Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, рецептті талдап жазу, жағдайлық есептерді шешу.

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Анемиялық синдромда қолданылатын препараттар. Эритропоэзге әсер ететін заттардың жіктелуі.

2. Темір препараттары железа. Жіктелуі. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

3. В12 витаминінің, фоль қышқылыпрепараттары. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

4. Эпоэтин-альфа. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері. эффекты.

5. Геморрагиялық синдромда қолданылатынпрепараттар. Гемостатикалық. Жіктелуі.

6. Жергілікті және резорбтивті әсер ететін гемостатикалық заттар. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

7. ҚТІШҰ синдромында қолданылатын заттар, негізгі фармакологиялық әсерлері, жанама әсерлері.

8. Миело- және лимфопролиферативті синдромдарда қолданылатын бластомаға қарсы заттар. Бластомаға қарсы заттардың фармакологиялық сипаттамасы, қолдануға қарсы көрстеулер. Негізгі жанама әсерлері және оларды алдын алу, түзету шаралары.

6. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

Бағдарламалық препараттар: шала тотыққан темірлактаты, темір фумараты, темір хлориді (гемофер), шала тотыққан темір сульфаты (актиферрин, тардиферрон, ферроградумет), «ферроплекс», ферковен, феррум лек, мальтофер, ферлатум, эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы, цианокобаламин, фоль қышқылы, циклофосфан, цисплатин, хлорбутин, нитрозометилмочевина, ломустин, кармустин, миелосан, метотрексат, меркаптопурин, фторурацил, цитарабин, винкристин, доксорубицин, цитокины, трастузумаб, ритуксимаб, рутин, этамзилат, адроксон, серотонина адипинат, кальций хлориді, викасол, фитоменадион, тиклопидин, дипиридамол, гепарин

Рецепт жазуға арналған препараттар: «Ферроплекс», феррум лек, аскорбин қышқылы, цианокобаламин, викасол, кальций хлориді, гепарин, метотрексат, меркаптопурин.

8. Бағаланатын компетенциялар: когнитивті, операционалды, коммуникативті

1. Бөлімнің негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2. Тесттік тапсырмаларды орындау.

3. Рецепттерді талдаумен жазу, бір реттік дозасын есептеу.

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар.

Тест №1. Миело- және лимфопролиферативті синдромда қолданылады:

1. алкилдеуші қосылыстар 2. коагулянттар 3. антиагреганттар 4. антиметаболиттер 5.ферменттік препараттар

Тест №2. Темір тапшылықты анемияда келесі препараттар қолданылады:

1. «ферроплекс», темір фумарат, ферковен, феррум лек

2. темірдің кешенді препараттары (мальтофер, ферлатум), эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы

3. темір хлориді (гемофер), цианокобаламин, фоль қышқылы

4. эпоэтин альфа, шала тотыққан темір лактаты, варфарин, адроксон

5. викасол, аминокапрон қышқылы, шала тотыққан темір сульфаты (тардиферрон), ферроградумет

Тест №3. Препаратты анықтау. Организмде ДНҚ мен нуклеопротеиндердің, миелиннің синтезі үшін, сондай-ақ гомоцистеиннің метионинге трансформациялануы үшін қажет кобамамид кофакторына айналады.

1. фоль қышқылы 2. цианокобаламин 3. викасол 4. этамзилат 5. феррум лек

Тест №4. Тікелей әсер ететін антикоагулянттар:

1. варфарин, фенилин 2. гепарин, фраксипарин 3. викасол, фитоменадион 4. контрикал, гепарин 5. аминокапрон қышқылы, феррум лек

Тест №5. Препараттардың тобын анықтау. Көптеген эндогенді заттарға сутегі атомын алкилді топқа (алкилдеу реакциясы) алмастыра отырып бірігу қабылеті бар. Бұл заттардың негізгі әсер ету механизмі –этиленмониум ионы түзілетін жасушаішілік циклизациялау үрдісі, яғни тікелей немесе карбоний-катионын түзу арқылы алкилді топты жасушаның құрамдас бөліктеріне жеткізу. Нәтижесінде тотығудан фосфорлануға қатысатын ферменттердің белсенділігі бұзылады, синтездік үрдістердің энергиямен қамтамасыз етілуі, жасушаның митоздық бөлінуі және өмір сүру қабілеті тежеледі.

1. цитокиндер 2. ферменттік препараттар 3. антиметаболиттер 4. алкилдеуші қосылыстар 5. эритропоэтин препараттары

Тест№ 6. Метотрексат және меркаптопуриннің жанама әсерлері:

1. диспепсиялық бұзылыстар 2. қан жасаудың тежелуі 3. бүйректің зақымдануы 4.асқазанның шырышты қабығының ойылуы 5. кардиотоксикалық әсер

Тест№ 7. Контрикал:

1. жергілікті әсер көрсететін коагулянт 2. фибринолитик 3. антиагрегант 4. фибринолиздің ингибиторы 5. резорбтивті әсер көрсететін коагулянт

Тест№ 8. Препаратты анықтау. Тиімділігі жоғары агрегант, простациклиннің әсерлерін тежейді, тіндік тромбопластиннің түзілуін біршама төмендетеді. Капиллярлардың базалді мембранасын қатайтып, қан сарысуының сұйық бөлігінің транссудациясын да, экссудациясын да азайта отырып, қан тамырларының жарылғыштығын және өткізгіштігін төмендетеді.

1.аминокапрон қышқылы 2. фибриноген 3. аскорбин қышқылы 4. этамзилат 5. викасол

Тест№ 9. Сәйкестендіру: 1-жергілікті әсер ететін коагулянттар, 2-резорбтивті әсер көрсететін коагулянттар, 3- антикоагулянттар:

1. кальций хлориді, этамзилат 2. фитоменадион, викасол 3. тромбин, фибриноген

4. тромбин, гемостатикалық жөке 5. гепарин, варфарин

Тест№ 10. Дәрілік заттардың топтарын анықтау. Табиғи метаболиттерге құрылымдық ұқсастықтары бар, дегенмен олардан біршама ажыратылады. Дамитын бәсекелестік қарым-қатынас белгілі биохимиялық үрдістердің тежелуіне және жасушалар мен тіндердің өмір сүру қабілетінің бұзылуына әкеледі.

1. цитокиндер 2. алкилдеуші қосылыстар 3. қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер 4. антиметаболиттер

5. моноклоналды антиденелер

Тест№ 11. Дәрілік заттардың топтарын анықтау. Химиялық құрылымы бойынша пептидтер немесе көмірсулармен біріккен циклді топтардан тұрады. Циклді топтар арқылы ДНҚ немесе РНҚ-ның арнайы негіздерінің көршілес жұптарының арасына енеді. Нәтижесінде нуклеин қышқылдарының тізбектері ажырайды, жаңа ДНҚ синтезі тежеледі, жасушаның репликациясы бұзылады.

1 цитокиндер 2. алкилдеуші қосылыстар 3. қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер 4. антиметаболиттер

5. моноклоналды антиденелер

Тест № 12. Қатерлі ісікке қарсы өсімдік тектес препараттарға жатады:

1. винкристин, винбластин 2. дактиномицин, доксорубицин 3. меркаптопурин, цисплатин

4. циклофосфан, ломустин 5. метотрексат, L-аспарагиназа

Тест № 13. Сәйкестендіру: 1- қатерлі ісікке қарсы өсімдік тектес препараттар, 2- моноклоналды антидене, 3- қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер:

1. трастузумаб, ритуксимаб 2.цисплатин, кармустин 3. винкристин, винбластин 4. доксорубцин, дактиномицин

Тест № 14. Сәйкестендіру: 1- фибриндік тромбтардың түзілуін арттыратын заттар 2. гиперхромды анемияда қолданылатын заттар, 3- фибринолиз жүйесін белсендіретін заттар

1. фибриноген, викасол 2. цианокобаламин, фоль қышқылы 3. гепарин, ацетилсалицил

4. фибринолизин, стрептокиназа 5. шала тотыққан темір лактаты, эпотин альфа

Тест № 15. Миело-, лимфопролиферативті синдромды емдеуде қолданылады:

1. тиклопидин, клопидогрел 2. аминокапрон қышқылы, контрикал 3. трастузумаб, винбластин


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: