Тест тапсырмалары

1.Саясаттану ғылымының білім берудің жеке саласына айналуына жағдай жасалған кезең:

А)1965 жылы

В) 1880 жылы

С) 1948 жылы

Д) 1970 жылы

Е) 1865 жылы

2. «Саясат» терминін ең алғаш рет ғылымға енгізген:

А) Аристотель

В) Цицерон

С) Платон

Д) Конфуций

Е) Макиавелли

3. Саясаттың негізгі объектісі:

А) Сасясат

В) Қоғам

С) Мемлекет

Д) Саяси институттар

Е) Саяси жүйе

4.Саясаттанудың қалыптасуына ықпал еткен позивистік әдістеменің принциптерін анықтаған кім?

А) Ч.Мерриам

В) О.Конт

С) М.Вебер

Д) Г.Лассуэл

Е) З.Фрейд

5. Ең алғаш рет саясаттанудың оқытыла бастауы:

А) 1857 жылы АҚШ, Колумбия колледжінде

В) 1948 жылы ЮНЕСКО басшылығымен, Парижде

С) 1871 жылы Франция, Саяси ғылымдар мектебінің құрылуы

Д) 1889-1990 жылдары Балтық бойы елдерінде

Е) Ежелгі дәуір – Греция мен Римде.

6. Саясат әлеуметтік құбылыс ретінде қай кезеңде пайда болды?

А) Ежелгі дәуірде

В) Орта ғасырларда

С) Алғашқы қауымдық құрылыста

Д) Жаңа дәуірде
Е) Қайта өрлеу дәуірінде

7. Теориялық білімдердің қай бағыты саясаттанудың ғылым ретінде дамуына ықпал етті?

А) Диалектика

В) Саяси экономия
С) Материализм
Д) Саяси философия
Е) Ғылыми коммунизм

8. Саясаттың ең алғашқы субъектісі не?

А) Саяси партия

В) Жеке адам

С) Тап

Д) Әлеуметтік топ

Е) Мемлекет

9. Қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске асырауға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі. Бұл ненің анықтамасы?

А) Саяси партияның

В) Саяси жүйенің
С) Саяси идеологияның
Д) Саяси режимнің
Е) Саясаттың.

10. Саясаттанудың қызметтерін көрсетіңіз:

А) Салыстырмалы, жүйелеу, бихевиористік, социологиялық
В) Саясат, саяси билік, саяси режим, саяси партия
С) Теологиялық, рационалды, натуралистік, әлеуметтік
Д) Танымдық, бағалау, болжау, құралдық-тәжірибелік
Е) Саяси теориялар, саяси институттар, халықаралық саясат.

11. Полис дегеніміз –

А) Ежелгі Грециядағы басқару түрі
В) Ежелгі Грециядағы қала-мемлекет
С) Демократиялық басқару формасы
Д) Ежелгі Римдегі саяси жүйе принципі
Е) Ежелгі Римдегі халық билігі органы

12. «Саясаттану» («Политология») термині қай тілден шыққан?

А) Латын

В) Француз

С) Грек

Д) Ағылшын

Е) Неміс

13. Саясаттану қашан ғылым ретінде қалыптасты?

А) ХІХ ғ. бірінші жартысында
В) ХХ ғ. басында
С) ХІХ –ХХ ғғ. межесінде
Д) ХХ ғ. екінші жартысында
Е) ХVІІІ – ХІХ ғғ. межесінде

14. Саясаттанудың зерттеу объектісі:

А) Саяси нақтылық

В) Материалдық өндіріс

С) Мемлекет

Д) Қоғамның рухани өмірі
Е) Саяси жүйе

15. Теологиялық, рационалды, натуралистік, әлеуметтік, бұлар – саясаттанудың...

А) қызметтері
В) әдістері
С) категориялары
Д) зерттеу мәселелері
Е) парадигмалары

16.Саяси теориялар, саяси институттар, халықаралық саясат, бұл – саясаттанудың...

А) қызметтері
В) әдістері
С) категориялары
Д) зерттеу мәселелері
Е) парадигмалары

17. Саясаттану құрылымының қай саласы биліктің әлеуметтік негізін зерттейді?

А) Саяси философия

В) Саясат теориясы

С) Саяси әлеуметтану

Д) Саяси психология

Е) Саяси антропология

18. Саяси антропология нені зерттейді?

А) Саясаттағы идеал, нормалардың құндылықтық жағын
В) Саяси құбылыстар теориясын
С) Саяси биліктің әлеуметтік негізін
Д) Саяси мінез-құлықты, бейсаналық факторлардың саясатқа ықпалын
Е) Адамның әлеуметтік, биологиялық қасиеттерінің саясатқа ықпалын

19. Саясаттанудың қандай қызметі қоғам дамуының перспективаларын анықтап, саяси процесс пен қарым-қатынастың үлгілерін жасайды?

А) Танымдық
В) Бағалау
С) Құралдық-тәжірибелік
Д) Саяси әлеуметтендіру
Е) Болжау

20. Саясаттанудағы бихевиористік әдістің мәні неде?

А) Түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, талдау

В) Саяси құбылыстарды мерзімі жағыныан байланыстыра қарастыру

С) Саясатты қоғам өмірінің барлық жағымен байланыстыра қарастыру

Д) Жекк адамдар мен топтардың іс-әрекеттерін, мінез-құлқын талдау

Е) Табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстарды бір-бірімен байланыста, үздіксіз даму арқылы қарастыру.

21. Ежелгі грек философиясының саяси-құқықтық ойының шарықтап дамыған кезеңі:

А) Б.з.д. V-ІV ғғ.

В) Б.з.д. VІ-ІV ғғ.

С) Б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ.

Д) Б.з.д. ІІ-І ғғ.

Е) Б.з.д. І ғ.

22. Платонның саяси ойлары баяндалған еңбегі:

А) «Саясат»

В) «Пікірлер мен әңгімелер»

С) «Мемлекет»

Д) «Патша»

Е) «Заңдар рухы туралы»

23. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті ойшылы, жаңа буржуазиялық идеологияның өкілі:

А) Т.Гоббс

В) Дж. Локк

С) Ф.Аквинский

Д) Н.Макиавелли

Е) Т.Мор

24. Ежелгі Шығыстың көрнекті саяси ойшылдарының бірі – Конфуций іліміндегі дұрыс мемлекеттің негізгі шарты не?

А) Халық егеменділігі

В) Заңға қатал бағыну

С) Биліктің бөлінуі

Д) Дұрыс заңның болуы

Е) Адамның өнегелік образы

25. Орта ғасырларда теология мен философияны синтездеп заңдар теориясын жасаған кім?

А) Ф.Аквинский

В) Н.Макиавелли

С) А.Августин

Д) Т.Компанелла

Е) Аристотель

26. Аристотельдің саяси ойға қосқан үлесі:

А) Коммунистік идеяны сынады, жеке меншікті жақтады

В) Жалпының мүддесін көздеп, жеке меншікке қарсы шықты

С) Саясат пен моральдың арақатынасы туралы мәселені көтерді

Д) Биліктің бөлшектенуі теориясын жасады

Е) Діни және мемлекеттік биліктің арақатынасы мәселесін қойды

27. Жаңа дәуірдегі негізгі саяси идеялар:

А) Ізгілікті мемлекет, меншік мәселелері

В) Табиғи құқық, биліктің бөлінуі, халық егеменділігі

С) Билікті екіге бөлу: діни (рухани) және мемлекеттік билік

Д) Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы

Е) Саясаттағы мінез-құлық, психика мәселелері

28. Қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсариннің саяси көзқарастарын білдіретін еңбегі:

А) «Сот реформасы жайындағы хат»

В) «Бақыттылық жайлы ілім»

С) «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастар»

Д) «Қазақ даласындағы жұт жөнінде»

Е) «Оян, қазақ!»

29. Конфуций іліміндегі меритократия ұғымы нені білдіреді?

А) Атаққұмарлар билігі

В) Азғана бай адамдар билігі

С) Ақсақалдар билігі

Д) Қабілеттілер билігі

Е) Діни адамдар билігі

30. «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары» деген еңбектердің авторы кім,?

А) Ж.Баласағұн

В) Ибн Халдун

С) Әл-Фараби

Д) А.Құнанбаев

Е) К.А.Яссауи

31.Т.Гоббстың саяси көзқарастарын білдіретін еңбегін көрсетіңіз:

А) «Қоғамдық келісім»

В) «Мемлекет»

С) «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат»

Д) «Заңдар рухы туралы»

Е) «Левиафан...»

32. Саяси идеялардың дамуында радикализмнің негізін салушы «Қоғамдық келісім» еңбегінің авторы кім?

А) Т.Гоббс

В) Ж.Руссо

С) Дж. Локк

Д) Ш.Монтескье

Е) И.Кант

33. Саясатты теологиялық түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдей бастаған кім?

А) М.Вебер

В) Дж.Локк

С) Н.Макиавелли

Д) А.Августин

Е) Т.Мор

34. Жаңа дәуірде «халық егеменділігі» идеясын көтерген ойшыл:

А) Ж.Руссо

В) Дж. Локк

С) К.Маркс

Д) Ш.Монтескье

Е) Т.Гоббс

35. Жаңа дәуірде саяси ойдың дамуына үлес қосқан ойшылдар:

А) В.Аквинский, А.Августин, Ибн Рушд
В) Аристотель, Платон, Цицерон
С) Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш.Монтескье
Д) Т.Мор, Н.Макиавелли, Ж.Боден
Е) Г.Алмонд, Д.Истон, М.Дюверже

36. Платон меншіктің қай түріне аса мән берді?

А) кооперативтік
В) қоғамдық
С) жеке
Д) топтық
Е) халықтық

З7. Ш.Уәлиханов қазақ қоғамының ілгері дамуының шешуші себебі не деп есептеді?

А) Мемлекеттің дұрыс заңдарының болуы
В) Ата-баба салт-дәстүріне сүйену
С) Бір орталықтандырылған күшті билік орнату
Д) Қазақ елінің ұлттық автономияға қол жеткізуі
Е) Экономикалық және әлеуметтік реформа

38. Абай қоғамды өзгертудің негізгі күшіне нені жатқызды?

А) революция
В) ағарту
С) техника мен экономика
Д) дін
Е) әдет-ғұрып, салт-дәстүр

39. «Макиавеллизмге» қатысты тұжырымдаманы көрсетіңіз:

А) «Билік – құдайдың сыйы»
В) «Еркіндік – заң тыйым салмағанды жүзеге асыру»
С) «Мемлекет – үстем таптың билігін жүргізетін машина»
Д) «Мақсат - әдісті ақтайды»
Е) «Саясат дегеніміз – мемлекетті басқару өнері»

40. Т.Гоббс мемлекеттің пайда болуының себебін не деп түсіндіреді?

А) Таптық күрес негізінде
В) Құдайдың құдіретімен
С) Географиялық ортаның ықпалымен
Д) Жеке меншік пен таптардың шығуы
Е) Қоғамдық келісім негізінде

41. Өз еркін басқаларға жүргізіп, олардың әрекетіне, қызметіне, тағдырына т.б. ықпал ете алу қабілеті мен мүмкіндігі:

А) Бақылау

В) Үстемдік

С) Бедел

Д) Билік

Е) Ұйымдастыру

42. Саяси билікті қолданушы, жүргізуші адамға табыну:

А) биліктің легитимдігі

В)биліктіңтармақталуы
С) биліктің фетишизмі

Д) биліктің жариялылығы

Е) биліктің ұсынылуы

43.Олигархиялық билік жағдайында билікті кімдер жүзеге асырады?

А) Элита

В) Азғана бай адамдар

С) Діни адамдар

Д) Халық

Е) Қабілетті адамдар

44. Билікті бөлшектеу теориясының мәні:

А) Билікті шектеу мақсатында тармақтарға бөлу

В) Бірнеше қоғамдақ пікірлердің қатар өмір сүруі

С) Азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын шектеу

Д) Халықты саяси сауаттандыру

Е) Биліктің құқықтық нормаларға сәйкес келуі

45. Биліктің легитимдігі дегеніміз...

А) Жалпы ережелер мен нормаларды қабылдау

В) Төмендегілердің билікті мойындауы

С) Саяси-тарихи процесті жеделдету

Д) Биліктің заңдарға, құқықтық нормаларға сәйкес келуі

Е) Билікті қолданушы, жүргізушіге басқаның табынуы.

46. Харизматикалық билік дегеніміз:

А) Жеке көсемнің басшылығы

В) Заңға негізделген билік

С) Топтық түрде басқару

Д) Қабілетті адамның басқаруы

Е) Салт-дәстүрге сүйеніп басқару

47. Биліктің бөлінуі бойынша атқарушы билікті кім жүзеге асырады:

А) Парламент

В) Саяси партия

С) Сот

Д) Үкімет

Е) Элита

48. Жеке адамның, таптың, топтың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу мүмкіндігі нені білдіреді?

А) Саяси жүйені

В) Саяси ұйымдасуды

С) Саяси билікті

Д) Саяси режимді

Е) Саяси үстемдікті

49.Сенат пен Мәжіліс – бұл Қазақстан Республикасындағы қай билікті бейнелейді?

А) Жергілікті

В) Сот

С) Атқарушы

Д) Заң шығарушы

Е) Экономикалық

50. Билікті жүргізудің заңды әдіс-тәсілдерін, қоғамдағы демократияның дәрежесін көрсететін не?

А) Саяси процесс

В) Саяси жүйе

С) Саяси идеология

Д) Саяси режим

Е) Саяси билік

51. Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайындағы саяси режим түрі:

А) Демократиялық

В) Авторитарлық

С) Тоталитарлық

Д) Либералдық

Е) Әскери-оккупациялық

52. Абсолюттік және конституциялық – бұл ұғымдар қайсысына қатысты:

А) Республика

В) Тоталитаризм

С) Монархия

Д) Демократия

Е) Элитаризм

53. Белгілі бір аумақтағы ерекше күштеу аппаратына сүйенетін билік түрі:

А) Мемлекеттік билік
В) Экономикалық билік
С) Саяси билік
Д) Либералдық билік
Е) Орталық билік

54. Охлократиялық билік деген не?

А) Діни адамдар билігі
В) Ауқаттылар билігі
С) Ақсүйектер билігі
Д) Ақсақалдар билігі
Е) Тобыр билігі

55. Саясаттанудың билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саласы қалай деп аталады?

А) Элитология
В) Кратология
С) Идеология
Д) Конфликтология
Е) Псефология

56. Билікті белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету мүмкіндігі деп түсіндіретін қандай анықтама?

А) Бихевиористік
В) Инструменталистік
С) Психологиялық
Д) Конфликтілік
Е) Телеологиялық

57. Қоғамдық өмірдің барлық жақтарына толық бақылау жасау әдісіне негізделген билік түрі:

А) Тоталитаризм
В) Элитизм
С) Этатизм
Д) Либерализм
Е) Анархизм

58. Биліктің диктаторлық сипаты, экономика, адамдардың жеке өміріндегі азаматтық қоғам элементтерінің болуы, формалды түрде болса да биліктің бөлінуі, парламент, партиялардың болуы т.б. Бұл белгілер қай саяси режимге тән?

А) Тоталитарлық
В) Авторитарлық
С) Демократиялық
Д) Либералдық
Е) Фашистік

59. Зорлық-зомбылыққа, қысымға негізделген билік түрі:
А) Монархия
В) Охлократия
С) Геронтократия
Д) Олигархия
Е) Тирания

60. Қандай анықтама билікті билеушілер мен бағынушылардың ерекше қатынасы деп түсіндіреді?

А) Бихевиористік
В) Инструменталистік
С) Телеологиялық
Д) Конфликтілік
Е) Структуралистік

61. Демократия дегеніміз...

А) Әскери билік
В) Діни билік
С) Шексіз билік
Д) Топтың билігі
Е) Халық билігі

62. Демократия жағдайында қайсысы жүзеге асырылады?

А) Көппартиялық
В) Бір партиялық
С) Екі партиялық
Д) Квазидемократиялық
Е) Екі жарым партиялық

63. Саяси плюрализм дегеніміз не?

А) Топтың қоғамдағы билікті өз мүддесіне қарай жүргізуі
В) Жеке адамның саяси билікті өз қолына жинақтауы
С) Әртүрлі көзқарастарға, қоғамдық пікірлерге жол беру
Д) Азаматтардың заң және сот алдындағы теңдігі
Е) Билікті халықтың мойындауы, құрметтеуі

64. Еркіндік, теңдік, бостандық, әділеттілік, заң алдындағы теңдік, халық – биліктің бастауы т.б. жақтайтын доктрина нені бейнелейді?

А) Саяси режимді
В) Демократияны
С) Либерализмді
Д) Саяси жүйені
Е) Саяси мәдениетті

65. Референдум дегеніміз не?

А) Маңызды мәселелер бойынша сайлаушылардың пікірі (көңілін білдіруі)
В) Партияның не оның бір бөлігінің басқарушы элитаға, үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы
С) Халықтың еркін өкілділік органының жүзеге асыруы
Д) Саяси процеске халық емес, таңдаулы, іріктелген топтардың қатысуы
Е) Халықтың сайлауға қатысып, белгілі бір үміткерге дауыс беруі.

66. Қоғамдық пікірдің әрдайым зерттелуі, заңның жоғарылылығы, көппартиялық жүйе, шешімді көпшіліктің қабылдауы, жариялылық, биліктің іс жүзінде бөлінуі т.б. принциптер қай режимге тән?

А) Тоталитарлық
В) Либералдық
С) Демократиялық
Д) Авторитарлық
Е) Конституциялық

67. Демократия теориясын дамытушылар:

А) Алмонд, Истон
В) Парето, Моска
С) Рассел, Парсонс
Д) Шумпетер, Бентли
Е) Маркс, Мангейм

68. Азаматтық қоғамның, демократияның тірегі болып, қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін кімдер?

А) Төменгі тап
В) Басқарушы жоғарғы тап
С) Орта тап
Д) Зиялы қауым
Е) Ұлт

69. Маркстік ілім бойынша тарихтың қозғаушы күші кімдер?

А) Тұлға
В) Элита
С) Ұлы адам
Д) Халық
Е) Саяси қайраткер

70. Бәсекелі сайлауда халық сайлаған азшылықтың басқаруы:

А) Полиархия
В) Автократия
С) Демократия
Д) Охлократия
Е) Аристократия

71. Халық ұғымының түсінілуіне байланысты демократияның қандай концепциясы бар?

А) Жалпы, әлеуметтік шектелген
В) Индивидуалдық, плюралистік, ұжымдық
С) Тікелей, плебисцитарлық, өкілділік
Д) Парламенттік, президенттік, аралас
Е) Саяси, әлеуметтік

72. Демократияның алғашқы Отаны қай ел?

А) Италия
В) Греция
С) АҚШ
Д) Франция
Е) Ұлыбритания

73. Халық маңызды саяси шешімдер дайындауға, қабылдауға тікелей қатысатын демократия қалай деп аталады?

А) Әлеуметтік
В) Өкілділік
С) Плебисцитарлық
Д) Патриархалдық
Е) Тура

74. Саяси ойлар тарихында «демократия» ұғымы қай кезден бастап жағымды түсініле бастады?

А) Антикалық дәуірден
В) Жаңа дәуірден
С) Орта ғасырлардан
Д) Қазіргі заманнан
Е) Ежелгі дүниеден

75. Демократия идеялары қандай идеологиямен тығыз байланысты?

А) Анархизм
В) Консерватизм
С) Тоталитаризм
Д) Либерализм
Е) Элитаризм

76. Биліктің субъектісі халық ретінде ер адамның түсінілуі, дарашылдық, еркіндікті жағымсыз тұрғыдан түсіну, парламентаризм, мемлекеттің қызметінің шектелуі, биліктің бөлінуі т.б. Бұл белгілер демократияның қай түріне тән?

А) Ұжымдық демократияға
В) Социалистік демократияға
С) Плебисцмтарлық партиялық демократияға
Д) Партиципаторлық демократияға
Е) Классикалық либералдық демократияға

77. Бірте-бірте жүргізіліп, демократияның бір бағытта кеңеюін көздейтін демократияландырудың үлгісі қалай аталады?

А) Сызықтық
В) Цикльдік
С) Диалектикалық
Д) Саяси
Е) Формалды

78. Басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті, оппозицияның жұмыс істеуіне мүмкіндік беру:

А) Компромисс
В) Плюрализм
С) Толеранттық
Д) Консенсус
Е) Пацифизм

79. Партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің не үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы:

А) Бойкот
В) Абсентизм
С) Дискреминация
Д) Оппозиция
Е) Коррупция

80. Демократияға қандай саяси мәдениет түрі тән?

А) Топтық
В) Ұжымдық
С) Патриахалдық
Д) Бодандық
Е) Азаматтық

81.Саяси жүйенің негізгі институты:

А) Саяси партия

В) Мемлекет

С) Саяси қозғалыс

Д) Армия

Е) Кәсіподақ ұйымы

82. Мемлекетті басқару формасына (биліктің түріне) байланысты қалай бөледі?

А) Унитарлық, федерация

В) Монархия, республика

С) Құл иеленуші, феодалдық

Д) Демократиялық, тоталитарлық

Е) Құқықтық, әлеуметтік

83. Саяси институттар, саяси қатынастар, саяси нормалар, саяси сана мен саяси мәдениет – бұлар саяси жүйені қай жағынан сипаттайды?

А) Элементтері

В) Түрлері

С) Қызметтері

Д) Теориялары

Е) Деңгейлері

84. Теократия қандай мағынаны білдіреді?

А) Атаққұмарлар билігі

В) Діни адамдар билігі

С) Халық билігі

Д) Тобыр билігі

Е) Ақсүйектер билігі

85. Саяси жүйе теориясын жасаушылар:

А) Парето, Моска

В) Макиавелли, Мор

С) Аристотель, Платон

Д) Алмонд, Истон

Е) Маркс, Энгельс

86. Қоғамдағы басқаруды жүргізіп, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, арасындағы саси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы:

А) Саяси партия

В) Саяси режим

С) Саяси жүйе

Д) Саяси билік

Е) Мемлекет

87. Г.Алмондтың саяси жүйені жіктеуіндегі саяси мәдениетте ескі жүйенің де, жаңаның да элементтері араласып, түрлі партиялардың ескі дәстүрлерді сақтап отыруы, заңдылыққа негізделген ортақ негіздің болуы қай саяси жүйеге тән?

А) Ағылшын-америкалық

В) Индустрияландыруға дейінгі және жартылай индустриялы елдерге

С)Европалық-континеталдық
Д)Тоталитарлы
Е)Авторитарлы

88. Саяси жүйені демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық деп бөлудің негізіне не алынған?

А) Басқарушы элитаға байланысты

В) Мемлекеттің даму дәрежесі

С) Қоғамда үстемдік етуші топқа байланысты

Д) Биліктің легитимдігінің түрі

Е) Саяси режим түрі

89. Г.Алмондтың саяси жүйені жіктеуіндегі – адам бостандығы, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, мемлекет қауіпсіздігін сақтау, биліктің бөлінуі, саяси плюрализм, бюрократия, жоғары тұрақтылық. Бұл белгілер қай саяси жүйеге тән?

А) Англо-американдық жүйеге
В) Индустрияланбаған және жартылай индустриялы елдер жүйесіне
С) Евроконтиненталды жүйеге
Д) Тоталитарлық жүйеге
Е) Авторитарлық жүйеге

90. Заң шығарушы биліктің қызметін атқарушы саяси институт:

А)Партия
В)Үкімет
С)Парламент
Д)Сот
Е) Президент

91. Саяси жүйенің құрылымына қатысты ұғымдарды көрсетіңіз:

А) Саяси көзқарас, саяси іс-әрекет, саяси психология
В) Саяси дағдарыс, саяси жанжал, саяси шиеленіс
С) Саяси түсініктер, көзқарастар, құндылықтар
Д) Саяси институт, саяси қатынас, саяси мәдениет
Е) Саяси әдіс-тәсілдер, саяси құралдар

92. Белгілі бір тәртіппен өзара байланысатын және біртұтастықты қамтамасыз ететін элементтер жиынтығы:

А) Даму
В) Процесс
С) Бақылау
Д) Байланыс
Е) Жүйе

93. Г.Алмондтың жіктеуі бойынша индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеге қандай белгілер тән?

А) Батыс құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғырланып, ортақ негіздің болмауы
В) Адам бостандығы, халықтың жақсы тұрмысы, биліктің бөлінуі, саяси плюрализм, жоғары тұрақтылық
С) Ескі мәдениеттің де, жаңаның да либералдық құндылықтарына, заңдылықтарына сүйенген ортақ негіздің болуы
Д) Тәуелсіз орталықтандырылған биліктің болуы және орталық билігіне қоғамның толық бағындырылуы
Е) Қоғамның (көпшіліктің) билікке бақылауының жүргізілуі

94. Тоталитаризм мәселелері бойынша алғашқы классикалық теориялық зерттеулерді кімдер жүргізді?

А) И.Шумпетер, А.Бентли
В) Г.Алмонд, Д.Истон
С) Дж. Локк, Ш.Монтескье
Д) Ф.Хайек, Х.Аренд
Е) М.Дюверже, Дж. Ла Паломбара

95. Мемлекеттің қоғамның әлеуметтік-экономикалық қызметіне жоғары деңгейде араласуы:
А) Лоббизм

В) Элитаризм
С) Коммунизм
Д) Эгалитаризм
Е) Этатизм

96. Қоғамдық өмірдің идеологияландырылуы, көсемнің бұқараға қамқорлығы, бұқаралық ақпарат құралдарын толық бақылау, басқаша ойлауға жол бермеу, саяси-мемлекеттік құрылымның қатал иерархияға негізделуі т.б. белгілер қандай саяси жүйеге тән?

А) Демократиялық
В) Авторитарлық
С) Либералдық
Д) Тоталитарлық
Е) Монархиялық

97. Тоталитарлық саяси жүйеде қандай партия жүйесі өмір сүреді?

А) Бірпартиялық
В) Партиялар жоқ
С) Екі партиялық
Д) Көппартиялық
Е) Екі жарым партиялық

98. Авторитарлық саяси жүйеде қоғамдық өмірдің қай саласына билік бақылауы орнатылады?

А) Экономикалық
В) Әлеуметтік
С) Саяси
Д) Мәдени
Е) Барлық салаға толық бақылау орнатылады

99. Қандай саяси жүйені шектеулі плюралистік басқару әдісі деп атайды?

А) Демократиялық
В) Авторитарлық
С) Либералдық
Д) Тоталитарлық
Е) Монархиялық

100. Адамдардың алдына қойған саяси мақсаттарына байланысты біріккен тобын не дейміз?

А) Саяси жүйе
В) Таптар
С) Әлеуметтік топ
Д) Саяси партия
Е) Саяси ұйым

101.Саяси өмірді ұйымдастырудың белсенді формасы:

А) Ірі әлеуметтік қоғамдастықтар

В) Билеуші топтар

С) Мемлекет

Д) Жеке тұлға

Е) Саяси партия

102. Мемлекеттің негізгі функциясы:

А) Әскери бақылау

В) Саяси ұйымдастыру

С) Экономикалық байланыстар жасау

Д) Шетелдермен қарым-қатынас жасау

Е) Әлеуметтік функция

103. Мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіретін концепция:

А) Қоғамдық келісім

В) Патриархалдық

С) Теологиялық

Д) Географиялық

Е) Күш көрсету

104. Мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілділік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекет түрі:

А)Монархия
В) Федерация

С) Унитарлық

Д)Республика
Е) Авторитарлық

105. Біртұтас, әкімшілік-аумақтық бірлестіктерден тұратын, саяси билік бір орталыққа бағынатын мемлекет:

А) Федерация

В) Унитарлық

С) Конфедерация

Д) Автономия

Е) Отар

106. Белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа мемлекет құруы:

А) Федерация

В) Унитарлық

С) Конфедерация

Д) Автономия

Е) Отар

107. Мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы, жеке тұлғаның емін-еркін дамуы:

А) Дәстүрлі қоғам

В) Индустриялы қоғам

С) Әлеуметтік қоғам

Д) Азаматтық қоғам

Е) Информациялық қоғам

108. Заңның жоғарылылығы, оның алдында бәрінің тең болуы, жеке адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін мемлекет түрі:

А) Әлеуметтік

В) Құқықтық

С) Монархиялық

Д) Автономиялық

Е) Метрополиялық

109. Аумағы, халқы, егеменділігі, заңы, басқару аппараты, салық жүйесі, күштеу органдары т.б. Бұл мемлекеттің...

А) Қызметтері

В) Тұрпаттары

С) Түрлері

Д) Басқару формалары

Е) Белгілері

110. Мемлекеттің пайда болуын жеке меншік, таптардың шығуымен байланыстыратын теория қалай деп аталады?

А) Маркстік
В) Теологиялық
С) Патриархалдық
Д) Географиялық
Е) Қоғамдық келісім

111. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік суверендіктің мәні неде?

А) Президенттің мемлекеттің басшысы екендігі
В) Мемлекеттің саяси тәуелсіздігі, билікті халықтың, ұлттың жүзеге асыруы
С)Жеке адамның мүддесінен мемлекет мүддесінің жоғары қойылуы
Д)Саяси партиялардың еркін бәсеке арқылы билікке ұмтылуы
Е) Өз аумағында (жерінде) тұратын халқының болуы

112. Бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым қалай аталады?

А) Протекторат
В) Федерация
С) Автократия
Д) Монархия
Е) Автономия

113. Конфедерация дегеніміз –

А) Бірнеше әкімшілік-құрылымдық жүйеге бөлінетін мемлекет
В) Бір орталықтан басқарылатын, аумағы біртұтас мемлекет
С) Өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсат үшін біріккен егеменді мемлекеттер одағы
Д) Орталыққа саяси-қаржы жағынан тәуелді мемлекет
Е) Бір мемлекет шеңберіндегі өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым

114. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?

А) 1993 жылғы 28 қаңтарда
В) 1990 жылғы 25 қазанда
С) 1991 жылғы 16 желтоқсанда
Д) 1995 жылғы 30 тамызда
Е) 1992 жылғы 3 наурызда

115. Парламенттік Республика дегеніміз не?

А) Мемлекетті артықшылық жағдайдағы азшылықтың басқаруы
В) Мемлекетті атқарушы органдар арқылы басқару
С) Мемлекетті партиялардың бірлесіп басқаруы
Д) Мемлекетті президенттің басқаруы
Е) Мемлекетті заң шығарушы органдар арқылы басқару

116. Саясаттануға мемлекет түсінігін енгізген кім?

А) Маркс
В) Аристотель
С) Платон
Д) Макиавелли
Е) Ленин

117. Қазақстан Республикасының егеменділігі қашан жарияланды?

А) 1995 жылы
В) 1989 жылы
С) 1990 жылы
Д) 1991 жылы
Е) 1993 жылы

118. Құқықтық мемлекеттің бірден-бір негізгі принципі:

А) Парламент
В) Конституция
С) Сот
Д) Нарықтық қатынастар
Е) Биліктің бөлшектенуі

119. Мемлекетті аумақтық құрылысына қарай қалай деп бөледі?

А) Монархия, Республика
В) Құқықтық, әлеуметтік
С) Демократиялық, тоталитарлық
Д) Унитарлық, Федерация
Е) Құлиеленушілік, феодалдық

120. Азаматтық қоғам мен... бір-бірін логикалық жағынан толықтырып отырады:

А) Құқықтық мемлекет
В) Орта тап
С) Демократия
Д) Оппозиция
Е) Нарықтық қатынастар

121. Белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесін көздейтін өз мақсаттарына жету бағытында мемлекеттік билік үшін күресіп, оны қолдануға ұмтылатын адамдардың ерікті тобы:

А) Қоғамдық-саяси қозғалыс

В) Кәсіподақ ұйымы

С) Қысымшы топтар

Д) Саяси партия

Е) Мемлекет

122. Белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін билікке ықпал ету үшін құрылатын, ұйымдық құрылымы әлсіз, әлеуметтік базасы кең болатын адамдардың ерікті ынтымақтастығы:

А) Діни бірлестіктер

В) Саяси партиялар

С) Қоғамдық-саяси қозғалыстар

Д) Қысымшы топтар

Е)Халықаралық ұйымдар

123. Идеологиясына байланысты партиялардың түрлері:

А) Басқарушы және оппозициялық

В) Фашистік және коммунистік

С) Кадрлық және бұқаралық

Д) Жұмысшы және буржуазиялық

Е) Парламенттік және сайлаушылар

124. Тоталитарлық режимге қандай партия жүйесі тән?

А) Бір партиялы

В) Екі партиялы

С) Көп партиялы

Д) Екі жарым партиялы

Е) Квази көппартиялы

125. Саяси партияның ең басты функциясы:

А) Заң шығару

В) Қоғамдағы саяси-тәрбие жұмысы

С) Саяси билік үшін күрес

Д) Шаруашылықты реттеу

Е) Үлкен әлеуметтік топтарды шоғырландыру

126. Саяси партияның мәні неде?

А) Сайлау арқылы заң шығарушы органдарға үміткерлер ұсынуында

В) Кімнің мүддесін көздеп, қорғайтындығында

С) Идеология мен саяси доктриналарды қалыптастыруында

Д) Саяси билік үшін күресуінде

Е) Өз қатарын, әлеуметтік базасын кеңейтуінде

127. Коалициялық немесе блоктық басқару дегеніміз:

А) Ұйымдар, қозғалыстардың билігі

В) Партиялардың бірлесіп басқаруы

С) Жеке адамның басқаруы

Д) Элитаның билігі

Е) Олигархтар басқаруы

128. Капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай реформалап, өзгертуге тырысатын партия:

А) Коммунистік

В) Буржуазиялық-демократиялық

С) Фашистік

Д) Консервативтік

Е) Социал-демократиялық

129. Қазақстандағы алғашқы либералдық-демократиялық партия:

А) «Алаш»

В) «Үш жүз»

С) «Желтоқсан»

Д) «Отан»

Е) «Азат»

130.Қазақстандағы әлеуметтік бағыттағы ұйымдарды көрсетіңіз:

А) «Невада-Семей»

В) «Лад», «Азат»

С) «Мемориал», «Ақиқат»

Д) «Жерұйық», «Шаңырақ»

Е) Жастар, әйелдер ұйымдары

131.Бұқаралық саяси партиялар қашан пайда болды?

А) ХҮІІ- ХҮІІІ ғасырларда
В) ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында
С) ХІХ ғасырдың ортасында
Д) ХХ ғасырдың екінші жартысында
Е) ХХ ғасырдың басында

132. Саяси партияларды жіктеп, жүйелеумен айналысқан француз ғалымы кім?

А)П.Шаран
В)В.Парето
С)С.Липсет
Д)Г.Алмонд
Е)М.Дюверже

133. Бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым:

А) Кәсіподақ
В) Қоғамдық қозғалыс
С) Саяси партия
Д) Ассоциация
Е) Қысымшы топтар

134. Үлкен әлеуметтік топтарды белсенді ету және шоғырландыру, саяси идеология мен қоғамдық пікірді қалыптастыру, саяси элита қатарын толықтыру, саяси жетекшіні ұсыну, сайлау арқылы мемлекеттік билік үшін күресу, билік қызметін бақылау т.б. Бұл аталғандар қайсысының қызметтеріне жатады?

А) Саяси жүйенің
В) Саяси партияның
С) Қоғамдық қозғалыстың
Д) Саяси сананың
Е) Саяси мәдениеттің

135. Азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты орнатушы саяси институт:

А) Сот
В) Қоғамдық-саяси қозғалыс
С) Қысымшы топтар
Д) Әкімшілік
Е) Саяси партия

136. Партияның құрылымына кірмейтіні қайсы?

А) Меценаттары
В) Жетекшісі
С) Мүшелері
Д) Бюрократиялық аппараты
Е) Штабы

137. Саяси билікке қатысуына қарай партияның түрлерін көрсетіңіз:

А) Аралық, жалпылама, корпоративті
В) Революциялық, реформистік, реакциялық
С) Басқарушы, оппозициялық, жасырын
Д) Коммунистік, фашистік, либералдық
Е) Оңшыл, орталық, солшыл

138. Лоббистер, мүдделі топтар, парламент агенттері, бұларды жалпы атаумен қалай деп атайды?

А) Саяси партия
В) Әлеуметтік топтар
С) Таптар
Д) Қысымшы топтар
Е) Саяси жетекші тобы

139. Электорат, парламенттік фракциялар, қоғамдық ұйымдар, жоғарыдан, төменнен, бұлар...

А) партияның құрылымы
В) партияның белгілері
С) партияның қызметтері
Д) партияның құрылу әдістері
Е) партияның түрлері

140. Нақты билік бір партияда болатын, сонымен бірге басқа партиялардың қызметіне формалды түрде болса да рұқсат ететін партия жүйесі:

А) Бір партиялық
В) Екі партиялық
С) Екі жарым партиялық
Д) Көппартиялық
Е) Жалған көппартиялық

141. Саясаттың субъектілері:

А) Басқарушы органдар

В) Көршілес мемлекеттер

С) Элита

Д) Жеке адам, ұйымдар, әлеуметтік топтар

Е) Атқарушы органдар

142. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?

А) 1948 жылы

В) 1776 жылы

С) 1789 жылы

Д) 1991 жылы

Е) 1945 жылы

143. Бір немесе бірнеше әлеуметтік белгіліермен бірлескен адамдар жиынтығы:

А) Тап

В) Ұлт

С) Әлеуметтік топ

Д) Саяси партия

Е) Саяси ұйым

144. Ұлттық қатынастыр мен ұлтаралық мәселелердің басты субъектілері:

А) Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар
В) Әлеуметтік топтар, таптар
С) Саяси партиялар мен қозғалыстар
Д) Элита және басқарушы ұйымдар
Е) Мемлекеттер

145. Жер, тіл, экономикалық қатынастар, мәдениет ерекшеліктері мен психологиялық құрылымның ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік-этникалық бірлестігін не деп атайды?

А) Ру

В) Тап

С) Ұлт

Д) Мемлекет

Е)Топ

146. Жек адамның мәдени құқығы –

А) Оның тұтыну заттарын, жеке меншігін, жұмыс күшін, іскерлігін еркін пайдалануға мүмкіндік береді

В) Оның рухани өмірін өрбітіп, өрістетуге мүмкіндік береді

С) Оның лайықты өмір деңгейін және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді

Д) Оның мемлекетті басқаруға және қоғам өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік берелі

Е) Одақтар мен ассоциациялар құруға, сайлауға қатысуға мүмкіндік береді

147. Ұлттық мүдделерлі жүзеге асыруға, ұлттық қатынастар саласындағы қайшылықтарды шешуге бағытталған шаралар:

А) Ұлттық мүдделер
В) Ұлттық саясат
С) Ұлттық сана-сезім
Д) Ұлтаралық қайшылықтар
Е) Ұлттық қатынастар

148. Сасясаттың қозғаушы күші:

А) Билік

В) Ұйым

С) Партия

Д) Жеке адам

Е) Мүдде

149. Қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтардың жиынтығы:

А) Саяси құрылым
В) Әлеуметтік жіктелу
С) Экономикалық жіктелу
Д) Мәдени құрылым
Е) Таптық жіктелу

150. Шығу тегі, тарихы, мәдениеті, тілі, ортақ адамдар тобы:

А) Партия

В) Тап

С) Топ

Д) Мемлекет

Е) Этнос

151. Мына ұғымдар қайсысына қатысты: «саяси қызметке қатысушы жеке тұлғалар, топтар, партиялар, қозғалыстар, мемлекеттер»

А) Маргиналдар
В) Лоббистер
С) Саяси процесс
Д) Саясат субъектілері
Е) Әлеуметтік жіктелу

152. Белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері:

А) Әдет-ғұрыптар
В) Саяси мәдениет
С) Адам құқықтары
Д) Салт-дәстүрлер
Е) Саяси сана

153. Тарихи қауымдастық ретінде ұлт қашан пайда болды?

А) Феодализм кезеңінде
В) Капитализм кезеңінде
С) Құлиеленушілік дәуірде
Д) Социалистік заманда
Е) Алғашқы қауымдық құрылыста

154. Билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер қалай аталады?

А) Қысымшы топтар
В) Электорат
С) Саяси партиялар
Д) Кәсіподақтар
Е) Ассоциациялар

155. В.И.Лениннің анықтамасы бойынша: «Қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір жүйесінде алатын орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы роліне қарай, қоғамдық байлықтан алып отырған үлесінің мөлшеріне және үлесті алу әдістеріне қарай айырылатын адамдардың үлкен топтарын» не деп атайды?

А) Әлеуметтік топ
В) Ұлт
С) Халық
Д) Тап
Е) Этнос

156. Белгілі бір саяси мақсатты жүзеге асыруға бағытталған адамдардың әртүрлі іс-әрекеттері:

А) Саяси даму
В) Саяси шиеленіс
С) Саяси әлеуметтену
Д) Саяси процесс
Е) Саяси қызмет

157. Ұлттық негізде құрылған федерациялық мемлекеттерді көрсетіңіз:

А) Үндістан, Пакистан
В) АҚШ, ГФР
С) Ресей, Швейцария
Д) Венесуэла, Мексика
Е) Аргентина, Бразилия

158. Ұлттар, ұлыстар, олардың мемлекеттік құрылымдары арасындағы және ұлттық қауымдастықтардың өзара іс-әрекеттері:

А) Ұлттық мүдде
В) Ұлттық саясат
С) Ұлттық жанжалдар
Д) Ұлттық қайшылықтар
Е) Ұлттық қатынастар

159. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды?

А) 1992 жылы
В)1991 жылы
С) 1993 жылы
Д) 1995 жылы
Е) 1994 жылы

160. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосқан ойшылдар:

А) К. Маркс, В. Ленин
В) М.Вебер, З.Фрейд
С) Дж. Локк Т. Джефферсон
Д) У. Ростоу, Э. Бжезинский
Е) Д. Истон, Дж. Деннис

161. Моска анықтамасы бойынша саяси элита дегеніміз не?

А) Қоғамдық пікір қалыптастыра алатын топтар
В) Билікті жинақтап, саяси басқаруды жүзеге асыратын ұйымдасқан шағын топ
С) Қоғамның белгілі мүшелерінің әлеуметтік процеске әсер ете алатын субъектілерінің тобы
Д) Бұқаралық қозғалыстарды ұйымдастырушылар
Е) Белгілі бір мүдде, идеология бойынша біріккен, билік үшін күресетін адамдар ерікті тобы

162. Билік басына келудегі саяси жетекшінің (лидердің) легитимдігінің әдет-ғұрыптық, харизматикалық, ақыл-парасаттық немесе құқықтық деп бөліп, классикалық типологиясын жасаған кім?

А) Парето
В) Моска
С) Михельс
Д) Вебер
Е) Монтескье

163. Қоғамды ерекше пұрсатты жағдайдағы шағын адамдар тобының билеуі қажеттігін негіздейтін концепция қалай деп аталады?

А) Этатизм
В) Либерализм
С) Элитаризм
Д) Бюрократия
Е) Олигархия

164. Социалистік қоғамдағы (Кеңес Одағындағы) саяси элита қалай деп аталды

А) Аристократия
В) Меритократия
С) Номенклатура
Д) Плутократия
Е) Олигархия

165. Саяси элита теориясын жасағандар кімдер?

А) Алмонд, Истон
В) Маркс, Энгельс, Ленин
С) Парето, Моска, Михельс
Д) Джефферсон, Пейн
Е) Верба, Пай, Алмонд

166. Саяси басшылардың қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйенген саясаты не деп аталады?

А) Бюрократизм
В) Волюнтаризм
С) Популизм
Д) Милитаризм
Е) Конформизм

167. Американдық саясаттанушы Дж. Херманн жіктеуі бойынша уақыт талабына сай өз жақтастарының сауалына, қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алатын саяси жетекшіні қалай деп атау ұсынылды

А) Қызмет етуші топ бастаушы
В) Өрт сөндіруші топ бастаушы
С) Ту көтерер саяси жетекші
Д) Саудагер топ бастаушы
Е) Популист саяси жетекші

168. «Олигархияның темірдей заңының» авторы:

А) М.Дюверже
В) Д.Истон
С) М.Острогорский
Д) Р.Михельс
Е) М.Вебер

169. В.Паретоның теориясы:

А) «Элиталардың айналу»
В) «Биліктің бөлшектенуі»
С) «Патриархалдық, патерналистік мемлекет»
Д) «Саяси жүйенің құрылымдық»
Е) «Демократиялық плюрализм»

170.Саяси элиталарды қалыптастыру, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алу қалай деп аталады?

А) Әлеуметтену
В) Бөлшектеу
С) Бюрократия
Д) Рекруттау
Е) Элитаризм

171. Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың түрлерін көрсетіңіз:

А) Бихевиористік және инструменталистік
В) Мажоритарлық және пропорционалдық
С) Англо-американдық және евро-континенталдық
Д) Парламенттік және авангардтық
Е) Антрепренерлік және гильдия

172. Элитаны басқару әдістеріне қарай «арыстандар» және «түлкілер» деп бөлген ғалым?

А)В.Парето
В) Р.Михельс
С) Г.Моска
Д) К.Маркс
Е) Г.Лассуэл

173. Демократиялық элитизм концепциясының көрнекті өкілі:

А) Хантингтон
В) Матц
С) Вебер
Д) Дюверже
Е) Парсонс

174. Әлеуметтік топтардың мүдделерін әрдайым зерттеу, стратегиялық мақсатты айқындау, идеологиялық доктрина, заңдар, реформаларды жасау, қоғамды шоғырландыру, өз қатарынан саяси жетекшіні ұсыну т.б. Бұл қайсысының қызметтері?

А) Партияның
В) Жетекшінің
С) Мәдениеттің
Д) Биліктің
Е) Элитаның

175. Жоғарғы элитаны көрсетіңіз:

А) Президент, үкімет, парламент басшылары
В) Парламентарийлер, сенаторлар, аймақтық жетекшілер
С) Жергілікті дәрежедегі басты саяси фигуралар
Д) Министрлік,мемлекеттік орган шенеуніктері
Е)Саяси жүйені сынайтын элита

176. Өзінің саяси жүйеге қатысу дәрежесіне байланысты элитаның түрлері:

А) Жоғарғы,орта,әкімшілік
В) Мұрагерлік,құндылықтық,функционалдық
С) Ашық және жабық элита
Д) Аристократия және олигархия
Е) Билеуші, оппозициялық, контрэлита

177.Құндылықтық элитаның негізі не?

А) Басқару қызметі, қабілеті
В) Интеллект, мораль
С) Қан
Д) Әдет-ғұрып, салт-дәстүр
Е) Заң

178. Буржуазиялық қоғамдағы элита:

А) Аристократия
В) Номенклатура
С) Монарх
Д) Плутократия
Е) Теократия

179. Элитаны рекруттаудың антрепренерлік жүйесі қандай мемлекеттерге тән?

А) Авторитарлық
В) Тоталитарлық
С) Отарлық
Д) Автономиялық
Е) Демократиялық

180. Әлеуметтік топтардың мүдделерін, мақсаттарын анықтау, саяси шешімдер қабылдау, бұқараны жұмылдыру, қоғамды біріктіру, қоғам мен билік арасындағы байланысты қамтамасыз ету, адамдарды заңсыздықтан қорғау, әділдіктің, заңдылықтың кепілдігі болу және т.б. Бұл қайсысының қызметтері?

А) Саяси жетекшінің
В) Саяси партияның
С) Саяси элитаның
Д) Саяси жүйенің
Е) Саяси сананың

181. Алға қойған мақсатты батыл түрде жүзеге асырып, өмір сүріп отырған жағдайды түбірлі өзгертуге бағытталған концепция:

А) Либерализм
В) Радикализм
С) Технократизм
Д) Консерватизм
Е) Анархизм

182. Қандай болмасын мемлекеттік билікке, тәртіпке қарсы саяси-әлеуметтік ағым:

А) Радикализм
В) Анархизм
С) Фашизм
Д) Абсолютизм
Е) Экономизм

183. Либерализм идеологиясының негізін аслушылар:

А) К. Маркс, Ф.Энгельс
В) Дж.Локк, Ш. Монтескье
С) Аристотель, Платон
Д) Э.Берк, Ж.де Местр
Е) Ф.Ницше, О. Шпенглер

184. Қалыптасқан дәстүрлі нормалар мен құндылықтарды жақтап, оны сақтап қалуға тырысып, жаңаны қабылдамауға немесе әлі қалыптаспаған құбылыстарды мойындамауға тырысатын саяси ілім:

А) Радикализм
В) Анархизм
С) Либерализм
Д) Консерватизм
Е) Коммунизм

185. Жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемелекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын саяси идеология:

А) Неолиберализм
В) Экономизм
С) Консерватизм
Д) Либерализм
Е) Неоконсерватизм

186. Саяси идеология, саяси психология, саяси мінез-құлық, бұлар нені сипаттайды?

А) Саяси сананы
В) Саяси мәдениетті
С) Саяси жүйені
Д) Саяси процесті
Е) Саяси қатынасты

187. Мемлекеттік биліктің таптық сипатының болуы, барлық тарихи прогресс – қоғамдық-экономикалық формациялардың жүйелі түрде ауысуымен байланыстырылып, жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатуды көздеген саяси идеология түрі?

А) Неолиберализм
В) Фашизм
С) Анархизм
Д) Этатизм
Е) Коммунизм

188. Социал-демократия идеологиясы қандай идеологиямен байланысты?

А) Коммунистік
В) Фашистік
С) Либералдық
Д) Консервативтік
Е) Анархистік

189. Саясаттануға «идеология» терминін енгізген кім?

А) А.Бентли
В) И.Кант
С) А.Траси
Д) Д.Белл
Е) М. Вебер

190. Еркіндік, теңдік, әділеттілік, әлеуметтік теңдік, бостандық – бұлар қай идеологияның принциптері?

А) Либерализм
В) Социал-демократия
С) Консерватизм
Д) Анархизм
Е) Технократизм

191. Белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялардың және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп тұрған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге бағытталған тұжырымдар, пікірлер, көзқарастар, идеялар жүйесін не деп атайды?

А) Саяси сана
В) Саяси құндылықтар
С) Саяси идеология
Д) Саяси мәдениет


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow