Туристік мекемелер. 13.3 рекроеациялық инфрақұрылымдарды орналастырудың түйінді мәселелері

13.3 рекроеациялық инфрақұрылымдарды орналастырудың түйінді мәселелері

Ел, өңір, аудан аумағында орналасқан рекреациялық мекемелердің жиынтығын рекреациялық тор деп атайды. Олардың қатарына емдік, спорттық-сауықтыру, демалыс пен танымдық туризм мекемелері жатады.

Рекреациялық тордың дамуының негізгі көрсеткіші мың шаршы шақырым аумаққа шаққандағы рекреациялық мекемелердің тығыздығы. Осыған орай күшті, орташа және әлсіз рекреациялық дамығамн аумақ деп бөлінеді. Рекреациялық мемекмелердің қызыметтік айырмашылықтары олардың рекреацияның белгілі бір түріне бағытталуына байланысты болады.Бұл фактор материалдық базасының даму дәрежесіне де әсер етеді.

Рекреациялық қызымет көрсетуге қолданылатын өндіргіш күштердің материалдық және заттық элементтерінің жиынтығын туризмнің материалдық базасы дейміз. Туризм инфрақұрылымынан айырмашылығы материалдық базаны тек рекреанттар қолданады.

Әр түрлі бағытқа бағдарлануына байланысты рекреациялық шаруашылық емдік-сауықтыру және демалыс мекемелерін біріктіретін бірнеше сала тармағынан тұрады.

Санаторий-шипажай мекемелерінің негізгі түрлері. Шипажайларда санаторлық-шипажайлық ұйымдар – курорттардың, емдік-сауықтыру орындарының аумақтарында, олардан тыс жерлерде орналасуы мүмкін. Табиғи емдік факторларды пайдаланатын емдік және сауықтыру жұмыстары әр түрлі меншік және ведомстволық кәсіпорындар мен мекемелер жүргізіледі. Оларға – санаторийлар, емдеу пансионаттары, шипажайлық емханалар, емдік жағажайлар, минерал сулардың галереялары мен бюветтері, қауыздық ғимараттар, радонмен емдеу орындары, балшықпен емдеу орындары, солярийлер, аэрарийлер және емдік жүзуге арналған қауыздар жатады. Климаттық емдеу шипажайларында сауықтыру демалысына арналған демалыс үйлері, пансионаттар, СПА-отельдер мен турбазалар бар. Оларда ағзаның қызыметтік жағдайын түзету, жұмысқа қабілеттілігін жылдам қалпына келтіру және шынықтыру үшін климаттың әр түрлі элементтерін қолданады.

Шипажайлардағы емдік-сауықтыру мекемелердің негізгі типі - санато­рий (лат. sanare - «айықтыру, сауықтыру») – табиғи емдік физикалық факторларды жасанды факторлармен, емдік дене шынықтырумен, емдік тамақтанумен және басқа жолдармен үйлестіре отырып қолдану арқылы арнайы ұйымдастырылған режим жағдайында емдеуге, алдын алуға және медициналық сауықтыруға арналған емдік-сауықтыру мекемесі. Аурулар асқынып кеткен кезде, сондай-ақ физикалық факторлардың әсерін күшейту және науқастарға контрасттық табиғи зонаға көшудің әсер етуінің алдын алу үшін санаторийдегі дәрі-дәрмекпен емдеу және төсекте жату режимі қолданылуы мүмкін.

Табиғи физикалық факторлардың болуына, оларды емдік қолдану жағдайларына және кадрлардың біліктілігіне қарай әрбір санаторий белгілі бір аурумен ауыратын, осы санаторийге жолдама алған науқастарға медициналық бейімделген. Санаторийлердің көпшілігі мынадай аурулармен ауыратын сырқаттарды емдеуге мамандандырылған:қан айналымы жүйесі; тыныс алу органдары (соның ішінде туберкулез емес сипаттағы); ас қорыту және зат алмасу органдары; жүйке жүйесі; сүйек-бұлшық ет жүйесі; несеп-жыныстық органдар;

әйелдердің жыныстық органдары; тері және қан. Санаторилерде толық емделу кезеңі 21-24 күнге созылады.

Санатори-прафилакторилер кәсіпорындарда ұйымдастырылады және жұмыстан тыс таңғы және кешкі уақытта қызыметкерлерді сауықтырыуды және жоғалтқан күш қуаты мен еңбеккеқабілетін қалпына келтіруді көздейді. Сондықтан олар кәсіпорыннан бір сағат жүретін ара қашықтықтан артық болмайуы тиіс. Оларды салу үшін кәсіпорынның маңындағы көгалдандырылған аумақтар таңдалады. Санатори-прафилакторидің сиымдылығ,ы санаторилерге қарағанда аз болады. Оның материалдық-техникалық базасы санаториге жақындатылады, кейде асып кетеді.

Емделетін пансионат санаториге қарағанда емдік базасы төмен болады.Бірақ олар ірі емдік-шипажайлық аймақта орналасса шипажайлық емханасы болса демалушылар оларда етделеді.

Демалыс мекемелерінің торларына демалыс үйлері, пансионаттар, демалыс базалары жатады. Демалыс үйлері Қазан төңкерісінен, ал пансионаттар Ұлы отан соғысынан кейін дами бастады. Бастапқыда оларда тек ересек адамдар демалды. Содан кейін біртіндеп балалары бар жанұялардың демалу орынына айналды. Пансионаттардағы демалыстың ұзақтығы 12 немесе 24 күнге созылады. Демалыс күндері бұл мекеменің қызыметін көптеген демалушылар пайдаланады.Шипажайлар сыяқты демалыс үйлері мен пансионаттарда құйтайтын ғимараттан, асханадан, кино-концерт, билеу залдарынан, ойын орындарынан, кітапхана спорт кешендеріне дірнеше дәрігерлік бөлмелерінен тұратын кең көлемді материалдық-техникалық базасы болады.

Демалыс үйлері мен пансионаттардың орналасу географиясы шипажайлар торыныкімен ұқсас. Қазақстанда олардың басым бөлігі Алакөл, Балқаш, Бурабай сыяқты көлдер мен ірі қалалардың маңындағы су қоймаларында, ірі өзен аңғарларында шоғырланған.

Демалыс базасы материалдық жағынан біршама аз жарақтандырылған демалыс мекемесі. Олар көпнесе әр түрлі кәсіпорындардың құрамына кіреді. Негізінен жанұялық демалысқа арналған.Олардың көбінің демалушыларды қабылдау мерзімі бір аптадан 12 күнге дейін созылады.

Емдеу-сауықтыру және демалыс мекемелерінің басым бөлігі сұранысы жоғаны қолайлы орындарда орналасады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: