Кіріспе 7 страница

Соңғы бесжылдықтарда жаздық бидайдың егіс көлемі мен өнімі Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында төмендегіше өзгерді (кесте).

Жер шары халқының жартысынан көбі негізінен бидаймен — нан макарон, кондитер өнімдері т.б. қоректенеді. Аталған өнімдердің қоректілігі жоғары болып халық мұқтажын қанағаттандыру үшін оларда бағалы сапа көрсеткіштері мен қасиеттер болған абзал.

Бидай дәнінің сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткішке белок мөлшері мен дән уызы (клейковина) жатады. Бұл көрсеткіштер бидайдың пайалану сипатын анықтайды.

Оңдеу (өндіру) өнеркәсібі мен экспорт үшін күшті және қатты бидай сорттары жоғары бағаланады. Күшті бидайға белогі мен дән уызы мол жұмсақ бидай жатады.

Жұмсақ бидай сорттары ұн мен нанның сапасын анықтайтын жинақты көрсеткіш — ұнның «күшіне» қарай күшті, орташа жәнеосал (әлсіз) болып үш топқа бөлінеді.

Күштібидай белогының көптігі, уызының жиырымдылығы және созылымдылығы жағынан көзге түседі. Мұндай ұннан пісірілген нан көмпиіп тұрады, түрі өте ұнамды, бүйір қабығы жұқа немесе тор көзді, жұмсақ, созылмалы келеді, сондай-ақ өте дәмді, сүйкімді иісі болады. Сонымен қатар күшті бидайдың байытушылық қасиеті бар: осал бидайдың ұнына аздап күшті бидайдың ұнын қосқанда одан шығатын нанның сапасы анағұрлым жақсарады. Күшті бидай ең таңдаулы бидай болып саналады, сондықтан ішкі және халықаралық нарықта оған деген сұраныс жоғары.

Орташа нандық күші (қуаты), бар бидай, басқаша айтқанда филлер, ешқандай қоспасыз-ақ жақсы сапалы нан береді. Оған жататын сорттар белогының мөлшері орташа, уызының жиырымдылығы біршама төмен, сондай-ақ қамырының ашытылған кездегі ферменттік тұрақтылығы да төмендеу болады. Мұндай сорттар осал бидайдың нандық қасиетін жақсартуға қабілетті емес.

Осал (әлсіз) бидайдың белогы шамалы, дән уызының жиырымдылығы өте әлсіз болады. Сондықтан нан сапасының көрсеткіштері төмен болады. Осал бидай нанының сапасын жақсарту үшін міндетті түрде күшті бидай ұнын қосады.

Жақсы қатты бидай астығы жоғары сапалы макарон өндіруге таптырмайтын шикізат болып табылады. Жұмсақ бидай ұнынан макарон өнімдерін жасауға болады, бірақ олар өзінің пішінін сақтай алмайды, омырылғыш, піскен кезде жабысқақ келеді де тиімсіз түске өнеді. Сары-янтарлы немесе лимон тәрізді сарғыш түсті макарон өте жоғары сапалы деп есептеледі. Мұндай түс каротиноид пигментіне байланысты, ал оның мөлшері жұмсақ бидайға қарағанда қатты бидайда орта есеппен екі есе көп.

Жақсы макарон өнімдері мынадай талаптарға сай болуы қажет: қамыры тығыз жабыспалы, қалыпқа салғанда жеткілікті дәрежеде механакалық берік және пішінді. Бұл қасиеттердің барлығы жоғары сапалы қатты бидай өнімдерінен дайындалған қамырға тән. Қатты бидай жоғары сапалы ұнтақ жармасын өндіретш шикізат болып табылады. Қатты бидай дәнін диірменге тартқанда қырлы ұн бөліктері бірыңғай масса болып түзіледі; ұн клеткалары қатты, бірақ нәзік келеді, ал жұмсақ бидайда олар борпылдақ әрі ұсақ саңылаулары болады. Дән уызының мөлшері мен оның сапасы да үлкен рөл атқарады. Қатты бидайдың дән уызы «қысқа» серпімді болып келеді, сондықтан оның ұнынан пісірілген нанның көлемі аз, тор көзділігі нашар болады. Газ ұстау қабілетінің төмендігінен қатты бидайдың нандық сапасы жұмсақ бидайға қарағанда төмен.

Бидай түлері. Бидай қоңырбастар (Роасеае) тұқымдасына және Тrіfісиm туыстығына жатады. Осы заманғы жіктеу бойынша бұл туыстық 22 түрді біріктіреді. Ол 4 генетикалық топқа бөлінеді.

1. Диплоидты бидайлар, олардың соматикалық клеткасында Н хромосом (2п-14) болады. Бұл топтың өкілдеріне мәдени бірдәнді, жабайы бірдәнді т.б. жатады. Диплоидты түрлепдщ ішінде дәніндегі белок мөлшері 35-37% жететін, саңырауқұлақ ауруларына төзімді үлгілері де бар (Животков Л. А. ж. о. 1989).

2. Тетраолаидты түрлер, соматикадың клеткаларда 28 хромасом (2п-28)бар, өкілдері ретінде қатты бидай, жабайы қосдәнді бидайды. т. б. атауға болады, Тетраплоидты бидайлардың ішінде қатты бидай (Т.durum) барынша үлкен маңызға ие, ол дүние жүзінде егіс көлемі бойынша екінші орын (жұмсақ бидайдан кейін) алады.

3. Гексаплоидты түрлер (2п-42) соматикалық клеткасында 42 хромосомы бар көптеген бидай өкілдерін біріктіреді (жұмсақ бидай, спельта, карлик, мах т. б. бидайлары). Олардың ішнде ең кеп тарағаны жұмсақ бидай (Т. аеstіvum). Бұл бүкіл дүние жүзінде барынша көп тараған астық дақылы. Ол жер шарының барлық континенттерін қамтиды — полярлық шеңберден оңтүстік Африка мен Америкаға дейін: теңіз деңгейінен төмен жерлерде, сонымен қатар 4000 м биіктікке дейінгі белдеулерде өсіріледі. Осының бәрі бұл дақылдың үлкеи бейімділігін көрсетеді. Тіршілікке бейімділігі бойынша да, морфобиологиялық ерекшеліктері бойынша да (күздік, жаздық, жартылай күздік және жаздық) жұмсақ бидай айтарлықтай полиморфты болып келеді.

4. Октаплоидты түрі (2п-56) қолдан жасалған, оған грибобой бидайы (Т. fungicidum) жатады.

Дәннің гүл қабықшаларынан ажыратылу дәрежесіне қарай барлық бидай түрлері жалаңаш дәнді, немесе нағыз бидайлар және қабықты, немесе полба бидайлары болып екі топқа бөлінеді. Жалаңаш дәнді (нағыз) бидайлардың масағы сынбайды, қалыпты жағдайда бастырғанда дәндері қабықшалардан жеңіл ажыратылады (жұмсақ, қатты, карлик, персикум т. б. бидайлар). Қабықты (полба) түрлерінің масағы омырылғыш және бастырғанда өте қиын үгітіледі (спельта, мәдени бірдәнді, қосдәнді, зандури т. б. бидайлар).

Бидай түрлерінің ішінде барынша маңыздыларына жұмсақ және қатты бидайлар жатады. Жұмсақ бидай (Т. аеstivum) жоғарыда көрсеткеніміздей, егіншілікте көр тараған, масағы борпылдақ, қылтықты және қылтықсыз, қылтықты формаларында қылтықтары жанжағына шашыраңқы орналасқан және масақ ұзындығынан қысқа. Масақ қабықшасы үзынша әжімді, оның қыры (киль) жіңішке, негізіне қарай жойылып кетеді. Масақтын, «бет» жағы бүйірінен жалпақ. Масақ асты сабанының бөлігі қалыпты жағдайда кеуек. Дәндері жеңіл үгітіледі, ұсақ, орташа және ірі болып келеді, ұнды, немесе жылтыр (шынылы). Айдары айқын ажыратылады, қылдары ұзын.

Қатты бидай (Т. durum) масағы тығыз, призма пішінді, бүйірі бет жағынан кең, негізінен қылтықты. Қылтықтары ұзын, параллель орналасқан. Масақ қабықшасынын, қыры (киль) негізінен дейін айқын ажыратылған. Масақ асты сабаны паренхима тканімен толтырылған. Масағы қиынырақ үгітіледі. Дәндері сопакша, ірі жылтыр, кейде әлсіз ұнды. Айдары әлсіз дамыған, қылдары қысқа.

Жұмсақ және қатты бидайлар кең тараған, сондықтан сыртқы орта мен адамзат әсеріне көп ұшыраған. Осының нәтижесінде көптеген түршелерге тамақталған. Бидайды түршелерге ажырату үшін тұрақты морфологиялық бес белгісі — масақтын, қылтықтылығы, масақша түктілігі, масақтың, дәннің және қылтықтың түстері алынған.

Қазақстанның солтүстігінде барынша көп тараған түршелерге жұмсақ бидайдан лютесценс, барбаросса және қатты бидайдан гордейформе, леукурум жатады.

ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙ

Биологиялық ерекшеліктері. Жаздық жұмсақ бидай салқынға айтарлықтай төзімді дәнді дақыл. Тұқымдары +1—2°С жылылықта өне бастайды. Алайда тіршілікке қабілетті егін көгі +4—5°С пайда болады. Топырақтың тұқым сіңіру тереңдігінде температура +5°С болғанда егін көгі 30 күнде, 8°С — 13 күнде, + 10°С — 9 күнде, 15°С,— 7 күнде пайда болады. Жаздық бидайдың егін көгі қысқамерзімді -10°С дейінгі аязды көтереді, бірақ гүлдену және дәннің нандану кезеңдерінде – 1-2°С бозқыраудан жарақаттанады. Қолайлы жағдайларда жаздық бидайдың тұқымы 5 түп тамырлармен өнеді. Себу — көктеу кезеңінің ұзақтығы ең алдымен топырақтың температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Мәселен, Целиноград АШИ-ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының деректері бойынша (Әрінов Қ.К. ж.б.) Целиноград ауданы жағдайында аталған кезен 10 күннен 16 күнге дейін өзгерумен орта есеппен 13 күнге созылады.

Жаздық бидайдың түптенуі +10—12°С температурада жақсы өтеді. Қалыпты жағдайда жаздық бидай нашар түптенеді. Көктеу-түптену кезеңіндегі температураның төмендеуі түйін (қосалқы) тамырлардың түзілуі мен дамуына он, әсерін тигізеді, соның нәтижесінде жаздық бидайдың өнімі артады. Өсімдіктің жеке дамуына бұл кезең жастық шақ дәуреніне сәйкес келетін органогенездің алғашқы төрт кезеңін қамтиды: сабақтың өсу конусы дифференциацияланады, жапырақ пен екінші дәрежедегі білік, гүл шоғырынық білігі қалыптаса бастайды, гүл шоғырының қалақшалары дифференциацияланады. Целиноград облысы жағдайында кезең 12—17 күнге созылады. Жоғары температура мен аңызақ бұл кезеңнің өтуін тездетеді де, кейіннен егін өнімін күрт төмендетеді. Жаздық бидайдың өсіп-даму кезеңінде, әсіресе түптену-түтікке шығу және түтіктену — масақтану кезеңдеріндегі температура жағдайлары өсімдік тіршілігіндегі шешуші фактор болып табылады. Бұл кезеңдерде жаздық бидай өсімдігі екінші жастық дәуренін — органогенездің 5—8 кезеңдерін (гүл дифференциациясы, жатын мен аталықтардын, қалыптасуы, түйін аралықтарынық ұзара өсуі, масақтану кезеңінің аяқталуы) етеді. Солтүстік Қазақстанда бұл кезеңдердің ұзақтығы 16—29 күн шеңберінде өзгереді және масақтану кезеңі көбінесе шілденің алғашқы онкүндігінде, ал күшті қуаңшылықта (1990 ж. сияқты) — маусымньщ соңында өтеді. Жоғары температурада гүлдену кезеңі де тездетіледі — жаздық бидай тіршілік шағының үшінші дәуренінің басы немесе органогемездің 9-кезеңі. Жаздық бидай тіршілігінің маңызды масақтану-пісіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 42—51 күнге (балауызданып пісуіне дейін) созылады да органогенездің 10—12 кезеңдеріне сәйкес келеді. Бұл кезеңдегі қолайлы температура +16—23°С. Жалпы алғанда орташа мерзімде және ортадан кеш пісетін сорттар үшін Солтүстік Қазақстан жағдайында қажетті белсенді температура жиынтығы 1700—1900°С, ал оң температура жиынтығы 2200—2500°С дейін жетеді, бірақ аязсыз кезең қысқа-орта есеппен 110—115 күннен аспайды.

Жаздық жұмсақ бидай тұқымы құрғақ дәң массасына шаққанда 50—60% мөлшерінде ылғал сіңіргенде өне бастайды. Бір өлшем құрғақ зат түзу үшін ол өзінің организмінен 400—500 өлшем су буландырады, немесе транспирация коэффициенті 400— 500 тең деген сөз. Целиноград АШИ-ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының деректері бойынша (Әрінов Қ. Қ., 1980) жаздық бидайдың супайдалану коэффициенті суармаған жағдайда 18,5— 22,0 мм/ц, ал суармалы жерлерде 10,9—12,0 мм/ц болды.

Жаздық бидайдың даму кезеңдеріне қарай ылғалды пайдалануы біркелкі емес: барлық қажетті ылғалдың көктеу қезеңінде 5—7%, түптенуде — 15—20%, түптену мен масақтануда — 50—60%, сүттене пісуде — 20—30%, ал балауызданып піскенде — 3—5% жұмсалады.

Жаздық бидайдың ылғалға барынша көп қажетсінуі, немесе «қиын-қыстау» кезеңі түптену-масақтану басқаша айтқанда, репродуктивтік органдарының пайда болу (органогенездің 5—7 кезеңдері) кезеңінде байқалады. Бұл кезеңдегі топырақтағы ылғал тапшылығы бидай дәнінің қалыптасуы мен толысуына теріс әсерін тигізеді де егін өнімін күрт төмендетеді. Қолайлы мерзімде себілгенде жаздық бидайдың «қиын-қыстау» кезеңі ауа-райынын барынша қолайлы уақытында өтеді. Солтүстік Қазақстан жағдайында себу алдында топырақтың 1 м қабатында 60—80 мм болғанда — төмен, 100—120 мм — орташа және 140 мм артық болғанда — жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген деп есептеледі. Айта кету керек, жаздық бидай арпаға, күздік бидайға, қара бидай мен тары тәріздес дақылдарға қарағанда ылғалға анағұрлым жоғары талап қояды.

Тамыр жүйесінің сіңіру қабілетінің және оның басқа дәнді дақылдарға қарағанда айтарлықтай әлсіз дамитындығынан жаздық бидай топырақ құнарлығына өте жоғары талап қояды. Өсімдік тіршілігіндегі қоректік заттардың рөлі әрқилы. Азот (N) жақсы түптенуге, қуатта сабақ пен жапырақ түзуге мүмкіндік жасайды, фотосинтетикалық қызметті күшейтеді, биологиялык массаның қорлануын, дәндегі протеин мөлшерін арттырады. Фосфор (Р2О5) тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, жалпы өнімдері астық үлесін арттырады, қуаңшалыққа төзімділігін күшейтеді, су пайдалану коэффициентін төмендетеді, жаздық бидайдың пісуін 5—6 күнге тездетеді. Калий (К2О) фотосинтездің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкіндік жасайды, өсімдіктің ылғал үстау және тамырдың ылғал сіқіру қабілеттерін арттырады, қуаңшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімділігін арттырады. Қоректік заттарды пайдалану өсімдік ылғал қажетсінуіне ұқсас. Жаздық бидайдың коректену элементтерін шығару топыраққа байланысты және орта есеппен (әрбір ц астық пен тиісті сабанға шақканда) азот (N) — 3,7—4,0, фосфор (Р2О5) — 0,9— 1,1 және калий (К2О) — 1,7—1,8 кг тең. Жаздық бидай өсіруге барынша қолайлы қара және қоңыр топырақтар деп есептеледі. Ол тұзды топырақты нашар кетеретін дақылдар тобына жатады. Сортаңдау топырақтарда, әсіресе қуаңшылық жылдары, өнімді күрт төмендетеді. Жақсы өнімді реакциясы қалыпты, немесе әлсіз қышқыл топырақтарда алуға болады.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан аймақтарында Саратовская 29, Целинная 60, Иртышанка 10, Эритроспермум 35 т. б. аудандастырылып ойдағыдай өсірілуде.

Өсіру технологиясының ерекшеліктері. Бидай өнімін арттырудың негізгі жолдарының бірі — оны өсірудің интенсивті технологиясын қолдану болып табылады. Ол негізінен материалдық-техникалық ресурстар және жаңа ғылыми жетістіктер мен тәжірибені кеңінен пайдалануға сүйенеді.

Жаздық жұмсақ бидай өнімін арттыруда алғы дақылға үлкен маңыз беріледі. Ең жаксы алғы дақылдар — таза пар, пардан кейінгі екінші дақыл, дәнді-бұршақ дақылдары, сүрлемдік жүгері. Пішенге немесе жасыл балаусаға өсірілген сұлы, сонымен қатар ерте себіліп (жаздық бидай себуге дейін) және монокормге жиналған арпа да айтарлықтай алғы дақыл болады. Солтүстік Қазақстанның далалық және ормандыдала аудандары үішн БАШҒЗИ және басқа ғылыми мекемелердің оқымыстылары қысқа айналымды (төрт, бөс, алты танапты т. б.) дәнді парлы және дәнді отамалы дақылдар ауыспалы егістерін зерттеп жасады.

Жаздық жұмсақ бидай орналастырылған көп тараған ауыспалы егістер мыналар: 1. Пар, 2 танап бидай, арпа немесе сүлы; 2. Пар, 2 танап бидай, біржылдық шөптер, бидай, арпа (сұлы); 3. Пар, 2 танап бидай, жүгері, бидай, арпа (сұлы); 4. Пар, 2 танап бидай, арпа (сұлы), бидай; 5. Жүгері, бидай; 6. Жүгері, бидай, арпа (сулы); 7. Біржылдық шөптер, бидай, тағы басқалары.

Эрозияға қауіпті алқаптарда жаздық бидайды жолақты парларда орналастырады: пар+жаздық бидай, жаздық бидай+пар, жаздық бидай, арпа (сұлы).

Механикалық құрамы жеңіл топырақты шаруашылықтарда (Павлодар және Қостанай облыстарының шығыс бөлігі) да жаздық жұмсақ бидайды жолақтарға орналастырады (жолақтың ені 50 м аспағаны жөн): егістіктің 50% біржылдық және көпжылдық шөптер, 10% таза пар және 40% бидай болуға тиіс.

Кез келген жылдары, метеорологиялық жағдайдардың ерекшелігіне қарамай, таза пардық жаздық бидайға өте жақсы алғы дақыл екендігін өндірістік деректер де көрсетті. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облыстарының 97 шаруашылығында 285 мың га таза пардағы жаздық бидайдың орташа өнімі 14,1 ц/га болды, жүгеріден кейін 87 мың га егістіктен — 15,9 ц/га және 2—3 жылғы дәнді дақылдан кейін себілген жаздық бидайдың 780 мың гектарынаң 10,4 ц/га өнім жиналды.

Әртүрлі ауыспалы егістіктердің тиімділігін объективті түрде бағалайтын көрсеткіш — 1 га ауыспалы егістен шыққан астық өнімі, оның ішінде жаздық бидай болып табылады. Атап айтқанда, төрт және бестанапты дәнді-парлы ауыспалы егістері енгізілген БАВДҒЗИ-дың тәжірибе шаруашылығыңда 25 мың ға алқаптан орта есеппен 6 жылда дәнді дақылдардың өнімі 16,0 ц/га болды, ал 1 га жыртылған жерге шыққандағы астық шығымы — 13,3 ц. Бұл жылдардағы жаздық бидай өнімі- де осындай — 17,0 ц/га болды. М.К. Сүлейменовтың соңғы жылдарғы мақалалары көрсеткендей, егіншілік мәдениеті жоғары болған жағдайда Солтүстік Қазақстанның қуаңшылықты жағдайында, жаздық бидайдың барынша көп шығымы оны үздіксіз бір орында өсіргенде алынған. Орта есеппен 1981—1987 жылдарда әр гектар жыртылған жерге шаққандағы жаздық бидай шығымы мынадай болды (ц): екі танапты ауыспалы егісте – 11,8 төрт танапты - 13,0, бес танапты — 14,4, үздіксіз гербицид қолданбай себілген танапта — 9,7, ал үздіксіз жаздық бидай себілгенде және гербицид қолданып отырғанда – 15,4.

Топырақты өңдеу. Жаздық бидай өсірудегі маңызды агротехникалық шаралардың бірі топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеу болып табылады. Мұның өзі ылғал жинактау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде Қазақстанның солтүстік облыстарында топырақты сыдыра жыртып өңдеу игерілген. Бұл тәсіл топырақ бетінде аныз паясын сақтауға, соның әсерінен қыста қар тоқтатуға, ал терең қопсыту-қар суын сіңіруге жағдай жасайды. Паясы сақталған танаптарда топырақ аз тереңдікке қатады да көктемде ерте жібіп қар суы жақсы тоқтатылады. Топырақты негізгі өндеу ең алдымен алғы дақылға байланысты, сондықтан таза парды дайындауды қарастырайық. Алғы дақыл жиналғаннан кейін топырақ жазық тілгіш культиваторлармен (ОПТ-3,5, КПШ 9) 12 14 см тереңдікте өңделеді. Соның нәтижесінде өсіп тұрған арамшөптер қырқылады, олардың тұқымының бір бөлігі топыраққа сіңіріледі және қопсытылған топырақ суды жақсы жұтады. Қара сұлымен қатты ластанған танаптарды күзде жазық тілгіштермен өңдесімен БИГ-3 имек тісті тырмалармен 4—6 см терендікке қосымша қопсытылады. Ал бұл агротехникалық шара қара сұлы мен баска арамшөптер тұкымдарының ерте көтемде жаппай өсіп шығуына мүмкіндік жасайды.

Көктемгі жұмыс таза парды қара сұлы жаппай көктегеннен кейін ҚШИ-9, КТС-10-01, ОПТ-3,5 культиваторларымен өңдеуден басталадьі. Күшті ластанған таналтарда бұл жұмысты дәнді дақылдарды сепкенге дейін жүргізген дұрыс, соның нәтижесінде арамшөптер тым өсіп кетпейді, топырақты өңдегенде олар жеңіл құртылады, әрі топырақ артық кеуіп кетуден сакталады. Пар таиабының бұдан әрі өңделуі атпа тамырлы арамшөптер күйіне байланысты — олардың сабақтанып кетуіне жол бермеген жөн. Осы мақсатпен парды өңдегенге дейін (тамыздың соңғы онкүндігі) әрбір 18—20 күнде 10—12 см тереңдікте культивацияланада, да жаз бойы кем дегенде төрт рет жүргізіледі. Жаз қуаңшылықты болғанда культиваторлармен парды екінші немесе үшінші өңдеуден өткізгеннен кейін атпа тамырлы арамшөптер өсіп шығуы ықтимал. Олардың ішінде ең қауіптіеі егістік шырмауық. Қуатты тамыр жүйесінің арқасында ол механикалық өңдеуге өте төзімді. Оны кұрту үшін топырақты жазық тілгіш құралдармен өңдеумен қатар 2,4-Д немесе диален гербицидімен бүрку жұмыстарын қабыстырып жүргізу қажет. Бұл жағдайда парды екінші өндегеннен кейін 25—30 күн бойы егістік шырмауықтың өсуіне мүмкіндік беру керек, ал соңынан (тамыздын, бірінші онкүндігінде) танап 2,4-Д тобының эфирлерімен (1,2 кг/га ә. е. з. мөлшерінде) немесе диаленмен (1,6—2,0 кг/га ә. е. з.) бүркіледі. Қоректік заттармен бірге төмен түсетін ағыстың нәтижесінде гербицидтер тамыр жүйесіне енеді де келесі жылы шырмауықтың толық жойылып кетуіне әкеліп соғады.

Тамыр сабақты жатаған бидайықпен ластанған пар танабын 4—5 рет 14—16 см тереңдікте ҚПЗ-3,8 немесе КТС-10-01 культиваторымен еңдеген барынша тиімді.

Тамыр сабақты қарабас шалғын (острец) арамшөбімен ластанған парды дайындаудың технологиясын біршама өзгеше. Оның тамыр сабағы 18—28 см тереңдікке дейін орналасқан. Оны құрту үшін пар танабын қайырмалы плугпен маусымның басында 25—27 см жыртады, жаз бойы жаңа өркендерінің пайда бо-луына қарай 2—3 рет ҚПЭ-3,8 немесе КТС-10-01 культиваторлармен өңделеді.

Қара сұлы мен, итқонақпен, шырмауықты қарақұмықпен ластанған танапты парға дайындағанда мүмкіндігінше топырақты саяз өңдеген жөн, топырақтың беткі қабатының терең кеуіп кетпеуін қарастырады. Соның нәтижесінде арамшөптер жаппай өсіп шығады да, кейіннен культивациялаудың тиімділігі артады. Осы себеппен СЗС-2,1 және СЗС-2ДЛ сеялкаларын да пайдалануға болады.

Таза парлардың негізгі өңдеуін тамыздың екінші жартысында жүргізеді.

Солтүстік Қазақстанның карбонатты оңтүстік қаратопырағын, қара қоңыр және қоңыр топырақтарын 20—22 ем-ден 25—27 см дейін қопсытады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Көкшетау облыстарының қоңыржай қуаңшылық аймағында механикалық құрамы ауыр, бірақ ылғал қабілеті жақсы каратопырақтарын 14 см асырмай қопсытса жеткілікті.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: