Тапсырма №1363

49 жасар әйел ауыз қуысын сауықтандыру мақсатымен келді. Қарап тексергенде: 47 тістің шайнау бетінде кең кіреберісімен және пигменттелген табанымен терең ақау көрінеді. Табанын шұқып тексергенде ауырмайды, температуралық тітіркендіргіштерге жауап бермейді. Ұлпаның электрқозғыштығы 6 мкА.

Төменде аталған алғашқы диагноздарының қайсысы дұрыс?

A) +баяу дамитын терең тісжегі

B) созылмалы периодонтит

C) созылмалы жай пульпит

D) орта кариес

E) жылдам дамитын терең тісжегі

!1364

20 жасар қыз косметикалық ақауға шағымданып келді. Қарап тексергенде: 21 тістің вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде ақ түсті жылтырсыз дақ көрінеді, зондпен тексергенде беті кедір-бүдір. 2% метилен көгімен боялады.

Төменде аталған ем шараларының қайсысы неғурлым тиімді болып келеді?

A) дақты егеу

B) егеп-тазалау, пломбылау

C) Динамикалық бақылау

D) +реминерализациялық терапияның курсы

E) фторлакпен бір рет жағу

Тапсырма №1365

37 жасар ер адам төменгі сол жақтың тісінде тез басылатын температуралық тітіркендіргіштерінен ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 44 тістің дистальды бетінде бортәрізді өзгерген салбыраған жиектерімен, ақшыл жұмсарған дентге толы терең тісжегі қуыс анықталады. Табанын шұқып тексергенде ауырады. Ұлпаны электрқозғыштығы 18 мкА.

Төменде аталған алғашқы диагноздарының қайсысы дұрыс?

A) баяу дамитын терең тісжегі

B) +жедел дамитын терең тісжегі

C) созылмалы жай пульпит

D) орта кариес

E) созылмалы гангренозды пульпит

Тапсырма №1366

36 жасар ер адам ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. Қарап тексергенде: 36 тістің шайнау бетінде пигменттелген дақ байқалады.

Төменде аталған ем шараларының қайсысы неғурлым тиімді болып келеді?

A) дақты егеу

B) +егеп-тазалау, пломбылау

C) Динамикалық бақылау

D) реминерализациялық терапияның курсы

E) фторлакпен бір рет жағу

Тапсырма №1367

17 жасар қыз жоғарғы ортаңғы күрек тістердің бетінде ақ түсті дақтар пайда болғанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 11 және 21 тістердің вестибулярлы жағының мойын бөлігінде эмаль ақ түсті, жылтыр емес. Зондпен шұқып тексергенде эмальдың беті кедір-бүдір. 2%метилен көгімен дақтар боялады.

Төменде аталған ем шараларының қайсысы неғурлым тиімді болып келеді?

A) дақты егеу

B) егеп-тазалау, пломбылау

C) Динамикалық бақылау

D) +реминерализациялық терапияның курсы

E) фторлакпен бір рет жағу


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: