Иониліктер

Алғашқы грек ойшылдарының бастамасы Милет қаласынан (Кіші Азияда) шықты.

Фалес б.з.д. 624-547 жылдары өмір сүрген. Сауда адамы болды. Антикалық дәстүрде “жеті данышпанның” бірі Мысырда, Вавилона болып, математика, астрономия жайлы танымға қол жетеді. Ол 585 жылы Грециядағы күннің тұтылуын болжаған. Сол үшін ол Мысыр абыздарынан Оракул деген атақ алды. Фалес – стихиялық, материалистік милет мектебінің негізін қалаушы. Ол заттардың алуан түрлілігінде тұтас бір алғашқы бастама іздеді.

Ол алғашқы бастама дене, сезілетін зат есебінде көрді. Оның ілімінше барлық заттың алғашқы негізі – су болып табылады.

Фалестің шәкірті Анаксимандр ол да Милеттен стихиялық диалектик материалист болды. Грециядағы “табиғат туралы” деп аталатын философиялық ілімнің авторы Анаксимандр барлық заттың алғашқы негізі ұғымына – архэ (принцип) дегенді енгізді. Және осы алғашқы негізі Апейрон деп есептеді. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша – жер бүкіл кеңістіктің ортасында және ол жалпақ цилиндрлі формада деп есептеді. Жердің айналасында аспанда үш сақина айналып тұрады. Олар күн, ай, жұлдыз сақиналары. Анаксимандр эволюция идеясын да айтып кеткен. Ол бойынша адам да басқа тірі жәндіктер сияқты балықтан шыққан. Анаксимандр дүние пайда болып жойылып жатады. Мәңгі өзгермейтін жойылмайтын тек Апейрон деп есептеді.

Милет мектебінің материалистері сияқты Гераклит те жаратылыстанумен айналысты. Дүниенің түпнегізін, жалын оттан іздеді. Табиғат құбылыстары оттан жаратылған, кезі келген кезде оның бәрі отқа айналады. Гераклит заманында ақша айналымы іске қосылған еді. Отты сипаттау үщін Гераклит барлық товарлардың алтынға айырбасталатыны сияқты барлығы отқа айырбасталады дейді. Сананы Гераклит психия деп атады. Рух оның пікірінше материалдың сипатында болады және ол – оттың ауыспалы күйлерінің бірі.

Гераклит барлығы да жанады, өшеді, сөйтіп өзгеріп отырады деді. Ол диалектиканың негізін қалаушылардың бірі.

Ионийлік философия бұл алғашқы философия. Ол стихиялық – материалистік және аңғал диалектикалық сипатта болғандықтан, мұнда идеализм және материализм деген нақты шек болмады.

Алайда ионийлік философия сөздің тікелей мағынасында философия друге лайық. Себебі, оның алғашқы өкілдері қандай да бір бастаманы субстанция ретінде альп қарастыруға тырысты. Осыдан оған жүйелік және аңғал материализм тән еді. Себебі олардың ой-пікіріндегі бастама рухтың емес қандай да бір заттың бастама еді.

Элеаттар. Бұл мектептің өкілдері Колофондық Ксенофон, Элейлік Парменид, Зенон және Самос аралынан шыққан Мелис. Бұл Мектеп өкілдерінің ілімінде болмыс туралы нақты ілімді және дүниені танып білуге болатындығы туралы мәселеге принципті түрде қарауды кездестіреміз. Олардың сезімдік таным мен рационалдық танымды ажыратуы мән мен құбылысты ажыратумен тығыз байланысты.

Философиялық ой толғау әдістері саласында элеаттардың ең басты еңбегі шындықты ұғымдар көмегімен ой елегінен өткізуге талпыныс болды.

Пифагоршылар. Бұл мектептің негізін Кротон қаласында өмір сүріп өз мектебін құрған Пифагор болып табылады. Оның өмірі шамамен б.з.д. 584-500 ж.ж. тура келеді. Диоген Лаэрцийдің айтуына қарағанда оның үш кітабы болды. Олар: “Тәрбие туралы”, “Қауым істері туралы”, “Табиғат туралы”. Пифагор геометриялық есептерді шығарумен шұғылданып қана қоймай, сандар арасындағы қатынастарды зерттеді. Сандардың өзара байланысы абстрактілі ойлауды талап етті. Сандар барлық заттардың шынайы мәні деңгейіне дейін көтерілді.

Пифагордан өзге, оның шәкірті болған және сол мектептен білім алған бірнеше пифагоршылдар болды. Олар: Пермениск, Пернокс, Бронин, Петрон, Алкмеон, Гипкас және Бронтиннің әйелі Дейноно. Пифагоршылдардың орта буынына Филолай және т.б. жатады. Ал соңғы буынына Архип жатады.

Атомистер. Бұл мектепті Левкипп құрды. Ол атомистік философияның принциптерін алға тартты. Ол атомдар түріндегі үнемі қозғалып жататын, шексіз көп формасы бар элементтердің болатынын мойындады. Себебі ол заттарды пайда болып өзгеріп отырады деді.

Демокрит Левкипптің шәкірті болды. Ол Левкипптің атомдар туралы ілімі толық қолдап, сонымен бірге атомдарға Салман пен көлемділік қасиет береді.

Ерте грек философиясына мейлі ол аңғал материалистік көзқарастағы; Ионшіліктер, болсын мейлі идеалистік бағыттағы пифагоршылдар болсын танымның диалектикалық әдісі тән болды. Ежелгі грек қоғамы құлдық қоғам болды. Грек философиясы қаланың саудагер қолөнерші топтарының арасында пайда болғандықтан онда әрдайым әлеуметтік топтар арасында күрес жүріп жатты. Бұл сол заманның философиясыда өзі ізін қалдырмай қоймады. Танымдағы диалектикалық әдіс алғаш рет сол Милет мектебі өкілдерінің көзқарасында, әсіресе Анаксимандрдың Апейронының мәңгі қозғалысына қарама-қарсылық туындайды. Ал Гераклитте ал кеңістіктің заңына айналады. Ол бірлік және қарама-қарсылықтар заңы. Қарама-қарсылық барлық нәрсенің бастамасы.

2. Көне грек дәуіріндегі құлдық-демократиялық қоғамның осындай дағдарысын алғаш көре білген ойшылдар – софистер еді. Өйткені, бұл кездегі негізгі мәселе жастарды тәрбиелеу болды. Жастарға білім беріп, оларды дұрыс ойлауға үйретіп, қоғамға лайық нағыз азамат даярлап шығару үшін ұстаздар қажет болды. Осындай ұстаздар –данышпандар (данышпан, дана грек тілінде софистер деп аталады) шоғыры пайда болды. Олар жастарды оқытуға, тәлім тәрбие беруге атсалысты. Өздерінің мұндай еңбектері үшін ақы алды. Софистер екі топқа бөлінді. Олардың бірі аға буын (Протогор, Горгий, Гиппий, Продик т.б) екіншісі кіші софистер. Кіші софистер көп сөздіктен метафизик болып қалыптасқан еді.

Софистердің көзқарасы бара-бара субъективизмге қарай бет бұрып кетті. Сонд ықтан оған қарсы күрес бір жағынан философияның өзіне тән ерекшелігін қорғау еді. Ендеше, бұл жерде софистік философияға қарсы шыққан оның негізін талқандаған Сократтың еңбегін атап өткен орынды.

Сократ (б.з.д.469-399) софистер бастап, бірақ аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой- пікірін талдай келе, олардың негізгі келешегін көре білді. Сократтың ойынша таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек.

Сократ мәселені өте батыл түрде қойды. Дүниені тану, әлемді білу, әрине қажетті-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі өзінің ішкі дүниесін білуге дамытуы керек. Осыдан келіп, Сократтың бірінші принципі шықты. “Сен алдымен өзіңді-өзің таны!”. Бұл принцип сырт қарағанда қарапайым ешбір мағынасы жоқ сияқты. Бірақ, ішіне үңіліп қарасаң, Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесін етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Сөйтіп, философия тарихында бірінші рет өзіндік сана философияға айналды.

Оның екінші қағидасы “Менің білетінім - ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді”. Бұл пікірдің өзі керемет қағида. Өйткені адам өзіне-өзі сыртай үңілген сайын, өзін-өзі тануға ұмтылған, сайып келгенде, өзінің ештеңе білмейтіндігін анықтайды.

Сократ адамға алдымен өзіңді-өзің біл, сол арқылы дүниені, әлемді білесің деп уағыздайды. Мұның өзі Сократтың сонау Протогор көтерген мәселеге қайта оралғаны, яғни адам - барлық заттардың мөлшері.

Сократ бұл жерде мәселені тереңірек қойып отыр. Өйткені негізгі ой адамның ішкі дүниесіне бағытталған. Адамның өзі зат арқылы емес, өзінің ішкі дүниесімен ғана бағаланады. Сондықтан Сократ өзінің принципін әрі қарай жалғастырады. Ол өзінің ойларында адамның ішкі дүниесін өзгерту үшін білім қажет деп есептейді.

Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер объективтік құбылыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылық – салыстырмалы емес, абсалютті бағытта болады. Сондықтан софистер сияқты бақытылықты пайдалылықпен теңестіруге болмайды керісінше бақыттылық игілікке пара-пар. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың неде екенін білген дұрыс. Егер адамдар жақсылықтың да, жамандықты да не екенін олардың табиғатын түсініп білетін болса, онда олар ешуақытта да жамандыққа бармас еді. Жамандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын құбылыс. Олай болса, әдептілік дегеніміздің өзі танып білудің салдары. Сондықтан адамдар баюға, жұмыс бабында жоғарылауға, мемлекеттік басқару іске араласуға т.б. құмартпаулары керек, керісінше “өз қамыңды өзің ойлан”, өзіңді өзің өнегелік, интеллетуалдық жағынан көтер, бұл ретте адамдарға философия көмек береді.

Өмірінің соңғы жылдарында Сократқа жастарды бұзды, құдайларды жоққа шығарды деген айып тағылып, оған у ішіп өлу керек деген үкім шығарылды. 389 жылы ол өзінің достары мен ізбасарларының көзінше у ішіп өлді. Сократтың өмірі, оның ілімінің қалай іске асқандығын көрсететін ғажайып өмір болды. Сократтың әр адамның өз пікірі болуы мүмкін, бірақ ақиқат олардың бәріне ортақ – ол біреу ғана деген тұжырымы, сол сияқты ұғымдардың ауыспалылығы туралы (кейбір жағдайларда олардың бір-біріне ауысып отыратындығындығы туралы) идеялары өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер етіп, ұғымдар диалектикасы туралы ілімнің қалыптасуына және дамуына ойтүрткі болды.

Сократтың адамды тану және рухани дүниесі үшін пайдаланатын әдістері өте бағалы. Ол ойлау процесінде индуктивті әдісті ашты.

Рақымшылдық және бақыт туралы Сократтың ілімдері, б.д.д. V-IV ғ.ғ. кең

етіп алған екі философиялық мектеп киниктер мене гедонизмнің этикалық ілімдерінің өзекті мәселесіне айналды.

Киниктер философиялық (“ Киносарг ” деп аталған гимназияның атымен аталып

кеткен, аудармасы – “ көреген ит ”) негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д 444-368 ж.ж.) пікірінше нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар, заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар қарама-қайшы пікірде болуы мүмкін. Ал заттар туралы дұрыс пайымдау субьекті мен крединат тепе-тең (товтология) болған жағдайда ғана қалыптасады. Киниктердің жеке заттар мен жалпы ұғымдар туралы пікірлері ортағасырдағы номиналистердің жалпы ұғымдар мен жеке заттар туралы идеяларымен ұштасып жатыр.

Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылық, ізгілік басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылық – ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Гректер натурфилософиясы
  2. Сократтың маевтикасын калай түсінесіз?
  3. Софистиканың бетбұрысын қандай философиядағы мәселегі теңеуге болады?

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: