Компьютерлерді интеллектендіру принципі. 5 страница

110.Өтпелі құбылыстың табиғаты. Қазақстанның өтпелі кезендегі ерекшеліктері мен қиындықтары. Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің кіру стратегиясы

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Мемлекет басшысының 2013 жылғы 10-11 қыркүйекте өткізілген Дамушы нарықтардың еуразиялық форумының қорытындылары бойынша тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген.

Тұжырымдама 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мақсатында елде әлеуметтік, экономикалық және институттық ортаны біртіндеп жетілдіру үшін негіз қалайды.

Тұжырымдама Қазақстан Республика­сы­ның ағымдағы жағдайын талдауды, ұзақ мерзімді жаһандық трендтердің, сын-қатерлер мен мүмкіндіктер сипаттамасын, елдің 2050 жылғы пайымын, стратегиялық даму бағыттарын және Тұжырымдаманы іске асыру тетіктерін қамтиды.

Қазақстанның 2050 жылға дейін ұзақмерзімді дамуының негізгі стратегия­лық басымдықтары:

1) адами капиталды дамыту;

2) институттық ортаны жетілдіру;

3) ғылымды қажетсінетін экономика салаларын дамыту;

4) ғылымды қажетсінетін инфра­құрылымды жедел қалыптастыру;

5) әлемдік және өңірлік экономикаға интеграцияны тереңдету болып табылады.

Елдің адами капиталы экономиканы жаңғыртудың және ғылымды қажетсінетін даму моделін қалыптастырудың басты қозғаушы күшіне айналмақ. Халықтың жоғары табиғи өсімін қамтамасыз ететін дұрыс демографиялық ахуал Қазақстанның бәсекеге қабілетті артықшылығы болады. Қазақстан жоғары ғылыми және шығармашылық әлеуетке, жоғары білікті және кәсіби еңбек ресурс­тарына ие болмақ. Осының бәрі білім беру, ғылым және мәдениет салаларын, әлеуметтік қорғау жүйесін, денсаулық сақтау саласын дамыту арқылы адамның өзін-өзі көрсетуі, шығармашылық дамуы мен өнімділігі жоғары еңбек етуі үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді көздейді.

Қазақстанда институттық ортаны жетілдіру жеке бастаманы дамыту үшін жағдай жасауға, сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейін қамтамасыз етуге және экономикалық әрі саяси өзгерістердің үйлесімді қабысуына бағытталатын болады.

Ғылымды қажетсінетін экономика құруға өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту, сондай-ақ өндірістің жоғары технологиялық жаңа салаларын біртіндеп дамыту арқылы қол жеткізілетін болады. Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпті жедел дамытуға басты назар аудару көзделуде.

Инфрақұрылымды жаңғырту жаңа технологияларды жасау мен меңгеру саласында кәсіпкерлердің, инвесторлардың тәуекелдері мен шығындарын барынша азайтуға, сондай-ақ оны неғұрлым дамыған елдердің деңгейіне жақындата отырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшу бойынша орнықты дамудың, ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің инновациялар мен кәсіпкерлікті дамытудың орталықтарына айналатын әлемдік деңгейдегі агломерациялар қалыптастырылатын болады. Олар жоғары сапалы білім беру, ақпараттық және көлік қызметтерін ұсыну, бәсекелестікті арттыру, шетелдік инвес­торлар үшін тартымды жағдай жасау есебінен адами капиталды дамытуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда дамыған елдер ашық­тық пен халықаралық қатынастар жүйесіне интеграцияланудың жоғары дәрежесін көрсетіп отыр. Жаһандық бәсекелестік жағдайында Қазақстан белсенді интеграциялық саясат жүргізуі қажет. Бұл ретте оның экономикалық аспектісі халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен көші-қонды реттеу мәселелерінен бөлек қарала алмайды.

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі жоғарыда аталған бағыттарды іске асыру үшін елдің ұзақмерзімді дамуының мынадай басты көрсеткіштері айқындалған.

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды.

Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустриялан­дыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бұл үрдіске үйренбеген және ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993—1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айту- ға болады, бірақ өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады.

1991 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы — 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы — 45%-ке жетті.

Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996—1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі де­ген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын жэне орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды қүру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.

Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мүқтаж бо- латын. Олар “Қазақстан — 2030” ел дамуының Стратегиясын- да түжырымдалды. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан — 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем түстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген.

111.Рационалдық таным және оның формалары. Танымдағы сезімдікпен рационалдықтың бірлігі.

Рационалды таным деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және олардың болмысына үңілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Адам сезім органдары арқылы танылатын объекті мәнінің нақты бейнесін қалыптастыра алмайды. Адам сезімдерінің осы шектеулігін рационалды таным арқылы кеңейте алады, заттардың мәні тек адамның ойлау қызметінің көмегімен танылады. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз — құбылыстардың айқындамаларында бекітілген жалпылама байланыстағы заңдылықтарын, жақтарын, белгілерін көрсететін адам ойының формасы. Ұғым тілдік формада жекелеген сөздермен, терминдермен, мысалы: молекула, сутек немесе объектінің дәрежесін көрсететін (Күн жүйесіндегі планеталар, экономикалық қатынастар, т.б.) бірнеше сөз тіркесімен беріледі. Ұғым барлық білімдер қорының негізінде жатқан бүкіл адамзат ойлауының мейлінше кең формасын жинақтаған. Ұғымның қалыптасуы — күрделі үдеріс. Онда салыстыру (бір затты екінші затпен ойша катар қою, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау), талдай қорыту (біртекті заттарды олардың жалпы белгілерінің негізінде ойша біріктіру), абстракциялау кезінде заттың белгілі бір мәнді жақтары екінші қатардағы мәнді емес белгілерінен бөліп алып қарастырылады. Түсініктің қалыптасуы кезінде осы логикалық амалдар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, "үстел" ұғымын тиянақтаған кезде адамдар, бір жағынан, оның мәнді емес қасиеттерін, оның формасын (дөңгелек, төртбұрыш?) түсін, аяқтарының санын, осы үстел жасалған ағаштың қасиеттерін бөліп тастайды да, екінші жағынан, олардың күнделікті өмірде пайдалылығын айқындайтын жалпылама белгілерін алады. Ұғымдар затты ғана айқындамайды, олардың қасиеттерін, өзара қатынастарын да айқындайды. Мысалы, мынандай ұғымдар — қатты және жұмсақ, үлкен және кіші, суық және ыстық сияқты заттың белгілі бір қасиеттерін көрсетеді. Ал қозғалыс немесе тыныштық, жылдамдық және күш ұғымдары зат пен адамдар арасындағы және басқа да заттар арасындағы немесе табиғаттағы үдерістер арасындағы өзара қатынастарды білдіреді. Ғылыми танымның тереңдеуіне және дамуына байланысты күшті және кезге көрінетіндей жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Ғылыми жетістіктер мен ашулар жаңа ғылыми ұғымдардың пайда болуына септігін тигізеді. Әр ғылымның өзінің кең ұғымдар жүйесі болады. Оларды түсінік аппараты деп атайды. Физиканың түсінік аппаратында — масса, энергия, заряд; химияның түсінік аппаратында — элемент, валенттілік, реакция; биологияда — жасуша, организм, өмір, тағы осы сияқты ұғымдар бар. Қоғамдық ғылымдардың негізін — өндіріс, мемлекет, құқық, саясат, коғам және басқа ұғымдар құрайды.Техника ғылымдарында — машина, қозғалтқыш, автоматика, телемеханика деген ұғымдар кездеседі. Қазіргі ғылымда жалпы ғылыми ұғымдар үлкен рөл атқарады. Олар түрлі ғылымдардың өзара байланысы мен ықпалы нәтижесінде пайда болған. Жалпы ғылыми ұғымдар санатына — жүйе, модель, ақпарат, ұйым сияқты сөздерді алуға болады. Адамның дүниені тану арсеналында жалпылама ұғымдар философиялық категориялар делінеді. Оларға сапа, сан, материя, кеңістік, уақыт, тағы басқалар жатады. Мынаны естен шығармау керек: адамдар өздерінің өмірінде жекелеген, бөлініп алынған ұғымдармен ойламайды. Осыған байланысты ұғымдарға құрылған және оларды өзінің құрамына қосатын ойлаудың рационалдық және логикалық формасы болатын — пікірдің рөлі айқындала түседі. Пікір — заттардың, құбылыстардың, үдерістердің және олардың қасиеттерінің байланыстарын, арақатынастарын көрсететін ойлау формасы.

112.Бөлшектермен өріс казіргі физикалық әлем суретінің абстракциясы.

Частицы и поля как фундаментальные абстракции современной физической картины мира и проблема их онтологического статуса. Онтологический статус виртуальных частиц. Проблемы классификации фундаментальных частиц. Типы взаимодействий в физике и природа взаимодействий. Стандартная модель фундаментальных частиц и взаимодействий и ее концептуальные трудности. Физический вакуум и поиски новой онтологии. Стратегия поисков фундаментальных объектов и идеи бутстрапа. Теория струн и “теория всего” (ТОЕ) и проблемы их обоснования.

Физическая картина мира – это обобщенная модель природы, включающая в себя представления физической науки о материи, движении, взаимодействии, пространстве и времени, причинности и закономерности.

Поэтому первой составной частью процесса создания у учащихся представлений о физической картине мира является формирование указанных фундаментальных физических понятий и идей. К числу этих фундаментальных понятий и идей относятся понятия вещества и поля, понятия массы, силы, взаимодействия, импульса, энергии, идеи относительности, сохранения мер движения, атомизма, корпускулярно-волнового дуализма.

Но только усвоение важнейших понятий и идей недостаточно для формирования представлений о физической картине мира. Представления о современной физической картине мира учащиеся могут получить только в конце курса изучения физики, после того как будут обобщены и приведены в систему знания учащихся. До того контуры современной физической картины мира обрисовать невозможно из-за недостатка знаний у учащихся по вопросам современной физики. Как отметила Зорина Л.Я. «…не всегда целесообразно сразу давать знания, соответствующие современному уровню развития. В ряде случаев нужно специально показывать становление знаний и изменение мировоззренческих представлений». (Зорина Л.Я. «Дидактические основы формирования системности знаний старшеклассников». – М., 1978г., стр.116). Поэтому необходимо показать учащимся, что физическая картина мира создавалась постепенно, что в процессе развития физики она сама эволюционировала, то есть вначале возникла механическая картина мира, затем ее сменила электромагнитнаякартина мира. Поэтому после изучения механики можно говорить лишь о механической картине мира, а после изучения электродинамики – об электромагнитной картине мира. Обобщения проведенные в конце этих разделах позволяют систематизировать материал и познакомить учащихся с общей структурой физической картины мира и ее элементами. Это подготовит учащихся к усвоению структуры и содержания современной физической картины мира. Кроме того, важно показать, что формирование каждой последующей картины мира не только приводило к расширению и углублению общих знаний о мире, но и требовало пересмотра взглядов на мир, а иногда и отказа от некоторых прежних взглядов. В связи с этим необходимо уделить внимание историзму. Очень важно «… представить науку не как сводку догм и застывших данных, не весть как, кем и почему добытых, а как развивающийся процесс, которому нет конца». (Мощанский В.Н. «Формирование мировоззрения учащихся при изучении физики». – М., 1989г., стр.14). Кроме того, знания усваиваются лучше, если учащиеся знают как и почему они возникли. Еще Максвелл Д.К. отметил, что «… наука всегда усваивается наиболее полно в состоянии ее возникновения»

113.Табиғат ұғымы. Табиғи орта. Биомасса мен техномасса.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Тіршілік ортасы (Биотическая среда) [1] — қазіргі тіршілік етіп жатқан организмдердің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар.[2]

Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.

Биомасса (гр. bios - өмір және масса) — бір түрдің, түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің (өсімдік, микроағза және жануарлардың) тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы; аудан немесе көлем (г/м2 немесе г/м3) бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

114.Н.А. Бердяев «Орыс коммунизмінің бастау кезі мен мәні»

«Орыс коммунизмінің шығу тегі мен мәні» деген еңбегінде Ленинді марксизм теоретигі емес, революция теоретигі дейді. Ол екі түрлі Ленинді атап өткен.

1.Ленин-туысына жанбауырлығы

2.Ленин-қаныпезер мінез қайдан шықты деген. Оны білімсіз болды бірақ саясаткер болған дейді.

Өз философиясының зерттеу объектісі туралы Николай Александрович Бердяев 1931 жылы Парижде жарық көрген «О назначеңии человека» еңбе- гінде былай дейді: «Адам мәселесі — философияның негізгі мәселесі. Гректердің өздері-ақ адам өзін-өзі танып білгенде ғана философиялық ойлауды бастайтынын түсінген болатын. Болмыс жұмбағының шешімі адамның өзінде». Бердяев адамды екі дүниенің тұрғыны ретінде қарастырады: 1) адам табиғаттан жоғары; 2) адам табиғаттың туындысы және табиғатта өмір сүреді. Ол табиғатқа тәуелді, бірақ адам табиғатқа жаңа сипат береді. Адам табиғаттағы принципиалдық жаңа нәрсе. Бердяев адам мәселесін идеализм де, социологизм де, психопатология да шеше алмағандығын көрсетіп, өзінің философиясы арқылы адам өмірінің мәнін тереңдеп түсіндіруге тырысатынын айтады: «Қазіргі терминологиямен айтсақ, менің философиям экзистенциалистік тип». Экзистенциалистерден өзіне Достоевский, Толстой, Ницше жақын екендігін ескертіп, Бердяев жалпы орыс философиясы экзистенциалдық сипатқа ие деген қорытынды жасайды. Бұл пікірмен келісуге болады. Экзистенциализмге жан сырын ақтару (исповедь) тән болса, ол Бер-дяевте де бар, бірақ оның жан сырын ақтаруы ерекше. Мысалы, Толстойдың «Жан сырында» уайым мен өзін-өзі қамшылау көп болса, Бердяевте уағыз айту, басқаны үйрету басым, ол езі туралы ащы ирониямен айтады, сол арқылы басқаларға ой салуға тырысады, «өмірдің мәні туралы ойланудың өзі — өмірдің мәні» дейді.Бердяев философиясының басты категориясы Тұлға~(персона). Ол әрбір адамды қайталанбас, жалғыз, ерекше нәрсе, әлеуметтік жалпының элементі деп қарастырады. Ең басты құндылық — жалпы қоғамдаст ұжым, қоғам, мемлекет емес, адам, жеке тұлға. Бердяев Кант философиясына қарсы. Оның жалпыға арналған мораліне қарсы өзінің қайтал бас-индивидуальдік моралін қояды, топтық моральді қабылдамайды.» Самопознание» («Өзін-өзі танып-білу») еңбегінде ол былай дейді: «Жалпыға бірдей міндетті адамгершілік заңға сәйкес келмеген адамды мен бақытсыз, қуғындалушы демес едім. Керісінше, жалпыға бір занды орындаушы адам — адамгершіліктен жүрдай. Менің түсінігім солай, мені қабылдамайды емес, мен қабылдамаймын». Бердяевтің өзі осы принцип бойынша өмір сүрді, жеке адамды жалпы қоғамнан биік қойды, өзінің өмірін де осылай түсіндіреді: «ешқандай философиялық мектептерге қосылмай, индивидуальдік философияны

ұстандым, рационализм мен оптимизмге қарсы күрестім. Менің философиям персоналистік, конфликт философиясы». Бердяев тұлғаның ең басты сипаты — Еркіндік деп пайымдайды. Адамды жануардан ерекшелендіретін сана және еркіндік деп түсінген еркіндікті болмыстан жоғдры қояды. Құдай еркіндікте ғана өмір сүре Ақиқат еркіндікте және еркіндік арқылы танылады. Еркіндік тұлғаны, өзімен-өзі тұйықталуы емес, керісінше, творчестволық ашылуы. Осылайша пайымдай отырып, Бердяев социализм адам еркіндігін тежейді, себебі бұл қоғамда пролетариат басқа таптардың бәрінен жоғары қойылға» деген тұжырым жасайды. Бұл пікірін, жалпы социализм мен коммунизмге көзқарасын ол өз шығарма-шылығының эмиграциядағы кезеңінде нақтылай түседі: «Орыс революциясы көрсеткендей, коммунизм еркіндікті тұлғаны, рухты теріске шығарды. Мен коммунизмді экономикалық жән саяси ұйым ретінде қабылдай алар едім, бірақ рухани жағынан мүлдем қарсымын. Себебі, мен антиколлективистпін. Ұят коллективтік категор» емес, жеке тұлғаның Құдаймен тоғысу сәтінде болатын сипаты».

Бердяев тұлғаның революция кезеңіндегі тағы бір өзгерісіне тоқтал ды. Ол Ресей большевизмнен міндетті түрде өтуі тиіс еді, большеви қажеттілік, орыс халқы тағдырының ішкі моменті, экзистенциалдық дилектикасы

деп есептеді. Революция, сол арқылы келген еркіндік, Бердяевтің пікірінше, адамдарды қатты өзгертті. Кешегі қарапайым адамда билік, еркіндік қолына тиген соң мүлдем өзгерді, тұлғаның жаңа антр пологиялық типі, бұрынғы орыс интеллигенциясына мүлдем ұқсамайты типі пайда болды. Олардың бойында мейірімділік, қайырымдылық деген жоқ еді. Осыдан келіп, Бердяев еркіндік дегеніміз демократиялық ұғым емес, аристократиялық ұғым деген тұжырымға келді. Бұл пікірмен келісу қиын.

Бердяев орыс революциясын орыс интеллигенциясының ақыры деп астырады, себебі орыс революциясы осы революцияны әзірлеген ин-теллигенцияны қуғындады, орыс мәдениетін жоқ қылды. Біздің ойымызша аталған ойды қазақ интеллигенциясына байланысты да айтуға болады. Бердяевтің Тұлга мен Еркіндік туралы ілімі Құдай ұғымымен тығыз байланысты. Дүниенің негізі туралы оның пікірі — дуалистік. Канттың этикалық көзқарастарын қабылдамағанымен, оның «өзіндік зат дүниесі» және «құбылыстар дүниесі» идеясын мақұлдайды. Бұл идея ақиқат дүниенін құдай сипатын түсіндіруге ыңғайлы еді. Объективті дүние – зұлымдық. Шын өмір сүретін тек қана субъектілер, яғни еркін рухтар ғана. Адам өмірінін мақсаты — еркін рухтардың көмегімен дүние мен заттар үстемдігінен азат болу. Бердяевтің пайымдауынша, зұлымдық үшін Құдай жауап бермейді. Дүниені өзі жаратқанымен, әрі қарай өз күшін Еркін адамға береді, адам арқылы дүниені басқара береді. Құдайсыз адам әлсіз, сондықтан адам Құдаймен бірге қызмет етіп, өмір сүруі керек. Идеалды Құдайы патшалықты адам мен Құдай екеуі біріге отырып қалыптастырады. Осылайша, Бердяевтің діни философиясы Құдай туралы ілім ғана емес, адам туралы антропологиялық ілім. Бірақ бір ескертетін нәрсе, Бердяев өзі де, жалпы адам да Құдайдың құлы емес деп есептейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: