1. Қазақстан Республикасының алға қарай тұрақты жылжуының негізгі шарты:
А) халықаралық жағдайлардың қолайлы болуы;
Б) экономикалық өсу;
В) алға қойған мақсатқа жетудегі қоғамның тұтастығы;
Г) әлеуметтік ауқаттылық;
Д) шетелдермен қарым-қатынас.
2. Қазіргі кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші факторы:
А) табиғи ресурстар;
Б) жағрапиялық жағдай;
В) геоэкономикалық жағдай;
Г) адамдар, олардың жігері, энергиясы, қайсарлығы, білімі;
Д) саяси тұрақтылық.
3. Мемлекеттік бірдейлік ретіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұтастығының түрі:
А) органикалық;
Б) ортопедикалық;
В) геометриялық;
Г) экономикалық;
Д) әлеуметтік.
4. Қазақстан Республикасының үдемелі және тұрақты дамуының маңызды шарты:
А) экономикалық өсу;
Б) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның шоғырлануы;
|
|
В) халықаралық жағдайдың қолайлы болуы;
Г) әлеуметтік сақтандыру;
Д) ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттілікті сақтау.
5. Қазақстан Республикасындағы әскери құрылыс саясатының саясаттанулық теориясының негізін қалаушы?
А) И.Панфилов;
Б) Б.Момышұлы;
В) С.Нұрмағанбетов;
Г) М.Қозыбаев;
Д) Л.Бақаев.
6. Қазақ ұлтының генетикалық кейіптелуі:
А) ауыл тұрғыны;
Б) жастар,
В) қала тұрғыны;
Г) қарт адамдар;
Д) диаспора.
7. Қазақстан халықтарын ортақ игілікке жеткізетін және ұлттық мүддені іске асыратын негізгі құрал:
А) шет елдермен ынтымақтастық;
Б) нарықтық экономиканың дамуы;
В) ішкі саясаттың тұрақтылығы мен қоғамның шоғырлануы;
Г) білім ағарту саясаты;
Д) шет елдік инвестиция.
8. Қазақстан халықтарының Ассемблеясы қай жылы құрылды?
А) 1992 жылы;
Б) 1993 жылы;
В) 1994 жылы;
Г) 1995 жылы;
Д) 1996 жылы;
9. Басқару түрі бойынша Қазақстан – бұл:
А) парламенттік республика;
Б) жартылай президенттік республика;
В) президенттік республика;
Г) суперпрезиденттік республика;
Д) демократиялық республика.
10. Еуразиялық одақ құру идеясы қай жылы ұсынған еді?
А) 1991 жылы;
Б) 1992 жылы;
В) 1993 жылы;
Г) 1994 жылы;
Д) 1995 жылы;
11. Қазақстан халқының денсаулығына әсер ететін маңызды фактор:
А) аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтына ынталандыратын мемлекеттік шаралар;
Б) шетелдік инвестициялар;
|
|
В) қайырымдылық;
Г) жеке капитал,
Д) халықтың іскерлігі.
12. Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясаты, оның ішінде әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты селективті түрде неге бағытталуы керек?
А) бүкіл республикаға;
Б) адамның өмір сүруі және нарықтың қызмет етуі позицияларының перспективті аймақтарына;
В) қалаға;
Г) ауылдық жерге;
Д) экологиялық апат аймағына.
13. Қазақстандағы ауыл мен селоны көтерудегі негізгі фактор:
А) су қатынастарының реформасы;
Б) жерге жеке меншік;
В) агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және қарқынды дамуы;
Г) ауылдың ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етілуі;
Д) сыртқы тауар рыногын қамтамасыз ету.
14. Қазақстан үшін мектепте білім беру жүйесінің маңыздылығы неде:
А) оқушыларды оқыту бағдарламасы;
Б) оқулықтармен қамтамасыз ету;
В) мектепті компьютерлендіру;
Г) оқытушы мәртебесін, әсіресе, ауыл оқытушысының мәртебесін айтарлықтай көтеру;
Д) материалдық-техникалық базаны жақсарту.
15. КСРО жинақ банксінде жоғалған халық салымын қайтаруды қажет деп тапқан ТМД-дағы жалғыз мемлекет:
А) Ресей;
Б) Белоруссия;
В) Қазақстан;
Г) Литва;
Д) Украина.
5) Бақылау сұрақтары
3. 1. Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары қандай?
2.Қазақстанның болашақтағы дамуын қалай елестете аласыз?
3. Евразиялық экономикалық Одақтың Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуына қандай әсері болады деп ойлайсыз?
4. Қазақстанның Орталық Азиядағы геосаяси оқиғаларға ықпалы қаншалықты?