдаған, бірақ әсері болмаған. Жұқпалы ауруханада қарап тексергенде: аңқада – шырышты қабаттың айқын гиперемиясы мен түйіршіктенуі. Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Мұрыннан тыныс алуы қиындаған. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульсі – 98 рет/мин, ҚҚ 100/60 мм с.б.

Сипатталған жағдайдағы қай синдром Ең басым болып табылады?

+++интокцикациялық и катаральды

8#3

*! 18 жастағы бойжеткен жедел ауырып бастаған: әлсіздік, бас ауыруы, мұрынның бітелуі, мұрын-жұтқыншақтағы құрғақтық және тырнау сезімі пайда болған. Кейіннен мұрыннан серозды, содан соң шырышты сұйықтық бөлінген, түшкіру пайда болған. Объективті: Дене қызуы– 37,4С. Риноскопия: мұрынның шырышты қабаты қызарған және ісінген, айқын ринорея. Мұрын қуысының кіре-берісі мацерацияланған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 80 рет/мин., ҚҚ - 110/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз. Зәр шығаруы қалыпты. 

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

+++Риновирусты инфекция

9#4

*! 18 жастағы ер жігіт ауруханаға келген: 3 күн бойы қалтырау, бас ауыруы, денесінің сынып ауыруы, субфебрильді дене қызуы, тамағындағы және трахея бойындағы ауыру сезімі, дөрекі «ит үрген» сияқты жөтел мазалаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында: шырышты қабаттың орташа деңгейдегі гиперемиясы, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ. Мұрыннан көптеген серозды сұйықтық бөлінеді. Дауысы сырылдаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі – 82 рет/мин., ҚҚ - 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз.

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

+++парагрипп

10#5

*! 16 жастағы ер жігіттің оқу орнында жедел респираторлы аурумен бірнеше оқушы ауырған. Ауруханаға ауруының 6-шы күні түскен. Ауру бірте-бірте дамыған: тұмау мен жөтел, аздаған тамағының ауыруы пайда болған. Барлық күндері субфебрильді дене қызуы сақталған. Эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, 1-2 рет іштің өтуі болған. Қарап тексергенде: конъюнктивит, беті қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарып түйіршіктенген. Мойын, жақ астындағы лимфа түйіндері үлкейген. Бір жақтық конъюнктивит.

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

+++аденовирусты инфекция

11#6

*! 28 жастағы ер адам ауруханаға келген. Шағымдары: орташа деңгейдегі бас ауыруы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, тамағының аздап ауыруы. Қарап тексергенде: Дене қызуы - 370С, склералары қан тамырлары инъекцияланған, аңқадағы шырышты қабаты орташа қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы фолликулдер гипертрофияланған. Мойын, жақ астындағы лимфа түйіндері үлкейген. Ішкі мүшелерінің патологиясы жоқ.

Сипатталған ауруға тән синдром болып табылады?

+++катаральды

12#7

*! 30 жастағы ер адам, жедел ауырып бастаған: маңдай және ретроорбитальді аймақтардағы ауыру сезімі, қалтырау, сүйектері мен буындарының сынып ауыруы, төс артынлағы тырнау және қышу сезімі, мұрынның бітелуі, дене қызуының 390С-қа дейін жоғарылауы, жөтел мазалаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Мұрыннан тыныс алуы қиындаған. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Пульсі – 96 рет/мин. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз.

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

+++грипп

13#8

*! 20 жастағы әйел адам, ауру біртіндеп басталған: әлсіздік, басының ауыруы, мұрынның бітелуі және мұрын-жұтқыншақтың қышуы пайда болған. 2-ші күні жағдайы нашарлаған, дене қызуы 38,5С-қа дейін жоғарылаған, жөтел күшейіп, ұстама тәрізді сипатқа ие болған және қақырық қосылған. Объективті: жағдайы ауыр. Акроцианоз. Аңқада: шырышты қабаты қызарған, түйіршіктенген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. ТАЖ – 20 рет/мин. Аускультацияда тыныстың қатаюы, құрғақ және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

 Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз?

+++респираторлы - синцитиальды инфекция

14#9

*! 25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. 3 күн бұрын жедел ауырған: дене қызуы 390C-қа дейін жоғарылаған, мұрынның бітелуі, жөтел, маңдай аймағында және көз алмаларында ауыру сезімі, сүйектер мен буындарының ауыру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде: Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Өкпелерінің төменгі аймақтарындағы тынысы әлсіреген, ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ - 24 рет/мин. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі - 92 рет/мин.ҚҚ - 100/60 мм с.б. Жалпы қан анализінде: лейк.- 10,5х 109, эритр. – 3,38х1012, т/я – 6%, с/я – 76%, мон. – 8 %, лимф. – 10%, ЭТЖ – 15 мм/сағ.    

Сипатталған клиникалық жағдайда қандай асқыну дамыған?

+++бірінші кезекте пневмония или екінші кезекте ринит,бронхит, ларингит, фарингит

15#10

*! 20 жастағы ер адам, жедел ауырып бастаған: дене қызуы 40°С-қа дейін жоғарылаған, бас ауыруы, құсу, әлсіздік, денесінің сынып ауыруы мазалаған. Сол күні аяқтарында геморрагиялық бөртпе пайда болған. Қарап тексергенде: Тері жабындылары бозғылт. Аяқтарында некрозы бар «жұлдызша» тәрізді геморрагиялық бөртпе байқалады. ҚҚ - 90/60 мм с.б., пульс - 100 рет/мин. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 20х109/л., лейкоформула: миелоциттер – 2%, т/я – 14%, с/я – 78%, моноциттер – 2%, лимфоциттер – 4%, ЭТЖ - 40 мм/сағ.

Сипатталған клиникалық жағдайда менингококкты инфекцияның қай түрі дамыған?

+++менингококкты инфекция, менингококкцемия

16#11

*! 16 жастағы бойжеткен, ауруханаға ауруының 1-ші күні түсті. Ауру жедел басталған: дене қызуы кенеттен 40°С-қа дейін жоғарылаған, басының қатты ауыруы, жеңілдік әкелмейті құсу пайда болған. Жағдайы ауыр, жалпы гиперестезия. Көз қарашықтары кеңейген, фотореакция сақталған. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі және Керниг симптомы «оң». Жүрек тондары бәсең, пульс - 130 рет/мин., ҚҚ – 100/50 мм с.б. Жалпы қан анализінде: лейк. – 18х109/л, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Ликвор: лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (+++), цитоз 900 жасуша 1 мкл-де, нейтр.- 83%.

Менингококкты инфекцияның қай түрі?

++менингококкты менингит

17#12

*! 16 жастағы бойжеткен, лицей оқушысы, ауруханаға ауруының 1-ші күні түсті. Ауруы жедел басталған: дене қызуы кенеттен 40°С-қа дейін жоғарылаған, басының қатты ауыруы, жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы өте ауыр, сопор. Көз қарашықтары кеңейген. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі және Керниг симптомы «оң». Жалпы гиперестезия байқалады. Өкпедегі тынысы везикулярлы. Жүрек тондары бәсең, пульс - 130 рет/мин., ҚҚ – 100/50 мм с.б.

Менингококкты инфекцияның қай түрі дамыған?

+++менингококкты менингоэнцефалит

18#13

*! 20 жастағы ер адам, жедел ауырып бастаған: дене қызуы 40°С-қа дейін жоғарылаған, басының ауруы, құсу, әлсіздік, денесінің сынып ауыруы мазалаған. Келесі күні аяқтарында геморрагиялық бөртпе пайда болған. Қарап тексергенде: Тері жабындылары бозғылт. Аяқтарында - геморрагиялық бөртпе. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі «оң». ҚҚ - 90/60 мм с.б., пульс - 100 рет/мин. Жалпы қан анализінде: лейк. – 20х109/л, миелоциттер – 2%, т/я – 14%, с/я – 78%, моноциттер – 2%, лимфоциттер – 4%, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Ликвор: лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (+++), нейтрофильді цитоз.

Менингококкты инфекцияның қай түрі дамыған?

+++Менингококкцемия+менингит

19#14

*! Қыз бала, 16 жаста,  15 ші қаңтар күні жедел ауырған. Шағымы дене қызуының 380С жоғарлауы, басының ауыруы, әлсіздік, мұрынның бітелуі,тамағының жыбырлауы мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында:шырышты қабаттың гиперемиясы, фолликулдардың гипертрофиясы, артқы қабырғасында іріңді шырышты бөліндімен қапталған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс -88 рет./мин., ҚҚ – 110/70 сын.бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 15,0х109 /л., ЭТЖ - 20 мм/сағ. Мұрын жұтқыншақтың шырышынан N.meningitidis қоздырғышы бөлінген.

Науқаста қай диагноз дұрыс болып келеді?

+++Менингококкты назофарингит

20#15

*! 28 жастағы ер адам, ауруханаға ауруының 3-ші күні түсті. Шағымдары: ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, 20 ретке дейін іштің өтуі, дефекацияға жалған шақыруларға шағымданған. Бір күн бұрын қонақта әртүрлі тағамды қолданған (салаттар, қуырылған және маринадтталған саңырауқұлақтар), арақ-шарап ішкен. Қайнатылмаған су ішкен, бақтан алып қияр жеген. Дене қызуы - 37,8ºС. ҚҚ-100/70 мм с.б. Пульс 92 рет/мин. Іші жұмсақ. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.

Сипатталған клиникалық жағдайда ең ЫҚТИМАЛ диагнозды табыңыз:

+++жедел дизентерия

21#16

*! 45 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні дәрігерге келген. Шағымдары: жүрек айнуы, бас ауыруы, ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, 15 ретке дейін іштің өтуі, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарап тексергенде: Дене қызуы - 39,5°С, ҚҚ - 90/60 мм с.б. Іш пальпациясында сол мықын аймағындағы ауыруы сезімі анықталады. Сигма тәрізді ішек жиырылған. Үлкен дәреті нәжіссіз, қан мен шырыш қосылған.

Сипатталған клиникалық жағдайда қай белгі колит синдромынатән?

+++ Іш пальпациясында сол мықын аймағындағы ауыруы сезімі,Сигма тәрізді ішек жиырылуы, тенезм

22#17

*! 30 жастағы ер адам, ауруының 5-ші күні дәрігерге қаралған. Ауруы жедел басталған: дене қыуы 390С-қа дейін жоғарылап, қалтырау, бас ауыруы, әлсіздік пайда болған. Сол уақытта ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, 5-6 рет құсу, 10 рет ішінің өтуі қосылған. Ауру қонақта ет қосылған салат, консервіленген қияр, қуырылған саңырауқұлақтар, әртүрлі жемістер жеген соң 6 сағаттан кейін басталған. Қарап тексергенде: Дене қызуы - 38,40С. Әлсіз. Іші жұмсақ, эпигастрий, кіндік маңындағы, оң жақ мықын аймақтарында ауыру сезімді. Нәжісі сұйық, сулы, «батпақ балдырлары» түстес.

Сипатталған ауруғатаралу факторын көрсетіңіз?

+++ ет қосылған салат(сальмонелла)

23#18

*! 25 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне жедел жәрдем машинасымен жеткізілген. Ауру 2 күн бұрын жедел басталған. Шағымдары: жүрек айнуы, 4 рет құсу, 5-6 ретке дейін іштің өтуі, ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі. Іш пальпациясында оң жақ мықын аймағында ауыру сезімі анықталады, іш пердесінің тітіркену белгілеру жоқ. Нәжісі сұйық, нашар иісті, «батпақ балдырлары» түстес.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?

+++Сальмонеллез

24#19

*! 40 жастағы ер адам, геолог. Жедел ауырған: дене қызуы 39,5С-қа жоғарылап, басының ауруы, сол жақ шап аймағының ауыру сезімі мазалаған. Объективті қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр. Сол жақ шап аймағында қатты ауыру сезімі бар, шекарасы анық емес, теріге жабысқан бубон анықталады. Шап аймағында қатты ауыру сезіміне байланысты төсекте амалсыз қалыпта жатыр. Балтыры мен табанында бүрге шаққан және оны қасыған іздер бар.

Қай диагноз Ең ықтимал болып табылады?

+++оба, бубонды түрі

25#20

*! 62 жастағы ер адам, шопан. Ауруының 3 ші күні клиникаға түскен. Шағымы: дене қызуы 390С көтерілуіне, басының ауыруы, әлсіздікке шағымданады. Науқас енжар, есі тежелген. Оң жақ шап аймағында лимфа түйіндерінің тығыз конгломераты ісінген, қатты ауыру сезімі бар, жанындағы тіңдермен жабысқан, бубон үсті гиперемияланған.

Сіздің ЫҚТИМАЛ диганозыңыз?

+++Оба, бубонды түрі

26#21

*!Науқас қазан айында жедел ауырған: дене қызуы көтеріліп, басының ауруы, әлсіздік пайда болған. Екі күн бұрын Балхаш жағалауының оңтүстік жағында аңға шығып қоянды үстап оны сойған. Қарап тексергенде: жағадый ауыр, сол жақ қолтық астында лимфатүйіні ұлғайған, қатты ауыру сезімді, қозғалмайтын, тығыз, үлкен конгломерант пайда болған. Бубон үстіндегі тері қабаты ыстық, қызарған. Сол қолының саусағында жарақат іздері бар.

ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсетіңіз?

+++Туляремия, бубонды түрі

27#22

*! 42 жастағы ер адам, жедел ауырған, 4 күн бұрын қалтырау, әлсіздік, дене қызуы 38°С қа жоғарылауы, басының, тамағының,бұлшық еттерінің ауыруы, мазалаған. Эпид.анамнезінде: ауырмастан бір апта бұрын қояндарды сойып, терісін сылып алған. Объективті қарағанда: аңқасында іріңді-некротикалық баспа, мойын лимфа түйіндері ұлғайған, аздап ауыру сезіміді, айналасындағы тіндермен жабыспаған, шекаралары анық бубон анықталады. 

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

+++Туляремия

28#23

*! 38-жасар әйел, Оңтүстік Қазақстан облысы,Созақ ауылының тұрғыны. Жедел ауырған: 4 күн бойы дене қызуы көтеріліп, әлсіздіздік, басының ауыру, дене бұлшықеттерінің ауыру сезімі мазалаған. Бүгін мұрыннан көп қан кеткен.Дене қызуы 39,00С. Беті, мойын терісі қызарған, көзінде конъюктивит, бадамша бездері қызарған. Оң жақ қолтық астында бірен саран геморрагиялық бөртпелер шыққан. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз, бауыры +1,0 см ұлғайған.

Төмендегі диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

+++ Конго Қырым Қанды Қызбасы(КҚҚҚ)

*ЖТД тәжірибесінде жұқпалы аурулар*3*23

29*! Ер адам 30жаста, ауруының 2ші күні терапевтте қаралған. Шағымы: іштегі толғақ тәрізді ауыру сезімінің пайда болуы, жүрек айну, бас ауыру, тәулігіне 10 рет суйык нәжістің мазалауы, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарау кезінде: температура – 39,0°С, АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. Іштің пальпациасы кезінде: іштің сол жақ бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырышпен қан аралас. Жалпы қан анализінде: эр.-4,0х1012 /л, Гем -145 г/л, лейк.-11,4x109 /л, э - 1, п - 2, с - 75, л - 18, м - 5. ЭТЖ - 17мм/с.

Көрсетілген аурудың клиникасында нәжісті бактериологиялық зерттеу кезінде қай қоздырғыштың өсіп шығуы ықтимал?

+++Shigella flexneri

30#2

*!Ер адам 37 жаста, ауруының 2ші күні терапевтте қаралған. Шағымы: іштегі толғақ тәрізді ауыру сезімінің пайда болуы, жүрек айну, бас ауыру, тәулігіне 10 рет суйык нәжістің мазалауы, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарау кезінде: температура – 39,0°С, АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. Іштің пальпациасы кезінде: іштің сол жақ бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырышпен қан аралас. Жалпы қан анализінде: эр.-4,0х1012 /л, Гем -145 г/л, лейк.-11,4x109 /л, э - 1, п - 2, с - 75, л - 18, м - 5. ЭТЖ - 17мм/с.

Диагнозді нақтылау ұшын қандай лабораториялық зерттеулер тағайындау керек?

+++бактериологиялық

31#3


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: