Тесттік тапсырмалар. Тест №1.СБЖ кезінде кальций-фосфор алмасуын реттеу үшін қолданылады

Тест №1. СБЖ кезінде кальций-фосфор алмасуын реттеу үшін қолданылады

1. Паратгормон препараттары

2. Глюкокортикоидтар

3. Аммоний хлориді

4. Кальций Д3

5. Каптоприл

Тест №2. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезінде қолданылады:

1. Фуросемид.

2. Эпоэтин- альфа

3. Натрий гидрокарбонаты

4. Леспенефрил

5. Викасол

Тест №3. Қышқыл-сілтілік жағдайды түзету үшін қолданылады:

1. Натрий гидрокарбонаты

2. Реополиглюкин

3. Дипиридомол

4. Д витаминінің препараттары

5. Фуросемид

Тест №4. СБЖ - да пайда болған артериалды гипертензияны емдеудегі таңдау препараттар:

1. Бета-адреноблокаторлар

2. Альфа-адреноблокаторлар

3. Кальций өзекшелерінің тежегіштері

4. Ааф тежегіштері

5. Ганглиоблокаторлар

Тест №5. СБЖ кезінде диуретиктер тобының таңдалы препараты:

1. Спиронолактон

2. Индапамид

3. Амилорид

4. Фуросемид

5. Эуфиллин

Тест №6. Фуросемидтің әсер ету механизмі:

1. Натрий, хлор реабсорбциясының тежелуі.

2. Вазопрессинмен бәсекелестік

3. Проксималды өзекшелерде натрий секрециясының күшеюі

4. Бүйрек өзекшелерінде осмостық қысымның жоғарылауы

5. Карбангидраза белсенділігін тежейді

Тест №7. СБЖ фонында пайда болған анемияны емдеудегі неғұрлым тиімді препараттар:

1. Рекомбинантты эритропоэтиннің препараттары

2. Ішке қабылдайтын темір препараттары

3. Цианокобаламин

4. Кобальт препараттары

5. Аскорбин қышқылы

Тест №8. Гиперкалиемияны жою үшін енгізеді:

1. Леспенефрил

2. Реополиглюкин

3. Көктамырға калий хлоридін енгізу

4. Инсулинмен бірге глюкозаның 20% ерітіндісін көктамырға енгізу

5. Тренталды енгізу

Тест №9. Гиперазотемияны жою үшін қолданылатын өсімдік тектес препарат:

1. Валериана

2. Леспенефрил

3. Хофитол

4. Сасықшөп

5. Жанаргүл шөбінің тұндырмасы

Тест №10. СБЖ фонында метаболикалық ацидоз дамығанда қолданылады:

1. Калий хлориді

2. Фуросемид

3. Натрий гидрокарбонаты

4. Маннит

5. Кальций хлориді

№2 сабақ

1. Тақырыбы: «Жыныстық жетілуге әсер ететін негізгі гормондық заттар»

2. Мақсаты: Жыныстық жетілуге әсер ететін негізгі гормондық заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері

1. Жыныстық жетілудің бұзылыстары кезінде, сонымен қатар балалар практикасында, қолданылатын гормондық препараттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін және негізгі фармакологиялық әсерлері туралы білімді қалыптастыру

2. Жыныстық жетілуге әсер ететін дәрілік заттардың таңдауды үйрену

3. Жыныстық жетілуге әсер ететін гормондық заттардың дәрілік калыптарын таңдауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену

4. Жыныстық жетілуге әсер ететін гормондық заттардың қолдануға қарсы көрсетулерін анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу

4. Оқыту әдістері: барлықсұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс әстеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Организмнің барлық қызметтерін нейроэндокринді реттеудегі гипоталамус – гипофиздік жүйенің ролі.

2. Жыныс гормондарының жіктелуі.

3. Менструалды- овариалды циклдың гормоналды реттелуі.

4. Эстрогендер мен гестагендердің физиологиялық маңызы.

5. Қолдануға көрсетулері мен қарсы көрсетулері.

6. Қыз балалардағы жыныстық жетілудің артта қалуы кезінде эстрогендер мен гестагендердің әсер етуі мен қолданылуының ерекшеліктері.

7. Қыз балалардың ерте жыныстық жетілуі кезінде гестагендер, дофаминомиметиктер мен антиандрогендерді қолдану.

8. Ұл балалардағы жыныстық жетілудің артта қалуы кезінде андрогендер, хориондық және менопаузалық гонадотропинді қолдану.

9. Ұл балалардың ерте жыныстық жетілуі кезінде қолданылатын препараттар (бусерелин, даназол).

6. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, сызбалар, суреттер

7.Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11 ші басылым, толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784б.

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608б.

3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216б.

Қосымша:

1.Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА. -2009. -1056б.

2.Клиническая фармакология. /Под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. –М.: ГЭОТАР-МЕДИА. -2014. -976б.

3.Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -726б.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. перераб. и доп. "ГЭОТАР-МЕДИА". -2013.-832б.

5.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, "ГЭОТАР-МЕДИА", 2012. –488б.

Бағдарламалық препараттар: бусерелин, даназол, менопаузалық гонадотропин, хориондық гонадотропин, фоллитропин альфа, эстрон, эстрадиол, этиниэстрадиол,прогестерон, гидроксипрогестерон ацетаты, бромокриптин, даназол, тестостерон пропионаты.

8.Бақылау


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: