Мутанттарды алу 4 страница

Глюкоза – 2

Автолизат – 2

KH2PO4 – 0,5

MgSO4 – 0,05

К2SO4 – 0,05

Содан кейін ашытқыны сыйымдылығы 8-10л лабораториялық аппаратқа ауыстырады, онда ауа беруге арналған барбатер орнатылған болуы керек. Өсіру процесінде қоректік ортаны қосып отыру әдісінде 2л гидролизатты құрамында РЗ редуцирлеуші заттың 15% құрайтынды қосады. Лабораторияда өскен ашытқы зауыттың таза культурасы сақталатын бөлімшесіне жіберіледі.

Ашытқының таза культурасының өскен биомассасын ашытқы өсіретін аппаратқа егу үшін бірнеше саты іске асырылады. Көлемі үлкейген (дрожанка) үш немесе төрт аппараттан тұратын қондырғы.

Егілетін ашытқының бірінші сатысы сыйымдылығы 500л кіші дрожанкада жүргізіледі. Дрожанкаға (180 л) қайнаған су, (40 л) қоректік орта және лабораторияда өскен ашытқы мен қоректік орта жіберіледі. Өсіру процесі қарқынды аэрациялаумен 12-14 сағат бойы қоректік ортаны беріп отырумен жүреді. Аммиакты суды қоректік ортаның рН мәнін 4,0-5,5 аралықта ұстап тұру үшін беріп отырады. РЗ редуцирлеуші зат қоректік ортадағы құрамы 0,4-0,5% жоғары болмауы керек. Бір циклде құрамында 75% суды құрайтын ашытқы биомассасының 3,4- 4,5кг болады.

Егілген ашытқыны өсірудің екінші сатысы

Сыйымдығы 4,5-5,0 м³ дрожанкада жүргізіледі. Дрожанкаға (1300 л) қайнаған ыстық су (200л), қоректік орта және барлық егілген ашытқы (300-310) қоректік ортасымен бірінші сатыдан беріледі. Өсіру ұзақтығы 10-11сағат, үлкен дрожанкадағы культуральды сұйықтық 2500л жиналады.

Үшінші сатысы сыйымдығы 12-15 м³ кіші ашытқы өсіретін аппаратта жүргізіледі. Аппаратқа (1500л) қайнаған ыстық су, екінші сатыда өсірілген (2500л) егілген ашытқы қоректік ортасымен және (500л) жаңадан жасалған жас қоректік орта беріледі. Кіші ашытқы өсіретін аппаратта ашытқыны өсіру уақытысы (8-9сағ.),қоректік ортаны қосып отырғандағы ортада 90-120 кг ашытқы биомассасын құрайтын ортада 6000л жиналады. 1 литр ортада ылғалдығы 75% 15-20г ашытқы құрайды. Өндірістік ашытқы өсіретін аппаратта егіс ашытқысын таңдап алу үшін осы мөлшері жеткілікті.

Егілген ашытқыны өңделген қоректік ортамен бірге бөліп алу кіші ашытқы өсіретін аппараттан үздіксіз жұмыс жасаумен іске асырылады, демек аппараттан 1-1,5 м³ егістік ашытқы алынады,оған осындай мөлшерде жас жаңадан жасалған қоректік орта беріледі. Қоректік ортадағы РЗ редуцирлеуші заттың құрамы 1-1,2% жоғарыламауы керек.

Ашытқының таза культурасы бірінші өндірістік аппаратқа беру ұсынылады, ол толған соң, екіншісіне және тағы сол сияқты келесі тізбектеле жалғаса береді. Таза культура өсіретін аппарат ауа тарататын жүйемен және қоректік ортаны салқындататын, қыздырғыш жыланшамен, бу беруге арналған барбатермен жабдықталған. Ашытқыны өсіруге аппаратқа ауаны беру тазарту және залалсыздау жүйесінен кейін беріледі.

Қоректік ортаны дайындау

Өсімдік шикізатының гидролизатында және сульфитті шелокта ашытқыны өсіруде субстраттың тұрақты құрамы үлкен мәнге ие, негізінде микроорганизмдерді өсіруге осы шикізат көзін дайындау сапасына байланысты.

Көмірсуды құрайтын субстраттарда ашытқының қалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін қоректік ортаға қосымша калий, азот, фосфор қосылуы керек. Азотты аммоний сульфаты немесе аммиакты су түрінде қосады, ол бір мезгілде ашытқы өсіретін апаратта рН мәнін реттеп отыру үшін де қажет, фосфор – суперфосфат түрінде қосылады, калий – калий хлориді түрінде қосылады. Кейбір ашытқы штаммдарының тіршілік етуіне оң әсер етуші биостимуляторлар әсер етеді. Көбінесе биостимуляторлар ретінде ашытқы автолизаты, меласса, солод өсіндісі қосылады.

Гидролизат құрамы

Ағаш гидролизатының құрамында органикалық және неорганикалық заттар болады.

Органикалық заттарды ұшқыш және ұшқыш емес деп бөлуге болады. Ұшқыш емес органикалық заттарға моно-және полисахаридтер, органикалық қышқылдар, лигногуминді заттар, шайыр, майлар жатады. Ұшқыш заттарға терпендер, метил спирті, фурфурол, құмырсқа және сірке қышқылы, моносахаридті ыдыратқанда түзілетіндер жатады. Гексоз ыдырағанда оксиметилфурфурол түзіледі, левулин және құмырсқа қышқылы, ал пентоз ыдырағанда фурфурол, құмырсқа қышқылы және т.б. пайда болады.

Төменде мысал ретінде әртүрлі өсімдік шикізатынан алынған гидролизаттың құрамы келтірілген,%:

Шырша Ақ қайың

ағашы ағашы

РЗ 3,16 2,88

Декстриндер 0,18 0,15

Фурфурол 0,04 0,08

Оксиметилфурфурол 0,06 0,09

Шырша Ақ қайың

ағашы ағашы

Формальдегид 0,008 0,006

Сірке қышқылы 0,25 0,40

Құмырсқа қышқылы 0,03 0,05

Ұшқыш емес қышқылы 0,15 0,24

Моносахаридтен гидролизат құрамына гексозалар, пентозалар және метилпентозалар кіреді. Гексозадан (глюкоза, галактоза, манноза) глюкоза асып түседі. Пентозаның ішінде ксилоза және арабиноза идентифицирленген. Метилпентозадан біраз мөлшерде рамноза және фруктоза қатысады.

Гидролизаттың неорганикалық заттары өсімдік шикізатының гидролизі кезінде және қышқыл қайнаған кезде ерітіндіге өткен қосылыстар ұсынылған. Өсімдіктің құрамында 0,2-ден 1,2%-ке дейін күлді заттар бар. Гидролиз кезінде олар тұз түрінде (Na, K, Ca, Mg, Fe, Mn және т.б.) ерітіндіге ауысады. Анионнан гидролизатта Po 2-4 SO²-4, сондай-ақ кремний оксиді құрайды.

Азықтық ашытқыны өсіруге арналған қоректік ортаның сапасы тек қана қанттың құрамымен емес және басқа микроорганизмнің өсуіне арналған химиялық қосылыспен анықталады, бірақ және олардың тіршілік етуіне теріс әсер ететін зат.

Абсолютті құрғақ 1т ағаштан әртүрлі 500кг дейін заттар құрайды, ол ашытқыға арналған көміртегі қорегінің көзі болып, соның ішінде 430 кг қант, 40-50 кг сірке және құмырсқа қышқылы, 50кг левулин қышқылы атқарады. Бір мезгілде гидролизатта 40 кг дейін субстраттың биологиялық сапасын төмендететін ашытқыға арналған зиянды заттар қатысады. Зиянды қосылысқа фурфурол, оксиметилфурфурол, еритін полисахаридтер, натрий хлориді, шайырлы зат, бояғыш заттар, гуминді каллоидтар және лигнин тектес және кейбір басқа заттар жатады. Гидролизатқа фурфурол құрамының қажет етілген мөлшері 0,03-0,04% заттар, 0,15-0,20 % лигнинді зат, 0,1-0,2% оксиметилфурфурол болады.

Ашытқының тіршілік етуіне әсер ететін гидролизатта болатын лигногуминді заттар. Бұл заттар қарқынды аэрацияланғанда, ортаны коагуляциялайды, тұнады және ашытқы массасымен араласады. Ашытқының өсуіне теріс әсер етеді және механикалықты қосқанда: гипс кристалл, окалин және басқа да қатты қоспалар.

Сульфитті щелок құрамы. Сульфитті щелок ерітіндісінде оңай гидролизденетін гемицеллюлоза ағашы ыдырататын өнімдер және көмірсуды тотықтырғыш сульфирленген лигнин, сондай-ақ күкірт құрайтын қосылыс болады.

Сульфитті щелоктың құрамына моносахаридтер органикалық қышқыл, лигносульфонды қышқылдан тұратын моносахарид, азырақ мөлшерде олигосахаридтер кіреді. Сульфитті щелокта целлюлозаны қайнатқанда өсімдік шикізатынан ауысқан сонымен қатар, әр түрлі микроэлементтер болады. Концентрациясы аз болса да (103-нен 106 г/л дейін) олар микоорганизмді өсіргенде үлкен мәнге ие болады. Сульфитті щелоктың құрамы өсімдік шикізатына және қайнату жағдайына байланысты ауытқып отырады. Целлюлозаны қайнатқанда шырша ағашынан (ағаш массасынан 50% дейін) қалыпты шығыммен алынған щелоктың құрамы төменде келтірілген, грамнан 100мл:

РВ 2,7-3,2 Метилгликоль 0,03-0,04

Құрғақ қалдық 9,0-13 Ұшқыш органикалық қышқыл 0,3-0,4

Күлділігі, % 10-20 Альдон қышқылы 0,6-0,4

Фурфурол 0,02-0,03 Метил спиртті қосылыстар 0,05-0,07

Целлюлозаны қайнатқанда алынған сульфитті щелокте зиянды қосылыстар күкірт ангидриді SO2, фурфурол, сахарогидросульфитті қосылыстар, метил спирті, кейбір органикалық қосылыстар, лигносульфон қышқылының тұздары және т.б. саналады. Сульфитті щелокте күкірт ангидрид SO2 құрамы 0,04% жоғары болмауы керек.

Ферментация процесі

Азықтық ашытқыны өнеркәсіптік жағдайда арнайы ашытқы өсіретін аппаратта өсіреді. Қазіргі кезде ашытқы өсіретін аппарат ферментер деп аталады, себебі онда ферментация процесі жүреді. Ашытқының үлкен шығымын алу үшін және қантты толығымен қолдану үшін батареяға қосылған аппараттардың әр түрлі әдісі қолданылады: біреулік батарея екеулік батарея параллельді тізбектелген ағыммен (19 сурет).

Технологиялық сызба нұсқасы бойынша біреулік батарея көптеген зауыттарда және көптеген елдерде қолданылады.Мұнда бір аппаратта ортаның қоректік затын толығымен қолдану жүреді, онда ашытқы алудың толық циклі іске асырылады.

19 сурет-Ашытқы өсіретін аппаратың қосылған тізбегінің сызба нұсқасы

а-біреулік батарея; б- тізбектелген ағыммен екеулік батарея;

в- параллель-тізбектелген екеулік батарея

Екеулік батарея тізбектелген ағыммен қоректік ортадан қантты екі жақтама қолдану жүреді, басты аппаратта 70-80% қант, ал соңғы аппаратта қалған мөлшерін қолдану жүреді: екеулік (үшеулік) батерея тізбектелген ағыммен қантты қолдану және барлық аппараттарға биомассаларды өсіру біркелкі салу жүктеу ұсынылады.

Қуаттылығы үлкен зауыттарда сыйымдылығы 1300м³ аппараттар орнатылған. Ашытқының шығымы жоғарысын алу үшін қоректік ортаны үздіксіз беруді және ашытқы суспензиясын бөліп алуды, қарқынды аэрациялауды, температураны, рН мәнінің оптимальды болуын қамтамасыз етеді.

Қоректік ортаны беру жылдамдығы субстраттың биологиялық сапасына байланысты болады және аппаратта ортаның көлемі тұрақты болу үшін ашытқы суспензиясын бөліп алу жылдамдығы әр түрлі болса да теңестіріледі.Оттегінің еру жылдамдығын жоғарылату үшін, ауаны майдалап диспергирлеу керек. Ол үшін ашытқы өсіретін аппаратта әртүрлі ауа таратқыш және араластырғыш қондырғы қолданылады.

Микроорганизмнің тіршілік етуіне ортаның температурасы үлкен әсер етеді. Өндірісте ашытқы культурасын өсіру 32-38ºС температурада жүргізіледі. Ортаның температурасы 32ºС төмен болғанда зат алмасу процесі және жасушаның белсенді тіршілік етуі төмендейді. Ортаның температурасы 38-40ºС болса оттегіні белсенді жұту бірден төмендейді, жасушадағы ақуыз құрамы бойынша шығымы төмендейді. Ашытқыны өсіру процесі жылуды бөлумен жүреді: 1кг құрғақ ашытқы 10,5-тен 14,7 кДж дейін жылудың бір бөлігін аппараттан ауамен бірге шығарады, ал басқа бөлігі артық жылу аппаратта орнатылған жылу алмастырғышпен шығарылады.

Ашытқының тіршілік етуі және өсуі ортаның рН мәніне байланысты. Ашытқының әртүрлі штамдары әлсіз қышқыл ортада рН 3,5-5,5 қалыпты дамиды. Гидролизатта немесе сульфитті щелокта ашытқының көбеюі ортаның қышқылдығында процесс барысында жоғарылайды,демек, азот аммоний сульфаты және ортада күкірт қышқылының анионы жиналады. Процестегі рН мәнін қалыпты ұстау үшін ортада ашытқы өсіруде аммиакты сумен сілтілейді. Культивирлеу процесінің эффективтілігі ашытқы өсіретін аппаратта биомассаның шығымымен анықталады. Ашытқы үшін Candida туысы барынша жоғары экологиялық коэффициент -50% дейін сипатталады.

Ашытқы супензиясын концентрлеу

Ашытқы өсіретін аппараттан алынған ашытқы суспензиясындағы ашытқыдағы жасуша ішіндегі ылғалдылығы 75% дейін болатын 20-дан 40 г/л- дейін ашытқы құрайды. Техникалық талабы бойынша тауарлы азықтық ашытқының соңғы өнімнің ылғалдылығы 10% аспауы керек.

Ашытпадағы барлық суды іс жүзінде жою керек. Ол үшін ашытқыны концентрлеу қолданылады, ал сосын кептіру көптеген өндірісте кеңінен таралған ашытқы бөлудің келесі технологиялық сызба нұсқасы қолданылады: флотирлеу, сепарирлеу, булау және кептіру. Кейбір зауыттарда тізбектеле орындалуы және қолданылатын операцияның саны түрленеді. Демек, сызба нұсқаның бәрінде емес бірінші сатысында, ашытқы суспензиясын қоюландырудың флотирлеу әдісі қолданылады. Мұндай кезде ашытқы ашытпа өсіретін аппараттан бірден сепарирлеуге жіберіледі. Басқа жағдайда булау әдісі болмайды және ашытқыны сепарирлеуден кейін бірден кептіруге жіберіледі. Ашытқыны бөліп алудың технологиялық сызба нұсқасын таңдауда технологиялық тиімділігін, электр энергиясын, будың шығымын, жұмысшы күшін ескеру керек.

Флотирлеу

Флотирлеу әдісі ашытқы суспензиясын ауамен үрлегенде көбікте ашытқы жасушасын концентрлеу қабілетіне демек сұйықтықтан көбікке флотирленуге негізделген. Бұл әдіс өндірісте барынша кеңінен таралған. Флотациялық аппараттың құрылысының қарапайымдылығы олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ол үздіксіз ашытпадан ашытқы бөлу процесін жүргізуге мүмкіндік береді.

Бір сатылы флотаторда флотирлеу процесін жүргізеді, кемшілігі ашытқының үлкен бөлігінің жоғалуы (5% дейін). Азықтық ақуыз өндірісінде ашытқы жасушасын концентрлеу үшін флотирлеу әдісі қолданылады. Орындалу мақсаты культуральды сұйықтық көбіктенгенде ашытқының негізгі массасы ауамен бірге көбікке ауысады, оны культуральды сұйықтықтан бөліп алады. Флотирлеу процесі арнайы аппаратта – құрылысы әр түрлі флотаторда жүргізеді.

Флотациялық әдіспен ашытқыны концентрлеу дәрежесі флотирлеу коэффициентімен сипатталады. Оны көбік жинағыштан алынған ашытқы концентрациясына көбік жинағыштан алынған концентраттың бастапқы ашытқы суспензиясындағы ашытқы концентрациясына қарай есептейді. Бұл коэффициент үштен төртке дейін, кейде алтыға дейін жетеді. Флотирлеудегі ашытқы концентрациясының дәрежесі штамының қасиетіне, оның жасына, физиологиялық жағдайына, флотатор құрылысына, процестің ұзақтығына, флотаторға берілетін ауаның мөлшеріне және көптеген басқа факторларға байланысты, бірінші сатыда флотирлеу әдісін ашытқыны концентрлеу үшін қолдану экономика жағынан ақталған, демек бұл сатыда ашытқының қоюлануы қымбат тұратын сепаратордың санын қысқартуға мүмкіндік жасайды, келесі саты ашытқыны қоюландыру.

Сепарирлеу

Флотирленгеннен кейін ашытқы концентраты әрмен қарай қоюлану үшін сепарирлеуге жіберіледі. Ол үшін ашытқы концентратын насостың көмегімен айдайды және оны диэмульгирлендіреді, демек көбіксіздендіреді. Қазіргі кезде көбікті сұйылту үшін флотатор немесе арнайы ыдыс (деэмульгатор) механикалық әдіс қолданылады.

Осы мақсатқа сәйкес күрекшелі бұлғағыш немесе құрылысы басқа қолданылады. Флотатордан шыққан немесе диэмульгатордан шыққан сұйылтылған ашытқы суспензиясында біраз мөлшерде ауа болады, ол суспензияны ортадан тепкіш насостың көмегімен айдауға қиындық тудырады. Ашытқы суспензиясынан ауаны бөлу үшін ортадан тепкіш насостың алдына газды бөлуге арналған ыдыс орнатылады, оны газ бөлгіш деп атайды. Бір немесе бірнеше флотатордан газ бөлгішке келіп түседі, онда бос ағымның кеңеюінің нәтижесінде сұйықтықтың жылдамдығы төмендейді. Бұл ауаның бөлінуіне мүмкіндік жасайды, ол жоғарғы штуцер газ бөлгіштен атмосфераға жіберіледі.

Сепарирлеу әдісі ортадан тепкіш күштің әсеріне негізделген. Ашытқы суспензиясы сепараторға келіп, барабанның айналуынан ортадан тепкіш күштің әсеріне түседі. Ашытқының тығыздығы 1,1 г/см2 болғаннан айналудың әсерінен шет-шетіне лақтырады. Ашытпа ашытқыдан босатылған және тығыздығы 1,01 г/см3 болғанда айналу ортасына ығыстырылады. Демек, ашытқы суспензиясы ашытқының ашытпасына және ашытқы суспензиясының қоюлануына бөлінеді. Барабанда ашытқы ашытпасының тұну ұзақтығы 2-5с. Сепаратордың барабанының айналу жиілігі 4500-6000 айн/мин. Қазіргі заманғы сепаратордың өнімділігі 25-80 м3/сағ (ашытқы есебі бойынша).

Сепаратордың жұмыс жасау сенімділігі оларды дұрыс қолдану дәрежесіне байланысты. Сепараторлар жүйелі тазартуды және профилактикалық жөндеуді қажет етеді. Тазартылмаған сепаратордың жұмыс жасау ұзақтығы келіп түсетін ашытқы ашытпасының сапасына байланысты және орташа 12-24 сағат ұзақтығын құрайды, арнайы столда қолмен сепараторда жуады және талдайды. Жуып болғаннан кейін тарелкаларды реттеп жинайды.

Булау. Сепарирленгеннен кейін ашытқы концентратында ашытқының ішіндегі ылғалдылығы 75% болатын, демек 15% абсолютты құрғақ затты құрайтын 600 г/л ашытқы болады. Мұндай ашытқы концентраты кептіруге жіберілуі мүмкін, бірақ электр энергиясын үнемдеудің мақсатын кептіруге жіберер алдында буландырғыш аппаратта ҚЗ 23-25% дейін қоюландырады.

Ашытқы концентратын буландыру бір немесе екі корпусты вакуум буландырғыш қондырғыда жүргізіледі. Ашытқы суспензиясын буландырғыш аппаратқа берер алдында плазмолиз (термолиз) жүргізіледі. Оны қыздыру үшін құбыр аралық кеңістік арқылы өтетін жылу алмастырғыш плазмолизаторда 75-80 ºС температураға дейін бумен қыздырады және ұстағыш ыдыста 30-40 минут ұстайды. Осы операцияның процесінде барлық микрофлораға сәйкес келіп ашытқы жасушасы өледі және малға азықтық қоспа ретінде ашытқыны қолдану өте маңызды. Жануардың организмінде тірі жасуша нашар сіңіріледі және кандидоз ауруын тудыруы мүмкін. Одан басқа ашытқы суспензиясын плазмолиз нәтижесінде гомогенизациялайды, келесі булау процесіне оң әсерін береді.

Ашытқы суспензиясын кептіру

Ашытқы концентратын буландырғыш қондырғыда буландырудан кейін тауарлы өнімнің ылғалдылығы 8-10% болғанша арнайы кептіргіш қондырғыда кептіріледі.

Азықтық ашытқыны буып түю

Құрғақ ашытқы күшті шаң қонатын ұнтақ болып келеді. Олар қағаз қапта сақталады және тасымалданады. Азықтық ашытқы ашытқы кептіргіш бөлімнен шнекпен немесе пневмотасымалдағышпен қабылдағыш бункерге беріледі.

Бункер тік бұрышты дәнекерленген болып келеді, төменгі жағында төрт саңылауы бар. Бункердің астында буып түюге арналған ВРА маркалы машина болады, оның өнімділігі 2 т/cағ. Қағаз қап қолмен металл дөңгелекке кигізіледі. Машинаны іске қосқанда 15-20 секундта белгіленген массада толтырылып автоматты түрде жабылады.

Қапты қолмен алып сілкиді қағаз қаптың ішкі жағы жабылу үшін және оны ленталы тасымалдағышпен қоймаға жібереді. Салу, шығару, түсіру жұмысын тездету үшін қоймада бес қатардан ашытқысы бар қапты қойып тасымалдайды.

Ескере кету керек, қаптағы азықтық ашытқыны буып түюге арналған сызба нұсқасымен азықтық ашытқы өндірісінің барлық өсуші көлемімен сәйкес келмейді.

Өте аз тығыздықта (540 кг/м3) ашытқы ұнтағын буып түю үшін қымбат тұратын таралардың көп санын қажет етеді және қоймалардың үлкен аумағын қажет етеді. Мұндай өнімді тасымалдауда үлкен шығын болады. Демек, жүк тасымалдағыш 50 тонналық бір вагонға 18-20т ашытқы сияды екен. Сондықтан болашақта азықтық ашытқыны түйіршіктелген түрде шығарғаны қолайлы, тасымалдауға, сақтауға, тұтынуға және мөлшерлеу үшін өте қолайлы.

Паприн өндірісі

Микроорганизмдерді тотықтыру қабілеттілігі және мұнай көмірсуларын ассимилизациялау қабілеттілігі бұрыннан белгілі, бірақ көмірсу негізінде ақуыздық өнімдерді алудағы қарқынды зерттеулер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана басталған. Біздің елімізде осы мәселе бойынша зерттеулер ғылымдар мен көптеген жоғарғы оқу орындарының инженерлерінің бірлескен мемлекеттік координациялық жоспарымен жүргізілген, ол қысқа мерзімде ғылыми және техникалық мақсатта жаңа перспективті шикізаттан ақуыздық ашытқы өнеркәсіптік өндірісін құруға мүмкіндік жасады. Кеңес Одағы кезінде 1968 жылы әлемде ең бірінші мұнай парафинінен азықтық ақуыз алу өндірісі негізінде өндірістік – тәжірибелік зауыт ашылды. Қазіргі кезде елімізде микробиологиялық өндіріс мұнай көмірсуларын көміртегі көзі ретінде қолдана отырып азықтық ақуыздың жүздеген мың тоннасын шығаруға болады.

Шикізатқа сипаттама

Мұнай көмірсуларын сіңіретін ақуыз биосинтезінің өнімділігі жоғары ашытқылардың ішіндегі Candida болып табылады. Мұнай парафинінде өсіретін Candida ашытқысынан алынған микроорганизмдердің биомассасы өсімдік шикізатының гидролизатынан алынған азықтық ашытқыдан айырмашылығы ақуыз-витамин концентраты немесе паприн деп аталады.

Мұнай әр түрлі көмірсулардың қосылысынан (метандық, мұнайлық, ароматтық) оттегі, күкірт және азот қосылыстарынан тұрады. Микробиологиялық өндіріс үшін көмірсулар метан қатарының - алкандары немесе СnH2n+2 жалпы формуласы парафиндер қызығушылық тудыруда. Азықтық ашытқы өндірісі үшін құрылысы қалыпты парафиндерді қолдануға болады. Суда ерімейтін парафиндер, химиялық инертті, бірақ микроорганизмдері оларды тез арада үлкен жылдамдықпен тотықтыра алады. Жеңіл микроорганизмдер тізбегінде 14-19 көміртегі атомы бар (С1419) сұйық Н-парафинін қолданады. Құрамында көп көміртегі атомы бар парафинді көмірсулар қалыпты температурада қатты зат болып келеді. Сондықтан микроорганизмдер оларды өте баяу тотықтырады.

Микробиологиялық синтез үшін қажетті С1027 н-парафиндерді (сұйық Н-парафин деп атайды). Мұнай өндіретін зауыттарда мұнай фракцияларына тиісті екі әдіс арқылы алынады: карбамид көмегімен депарафинизациялау (мочевина) немесе цеолитте адсорбция әдісі арқылы (молекулярлы торда) өндіреді.

Парафинді мұнай фракциясынан карбомид СО(NH2)2 көмегімен бөлу, оның парафинмен қосылып қатты комплекс түзуі негізделген, құрылысы қалыпты парафин, мұндай комплексті изоқұрылысты парафинге қарағанда оңай түзіледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: