Сурет. 2Т30-теодолиті. Мұнда есеп алатын құрылғы микроскоп (7), вертикаль (9) және горизонталь дөңгелектер

Мұнда есеп алатын құрылғы микроскоп (7), вертикаль (9) және горизонталь дөңгелектер, дүрбі, т.б. қай жерде орналасқандары көрсетілген. Дүрбі (8) бақылайтын нүктені жуықтап нысаналау үшін, оптикалық визирмен (13) жабдықталған. Дүрбіні фокустау кремальераны (12) айналдыру арқылы жүзеге асады. Есеп алатын микроскопқа жарық түсіру үшін, шалқаймалы айна қолданылады.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясын және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді.

Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:

4. Техникалық T15K, 2T30, 2T30M теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ақ жер бетіндегі және жерасты қазбаларындағы маршейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.

5. Дәл теодолиттер 2T2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2T5K–триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшуге арналған.

6. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Ta2M мен

полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған.

Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі «теодолит» деген аспап атын бірдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшейдің секундтық орташа квадраттың қателігін білдіреді, мысалы T5 теодолиті үшін mβ=5'', T30м үшін mβ=5'', ал М-деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналғандығын көрсетеді. Кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2T2, 2T5, 2T30 тектес болып шығарылуда.

Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді:

1) Бағалау микроскобы;

2) Шкалалы микроскоп;

3) Оптикалық микрометрлер;

Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді. Қайталанатын

теодолиттер лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының қысып қоятын және жетекші бұрандалары болады. Оларға T30, 2T30 теодолиттері жатады. Ал қайталанбайтындарға 2T30М, 2T5, 2T2, т.б. жатады, оларды лимб арнайы құрылғы арқылы керекті жағына бұрылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Теодолиттің негізгі бөліктерін атаңыз.

2.Теодолиттер қалай жіктеледі?

3.Теодолиттің вертикаль осін қалай тік бағытқа келтіреді?

4.Кеңістіктегі АОВ горизонталь бұрышты өлшеу дегеніміз не?

5.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап не деп аталады?

6.Теодолитті нүкте үстіне қалай орнатады?

Тәжірибелік жұмыс № 4

Сызықтық және биіктік өлшеулердің аспаптары.

Сілтеме: НеумывакинЮ.К., Смирнов А.С., «Практикум по геодезии» М, Недра:1985ж

Жұмыстың мақсаты: өлшеуіш аспаптардың құрылысымен танысу және өлшеу дағдыларына үйрену.

Құралдар мен жабдықтар: өлшеуіш аспаптар, ілмектер, нүктелерді орындарға бекітуге арналған ағаш қазықтар, балға, калькулятор, сызықтар ұзындығын өлшеу журналы және жұмыс дәптері.

Тапсырма:

1. Оқытушы берген сызықты болат рулеткамен өлшеңіз, нәтижелерін журналға жазып, өлшеу нәтижелерін өңдеңіздер.

2. Компарирлеу түзетулерінің есептеу ведомостісі /тізімі/ толтыру.

Жұмыстың мазмұны және жүрісі:

Арақашықтықты нақты өлшеу үшін ұзындығы 20 немесе 50м болатын ЛЗ- жер өлшеу ленталары қолданылады. Бұл лента ені 15-20мм, қалындығы 0,3-0,4мм болатын болат жолақ.

Лентаның барлық ұзындығында әр 10м сайын кішкентай тесіктер тесілген. Әрбір бесінші тесік диаметрі 5мм-дей пластинкалармен тойтарылған және әрбір метрден кейін лентанаң екі жағында пластинкалар шегеленген, оларға лентаның екі шетінен есептелетін метрдің реттік нөмірлері таңбаланған.

12- сурет. Жер өлшеуіш лента.

а- штрихты, б- шкалалық, в- сақиналық станоктағы лента, г- сым сақинадағы түйреуіштер.

1- штрихтар, 2- тұтқалары, 3- түйреуіштерге арналған сызықшалар,4- дециметрлік ойық, 5- жарты метрлік пластиналар, 7- болат жолақ, 8- түйреуіш, 9- сақиналық станокты тоқтатқыш бұрама.

Тасымалдау және сақтау кезінде лентаны сақинаға орап және тоқтатқыш бұрамамен бекітеді. Орамынан лентаны ашқанда сақ болу керек, себебі ол бұралып қалып, онда тайысулар мен түінділер пайда болып, лента жолағы оп-оңай сынып кетуі мүмкін. Лентаның орамын екі адам жазады: біреуі лентаның ұшын қолына ұстап, алысқа жаймен жылжып жүріп отырады, лентаның орамынан дұрыс ашылуын бақылауды ұмытпай, ал екінші адам сақинаны жаймен айналдыра отырып, лентаны біртіндеп босатып тұрады. Лентаны сақинадан бұралған дөңгелек күйде түсіруге тиым салынады, себебі бұл жағдайда лентада ілмек пайда болады. Бағаналық лентаның шеттерінде миллиметрлік бөлулері болады, олар өлшеулердің дәлдігін күшейтеді.

Құрылыс тәжірибесінде жерлердегі және ғимараттар құрылғыларының сызықтарын өлшеу үшін әдетте ұзындығы 30 және 50м болатын болат рулеткалар қолданылады. Қалыпты күші бар рулетканы созу үшін серіппелі /пружина/ динамо өлшеуіш / динамометр / қолданылады.

Сызықтар ұзындығын жер өлшеуіш ленталармен өлшеуді мына ретте жүргізеді.

Өлшенетін сызықтардың ұштарына ілмектер орнатылады. Егер сызықтың ұзындығы 150м-ден асса, жармаға қосымша тағы бір ілмек қойылады. Жарма бойын көру қиындамасы үшін, ілмек ең ақырғы нүктеден бастап қойылады, яғни “өзінен ” бастслады.

Сызықты 2 адам өлшейді. Арттағы студент бастапқы нүктеге бастапқы штрихті қабыстырады және лентаны түйреуішпен бекітеді. Алдыңғы студент лентаны созылған қолмен ұстап тұрады, ол жарманы жаппауға тырысады. Арттағы студенттің белгісімен лентаны жармаға жабады, оны сілкіп алады да, қолымен созып, лентаның алдыңғы ұшына түйреуішті қыстсрады, сөйтіп барлық процесс кері қайталанады. Егер алдыңғы студенттің түйреуіштері таусылып қалса, оған артқы студент өзінің 10 түйреуішін береді. Түйреуіштердің берілуі сызықтарды өлшеу журналына тіркеледі. Сызық соңында соңғы түйреуіш пен соңғы нүкте аралығында r қалдық өлшенеді.

D сызығының ұзындығын мына формуламен есептейді:

D = nlo + r, (21)

мұндағы: - n өлшенетін сызықтағы бүтін қалулары лентаның саны.

l0۪ - өлшеу аспабының номинальдық ұзындығы /20,30,50м және т.с.с./

r- қалдық.

Сызықты тіке Dт және кері Dк бағыттарында өлшейді.

∆D= Dт – Dк әркелкіліктері өлшенетін кесіндінің 1: 2000 аспауы тиіс. Егер бұл шарт орындалса, D= 0,5 (Dт +Dк) орташа көрсеткіш есептелінеді. Егер шарт бұзылса, сызық ұзындығын өлшеу қайталанады.

Сызықтарды болат рулеткалармен өлшеуді де осындай бағдарлама бойынша жүргізеді. Айырмашылығы сонда, өлшеу аспабының ұштарын жұмсақ топырақта шегемен немесе сыммен бекітіп, жолдың қатты бетіне сызып, созуды қолмен емес, серіппелі динамо өлшеуішпен (динамометр) жүргізеді. Өлшеу аспабын, танысқан соң оны компарирлеуге кіріседі. Өлшеуге ыңғайлы жазықты, тегіс жерде орналастырылған компараторда бригаданың әрбір студент жұбы базисті тіке және кері бағыттарда өлшейді.

Нәтижелерді компарирлеудің түзетулерін есептеу ведомосына жазады (5-кесте). Өлшеу кезіндегі температураны 3 реттен кем болмайтындай мөлшерде анықтайды.

dlk= (Dэ- Dи)/k, (22)

мұндағы: Dэ - компаратордың эталондық ұзындығы, үлкен дәлдік пен белгілі болғандығы.

Dи - компарирленген лентамен өлшенген,компаратордың нақты ұзындығы.

k= Dэ/ lо ­ компаратор ұзындығындағы өлшеуіш аспаптың саны.

5-кесте Компарирлеу түзетулерінің есептеу ведомостісі /тізімі/.

Өлшеу нөмірі Темпер., ° С Өлшеу нәтижелері, м, n, см n2, см Есептеулер, ескертулер
  12,5 120,01 -2,5 6,25 Dэ=120,068(из каталога координат) dlk=(120,068-120,085)/6=+5,5 мм
  13,0 , 04 +0,5 0,25
  13,1 ,02 -1,5 2,25
  13,0 ,07 + 3,5 12,25
  13,7 ,05 +1,5 2,25
  13,5 ,02 -1,5 2,25
орташа 13,1 Dи=120,035 Sn=0 [n2]=25,5
Лента ЛЗ-20 dlk = +5,5 мм при t0 = 13° C

Сызықтар ұзындығын өлшеу дәлдігіне жоғары талаптар қойылғанда, компарирлеуге түзетулер енгізеді.

dDk, температура үшін dDt,, көлбеу үшін dDn немесе асып кетуі dDh.

Компарирлеу түзетулерін мына формула бойынша есептейді:

dDk =dlk(D/lo). (23)

Температура түзетулерін анықтау үшін t температурасын өлшеп, ал түзетуді мына формула бойынша есептейді:

dDt= a(t-to)D, (24)

Мұндағы: α - өлшеу аспабы болаттың материалының сызықтық кеңітілуі коэффиценті.

Көлбеу түзетуін анықтау үшін 3- қосымшада кесте келтірілген, онда көлбеудің 1 ден 10ْ дейінгі бұрыштары үшін 20,30,40,50,60,70,80,90, және 700 м-ге көлбеу түзетулері көрсетілген немесе оларды мына формула бойынша есептеуге болады:

Dn = -2D sin2(n/2) (25)

dDh = -(h2/2D) (26)

Өлшеу нәтижелері мен сызықтар ұзындықтарын есептеулерінің жазбалары үлгілері 13 кестеде берілген.

6– кесте Сызықтар өлшеулерінің журналы

Сызықтар атаулары Берілулер саны Түйреуіштер саны саны шпилек Қалдық,м Сызық ұзындығы,м Температура,°С Көлбеу бұрышы н/се асып кетуі Бастапқы мәліметтер, есептеулер.  
II-III     5,38 5,43 165,38 165,43 +28 h=3,61 м l0=20м dlk=+5,5 мм t0=+13° Dcp=165,405 м dDk=+5,5*(165/20)=+4,5 мм=+0,045 м dDt=12*10-6(28-13)*165=+0,030 м dDh=0,982/(2*165)=-0,039 м  
    орташа 165,405  
d=165,441 м  

Бақылау сұрақтары

  1. Арақашықты қандай аспаптармен өлшейді?
  2. Өлшеу кезінде, сызық қалғандағы түзетулерді қалай енгізуге болады?
  3. Сызықтарды қатесіз өлшеу үшін қандай сақтандыру шаралары қолданылады?
  4. Жер бетіндегі қашықтық қалай бекітіледі?
  5. Ұзындық шамасы деген не?

Тәжірибелік жұмыс №5.

Контурлы теодолиттік түсірістің нәтижелерін есептік өңдеу.

Сілтеме: ХейфецБ.С., Данилевич Б.Б. / Практикум по инженерной геодезии / М.: Недра 1979ж.

Жұмыстың мақсаты: Теодолиттік түсіріс деп жер бетінің тек контурлық планын жасау үшін теодолит пен өлшеу лентасының немесе қашықтық өлшеуіштің көмегімен орындалатын жұмыстарды атайды. Теодолиттік түсірістер жер бетінде, елді-мекенді аймақтарда, құрылыс, тау-кен алаңдарында, темір-жол тораптары, т.б. жерлерде пландар жасау үшін жүргізіледі.

Аспаптар мен құрал-жабдықтар: Теодолит,өлшеуіш лента, қашықтық өлшеуіш.

Тапсырма: Түсіріс жүргізу кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттерінің схемасын жасау және координаталарын жазу.

Жұмыстың мазмұны мен жүрісі:

Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі, әдетте теодолиттік жүрістер түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикуляр және жарма әдістермен, сонымен қатар әртүрлі бұрыштық және ұзындық қиылыстырулар көмегімен анықтайды.

Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және өңдеу жұмыстарынан тұрады.

Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын түсіру дәлдігіне байланысты түсірістің масштабын таңдайды. Қолдағы бар барлық картографиялық құжаттарды (планды, картаны, профильді) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.

Далалық жұмыстарға:

1) жергілікті жерді рекогносцировкалау (байқап қарау) және пункттерді бекіту;

2) бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеу;

3) жердегі заттарды, контурларды түсіру;

4) жүріс пункттерін жергілікті жердегі тірек пункттеріне байланыстыру.

Рекогносцировка негізінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттерін іздеп тауып, теодолиттік жүрістің неғұрлым қолайлы (ашық жерде орналасқан) орындарын белгілейді.

Бақылау сұрақтары:

1.Теодолиттік түсірістің мәні неде?

2. Теодолиттік түсіріс қандай жұмыстардан тұрады?

3.Теодолиттік түсірістің планын қалай сызады?

4.Теодолиттік түсірістің қандай әдістері бар?

5. Далалық жұмыстарды атаңыз?

Тәжірибелік жұмыс №6.

Топографиялық түсірістің нәтижелерін есептік өңдеу.

Сілтеме: ХейфецБ.С., Данилевич Б.Б. / Практикум по инженерной геодезии / М.: Недра 1979ж.

Жұмыстың мақсаты: Топографиялық түсірістің масштабы мен бедер қимасының биіктігін негіздеудің негізгі міндеті түсірісті жүргізетін маманның шешімін жеңілдетіп, сандық мәліметтерді, ұсыныстарды дайындау

Тапсырма: Түсірістің масштабы мен бедер қимасы биіктігін таңдауды негіздеп білу.

Жұмыстың мазмұны мен жүрісі:

Топографиялық түсірістің нәтижелері графиктік (топографиялық карта мен пландар) және цифрлық (жердің цифрлық модельдері) түрде берілуі мүмкін. Жердің цифрлық моделі жергілікі жер туралы топографиялық-геодезиялық мәліметтердің жиынтығынан және оны пайдалану тәртібінен тұрады.

Топографиялық түсірістер атқаратын міндеттеріне байланысты негізгі және арнайы болып келеді.

Халық шаруашылығының бір саласының мәселелерін шешуге бағытталған арнайы түсірістерде топографиялық карта мен пландарға жер бетіндегі барлық заттарды түсіре бермейді, тек қана жобалау кезінде, жер және қалалық кадастр, жерді есепке алу және т.б. мәселелерге қажетті заттарды түсіреді.

Контуры үлкен жерлерде, мәселен жер асты коммуникацияларын және жер бетіндегі әртүрлі міндет атқаратын құбырлардың өте тығыз жүйелерінде топографиялық пландар жеке (әр элементтер бойынша) жасалынады.

Топографиялық түсірістердің міндеттері мен түрлері:

1:25000 және 1:10000 масштабтағы топографиялық карталар ауыл және орман шаруашылығында; пайдалы қазбаларды барлау; газ және мұнай кен орындарын игеруде; суландыру, гидротехникалық, ауылдық және қалалық құрылыста; шаруашылық ішіндегі және шаруашылық аралық жерге отырғызуға, жер кадастрына және жерді есепке алуда қолданылады.

1:5000 масштабтағы топографиялық карталар мен пландар қалалық, транспорттық, гидротехникалық және т.б. құрылыстардың әртүрлі жобалау жоспарлау есептерін шешуде; өндірістік және тау-кен өнеркәсібі техникалық жобаларын жасауда; металды және метал емес кен орындарын жете барлауда; мемлекеттік жер кадастрында, жергеорналастыруда, темір автомобиль және т.б. жолдарды жобалауда пайдалануға арналған.

1:2000 масштабтағы топографиялық пландар кіші қалалар, ауылдар және т.б. бас пландарын жасау үшін қажет.

1:1000 масштабтағы топографиялық пландар құрылыстың техникалық жобалары мен жұмыс сызбаларын, вертикаль жоспарлаудың, пайдалы қазбалар жеке барлаудың және қорларды есепке алудың жобаларын жасау үшін қолданылады.

1:500 масштабтағы топографиялық пландар құрылыс учаскесінің атқару және жұмыс сызбаларын жасау және вертикаль жоспарлауды шешу үшін пайдаланылады.

Түсірістің масштабы мен бедер қимасы биіктігін таңдауды негіздеу дегеніміз, мәселені оңтайлы шешуге алдын-ала бағытталған шаралар (немесе іс-әрекеттердің жүйесі). Топографиялық түсірістің масштабы мен бедер қимасының биіктігін негіздеудің негізгі міндеті түсірісті жүргізетін маманның шешімін жеңілдетіп, сандық мәліметтерді, ұсыныстарды дайындау.

Сандық мәліметтерді жердің қабылданған моделіне байланысты әртүрлі математикалық аппаратты пайдалану арқылы алынады. Түсіріс параметрлерін таңдауды негіздеу, ешқандай-ақ, топографиялық карталар мен пландарын атқаратын міндеті, жердің топографиялық жағдайы (ситуация мен бедері), картасы жасалынатын жердің келешектегі техникалық-экономикалық дамуы ескеріле қабылданған ұсыныстар арқылы жүзеге асады.

Түсірістің масштабы планның атқаратын міндетіне, учаскінің көлеміне, жер элементтерін бейнелеуі толықтығына, бейнелеудәлдігіне, жобалаудың сатыларына және басқа да факторларға байланысты болып келеді. Жергілікті жердегі ситуация планда масштаб және бекітілген шартты белгілер бойынша бейнеленеді.

Планшет рамаларының размерлері мен пайдалы аданы төменгі кестеде көрсетілген.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: