Таксономиясы. Тұқымдастығы: Parvoviridae (50-ден астам вирустар кіреді)

Тұқымдастығы: Parvoviridae (50-ден астам вирустар кіреді).

Туыстастығы: Parvovirus– (тышқандардың майда вирустары).

Erythrovirus- вирус В-19 (адамдардың парвовирусы).

Dependovirus -адено- ассоциацияланған вирус 2 (сателиттік вирус). Адамдар үшін ең патогенді- парвовирус В-19. Ол адамдардың ұрығының патологиясын және өлтірілуін, жатырда қабыну үрдістерін, терінің жұқпалы эритемасын, жедел артропатиялар, васкулиттер, тромбоцитопения, гемофагоцитарлық синдром, гепатиттер, перикардиттер, және т.б. қоздырады. Адено-ассоциаланған вирустар өздігінше өсіп-өне алмайды. Олар көбінесе ақау –вирустар болып табылады және «көмекші»-аденовирус бар жерде репродукцияланады.

Құрылымы. Парвовирустар- майда, сыртқы қабықшасы жоқ ДНҚ-құрамды вирустар, диаметрі -18- 26 нм. Капсиді куб типтес симметрия бойынша құрылған. Геномы бір жіпшелі сызықшалы ДНҚ-ң плюс жіпшесінен тұрады. Вирустық бөлшектер құрамында әртүрлі 3 ақуыздар (құрылымдық және құрылымдық емес) табылған (8-сурет).

Репродукциялануы. Жасушаға енген парвовирус (рецептор- тәуелді эндоцитоз тәсілімен) ядроға түседі, сол жерде вирустың «шешінуі» атқарылады. Бір- жіпшелі ДНҚ екі жіпшелі ДНҚ- на айналады (жасушалық ДНҚ- полимеразаның көмегімен). Бұл кезде бастапқы ДНҚ-ң плюс жіпшесіне комплементарлы ДНҚ-ң минус жіпшесі синтезделеді. Ол жаңа вирионның (геномдық) ДНҚ-ң плюс жіпшесінің синтезделуі үшін матрица болып табылады. Онымен қатар иРНҚ синтезделеді, вирустық ақуыздардың трансляциялануы паралельді жүреді. Вирустық ақуыздар цитоплазмада синтезделеді, содан кейін ядроға қайтып оралады, сол жерде жаңа вириондар құрастырыла бастайды. Вирустар жасушаның лизистенуі нәтижесінде сыртқа шығады.

Резистенттілігі. Физикалық және химиялық факторлардың әсеріне парвовирустар өте төзімді: 600С температурада 1 сағат бойы инфекциондық қасиетін сақтайды; детергенттердің әсерінен және де төмен рН- ы ортада бұзылмайды. Парвовирустар УКС-нің әсеріне өте сезімтал.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі науқастанған адамдар және вирус тасымалдаушылар. Ауалы- тамшылы жолмен жұғады. Жүктілік кезінде вирус жұқтыру өте қауіпті.

Патогенезі, клиникалық көріністері. Адамдарға ең патогендісі – В-19 вирус, ол дақты- папулалы бөртпелер шығуымен, буындардың зақымдануымен және созылмалы гемолитикалық анемиямен сипатталатын жұқпалы эритемалар қоздырады.

Вирустың біріншілік репродукциялануы тыныс алу жолдарының эпителиялық жасушаларында атқарылады, содан кейін вирус қанға түседі (1-ші аптада қаннан вирусты бөліп алуға болады). Вирусемия бастала салысымен аурудың клиникалық симптпомдары дамиды. Сүйек кемігінің жасушаларының ядросында вирус қайтадан (екіншілік) репродукцияланады да эритробласттарды, әсіресе ретикулоциттерді зақымдайды, нәтижесінде анемия және жедел полиартрит дамиды. Қоздырғыштың тамырлардың эндотелиясына тропизмділігі бар екені анықталған. Вирустың эмбриопатиялық әсер- ету қабілеттілігі бар, сондықтан нәрестенің өлі туылуына себепкер болады.

Иммунитеті - вирус бейтараптаушы антиденелердің пайда болуымен байланысты.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын зат- қан сарысуы. Вирусты бөліп алу (индикациялау): сүйек кемігінен, ұрықтың көкбауырынан және кіндік қанынан алынған жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ бойынша анықталады). Идентификациялау: ИФР, ПТР, ДНК гибридизациялау. Серологиялық диагноз қою: КБР, ИФТ. Жедел диагноз қою: ПТР, иммундыблот.

Емдеуі және алдын алу шаралары (спецификалық) әлі жасалмаған, қазіргі кезде қарастырылып жатыр.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: