Ж. Ахметов. Патологиялық анатомия

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


Қысқаша тарихи деректер



 


лып анық көрсетті. Морганьидің басқа зерттеушілерден өзгешелігі — ол өз жүмысында әрбір аурудың клиникалық белгілерін, ашып көру кезіндегі табылған анатомиялық өзгерістермен салыстыра зерттеді, көптеген белгілі аурулардың (бауыр циррозы, бүйрек тас ауруы, қатерлі ісіктер және т.б.) анатомиялық көріністерін жазу-дың тамаша үлгілерін жасады.

Патологиялық анатомияның тарихи дамуындағы екінші бір кезең. Вена ғалымы Карл Рокитанскийдің (1804-1878) атымен бай-ланысты. Осы ғалымның "Патологиялық анатомияның жеке бөлімі бойынша нүсқау" деген көлемді еңбегі 60 мыңнан астам мәйіттерді ашып көру негізінде жазылган, онда қазіргі кезде белгілі көгітеген патологиялық үрдістердің көрініс-белгілері анықталған. Бүл еңбегі ғылыми-теориялық түрғыдан сынауға болганмен, оның мол ана-томиялық материалдары патологиялық анатомияны жеке пөн есебінде және бір сатыға көтерді десек қателеспейміз.

Медицинада микроскоіггық тексерулердің кеңінен қолданы-луы патологиялық анатомияның да өте тез дамуына себеп болды. Осы жаңа дәуірдің ең белгілі ғалымы Рудольф Вирхов (1821-1902) барлық аурудың негізінде жасуша патологиясы жатады деген да-налық пікірге сүйеніп, өзінің "Целлюлалық (жасушалық) патоло­гия" деген үлы еңбегін жазды (1858). Р. Вирховтың бүл еңбегі тек патологиялық анатомияның ғана емес, тіпті бүкіл медицинаның дамуында прогрессивті рөл атқарды. Қазіргі патологиялық анато­мия Р.Вирховтың осы еңбегінен басталады десек жаңылыспаймыз.

Осы кезде Ресейде де патологиялық анатомия өз алдына отау тіііп шыга бастады.

1849 жылы Мәскеу университетінде бірінші рет патологиялық анатомия кафедрасы ашылды, осы кафедраның меңгерушісі про­фессор А.И.Полунин (1820-1888) мәскеулік патологоанатомдар мектебінің іргетасын қалаушы болып есептеледі. Кеңес дәуірінде осы мектептен белгілі академиктер А.И.Абрикосов, И.В.Давыдов­ский, М.А.Скворцов, А.И.Струков, Н.А.Краевский және басқалар шықты.

Петербургтың медициналық-хирургиялық академиясында па-тологиялық анатомия кафедрасы 1859 жылы жеке бөлініп шықты. Петербург мектебінің негізін салушы профессор М.М.Руднев (1837— 1879) болатын. Осы мектептен шыққан белгілі ғалымдар қатарына Г.В.ПІор, Н.НАничков, М.Ф.Глазунов, Ф.Я.Чистович, В.Г.Гарпшн, В.Д.Цинзерлинг жөне басқалар кіреді. Кейінірек патологиялық анатомия кафедралары Қазанда, Харковьте, Томскіде жөне де ба­ска қалаларда ашыла бастады.

Патологиялық анатомияның Қазақстанда дамуы кеңес дәуіріне тура келді. Алматы мемлекетгік медицина институтында патоло-


гиялық анатомия кафедрасы 1933 жылы ашылды. 1938 жылдан 1969 жылға дейін осы кафедраны, Харьков мектебінің түлегі, профес­сор П.П.Очкур басқарды. Ол Қазақстанда патологиялық анатомия мектебінің негізін салушы болды. П.П.Очкурдьщ шәкірттері, про-фессорлар С.Ф.Серов, Х.С.Нүғманова, Н.И.Колычева, МЛ.Ефи-мов, Л.П.Царевский Қазақстанда алгаппды патологиялық анатомия кафедраларын, зертханаларьш басқарды.

Патологиялық анатомия саласында КСРО кезінде медицина ғылымдарының докторы атанған қазақстандықтар қатарына: А.С.Толыбеков, И.С. Иржанов, М. Рысүлы, Г. В. Федотовских, Н.А.Стрелюхина, А.М.Белинская, П.В.Шкутин кіреді.

Қазақстан өз алдьша, жеке мемлекет болғалы патологиялық анатомия саласына медицина ғылымдарының докторы атағын ал-ған ғалымдар қатары на: С.Г.Ахметгалиев, А.Д.Сапарғалиева, М.М.Тусупбекова, К. Б. Манекенова, К. Н. Муканов, Ю.С.Ис-маилова, А.Н.Жүмабаева қосылды. Олар өз мамандықтары бойын-ша табысты ғылыми-педагогикалық қызметгер атқаруда.

Патологиялық анатомияның Қазақстанда жеке гылым есебінде әрі қарай дамуы медицина және ветеринария институттарьшдағы кафедралардың және ғылыми-зерттеу институттарындағьі ірі зерт-ханалардың жүмыстарына байланысты.

Қалалық жөне аудандық ірі ауруханаларда орталық патолого-анатомиялық зертханалар ашылған, қазіргі уақытта қалалық және аудандық патологиялық анатомия бөлімдері біріктіріліп, патрло-гияльщ анатомия бюролары қүрылуды. Бүл патологоанатомдар-дың аурухана әкімшіліктеріне тәуелділігін біржола жойып, емдеу-диагноз қою үрдісін дербес бақылауға, олардьщ сапасын артты-руға, осымен қатар ғылыми және педагогикалық жүмыстарды жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Бірақ та, өкінішке орай Орталық патологоанатомиялық бюроларды қаражаттандыру, патологоана­том мамандарын дайындау мәселелері әлі толық шешілмеген.

Республика бойынша патологиялық анатомия бөлімдерінің, кафедраларының, облыстық қоғамдарының жүмысын бақылай-тын патологоанатомдар ассоциациясы қаржы тапшылыгына бай­ланысты өз міндеттерін атқара алмай отыр. Сондықтан, кейінгі 10 жыл ішінде тек бір гана Республикалық семинар өткізілді (2001, Алматы).


ЖАЛПЫ БӨЛІМ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: