А) Палеолит

Тас ғасыры мынадай ірі үш кезеңге бөлінеді: 1. Палеолит (2,6 млн-12-10 мың) 2. Мезолит (12 мың-5 мың) 3. Неолит (5 мың-3 мың). Палеолит кезеңі ежелгі және кейінгі палеолитті құрайды. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (2.6 млн жыл-700 мың жыл), ашель (700 мың-150-120 мың жыл) және мустье (150-120 мың – 35-30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең үзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды.

Батыс Еуропаның материалдары негізінде қүралған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошеллъ, шелль, ашелъ болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.

Соңғы жылдары бүл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен сонғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын, ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталалы. Ол б.з.ж. 2,5 млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды.

Көптеген зерттеушілер орта палеолитті /соңғы ашель мен мустьені/ біздің заманымыздан бүрынғы 140-40 мың жылдыктарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.

Алғашқы адам тақылеттес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделді.

Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда "Ното Habilis" /"шебер адам"/ деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бүрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептеуір көлемді де салмақты болған. “Шебер адамның” еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.

Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезендеріне сәйкес келетін "Ното erectus " /"түрегелген немесе бойын жазған"/ питекантроп /"маймыл адам"/ және синантроп /"адам"/ болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуында сабақтастық барын байқатады. Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылды. Питекантроп бүдан бір миллиондай жыл бүрын өмір сүрген. Ол "Ноmо һаbilis"-пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге үшыраған. Ми көлемі үлкейіп (959 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.

"Ното erectus"-тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Қытай жерінде Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген /геологиялык жер қыртысы/ тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылғаи. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ.. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын “Ноmо erectus” қазіргі кезеңдегі адам түріне немесе "Ноmо sapience" /"ақылды адам"/ айналды. “Ақылды адамның” қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал б.з.б. 45-35 мың жылдықта Франциядағы Креманьон жотасында қазіргі адамдарға ең жақын ертедегі адамдардың қалдығы табылды.

Қазақстан жерінде, ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан, олардың мекен еткен аудандарының бірі - Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жотасынын солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.

Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдар аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталык Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда, осы маңда орналаскан ежелгі адамдар еңбекке тас кұралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөнгелек тас құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.

Сонғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық үжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ананың төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашкы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттык дәуір деп аталды.

ә) Мезолит.

Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы 12-5 және 5-3 мың жылдықтардың арасын камтиды /мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі/. Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылкы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер - үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент -тәрізді ұсақ қалақтар шықты.

Палеолиттен мезолитке көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін туғызды. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болған бір аймақтарда егіншілік және мал шарушылығы элементтері пайда болып, басқаларында балық аулау және жинау – аңшылық кәсібі қалыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әр түрлі хронологиялық шеңберлері мен оның ерекше сипаттамалары бар. Қазақстан аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б. з. б. 10 – 7 мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. Мәдени-шаруашылық үлгілердің және еңбек құралдарын дайындау технологиясы сипатының аймақтық ерекшеліктері археологиялық мәдениетті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Алғашқы аңшылар жоғарғы палеолиттің өзінде – ақ жайғасқан жерлерінен аңды қамап алуға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының ауысуына ғана емес, халық санының ұлғаюына да байланысты: аң аулайтын жер таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі алыс солтүстікке, Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзендерінің аңғарларына қоныс аударады. Мезолиттік тұрақтар осы кезге дейін палеолиттік орындар табылмаған жерлерде пайда болды. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін жиырма шақты ғана мезолиттік тұрақтар мәлім және солар ғана жақсы зерттелген, ал палеолиттік тұрақтардың қазірдің өзінде тіркелгені жүзден астам. Бұл тұрғындар санының кемігенін білдірмейді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, олар неғұрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындықтар туып отыр: өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың орнында материлдық қалдықтар қалмады деуге болады. Сонымен бірге б. з. б. 8 мыңжылдыққа қарай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және басқа тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрақтарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов – 2, Явленко – 2 тұрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында – Тельман – 7, -8а, - 9а, -14а, одан оңтүстікте, Қарағанды маңында Әкімбек және Қарағанды –15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындағы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка –2а, -12 тұрақтары мәлім. Торғай ойпаңы ауданында – Дүзбай – 6, Қостанай қаласы маңында Дачная және Евгеньевка тұрақтары орналасқан.

Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасында орналасатын. Жоғарыда айтылғанындай, тұрғын үй құрылыстарының қалдықтары сақталмаған. Есіл өзені аңғарында көлемі 40 – 60 шаршы метр, қаңқасының, қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бұрышты құрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады. Сондай-ақ, лашық тәрізді тұрғын жайлар салынған, олардың орындарында шағын шұңқырлар ғана қалған.

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнер табысы – садақ. Шынына келгенде адамға ол жоғарғы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Садақ пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа қару болды. Оның найза мен шанышқыдан артықшылығы нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен қатар ату әдістерінің алуан түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға болатындығында еді. Мезолиттер еңбек құралдарын дайындау техникасында да одан әрі принципті өзгерістер болды: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болған жоқ. Бұл қыстырма техникасының арқасында мүмкін болды. Оның мәні мынада еді: заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды.

Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық қалдықтар кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары жоқ. Жебелер ұштарының түріндегі және бейімделген нұсқаны қосымша өңдеу әдістеріндегі болмашы айырмашылықтарды ғана атап өтуге болады. Мысалы, Мичурин, Дүзбай – 6, Дачная тұрақтарындағы геометриялық нысанда қыстырмалар жоқ. Сонымен бірге бұлардағы қыстырма қалақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондықтан «микролиттер» деп аталған. Бұл ерекшкліктер аумақтық та, хронологиялық та бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы туралы мәселе адамның Арал – Каспий су айырығын игеру тарихымен өзара тығыз байланысты. Маңғыстаудың мезолиттік тұрағы (Қызылсу – 1 және басқалар) мен Солтүстік – Батыс (Айдабол тобы) және Оңтүстік – Батыс (Дефе - Шығанақ) үстірттің соларға жақын ескерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобымен, жиектері ұсақ оймалы және иілген қырғылармен, ассиметриялы және сирек болса да симметриялы трапециялармен, «шағын кескіштермен», кескіштермен, сабынан суарылатын жапырақ сияқты жебе ұштарымен, қыстырмалармен, ұшы қиғаш өткір бізімен, қалақшалармен және қабаттары өңделген ұшы бар сынық тастармен сипатталады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: