Тірек лекциялар 10 страница

Парыздың осыншама императивтік күшінің негізі неде? Моральдық міндеттердің негізін Кант "адам табиғаты мен адам өмір сүріп отырған дүниенін жағдайларынан емес, а'ргіогі таза ақыл ұғымдарынан іздеу қажет",-деп түсіндіреді. Ол адамның адамгершілікті өмір кешуі қажеттігін оның ақылы, парасаты талап етеді, сондықтан адам ақылының бұйрығын міндетті түрде орындауы керектігін ескертеді.

Сонымен, Кант адам өмірінің мәні еркін ақылға негізделген парызды түсіне білу, оны міндетті түрде орындауға тырысу деп шешеді. Өз зама-нында да, кейіннен де Канттың осы түсінігі көп сынға ұшырағаны белгілі.

Мысалы, орыс ойшылы П.Кропоткин: "Кант табиғаттан адамгершіліктің табиғи негізін таба алмады, сондықтан да адамгершілік парыздың құдайы негізіне сілтейді. Ол аз болса, Канттың адамгершілік заң санасы рацио- нальді ойлаушы мақұлықтармен бірге адамға да тән деген жиі қайталаулары Шопенгауэр айтқан періштелер дүниесін елестетеді",-десе, келесі бір орыс философы Н.Бердяев Кантты қоғамды жеке адамнан жоғары қарастырады деп санайды. Оның пікірінше, міндетті түрде орындауға тиісті парыз адамның еркіндігін шектейді, адамды қоғамға, қоғамдық пікірге тәуелді етеді. Ал кеңестік философия Кантты негізінен скептикалық тұрғыдан ғана қабылдап, оған "идеалист" айдарын таққаны белгілі.

Біздің ойымызша, кейбір кемшіліктеріне қарамастан, жалпы Кант фи-лософиясының, оның ішінде этикалық парыз ілімінің қазіргі заманда ма-нызы зор. Соңғы, әсіресе елімізге кептеген өзгерістер әкелген 90-шы жылдардың басынан бергі уақытта Кант философиясына деген бүрыннан да күшті қызығушылықтың ұлғая түсуі кездейсоқтық емес. Жоғарыда айтылғандай, Кант ілімі қазір моральдық ригоризм тапшылығын сезініп отырған әрбір адамға, жалпы адамзатқа қажет болып отыр. Әрине, Канттың парыз принципінің абстрактылығын, белгісіздеу жалпылығын жоққа шығаруға болмайды. Жеке адамға оның бүкіл адамзат алдындағы парызы тіпті түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ адам әлем азаматы ғана емес, белгілі бір елдің ұлттың өкілі, ұжым, отбасы мүшесі емес пе? Адамзат алдындағы парыз белгілі бір топтар, қоғамдастықтар алдындағы міндеттерді белгілейді, оларды орындау адамнан ақылға негізделген үлкен күш-жігерді, рухани еңбекті, адамгершіліктік өсуді талап етеді. Парыз принципі адамды өз ақылына, рухани мүмкіндіктеріне сенуге, өз бойындағы жабайы, табиғи инстинктерді жеңіп, парасатты жоғары қоя білуге, ар-ұждан парызын түсінуге, бір сөзбен айтсақ, адам болуға үйретеді.

Кант осы принцип арқылы адамды отбасы, коллектив, мемлекет қана емес, әлем шеңберінде тіл табыса білуге шақырады. Қазіргі таңда адамзат алдында екі жол түр: халықаралық келісім арқылы мәңгілік бейбітшілікке кол жеткізу және қанды соғыс нәтижесінде жер бетінен мүлдем құрып кету. Адамзат Канттың парыз принципіне сүйеніп. алдыңғы жолды таңдауы тиіс. Кант парыз идеясының және адам парасатының салтанатына сенеді, тіпті басқа қасиеттердің бәрі бірігіп ақыл-ойдан туындайтын қүдыретті адам-гершілік заңына төтеп бере алмайтындығына шүбә келтірмейді.

Ақыл-ойдың дамуына айқындаушы әсер ететін ғылым ретінде Кант философияны атайды. Оның ойынша, адамның ауырып, жазылатыны секілді процесті ақыл да кешеді. Осы жерде оған көмектесетін дәрі - философия. Дәріні қолдана білетін фармацевтер мен дәрігерлер қажет

екендігі сияқты, философияны да нағыз мамандар үйретуі керектігін Кант ерекше ескертеді. Бұл ескерту қазіргі философтарға да ой салуы тиіс деп ойлаймыз. Соңғы уақытта философия ғылымына деген сұраныс күшей бұл құбылыс жастар арасында ғана емес, қоғамымыздың барлық топтрында байқалып отыр. Ол түсінікті де. Кеңестік дәуірде идеологияны қызметшісі болып қана келген, даму қарқыны жағынан әлемдік филос фиядан едәуір артта қалған философия ғылымының өркендеуіне қазі кең жол ашылды. Ең бастысы, философия езінің зерттеу объектісі - ада проблемасына қайта оралып отыр.

Шым-шытырық қайшылықтарға толы қазіргі заманда өмір сүріп отыр ған адам өзін мазалаған сұрақтардың жауабын философия ғылымынан оның тарихынан іздеуде. Осы ретте жеке адамға көмекке келетін мамандардың Кант айтқандай "шарлатандар" емес, мықты философиялық білімге ие, өз ісіне берілген мамандар болуы аса маңызды екені түсінікті.

Өз жұмысын адамның ақыл-ойының "жеңімпаз" мүмкіндіктерін зерт-теуден бастайтын, беталды ақылсынудан аулақ, еркіндіктен туындайтын бұлжымас императивті өзтуы ретінде ұстайтын сыни философияны Кант адамзаттың түпкілікті мақсатына жеткізуші ғылым ретінде қарастырады және осындай философияны принципке айналдыруды өзінің де, басқа философтардың да парызы, міндеті деп түсінеді, сонда ғана даналық адам жігерінің ішкі принципіне айналатынына сенеді.

Кант адам философиясын теория жүзінде сипаттаушы, насихаттаушы болып қана қойған жоқ, өзі осы принциптерді іс жүзінде мүлтіксіз орын-даушы болды. Осы ретте оны Сократпен салыстырган дұрыс. Философиясы қаншалықты адамгершілікке толы болса, Канттың өзі де соншалықты кіршіксіз, қиянатсыз өмір сүрді. Қарсыластары парыз идеясын абстрактылық идея деп санағанмен, оның бұл философиясының оның замандастарына, өзінен кейінгі философиялық ағымдарға әсері мықты болды. М.Әуезовтің өзі: "Канттан бергі философия көзгетүсерлік жол тауып кете алған жоқ*",- деп. оның философиясын үлкен көрегендікпен өте жоғары бағалаған еді. Осы сөздердің маңызы қазіргі заманда арта түсіп отыр десек, қателеспейміз.

Қорыта айтсақ Кант өзіне дейінгі Жаңа Дәуір философтарының ілшіндегі еркіндік, әсірссе, ақыл-парасат еркіндігі идеяларын әрі-қарай дамытты.

Немістің келесі бір ұлы философы Георг Вильгельм Гегель (177О-1831) адам рухын табиғаттың тамаша туындысы, ақиқаты, мақсаты ретінде қарастырды. Табиғат рух жолында өзін құрбан еткенімен, адам жаны мәңгілік тірі, ол болмыстың жаңа тәсілі. Көне грек ойшылдары секілді Гегель де адам жанының қос табиғатын атап көрстеді. Біріншіден. ол өзінің

мазмұның анықтаушы денемен тығыз байланысты; екіншіден, тәннен тәуелсіз, объективті. Гегельдің тұжырымынша, адамның міндеті осы екі-жақтылықты біріктіру, бұл ретте адамның көмекшісі - философия.

Гегелъдің пікірінше, дүнненің бастауы жеке емес, атомдар мен жандарынжиынтығы емес, тұтас, дүниеде тұтастан басқарсалды нәрсе жоқ. Бұл тұтасты ол абсолют деп атайды. Абсолют - рух, ақыл-ой - субстанция. Табиғат пен рух тұтастың өзінен жаттануы, бірақ бір-бірі не қарама-карсы. Материяның мәні - ауырлығында, ал мақсаты -өзінен тыс; рухтың мәні - еркіндік, мақсаты - өзінде. Гегель рухтың тарихи дамуында үш саты болды дейді: шыгыстық, грек-римдік және германдық. Шығыста тек бір адам ғана еркін (Гегельдің осы көзқарасы Шығыс дүниесіне деген европоцентристік, теріс көзқарастың қалыптасуына бірінама ықпалын тигізгенін айта кеткеніміз жөн - Г.Н.), грек-рим дүниесінде кейбіреулер еркін, ал герман дүниесінде бәрі еркін. Рух -абсолюттік идеяның көрінісі. Осы принципті Гегель неміс мемлекетіне байланысты да қолданады: мемлекет - Пруссия монархиясы; ұлт - рух иесі; жеке тұлға - тарихи даму мақсатын жүзеге асырушы.

Гегельдің диалектикалық методы: кез-келген даму триада түрінде жүзеге асады: тезис - антитезис - синтез. Әрбі р ұғым, әрбір Даму осы жолдан ең жоғары синтезге жеткенге дейін қайталап өте береді.

Гегелъ адамның жаның рухын құдайы сипатта түсіндіреді, құдайдың адамда көрініс табуы деп есептейді және адамның бойындағы осы құдайы күш оны басқа дүниеден биік тұруға жетелейді деп сенеді. Оның рух фи-лософиясы субъективті, объективті және абсолютті рух болып бөлінеді, бұл кезендер - рухани еркіндік сатылары. Субъективтік сатыда рух жалғыз, өзінің мазмұнына тәуелді, рухани табиғаты туралы түсінігіжоқ "жан". Объективтік кезенде "жанда" еркіндік бар, ол тәннен азат, ішкі еркіндікке қол жеткізген соң сыртқы жағдайлармен күресе бастайды, руханилықты басқа адамдардан, өмірінің табиғи шарттарынан іздеугекіріседі. Аталған кезеңнің маңызы зор: "...біріншіден, жан өзінің идеяның төменгі, табиғи сатыларымен байланысын көреді, оларды ғылыми, техникалық және экономикалық жағынан жеңе отырып, өзін олардың алламшы өзіндік болысынан азат етеді; екіншіден, адамдардың белгісікөпшілігімен байланысын көреді, оларды адамгершілік және саяси тұрғыдан артта қалдырадырып, өзінің алдамшы бөлектенушілігінен арылады"'.

Осы сатыда ғана жан азаттыққа қол жеткізіп, басқаадамдармен біріге алады, мықты құрал болып есептелетінайбарлы, жігерлі,халықтық рух қалыптасады. Гегель осындай күшті, мемлекеттік дәрежеде мызғымазха-лықтық, ұлттық рух қалыптасқан елде ғана тамаша өнер, абсолюттік дін және ақиқатты философия өмір сүре алады деп пайымдайды. Ұлы ойшылдың

осы ойлары қазіргіҚазақстан мемлекетіне халықтық рух, ұлттық азақтық рух жетіспей отырған уақытта керек-ақ. Ұлттық рухпен қаруланып, аз уакыттың ішінде экономикасы гүлденген, іргесі мықты мемлекеткекетке айналған Германия, Жапония сияқты мемлекеттердің тамаша мысалдары көз алдымызда.

Абсолюттік рух сатысы - ең жоғарғы саты, адамның ақиқатты, идеяны, құдайды тану сатысы. Құдайды сезімдік танымның көмегімен бейнелеу арқылы жан әсем өнерді жасайды; құдайды эмоциялық тұрғыдаң тереңдеп түсінуден дін туындайды, ал абсолюттік рухтың ең шыңы депГегель философияны атайды. Бұл сатыда адам өмірде маңызды адами нәрсе емес, құдайы. Оның міндеті - өзінің бойындағы адамға тән қасиеті терден арылып, құдайылық жолына түсу. Объективтік сатыда ғана адами өзінің толыққанды рухани келбетін айқындайды, күрес пен азаптан өтіп, өмірдің мәнін табады.

Гегельдің тағы бір тамаша ойы - бір рет қана адамгершіліктік ісәрекет жасаған адамды ізгілікті кісі деп құрметтеуге асықпау керек, бұл жоғары атаққа осы адамгершіліктік іс оның мінезінің тұрақты сипатына айналғанда ғана ие бола алады. Ешқандай комментарийді қажет етпейтін, қысқаша айтсақ, адамнан сөз бен істің бірлігін, тұрақтылық пен сабырлылықты талап ететін ой, ал бұл бірлікке жеткізетін, Гегельдің пікірінше. еңбектену, талпыну, қойылған мақсатқа ұмтылу.

Гегель Кант секілді адамды абсолют дәрежесіне көтермегенімен, адам-ның еркіндігін, құқын ерекше бағалады. Ол мемлекет адамның жеке ісіне, адамгершіліктің тұңғиық қырларына, тіпті ізгі тілектерге жүгіне отырып та араласпауы қажет, ал мемлекет билігі екіжүзді адамдардың қолында болса, бұл істің соңы өте қайғылы жағдайлармен аяқталады деп қарсылық білдіреді. Гегель мемлекеттің адам еркіндігін тежейтіндігін, адамды механикалық бөлшек деп қарастыратын машина екендігін түсіндіре келіп, дүниеде машина идеясы жоқ болғандықтан, мемлекет те жоқ болуы керек деп тұжырым жасайды.

Гегель іліміндегі тағы бір маңызды ұғым - "бақытсыз сана" ұғымы. Тереңірек үңілсек, Гегельдің "бақытсыз санасы" өмірдің мәнін таба алмайқиналған адамға тәнт трагедиялық құбылыс. Сыртқы болмыстан мәннің шешімін таппаған сана қайтадан өзіне, ойлау дүниесіне оралады, бірақ заттар мен нәрселер дүниесінен қашып құтыла алмай, ішкі қайшылықтарға ұрынады. Осыдан келіп өмір туралы түсініктің сыртқы болмысқа сәйкес келмеуінен туындайтын қайғы-қасірет пайда болады. Біздің ойымызша, дәл осы "бақытсыз сана" қазіргі қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың басым көпшілігіне тән. Өмірдің мәні туралы бұрынғы түсініктер өзгеріп, қалыптасқан құндылықтардың орнын жаңа құндылықтар ауыстырған,

экономикалық және қоғамдық қатынастар тұрақсыз кезенде "бақытсыз сана", яғни өткені мен келешегін көруге дәрменсіз сана орын алып отыр.

Осы ретте Гегельдің ілімі еске түседі, яғни "бақытсыз санадан" арылудың бірден-бір жолы - рухты ныгайту. Гегельдің ойынша, рухты танып-білу ең жоғары, ең қиын нәрсе. Рухты тану - жекелеген қабілеттерді, мінез-құлықты, мүмкіндіктерді дамыту, әлсіздіктен құтылу, яғни, өзін-өзі танып-білу. Бұл пікірдің маңызы ерекше. Сократтың "Өзіңді өзің танып-біл!" қағидасына ұқсас тұжырымнан Гегельдің адамның өзіне, ақыл-ойына, зердесіне деген үлкен сенімін көре аламыз.

Даму уақыты жагынан аз кезеңді (ХVIII-г.соңы -ХІХ-г.басы) қамтыга-нымен, неміс классикалық философиясы философия тарихында өшпес із қалдырды. И.Кант адамның ақыл-ойының мүмкіндіктерінің шексіз екендігі туралы ойды тұжырымдап, оның еркін тіршиіік етуші ретіндегі қайта-ланбас гуманистік терең мәнін айқын көрсетті. Диалектикалық даму тән ақыл-ой, зердені Г.В.Гегель Канттың пайымынан биік дәрежеге көтерді, сол кездегі Батыс Европа философиясының шыңына айналдырды. И.Канттың философиялық антропологиясы мен Гегельдің философиялық жүйесі өзінен кейінгі философиялық мектептердің қалыптасуына, әсіресе, орыс философиясы мен батыс экзистенциализмінің дамуына мықты әсер етті.

9-ТАҚЫРЫП

ХІХ-ХХ - ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫ

(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)

1. XX- гасыр философиясының негізгі мәселелері және багыттары.

2. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фромм. Неопозитивизм.

3. Өмір философиясы: С.Къеркегор, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше. Экзис-тенциализм: М.Хайдеггер. Ж.Сартр. А.Камю. К.Ясперс. Н.Аббаньяно. Постмодернизм.

4. Неотомизм. Структурализм. КЛеви-Стросс. Гериеневтика.Г.Гадамер.

Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тстенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар

кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.

ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:

1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;

2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;

3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін ту-ғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;

4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақ- тарға жауап беруге қабілетсіз еді, "Жалпы адам дегеніміз не?" деген сұрақ- пен шектелмей, "Мен кіммін?" сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.

Осындай бағыттардың бірі - психоанализ - ХІХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды "катарсис", өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша "саналыдан " (сознательное) ғана емес, "бейсаналыдан " (бессознательное) және "саналының алдындагыдан " (предсознательное) да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд сананың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Бейсаналыны Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналыны бейсаналының үстіне құрастырылатын, бейсаналыдан туындайтын ерекше

инстаниия деп есептеді. Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: "Ол " (Оно) бейсана құштарлықтардың терең абаты. психикалық "өздік", әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның баска құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау зандарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; "Мен" (Е%о) - саналылык саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылыктың арасын жалғастырушы; "Меннен Жогары " (Sиреr-еgo) - ішкі тұлгалык ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы.

Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар, немесе, либидо.

Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э .Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады - гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және "өмір өнерін" игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету.

Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз "Менін", "Өздігін" емес, "Жалған Менін" да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе "үмітп " элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, "үміт" өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам

рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ното еsрегапs (үміті бар) деп сипаттайды.

Позитивизм - қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. О негізін қалаушы - француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, "болмыс", "материя", "сана" және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:

1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті - объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері - О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.

2) махизм - дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі - австриялық физик Э .Мах.

3) неопозитивизм - ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

Постмодернизм - монизм философиясын терістеп, плюрализм фи-лософиясын, табиғат пен қоғамдағы көптік, сантүрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс филосотары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (18 1940), француз философтары Поль Рикер (1913) және Жак Деррида (19 2004), американдық жазушы-философ Карлос Кастанеда (1925) және Постмодернизмнің негізгі тұжырымдары:

1) Объективтілік реалдылық көпөлшемді, оның мәні мен формаларының арасындағы байланыс-қатынастарының сипаты сан түрлі қаситерге ие. Объективтік реалдылық идеалдық немесе материалдық қана емес, сонымен қатар мистикалық, эзотерикалық бола алады. Дүние ұйымдастырылған ғана емес, ретсіз, хаостық сипатқа да ие.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: