Шығу тегі | Препараттар тобы | Коммерциялық атаулары |
Экзогенділер Эндогенділер | Бактериялық | Биостом. Бронхомунал. ИРС-19, Рибомунил. Эксальб |
Өсімдіктік | Иммунал | |
Иммунды реттеуші пептидтер: | ||
Табиғи | Миелоцид, Тактивин. Тимактид. Тималин. Тимостимулин. Цитотект. | |
Интерлейкиндер | Интерлейкин 1-бета (беталейкин). Интерлейкин-2 адамдардыкі, рекомбинантты (ронолейкин). Лейкомакс. Нейпоген. | |
Интерферондар | ||
Интерферон индукторлары | -/- | |
Басқа препараттар | Аффинолейкин | |
Таза химиялық және синтезделген ИМ | Бағытталған химиялық синтездің көмегімен алынған заттар | Полиоксидонилар. Гроприносин. Глутоксим. |
Шығу тегі эндогенді ИМ-ң аналогтары | Галавит. Имунофан. Ликоцид. |
Ескерту: 1. Классификация «Федеральные руководство (ФР) по использованию лекарственных средств», Москва, 2004, вып. 5 бойынша ұсыныстарға сәйкес жасалды.
Кесте 5.17.
Иммунды модуляторлардың жаңа буындары
Атауы | Әсер ету механизмі | Көрсеткіштері |
Алкимер | Т- және В-лимфоциттердің белсенділігін күшейтеді, өндірілуін қалпына келтіреді. | Жұқпалы және аллергиялық аурулар кезіндегі иммунды-тапшылықтың алдын -алу және емдеу. |
Биостим | Бронхыдағы жергілікті иммунитетті, фагоцитозды, гумаральдық және жасушалық иммунитетті белсендіреді. | Тыныс алу жолдарының рецидивті созылмалы инфекцияларының профилактикасы. |
Глутоксим | Тиол алмасудың жасушаішілік процесіне, жасушалардың редокс-жағдайына әсер етеді. | Иммунды-тапшылық жағ-дайларда емдеу және алдын- алу. |
Ибупрофен | Циклооксигеназаны ингибирлейді және простогландиндердің синтезделуін тежейді, эндогенді интерферонның пайда болуын стимульдейді. | ЛОР-ағзаларының жұқпалы-қабыну аурулары, ревматоидты артрит, буынның және буыннан тыс ревматоидты аурулар. |
Иммунал | Фагоциттердің және ретикуло-эндотелиальды жүйе жасушаларының (бауырдың) белсенділігін жоғарылатады. Сүйек кемігіндегі қан түзілуді стимульдейді, гранулоциттердің санын көбейтеді. | Қайталай беретін суыққа шалдығу, ЖРВИ профилактикасы, антибиотиктермен ұзақ уақыт емдеу кезіндегі иммунды-тапшылықтардың алдын-алу. |
Имунофан | Дезинтоксикациялық, гепапто-протективті және антиоксиданттық әсер етеді. Иммундық жүйені және тотығу-тотықсыздандыру процесін белсендіреді. | Әр түрлі этиологиялық иммунды-тапшылық жағдайлардың (қатерлі ісіктер, ЖИТС, ЦМВ-инфекциялар,токсоплазмоз, хламидиоз, вирустық гепатит, псориаз) |
ИРС-19 | А типті секреторлық иммундыглобулиндердің, лизоцимнің белсенділігін күшейтеді және фагоцитозды стимульдейді. | ЛОР- ағзалардың, тыныс алу ағзаларының жұқпалы-қабыну ауруларын емдеу және алдын-алу (соның ішінде жұқпалы-аллергиялық бронхиальды демікпе). Грипп және басқа вирустық инфекциялар кезіндегі асқынулардың алдын-алу. |
Ликопид | Макрофагтардың функциялық белсенділігін, цитокиндердің синтезделуін стимульдейді, антидене пайда болуды күшейтеді, табиғи-киллерлер және Т-лимфоциттердің цитотоксикалық белсенділігін жоғарылатады. | Тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары (ларингит, трахеит, бронхит, пневмония). Офтальмогерпес, белдемше ұшық, кез-келген ұшықтық аурулар, кез-келген жердегі жедел және созылмалы іріңді-қабыну процестері. |
Оксиметилурацил | Макрофагтардың және нейтрофилдердің белсенділігін, Т және В-лимфоциттердің санын және кооперациясын жоғарылатады, гуморальды иммунитетті стимульдейді. Иммунды депрессиялық жағдайларда инфекцияға қарсы резистенттілігін жоғарылатады. | Тыныс алу ағзаларының қабыну аурулары. |
Полиоксидонилар | Детоксикациялық әсер етеді.Фагоциттерді және табиғи киллерлерді белсендіреді, антидене түзулуін стимульдейді. Жасуша мембраналарының әр түрлі заттардың цитотоксикалық әсеріне (соның ішінде дәрілік препараттар) төзімділікті күшейтеді (олардың улық әсерін төмендету арқылы) | Иммунды-тапшылық жағдайлар байқалатын ауруларды (рецидивті созылмалы аурулар, екіншілік иммунды тапшылықпен асқынған жедел және созылмалы вирустық және бактериялық инфекциялар. Иммунды тапшылықтарды (екіншілікті) коррекциялау. 6 айдан жоғарғы жастағы балаларда – созылмалы және жедел бактериялық аурулар және микоздар. |
Ронколейкин. Рекомбинантты интерлейкин-2. | Антивирустық,антибактериялық және антитумороздық иммунитетті күшейтеді. | Иммунды-тапшылық дамитын септикалық, жұқпалы және онкологиялық ауруларды иммунды әдіспен емдеу. Созылмалы С гепатитті, ұшықты емдеу. АИВ және ЦМВ-инфекция кезінде емдеу үшін қолдану. |
Цитотект. Иммунды глобулин. | ЦМВ-инфекцияға қарсы организмдегі антиденелерді көбейтеді. | Иммунды-тапшылық және иммундыдепрессиялармен асқынуы мүмкін пациенттердегі цитомегалияның профилактикасы, иммунитеті нашар аурулардағы жедел ЦМВ-инфекциялардың алдын-алу; әртүрлі себептермен иммундытапшылық туындаған жағдайлардың (мысалы, ЖИТС) профилактикасы. |
Эксальб | Қабынуға қарсы әсер етеді. Т-лимфоциттерді пролиферациясын,иммундыглобулин А,G өндірілуін күшейтеді және иммунды жауапты жоғарылатады. | Ұшық-тәріздес аурулар (ерін ұшығы, белдемше теміреткі) кезіндегі екіншілік іріңдеудің алдын алу. |
Иммунды модуляторлардың артықшылықтары. ИМ-дың клиникалық пайдалану диапозоны өте ауқымды, өйткені олардың ауру алдында немесе аурудың даму барысында иммунитет жүйесінің бұзылысын қалпына келтіру қабылеттілігі бар.
|
|
|
|
Кесте 5.18.
Иммунды модуляторларға сезімтал вирустық инфекциялар спектрі
Вирустық инфекциялар | Қолданылатын иммунды модуляторлар |
Грипп және басқа ЖРВИ | Бендазол, биостим, ибупрофен, изопринозин, иммунал. ИРС-19, ликопид, метилурацил, тимометиктер |
Ұшық | Изопринозин, имунофан, кодигиозан, ликопид, натри нуклеинаты, рибоксин тимометиктер, цитотект |
Вирустық гепатиттер | Бендазол, глутоксим, имунофан, рибоксин, ронколейкин, эксальб |
АИВ-инфекция | Гепон, имунофан, ронколейкин |
ИМ 5.18-кестеде келтірілген кең таралған инфекциялардан басқа бірқатар вирустық ауруларда қолданылады:
|
|
2. полиомиелиттен кейінгі асқынулар;
3. ЛОР ағзалардың жұқпалы-қабыну аурулары;
4. қызылша;
5. құтыру;
6. этиологиясы әртүрлі энцефалиттер;
7. кеңірдек папилломатозы;
8. склероздаушы жеделдеу панэнцефалит;
9. жедел және созылмалы іріңді-қабыну аурулары;
10. жасушалық иммунитетінің төмендеуі болатын иммундытапшылық жағдайлар;
11. вирустық инфекциядан кейінгі бактериялық асқынулар.
Профилактикалық мақсатта қолдану. ИМ тобына жататын препараттарды ересектер мен балалар арасында жедел және созылмалы вирустық инфекциялардың алдын-алу үшін ұсынуға болады. Жұқпалы аурулардан, ауыр операциялардан, қатерлі ісіктерді сәулемен және химиопрепараттармен емдегеннен кейін болуы ықтимал асқынулардың профилактикасы үшін, вирустық инфекциялар кезіндегі екіншілік иммунды-тапшылықтың алдын алу үшін ИМ-ды пайдаланған тиімді.
Басқа препараттармен өзара әсерлеседі: и ммунитеттің Т-жасушалық звеносын стимульдейтін IFN –ның екіспиральды индукторларымен; іріңді және септикалық үрдістерді, лимфопролеративтік ауруларды, ұмытшақтық склерозды ж.б. емдеу кезінде дәстүрлі қолданылатын химиялық препараттармен.
Иммундымодуляторлар қолданғанда болуы мүмкін жанама құбылыстар:
1. аллергиялық реакциялар;
2. гранулоцитоз, лейкопения;
3. дене температурасының көтерілуі;
4. диспенсиялық бұзылыстар;
5. бас ауруы, бас айналу
Қарсы көрсеткіштері:
1. жүктілік және емізу кезеңі;
2. жедел коронарлық жетіспеушілік (недостаточность);
3. сүйек кемігінің қатерлі ісіктері, лимфогранулематоз;
|
|
4. ОНЖ (ЦНС) зақымдануы, қояншық (эпилепсия);
5. бүйрек жеткіліксіздігі;
6. аутоиммунды аурулар;
7. портальды гипертензиямен асқынған бауыр циррозы.