Каспий мемлекеттік 8 страница

Қазақстанда саяси партияның құрылуы ХХ ғ. басына жатады. Қазақтың зиялылары 1905 ж. желтоқсанда Орал қаласында А.Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның кадет партиясының бөлімі құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Кейін А.Бөкейханов кадет партиясынан шығады, оның басшылығымен Орынборда 1917 ж. 21-26 шілде аралығында өткен бірінші жалпықазақ съезі жұмысы барысында «Алаш» партиясы құрылды.

Сонымен бірге 1917 жылдың күзінде Қазақстанда «Үш жүз» партиясы құрылды. Оның басшысы Қ.Тоғысов деген болатын. Бұл партия большевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі жалғыз басқарушы партия КОКП (Кеңес Одағының Коммунистік партиясы) болды.

Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. «Желтоқсан» қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990 ж.мамырда) осы аттас партия құрылды.

Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы бастапқыда клубтық құрылымдар кезеңі(1986-1989ж.) жастардың саяси клубтарын, «ресми емес бірлестіктерді», «жасыл майданды» және басқа да экологиялық топтарды құру арқылы басталған еді. КСРО-ның күйреуі Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасу үрдісін тездетті. 1991 ж. 21 қазанда алғашқы партиялар: Қазақстан Халық Конгресі,Қазақстан Социалистік партиясы, Қазақстан Республикалық партиясы, Қазақстан Коммунистік партиясы, 1993 ж. Қазақстан Демократиялық прогресі партиясы құрылып тіркелді.

1999 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның Республикалық Халық партиясы, «Азамат» демократиялық партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы, Республикалық «Отан» саяси партиясы құрылды. Төрт ұйым- демократиялық партия мен «Қазақстанның халық бірлігі», «Қазақстан-2030 қозғалысы» мен Либералдық қозғалыс «Отан» республикалық партиясына бірігуді ұйғарды (01.03.1999ж.)

Қазіргі кездегі негізгі мәселе – республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Оны республикадағы барлық партиялар мойындайды. Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі баяу және күрделі өтуде. Оның себептері: республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси мәдениеттің төмендігі, құқықтық негіздің әлсіздігі. Кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде құрылмады, «жоғарғы» жақтың ұйғарымымен жасалады. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарда каналдары не мерзімді уақыттары жоқ.

Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар. Партиялардан қоғамдық саяси қозғалыстарды айыра білу керек. Оларға белгілі бір мақсаттарға жету үшін үкіметке ықпал ету бағытында құрылатын азаматтардың түрлі ерікті ұйымдары жатады. Қоғамдық саяси ұйымдардың негізгі белгілері: партияларға қарағанда тұлғасыз болады және әлеуметтік базасы кең болады; белгілі бір саяси мақсатқа жетуге бағдар ұстайды; ұйымдық құрылымы жағынан әлсіз болады; қоғамдық саяси қозғалыстар билікке жетуді емес,билікке ықпал етуді негізгі міндет деп санайды.Қозғалыстар көбінесе стихиялы түрде пайда болады.Алдына қойған мақсаттарына жету үшін қозғалыстардың пайдаланатын әдістері жанама ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында насихат науқанын жүргізу, өз талаптарына жазбаша түрде қол жинау, ереуілдер өткізу, үкімет жарлықтарына бағынбау, пикет, митингі, шеру өткізу) және тікелей ықпал ету (билік органдарының құрамына өз өкілдерін өткізу, саяси бюрократия өкілдерімен жеке байланыстар жасау т.б.) деп бөлінеді.

Кәсіподақ қозғалысы бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіреді және олардың мүддесін қорғауды мақсат етеді.Ең алғаш рет қозғалыс белгілері ортағасырлық қолөнершілердің цехтық ұйымдары ретінде көрінеді. ХIХ ғасырда қазіргі формасына ие болып, өнеркәсібі дамыған елдерде қалыптасты. Бүгін де кәсіподақтар мемлекет саясатын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.

Конфессионалдық қозғалыстар ежелгі заманнан белгілі. Қазіргі заманғы ХIХ ғасыр ортасында пайда болды, олар саяси қатынастарды христиандық мораль негізінде қайта құру діндарлардың саяси өмірге қатысуына жағдайлар жасауды міндет етеді. Конфессионалдық қозғалыстар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ерекше танымал бола бастады.Олардың бір бөлігі партияларға айналды.

Халық майдандары. Алғаш рет бұқаралық қозғалыс ретінде екі дүниежүзілік соғыс аралығында пайда болып, қоғамды демократияландыруды мақсат етті. Социалистік елдерде ХХ ғ. 80 ж. соңында халық майдандары ұйымдары жаппай құрыла бастайды. Іс жүзінде майдандар түрлі күштерді: партия, кәсіподақтарды т.б. біріктіреді.

Табиғатты қорғау қозғалыстары. ХХ ғ. ортасында пайда болып, экологиялық мәселелерге билік органдарының көңілін аударуды мақсат етті. Өзінің сыртқы түрі жағынан «саяси еместігіне» қарамастан бұл қозғалыстар саясатқа үлкен ықпал етеді: өз мүшелерін өкілділік институттарының құрамына енгізеді; ядролық жарылыстар жасауға кедергілер ұйымдастырады; экологиялық бағдарламалардың қабылдануына т.б. ықпал етеді т.б. Жаһанды (глобальды) ауқымдағы бұл бағыттағы ірі және ықпалды қозғалыс болып «greenpeace» қозғалысы болып табылады.

Бұл аталғандардан басқа қоғамның саяси өміріне қоғамдық саяси ұйымдар да ықпал етеді. Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар әртүрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар, жастар,әйелдер ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық, ардагерлер одақтары, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қорғаныс және т.б.) жатады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Саяси партия дегеніміз не?

2. Саяси партияны басқа саяси ұйымдардан айыратын белгілерін атаңыз.

3. Партияның мәні туралы зерттеушілер арасында қандай көзқарастар бар?

4. ХIХ-ХХ ғғ.межесінде партиялардың саясаттың субъектісіне айналуына қандай факторлар әсер етті?

5. Партиялардың қалыптасуының қандай әдеттерін білесіз?

6. Партияның негізгі қызметтері қандай?

7. Партияның құрылымы қандай компоненттерден тұрады?

8. Партияларды жіктеу неге негізделеді?

9. Партиялық жүйе деп нені атайды?

10. Партия жүйелерінің қандай типтерін білесіз?

11. Бірпартиялық,екіпартиялық және көппартиялық жүйелердің негізгі белгілері қандай?

12. Екіпартиялық және көппартиялық жүйелердің жағымды(басым) және жағымсыз (осал) жақтары қандай?

13. Қазіргі заманғы Қазақстандағы саяси партияларға сипаттама беріңіз.

14. Қоғамдық-саяси қозғалыстар дегеніміз не және олардың негізгі белгілері қандай?

15. Қазақстанда қандай қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар бар?

Ұсынылатын әдебиеттер: [№5; 9, 3-тарау, 61-63 бб., 7-тарау, §§1-4, 94-116 бб.; №11; №13, 7-тарау, §§4, 212-219 бб., 10-тарау, §§1-4, 258-279 бб.; №14; №15, 65-70, 97-119 бб.; №16, 62-76 бб.; 19, 3-тарау, 156-163 бб., 174-184 бб.; №20-22; №29; №31, 15-тарау, §§1-3, 270-289 бб.; №34; №35, 69-76 бб.; №51]

Дәріс 9. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңғыру. Саяси үдеріс және саяси қызмет.

Дәріс мақсаты: Құбылыс ретіндегі демократияның түсінігін, ерекше белгілерін, құндылықтарын, түрлерін, ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы демократияның нысандарын қарастыра отырып, қазіргі заманғы демократияның түрлі теорияларына, олардың басым және әлсіз жақтарына, қазіргі заманда демократияға өтудің алғы шарттары мен жолдарына, демократияландырудың үлгілеріне, постсоциалистік елдердің демократияға өту мәселелеріне тоқталу.

Басты ұғымдар: демократия, полиархия, демократия теориялары, охлократия, ұжымдық демократия, классикалық демократия, плебсцитарлық демократия, репрезентативті демократия, саяси жаңару, саяси даму, модернизация.

  1. Демократияның тарихи формалары, түрлері.
  2. Демократия теориялары.
  3. Саяси жаңалау ұғымы. Қазақстандағы демократияландыру мен саяси жаңалау мәселелері.

1.Демократиның тарихи формалары, түрлері. Саясаттануда демократия – ең жиі қолданылатын ұғымдардың бірі. Саяси ойлар тарихында демократия сөзі ежелгі сөздердің қатарына жатады. Демократияның тарихи генезисі ұзақ жолдардан өтті, ол құбылыс ретінде дағдарысты, құлдырауды, жаңаруды, басынан кешірді, бұл процесс көп қырлы және қарама-қайшылықты болды. Бұл генезис бүгінде аяқталған жоқ. Қазіргі кезеңде дүние жүзінде бірде-бір саяси жүйе демократия мұраттарын (идеалын) толық бейнелей алмайды.

Қазіргі кезеңде демократия мәселелері – саясаттанудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. «Демократия» термині ежелгі гректің «демос» -халық және «кратос»-билік деген сөздерінен құралып, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезеңде ғылымда демократия терминінің мынадай түсініктері бар: 1) мемлекет нысаны және жалпы саяси жүйенің нысаны ретінде; 2) мүшелерінің басқаруға қатысуы теңдігіне, көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген қоғамдық өмірдің, кез келген ұйымының ұйымдастырылу түрі; 3) белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделген қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар; 4) халық билігін, демократиялық мақсаттар мен мұраттарды жүзеге асыру жолындағы әлеуметтік және саяси қозғалыс.

Халық билігі ретіндегі демократия ұғымы белгілі бір нормаларға негізделеді. Мұндай нормалар, идеалдар, құндылықтар ретінде еркіндік, теңдік, адамның ар-ожданын құрметтеу, ынтымақтастық т.б. алынған. Мемлекеттік басқару нысаны ретінде демократияға мынадай ерекше белгілер тән: халық билігінің жоғарлылығын, егеменділігін заңды түрде мойындау және оны институционалдандыру; мемлекеттердің негізгі органдарының әрдайым сайланбалылығы; мемлекетті басқаруға қатысуға азаматтардың құқықтарының теңдігі; шешім қабылдағанда көпшілік дауыспен қабылдау және шешімді жүзеге асырғанда азшылық көпшілікке бағынады.

Демократияның аталған бұл жалпы принциптері оның негізгі өлшемдерін анықтауға, демократия туралы теорияларды айырып, топтауға, ал тәжірибедегі демократия үлгілерін өлшеуге мүмкіндік береді. Демократияның принциптері мен белгілері бойынша оның мынадай түрлері бар: халық құрамын түсінуге байланысты – жалпы және әлеуметтік (таптық, этникалық, демографиялық т.б.) шектелген демократия және охлократия; халық- индивидтердің жиынтығы немесе түрлі топтардың өзара әрекеті ме, әлде тұтас субъект ма, осыған байланысты – индивидуалдық (даралық), плюралистік (топтық) және ұжымдық түрі; халықтың басқаруға қатысуына қарай – тікелей (тура),плебисцитарлық,және өкілділік (репрезентативті);билік органдарының, институттарының қалыптасу тәртібі мен құрылысына қарай – парламенттік, президенттік, аралас (немесе жартылай президентік) республикалар, суперпрезиденттік республикалар, парламенттік монархия;азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу құқықтарының теңдігіне қарай – формальді және фактілік; м емлекет қамтамасыз ететін теңдіктің, сипатына қарай – саяси (құқықтар теңдігі - формальді теңдік) және әлеуметтік (мемлекетті басқаруға азаматтардың қатысу мүмкіндіктерінің теңдігіне негізделген); шешім қабылдау мен жүзеге асыруда азшылықтың көпшілікке бағынуы белгісіне қарай – деспоттық, тоталитарлық және конститутциялық.

Демократияның пайда болуы. Ұйымдасудың демократиялық нысандары ежелгі замандардан, мемлекетке дейінгі рулық құрылыс кезеңінен бастау алады. Демократияның рулық нысандарын барлық халықтар басынан кешірді. Рулық демократия хандық-туыстық байланыстарға, ортақ меншікке, тығыздықтың төмендігіне, тұрғындардың санының аздығына, тұрпайы өндіріске негізделді. Демократиялық мемлекеттің алғашқы, классикалық нысаны Афины республикасы болды.

Демократия: теориялары. Классикалық либерализм демократиясы. Бүгінгі күні өмір сүріп тұрған демократиялық жүйелер өз бастауын ХVІІІ ғасырдың соңы ХХ ғасырдағы либерализм идеологиясының тікелей ықпалымен пайда болған басқару нысанынан алады. Саяси және демократиялық ойлардың дамуында либерализмнің ролі өте зор. Бұл идеялық және саяси ағым жеке адамның еркіндігі, оны мемлекеттің тираниясынан қорғау туы астында пайда болды.

Либералдық идеялардың және олардың көпшілігінің іс жүзіне асырылуының отаны – Англия болды. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы классикалық либералдық демократияның белгілері: биліктің субъектісі ретінде халық меншік иелері-ер адамдармен байланыстырылды, дарашылдық, жеке адамды биліктің алғашқы және басты көзі деп мойындау, демократияның тар саяси, формальды сипаты, еркіндікті жағымсыз тұрғыдан түсіну, парламентаризм, мемлекеттің қызметі шектеледі биліктің бөлінуі, олардың бір-бірін тежеп отыруы, көпшіліктің азшылыққа билігін шектеу, жеке және топтық автономия мен еркіндікті қамтамасыз ету. Азшылықтың өз пікірі болуына және оны заң шеңберінде қорғауға құқығы бар.

Ұжымдық демократия. Либералдық мемлекетің кемшіліктерін жойып, шынайы халық билігін жүзеге асыруға ұжымдық демократия үлгілері тырысты. Ұжымдық демократияны идентитарлық (бірыңғай) демократия деп те атайды. Бұл ұғым халықтың (ұлттың, таптың) және оның еркінің тұтастығына байланысты туған.

Идентитарлық демократия теориясының көрнекті өкілдері - Руссо, Маркс, Ленин, К.Шмитт. Демократияның бұл типінің маңызды принциптерін Жан Жак Руссо (1712-1778) алғаш рет негіздеді. Руссоның демократиялық республикасы азаматтың идеалы - өзімен өзі жеке кеткен дара тұлға емес, қоғам мүддесін көздеуші, оның белсенді мүшесі. Руссо демократиясының теориясы бүкіл биліктің оқшауланған индивиттердің тұтас нәрсеге (халыққа) ерікті түрде бірігуі арқылы пайда болған халыққа тиесілі екендігінен бастау алады. Халыққа біріккен кейін жеке адам өз құқықтарын жоғалтпады. Олар оған қажет емес, себебі тұтас нәрсе - мемлекет кез-келген тірі организм сияқты өз мүшелерін қамқорлыққа алады, ал өз кезегінде олар да мемлекетің игілігі туралы ойлауы тиіс. Руссоның мемлекетке органикалық тұрғыдан қарауында инвид пен мемлекет арасында қайшылықтар, жанжалдар болмайды, азаматтардың билікке қарсы наразылығы үшін негіз жойылады, саяси оппозицияға, жеке мүдделерге жол берілмейді. Егер жеке мүдде пайда болса, ол басылады. Мүдделер мен халық еркінің ортақ болуының алғы шарты мүлік теңдігі болып табылады. Руссо жеке меншікті толық жоюды емес, оны шектеуді, мөлшерін бідей етуді ұсынды.

«Социалистік демократия» теориясы. «Социалистік демократия» теориясы Руссонның идентитарлық концепциясының маңызды принциптерін сақтай отырып, оған өзгерістер енгізді. Бұл теория бастапқыда жұмысшы табының біртұтастығына,ал социализм құрғаннан кейін бүкіл халықтың біртұтастығына соған байланысты оларда таптық және жалпы халықтық мүдделердің болуына негізделді. «Социалистік демократия» теориясының Руссо концепциясына қарағандағы ерекшелігі - жеке меншікті толық жоюдан, жеке адам автономиясын мойындамаудан, халықты жұмысшы табымен, еңбекшілермен алмастырудан, сонымен бірге жұмысшы табының жетекшілік ролі, жұмысшы табы мен бүкіл халықтың авангарды - коммунистік партия, ол толық демократияға, қоғамдық өзін-өзі басқаруға өту процесін басқарады деген идеялардан көрінеді.

Ұжымдық демократияның ерекше белгілері: халықтың ұжымы ретінде түсіндірлуі, халықтың біртұтастығы, оның ортақ мүддесі мен еркінің болуы; халық ішінде ішкі қайшылықтардың болмауы, саяси оппозицияға жау ретінде қарап, оны күштеп жою; мемлекет пен қоғамның барлық істеріне азаматтың белсенді, тең құқықты қатысуы ретінде түсінілген еркіндіктің ұжымдық (антикалық түсінікке жақын) түсінігі; биліктің тоталитарлық, абсолюттік сипаты, іс жүзінде халықпен (таппен, ұлтпен) теңестірілген көсемдердің билігі, азшылықтың, оның ішінде жеке адамның толық қорғансыздығы; адам құқығы мәселесінің болмауы, себебі тұтас нәрсе мемлекет өзінің құрамдас бөліктерінің жағдайының жақсы болуына онсыз да мүдделі; жалпы саяси жұмылдыру, азаматтардың басқаруға тікелей қатысуы, өкілділік органдары мен қызметтегі адамдарды халықтың қызметшісі, оның еркін жүзеге асырушысы деп қарау; әлеуметтік демократияның жариялануы.

Плюралистік (алуан түрлілік) демократия. Қазіргі заманғы демократияның батыстық үлгісі либералдық саяси жүйеден өсіп шықты. Классикалық либералдық мемлекетпен ұқсастығына қарамастан, қазіргі заманғы демократияның одан біраз айырмашылығы бар. Оның негізгі ерекшеліктері сонда, ол ұйымдасудың түрлі идеяларына, концепцияларына және нысандарына сүйенеді, дәстүрлі либералдық құндылықтарды социалистік, христиандық, коммунистік және т.б. қозғалыстардан алынған идеялармен үйлестіруге, постиндустриялық қоғамның жаңа жағдайларын есепке алуға тырысады.

Демократияға өтудің құндылықтары, алғы шарттары және жолдары. Әлемде демократияны тарату - күрделі және қарама қайшылықты құбылыс. Тарих көрсеткендей, демократия халықтың саяси мәдениеті мен менталитетіне сәйкес келіп, қажетті экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары болса ғана, игілік бола алады. Әйтпесе, ол құлдырап, демагогтар бағыттаған тобыр билігі - охлократияға құлдырап, бейберекетсіздік пен анархияға, ақырында диктаторлық режимге әкеледі.

Демократияның алғы шарттары. Демократияның экономикалық алғы шарттары: индустриялық және экономикалық дамудың жоғарғы дәрежесі; урбандалудың жоғарғы дәрежесінің болуы; бұқаралық байланыс құралдарының дамығандығы; рыноктық, бәсекелі экономика.Демократияның әлеуметтік алғы шарттары: азаматтардың салыстырмалы түрдегі тұрмыс хәлінің жоғарғы дәрежесі; әлеуметтік теңсіздіктің бәсеңдігі қоғамның демократиялануына игі ықпал етеді; әлеуметтік игіліктердің дұрыс бөлінуі; әлеуметтік плюрализмнің болуы; саны көп және ықпалды орта таптың болуы; кәсіпкерлердің - рынокпен байланысты бәсекелі буржуазияның болу; тұрғындардың сауаттылығы, жалпы білім дәрежесінің жоғары болуы.Қоғамдағы азаматтық (белсенді) саяси мәдениетпен болуы; саяси мәдениетке жеке азаматтардың мінез-құлқына дін де үлкен ықпал етеді. Демократияның ішкі алғы шарттарын сипаттайтын экономикалық, әлеуметтік, мәдени және діни факторлармен бірге сыртқы ықпал да маңызды.

Демократияландырудың мынадай жалпы үлгілері бар: сызықтық цикльдік және диалектикалық үлгілері бар. Демократияландыруға өтудіңекі негізгі жолы көрінеді: либералдандыру жолы және реформалаудың қытайлық үлгісі.

Саяси жаңалау ұғымы. Қазақстандағы демократияландыру мен саяси жаңалау мәселелері. Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, алға жылжып отырады. Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады. Саяси даму деп саяси ісқимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгеріс - әкелетін процесті айтады.Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жағдайларға икемделген институттар пайда болады.

Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бсйтарап ұғым, ол тек даму процесін, өзгерісті ғана бейнелейді. Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбгейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.

Әлеуметтану біздің заманымыздағы қоғам дамуын дәстүрлік және қазіргі етіп екі түрге бөледі. Дәстүрлік дегендеәдетте рулық, феодалдық қоғамдарды айтады. Қазіргі қоғам индустриалды, жоғары индустриалды (постиидустриалды) қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, ақыл-парасатқа, баяндылыққа негізделеді. Бүгінгі адам өзінің іс-әрекетінде алдына саналы мақсат қойып, соған жетер жолды, әдіс-тәсілдерді таңдап, табанды түрде оларды іске асыруға тырысады. Бұрынғы дәстүрлік қоғамда адамның әлеуметтік, саяси іс-қимылына заңдық, идеологиялық, діни шектеулер қойьілатын.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: