Макс Вебер 2 страница

Басқарушының қолына билік беретін заңдылықтың үш идеологиялық негізі бар: дәстүрлі, харизмалық және заңды-ұтымды. Осыған сәйкес Вебер үстемдіктің үш жетілген типін негіздеп, оның әрқайсысын идеологиялық негізі бойынша атайды.

Заңды-ұтымды үстемдік жағдайында бағынудың басты дәлелі ретінде, белгілі дәрежеде, жеке мүдделерді қанағаттандыру болып табылады. Оның үстіне олар белгілі адамдарға емес, солардың еркін білдіретін және солардың атынан шығатын жалпы қабылданған заңдарға, ережелерге бағынады. Заңды-ұтымды үстемдік “дұрыс” жария рәсімдерінің көмегімен орнығатын формальді қағидаларға бағынуды білдіреді. Осыдан ұтымды қоғамның ажырамас бөлігі ретінде заңды-ұтымды қоғамдағы бюрократияның аса зор маңызы және Вебердің зерттеулеріндегі оған деген зор көңіл бөлу келіп шығады.

“Бюрократия” ұғымының кем дегенде екі мәні бар: 1) басқарудың белгілі бір әдісі және 2) басқарудың бұл процесін жүзеге асырып отыратын ерекше әлеуметтік топ. Вебер кез келген бюрократиялық ұйымның басты сипаттық ерекшелігі ретінде тағы да ұтымдылықты көрсетеді. Вебердің пікірінше, бюрократиялық ұтымдылықты капитализмнің көрінісі ретінде қарастыру керек; сондықтан да бюрократиялық ұйымда өз жұмысында ғылыми әдістерді қолданатын және арнайы дайындықтан өткен техникалық мамандар шешуші рөл атқаруы тиіс.

Бюрократиялық ұйым бірқатар маңызды ерекшеліктерімен сипатталады, оның ішінде Вебер мыналарды бөліп көрсетеді. Аппарат қызметкерлерінің арасында міндеттерді нақты бөлудің арқасында тиімділікке қол жеткізу, бұл позициялардың әрқайсысында жоғары билікті және тар салалы мамандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғары тұрған лауазымды шенеуніктің төмендегілердің қызметін қадағалауға жол ашатын биліктің қатаң иерархиялық сипат алуы. Басқару қызметінің біркелкілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесінің формальді орнығуы мен нақты белгіленуі және жеке жағдайларға ортақ нұсқауларды қолдану. Әкімшілік қызметінің тұлғасыздығы және қатынастардың эмоционалды бейтараптығы: әрбір қызметкер ерекше қайталанбас тұлға ретінде емес, белгілі бір деңгейдегі әлеуметтік билікті формальді сақтаушы, өзі атқарып отырған лауазымның өкілі іспетті көрінеді.

Дәстүрлі үстемдік, көпшілік мақұлдаған дәстүрлердің беріктігі мен қасиеттілігіне және олар орындап отырған биліктің төтенше құзырының заңдылығына әдеттегідей, көбінесе жете ойластырылмаған күйде сену. Дәстүрлі билік жолын ұстанушы әдет-ғұрып пен ежелгі тәжірибені іске асыратын қағидаларды қабылдайды. Үстемдіктің бұл түрінің шеңберінде билік ету құқығы көбінесе мұрагерлік сипаты болады. Таза күйінде алғанда бұл патриархалды билік. “Патриархат” ұғымы социологияда әдетте ер адамдардың әйелдерге үстемдік етуін сипаттауда қолданылады. Сонымен бірге ол қоғамдардың әр түрінен көрініс таба алады. Бұл ұғым, сондай-ақ неғұрлым жас бозбалалармен қоса бүкіл отбасыны жас мөлшері үлкен ер адам үстемдік ететін үй шаруашылығының белгілі бір түрін де бейнелеуге пайдаланылады. Сондықтан да әмірші мен оның әкімшілік аппараты араларындағы қатынасты дәстүрлі түр барысында үй иесі мен құлдар, сондай-ақ оған тәуелді туысқандары арасындағы өзара қатынаспен теңестіруге болады: олардың тұлғалық сипаты мен нақты эмоционалдық мәнері болады және жеке басының адалдығына негізделген. Вебердің пікірінше, дәстүрлі үстемдіктің ең кең тараған түрінің бірі патримониализм. Патримониалды жүйелерде әкімшілік пен саяси күш әміршінің тікелей жеке бақылауына болады.

Харизмалық үстемдік лидердің бойында болатын ерекше қасиеттерге негізделеді. “Харизма” терминінің өзін (сөзбе сөз грек тілінен - алланың рақымы, игілік) социологиялық тұжырымдамалық аппаратқа неміс теологы Э.Трельч енгізді. Үстемдіктің мұндай түрі кезінде бұйрықтар өз көсемінің мүлдем ерекше сипатына оның жақтаушылары мен ізбасарлары сенгенде ғана орындалады. Харизмалық үстемдік әміршінің өте ерекше, мүмкін, тіпті сиқырлы қабілеттеріне негізделеді. Оның үстіне мұндай қабілеттерді оның жолын қуушылар мен оған берілген адамдар шындығында өздері ойлап табатындығы онша маңызды емес. Бұл жерде тектілік, оған байланысты мұрагерлік қандай да бір ұтымды ойлау емес, тек қана лидердің жеке қасиеттері басты рөль атқарады. Харизманың болуы тікелей, тура жүргізілетін үстемдікті білдіреді. Тарихта атағы шыққан көптеген пайғамбарлар (әлемдік діндердің негізін салушылармен қоса), қолбасшылар мен аса көрнекті саяси көсемдер харизматиктер болған.

Әдетте, лидер қайтыс болғаннан кейін оның ізбасарлары харизмалық нанымды таратады немесе оны дәстүрлі (“ресми харизма”), не заңды-ұтымды формаға айналдырады. Сондықтан харизмалық биліктің өзі тұрақсыз және уақытша сипатта болады.

Макс Вебер шын мәнінде салыстырмалы дін социологиясының негізін салушы болып есептеледі. Діннің француз, ағылшын социологтарының басым көпшілігі, сонымен бірге Дюркгейм, Леви-Брюль, Тайлор және Фрезер сияқты аса көрнекті ғалымдармен салыстырғанда, Вебер архаикалық культтерді арнайы түрде зерттеумен айналысқан жоқ және діндер генезисі мәселесін қарастыру діни сала құрылымын сол күйінде ұғынуға қажетті шарт деп есептеген емес. Сонымен бірге неміс ғалымы діннің мәні туралы мәселені де көтерген жоқ. Ол үшін, социолог ретінде діни топтар өкілдерінің құндылықтық және мінез-құлықтық ерекшелігін сараптауға сүйену тиімдірек болды. Шын мәнінде, Веберді дін адамдардың әлеуметтік іс-әрекеті дәлелінің ерекше, сондай-ақ аса маңызды түрі ретінде қызықтырды. Сондықтан да социология олардың ақиқаттығы немесе жалғандығы және шығу көздері туралы мәселеге соқпай, діни көзқарастардың дәлелді әсерін зерттеуге, олардың қоғамдық өмірге тигізетін әсерін анықтауға шоғырлануы тиіс.

Вебер дінге үлкен мән беріп, оны дербес әлеуметтік құрылым ретінде өмір сүретін және жалпы қоғамның мәндік-символикалық, құндылықтық жүйесін анықтайтын, негізін қалайтын әлеуметтік-мәдени институт деп есептеді. Діннің басты рөлін Вебер оның құндылықты бағдардың алғашқы себебі бола алатынынан көрді, соның арқасында ол әлеуметтік іс-әрекетке мән-мағына берудің маңызды тәсілі ретінде көрініс табады, оның маңызы мен мақсатына себепші болады. Діни тұжырымдардың көмегімен адам өзінің өмірінде болып жатқан оқиғаларды мәні бар немесе мәні жоқ деп жіктейді. Дін әлем бейнесін, нормалар мен басымдылықтар жүйесін құрады, соған сәйкес индивид өзінің іс-әрекетін бағыттайды. Осылайша реттеу қағидалары мен нұсқаулар кешені пайда болып, этикалық принциптер қалыптасады.

Дін социологиясына арналған өзінің алғашқы зерттеулерінде, оның ішінде “Протестанттық этика және капитализм рухы” атты атақты еңбегінде Вебер басты назарды капиталистік қоғам мен оның дүниетанымдық негіздерінің, мысалы, ұтымдылық принципінің қалыптасуында, протестантизмнің шығуы мен дамуына байланысты діни этиканың рөлі қандай болғандығына аударды. Дәлірек айтсақ, бұл экономикалық қызмет түрі мен діни - адамгершілік жорамалдар арасындағы өзара байланысты анықтауға қызығушылықты білдіреді. Ғалымның бұл позициясы дінді зерттеудегі марксистік экономикалық центризмге қарсы бағытталған болатын. Алайда Вебер өзінің кейінгі еңбектерінде діни және экономикалық нәрселердің өзара әсері туралы мәселені көтере отырып, сонымен бірге әуел бастан субъективті ойластырылған мән мен топтық дәлелдермен байланысты сала ретіндегі діннің көмегімен әлеуметтік әрекет категориясының мазмұнын ашуға тырысады.

Вебер адамның әлемге көзқарасындағы діни фактордың әсерін сараптауға үлкен көңіл бөлді. Бұл көзқарасты ғалым әр түрлі діндер жіктелімінің негізіне алды. Бір нанымдар пассивті өмірлік позицияны (мысалы, буддизм) бекітсе, басқалары адамды өзін қоршаған болмысты қайта құруға және белсенді түрде игеруге бағыттайды (мұның жарқын мысалы - протестантизм). Кейбір діндер әлемді өздерінің мұраттарына сәйкес бейімделген жағдайда ғана қабылдайды: бұл ислам мен христиандықтың көптеген түрлеріне тән. Қорытып айтқанда, бұл жердегі жалпы заңдылық мынадай: әлемді қабылдамайтын діндердің әлеуметтік бағыттылығы төмен деңгейде, ал қабылдайтын діндердікі тиісінше жоғары деңгейде.

Қорыта келгенде, дін социологиясы Макс Вебердің шығармашылық мұрасының ең маңызды бөлігі екендігін атап өту қажет, өйткені ол діннің өзін жалпы адамның қоғамдық, мәдени өмірінің өзіндік бір үлгісі ретінде қарастыруға бейім болды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Berger P., Berger B. Socіology: Bіographіcal Approach. - London: Penguіn Books, 1981. - Chap.2.

Collіns R. Socіologіcal Іnsіght. - Oxford, 1992.

The Penguіn Dіctіonary of Socіology, - London, 1998.

Tonnіes F. A new evaluatіon: Essays and documents / Ed. And іntroductіon by W.J. Cahnman. Leіden: E.J. Brіll, 1973

Андреева Г.М. Современная буржуазная эмпирическая социология. - М., 1965.

Американская социологическая мысль. - М., 1994.

Арон Р. Этапы развития социологической мысли. - М., 1993.

Беккер Г., Босков А. Современная социологическая теория в ее преемственности и изменении. - М., 1962.

Буржуазная социология на исходе ХХ века (Критика новейших тенденций). М., 1986.

Вебер М. Избранные произведения. - М., 1990.

Вебер М. Избранное. Образ общества. - М., 1994.

Вебер М. Основные понятия стратификации // Социологические исследования. - 1994, ғ 5.

Гайденко П.П., Давыдов Ю.Н. История и рациональность: Социология М. Вебера и веберовский Ренессанс. - М., 1991.

Гофман А.Б. Семь лекций по истории социологии. - М., 1995

Громов И., Мацкевич А., Семенов В. Западная теоретическая социология. - СПб, 1996.

Дюркгейм Э. Самоубийство: социологический этюд. СПб., 1912. (Второе издание: М., 1994).

Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. Метод социологии. - М., 1991

Дюркгейм Э. Социология. Ее предмет, метод, предназначение. - М., 1995.

Западная теоретическая социология 80-х годов. - М., 1989.

Зиммель Г. Конфликт современной культуры. - Пг., 1923

Зомбарт В. Буржуа. Этюды по истории духовного развития современного экономического человека. - М., 1994.

Из истории буржуазной социологии ХІХ-ХХ веков. - М., 1968.

Ионин Л.Г. Понимающая социология. - М., 1979.

История буржуазной социологии первой половины ХХ века. - М., 1979.

История буржуазной социологии ХІХ- начала ХХ века. - М., 1979.

История социологии. - Минск, 1993.

История социологии в Западной Европе и США. - М., 1993.

История теоретической социологии. - М., 1995.

Кон И.С. Позитивизм в социологии. - Л., 1964.

Конт О. Дух позитивной философии. - СПб., 1910.

Краткий очерк истории социологии. - М., 1990.

Критика современной буржуазной теоретической социологии. - М., 1977.

Культурология. ХХ век. - М., 1995. (Виндельбанд В. Философия культуры и трансцентальный идеализм; Дильтей В. Типы мировоззрения и обнаружение их в метафизических системах; Зиммель Г. Конфликт современной культуры; Риккерт Г. Науки о природе и науки о культуре.)

Левада Ю.А. Лекции по социологии. - М., 1969.

Маркс К. Восемнадцатое брюмера Луи Бонапарта // Маркс К., Энгельс Ф. Собр.соч. 2 изд. - т.8

Маркс К. Капитал. т.1 // Маркс К., Энгельс Ф. Собр.соч. 2 изд. - т. 23

Маркс К. Экономические и философские рукописи 1844 года // Маркс К., Энгельс Ф. Собр.соч. 2 изд. - Из ранних произведений.

Маркс К., Энгельс Ф. Немецкая идеология // Маркс К., Энгельс Ф. Собр.соч. 2 изд. - т.3

Милль Дж.С. Система логики силлогистической и индуктивной. М., 1914.

Монсон П. Современная западная социология. Теории, традиции, перспективы. - СПб., 1992.

Москвин С.А. Герберт Спенсер против тоталитаризма // Социологические исследования. - 1992. (2.

Новейшие тенденции в современной немарксистской социологии. - М., 1986.

Осипов Г.В. Современная буржуазная социология. - М., 1964.

Осипова Е.Г. Социология Эмиля Дюркгейма. - М., 1977.

Очерки по истории теоретической социологии ХІХ - начала ХХ века. - М., 1994.

Очерки по истории теоретической социологии ХХ столетия. От Вебера к Хабермасу, от Ззиммеля к постмодернизму. - М., 1994.

Родоначальники позитивизма. - СПб., 1912. - Вып. 4 (Конт О. Курс позитивной философии).

Современная американская социология. - М., 1994.

Современная западная социология: классические традиции и поиски новой парадигмы. - М., 1990.

Современная западная социология: Словарь. - М., 1990.

Социологический словарь. - Минск, 1991.

Социология для студента. - Свердловск, 1991.

Спенсер Г. Основания социологии. - СПб., 1876 (Второе издание - СПб., 1898).

Спенсер Г. Социология как предмет изучения. - СПб., 1896.


3-тарау. ҚАЗІРГІ ЗАМАН СОЦИОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Социология жеке индивидтерді, түрлі әлеуметтік топтарды, жалпы қоғамды, әлемдік немесе қазіргі атауы ғаламдық қауымдастықты зерттеумен келеді. Сонымен қатар түрлі дәуірлердегі социологияда бірінші, кейде екінші әлеуметтік бірліктерге көңіл бөлінді. Бұл жағынан келгенде социология тарихын, парадигмалардың ауысуы немесе макросоциологиялық (қоғам және басқа да ірі әлеуметтік құрылымдар) және микросоциологиялық (сараптаудың негізгі пәні - индивид) амалдардың айналымы ретінде қарастыруға болады. Макросоциологиялық теориялардың ішінде құрылымдық функционализм жетекші орын алады.

Жаңа заман социологиясының ерекшелігі екі тәсілдің синтезінде, бұл жерде әңгіме Энтони Гидденс, Пьер Бурдье, Питер Штомпка және басқа белгілі социологтардың идеялары мен еңбектері туралы болып отыр.

Жаңа заман социологиясының тағы бір ерекшелігі, оның индивид пен топтар арасындағы өзгеріс пен дамуға бағытталған байланыстар мен өзара әрекеттерге баса көңіл бөлуінде. Бұл тұрғыда социологиялық теориялар өзгеше жолмен түрлендіріледі: эволюционизм, жүйелік теориялар және қақтығыс теориялары.

Теориялық социологияның қазіргі жай-күйі социологтар, зерттеушілер алдына социологиялық парадигма таңдау мәселесін қойып отыр. Жаңа социология ілімінің жай-күйіне жиырмасыншы ғасырдың ірі социологтары П.Сорокин, Т.Парсонс, Э.Гидденс, Н.Луман, П.Бурдье және басқалардың тұжырымдамалары зор ықпал етті. Сонымен қатар қазіргі заман қоғамын түсіндіру үлгісі ретіндегі классикалық социология ілімінің мүмкіндіктерін жоққа шығару үрдісі жеткілікті түрде айқындала түсіп, классикалық емес социологиялардың, дәстүрлі емес социологиялық парадигмалардың негізі бар тұжырымдамалар кең етек жаюда. Дегенмен, көптеген парадигмалар мен социологиялық бағыттардың ішінен ХХІ ғасырдың ықтимал перспективасы ретінде - әрекет-белсенділік тәсілін айтуға болады. Ол Энтони Гидденс, Маргарет Арчер, Пьер Бурдье, Джеффри Александер, Питер Штомпка және басқа социологтар жасаған тұжырымдамаларда көрініс тапты.

Бұл тарауда қазіргі заманғы социология ғылымының жаңа теориялары мен тұжырымдамалары қарастырылатын болады. Бүгінгі таңда жаһандану теориясы социологтардың шағын тобына ғана керек емес, саясаткерлер де, экономистер де, журналистер де жаһандану теориясымен танысуға мұқтаж болып отыр.

Жаһанданудың қазіргі теориялары

Жаһандану теориясын жазу мен талдамас бұрын “жаһандану” термині мен жаһандану процесі арасында айқындылықтың жоқ екендігін айта кетейік. Бұрын “жаһандану” ұғымы ғылымда дүниежүзілік тарихтың орнығуы (К.Маркс), әлемдік жалпы адамзаттық өркениет (М.С. Горбачев, Ю.А. Замошкин), әлем-жүйе (И. Валлерстайн) терминдерімен көрсетілді. Жаһанданудың қазіргі таңда кеңінен қарастырылуына қарамастан, бұл ұғымға қатысты біржақтылық жоқ. Кейбір зерттеушілер жаһандануды жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығындағы әлеуметтік өзгерістің жаңа түрі ретінде бейнелейді. Басқалары жаһандануды адамзаттың бірлікке барар жолда жүріп өткен қадамдары деп түсінеді. Үшіншілері жаһандануды тұтас әлемді қалыптастырушы процестер деп ұғынады. Келіспеушіліктер жаһандану процесі мен ұғымдарын түсінуде ғана кездесіп отырған жоқ. Бүгінгі таңда неғұрлым пікір талас тудыратын мәселе - жаһанданудың шегі, оның қоғамның мәдени және саяси жүйелеріне әсері болып отыр. Осыған байланысты бірнеше пікір бар. Мысалы, саяси ғылым саласындағы танымал американдық профессор Самуэль Хантингтонның пікірінше, экономика мен ақпарат саласындағы жақындасу, мәдени алшақтықты шиеленістіріп, ғаламдық және жергілікті деңгейдегі қақтығыстарға әкеліп соғуы мүмкін. Басқа бір саясаттанушы Иммануил Валерстайн ғаламдық және жергілікті мәдениеттер арасында әмбебап пен жергілікті диалектика бар екендігіне назар аударады. Батыс ғылымында өзге де сценарийлер кездеседі. Мысалы, У.Ганнерстің ойынша гомогенизация сценарийі (мәдени бірегейлендіру), жағдай сценарийі - бөтен, ең алдымен батыс мәдениетінің қаптауы, “перифериялық сыбайластық” сценарийі, яғни батыстық емес аймақтарда батыс мәдениетінің құлдырауы және оның сол жерлерде бұрмалануы, сұхбат және алмасу жолымен біртұтас мәдениеттің “пісіп жетілу сценариі” ықтимал. Алайда тұтас алғанда көп жағдайда жаһандану деп біртұтас технологиялық, ақпараттық және қаржы нарығының қалыптасуы айтылып жүр, онда ешқандай шекара жоқ және әлем біркелкі болады.

Кедергі болатын басқа бір жәйт, бұл ғаламдық социологияның зерттеу пәні - жеке қоғамдар ма немесе жалпы адамзат қауымдастығы ма деген мәселе.

Социологияда жаһандануды әрі феномен және әрі ұғым ретінде қарастыру - батыстық қазіргі заман қалған барлық әлемге үлгі бола ала ма деген тағы бір пайымдау тудырады. Жаһандануды сынаушылар бұдан қазіргі батысты батыстық емес елдер мен мәдениеттерге телу дегенді көреді. Үшінші әлем елдеріндегі жаңғыру процесін сараптау көрсеткендей, жаһандану бүкіл әлем дамуының әмбебап және ортақ үлгісі болып табылмайды.

Ақырында, жаһандану социологиялық тәсілдерді өзгерте ме? Э. Тирикьяни сияқты қазіргі зерттеушілер социологиядағы классикалық социологиялық парадигмаларды кейінгі классикалықпен немесе модернистікпен алмастыру қажет деп тұжырымдайды.

Халықаралық социологтар ассоциациясының президенті А. Мартинеллидің пайымдауынша, жаһандану технология, қаржы, ақпарат саласындағы ғаламдық тәуелсіздік пен қоғамдардың, саясат пен мәдениеттің сақталып отырған бөлінуі арасындағы қарама-қайшылық шиеленісін өршітеді. Жаһандану басқарудың жаңа формаларын талап етеді. Мартинелли қазіргі заманғы жаһандану процесін реттеудің үш негізгі преспективасын атайды: халықаралық мемлекеттік ұйымдардың либералды интернационализмі олардың ынтымақтастық этосымен бірге; ұлтаралық бірлестіктердің жаңа әлеуметтік қозғалысының түбегейлі республикалық рухы; мульти-азаматтықтың космополиттік жобасы.

Ғаламдық әлемді қазіргі социологиялық зерттеу ерекшеліктерінің бірі - модернизация теориясынан (соңғы он жылдықтарда үстемдік еткен) бас тарту, салыстырмалы интернационалдық саяси экономияның жаңа мектебінің пайда болуы, өйткені салыстырмалы ғаламдық әлеуметтік дүние құрылымы мен тәртібін түсінуге мүмкіндік береді. Салыстырмалы-тарихи тәсіл елдерді, ұлттарды және басқа субъектілерді сараптауда ұқсас келеді. Жаһандық социология өзінің алдына қойған басты мәселелер - ғаламдық әлеуметтік қатынастар сахнасында кімдер негізгі субъект болып табылады және осыған байланысты мемлекет пен оның құрылымдарының рөлі қандай деген сұрақтар.

Жаһандық социология сараптамасының тағы бір пәні - әлемдік нарық пен геосаяси құрылымдар сараптамасы. Бұл жәйт қазіргі социологиялық еңбектерде көбінесе ғаламдық процестерді тауар алмасуы мен айналуына әкеліп тірегендігі үшін жиі сыналады.

Жалпы жаһандану туралы пікір таластарды төрт пайымдауға шоғырландыруға болады: аймақтық немесе өркениеттік; академиялық; идеологиялық; және жыныстық ерекшеліктер мәселесін қозғайтын пайымдау.

Аймақтың немесе өркениеттік пайымдауға, жаһандануға басты көңіл бөлінбейтін пайымдаулар жатады. Бұл жерде мынадай мәселе көтеріліп отыр: Үшінші әлемнің көптеген елдерінде ең алдымен нақты өркениеттер мен мәдениеттердің ерекшелігін ескеретін жеке бірегей тұжырымдама жасау қажеттілігі белсенді түрде талқыланады. Жаһандану теоретиктерінің өздері Үшінші әлем елдерін сараптау мен бейнелеудің осы елдер ғалымдарының осы тектес ұмтылыстарын жергілікті теориялар мен тұжырымдамалар деп белгілейді. Сонымен бірге жоғары дамыған елдер авторларының социологиялық тұжырымдамаларында глобализацияға қарсы тұжырымдамалары жиі кездеседі. Мысалы, француз интеллектуалдары мен Германияның кейбір социологиялық мектептері жаһандануды француз және неміс қоғамдарына төніп тұрған қауіп деп есептейді. Орталық Еуропа мен Латын Америкасы елдерінің жаһандануға деген сенімсіздігі мен қауіптенуі жоғары. Академиялық пайымдауларда әдетте жаһандану белгілі бір ғылым шеңберінде қарастырылады, жаһандану сараптамасының ең жарқын мысалы, оның экономика пәні шеңберінде зерттелуі болып табылады, осы тектес тәсілді экономикалық дамудың ерекше нұсқасы бар Иммануил Валлерстайн ұсынды. Жаһанданудың идеологиялық пайымдаулары әдетте оған қарсы шығудан немесе оны қолдаудан тұрады. Жаһандануды жақтаушылары оны капитализмнің бүкіл әлем бойынша жеңісті жорығы деп суреттейді. Жаһанданудың қарсыластары одан әлемнің батыстық емес аймақтарында Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк немесе Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты ұйымдар үстемдігінің орнығуын көреді.

Қазақстанның социология ғылымы үшін жаһандану теориясының маңыздылығы неде? Ең алдымен оның тәжірибелік маңызы бар. Жаңа заман әлеміндегі кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттердің мүмкіндіктері мен болашағын бағалау үшін әлем-жүйе сараптамасына бет бұру көп жағынан жемісті болып табылады. Бұл тәсіл жиырма жыл бұрын, дәстүрлі түрде әлеуметтік өзгерістер сараптамасын мемлекет деңгейінде құрып, сол себепті халықаралық және кейбір ішкі “эндогенді” процестерді ұғынуды шектейтін теориялардан артықшылығын көрсетті. Жаһандану теорияларының кейбіреулерін егжей-тегжейлі қарастырып көрейік.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: