Демпинг (антидемпингтік саяат)

Жеті елге (АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, Канада) (50% әлемдік экспорт)

Эскпорт үлесі = экспорт (теңге) / ЖҰӨ

Импорт үлесі = импорт / ЖҰӨ

Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлері:

1. халықаралық сауда;

2. халықаралық валюталық қатынастар;

3. капитал шығару және халықаралық несие;

4. жұмыс күшінің халықаралық миграциясы;

5. ғылым мен техникадағы халықаралық айырбас.

ВАЛЮТА БАҒАМЫ

Халықаралық валюталық қатынастар – дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келісім шарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Валюталық жүйенің түрлері
Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе
Валюта – елдің ақша бірлігі; шетел мемлекеттерінің ақша бірлігі; халықаралық есептеу бірліктері және төлем құралы Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігімен көрсетілетін бағасы

Валюталық бағамның қажеттігі:

Ø тауар мен қызмет көрсетуді сату, сатып алуда, несие қозғалысында;

Ø әлемдік нарықтағы бағаларды салыстыруға;

Ø банктердің, фирмаларджың шетел валютасындағы капиталын бағалауға.

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар:

1. Инфляция қарқыны

Инфляция ↑, сол елдің валюта бағамы ↓, өйткені ол ел валютасының төлем қабілеттілігі ↓

2. Төлем балансының жағдайы

Егер ол активті «+» болса, шетел борышқорлары жағынан ұлттық валютаға сұраныс өседі

3. Пайыз мөлшерлемесі

Егер пайыз мөлшерлемесі ↑, шетелден арзан несие алуға ұмтылады, яғни шетел капиталы ішке ағылады, ал ↓ ұлттық капитал шетелге кетеді

4. Халықаралық есеп айырысуда белгілі бір валютаның пайдалану дәрежесі Еуробанктер 60–70% операцияларды АҚШ ($) жасайды, соған сәйкес D мен S

5. Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі

6. Валюталық саясат, нарықтық және мемлекеттік реттеудің әсері.

Кросс бағам – үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның қатынасы

Мысалы, теңгенің кросс бағамы:

К К(теңге) = шетел валютасы долларға қатынасты бағамы / теңгенің долларға қатынасты бағамы

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ:

1. Жаңа валюталық жүйенің құрылуының алғышарттары, ХІХ ғасырда өнеркәсіп революциядан кейін алтын – монета стандарты формасында қалыптасты;

2. Париждің валюталық жүйесі 1867 жылы бекітілді, алтын әлемдік ақшалардың бір ғана формасы ретінде танылды;

3. Генуэз валюталық жүйесі (1922 ж.);

§ Алтын валюта сақталды;

§ Шетел валюталары да қолданылды, валюта мәртебесі берілмеді

4. Бреттон-Вудс валюталық жүйесі (1944 ж., АҚШ). Принциптері:

§ Алтынға негізделген;

§ АҚШ доллары мен фунт-стерлигке негізделген алтын-девиз стандарты.

1 троиск унциясы = 31,1035 г = 35$

Тарихта бірінші рет ХВҚ және Дүниежүзілік қайта құру және даму банкісі.

5. Ямайка валюталық жүйесі (1976-1978 жж.). Ерекшелігі:

§ Алтын құн өлшемі қызметін атқармайтын болды;

§ Алтын – девиз стандарты орнына СДР (арнайы қарыз алу құқы) стандарты енгізілді;

§ Доллар халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.

6. Еуропалық валюталық жүйе (1979 ж.). Принциптері:

§ Еуропалық валюталық бірлікке негізделді. 1999 жылы «еуро» енгізілді, 2002 жылы банкноты мен монетасы енгізілді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекет аралық ұйымдары – ХВҚ және Еуропалық валюталық институт (аймақтық) құрылды.

Валюталық саясат – халықаралық валюталық және халықаралық экономикалық қатынастар көлемінде жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы

Валюталық саясаттың мақсаты – экономикалық өсуді қамтамасыз ету, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтату, төлем балансын тепе-теңдікте ұстау.

Валюталық саясаттың құралы – валюталлық реттеу.

Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

1. нарықтық реттеу, ол бәсекеге негізделген, дамуды ынталандырады;

2. мемлекеттік валюталық ретеу, ол нарықтық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған.

Валюталық саясаттың формалары:

1. Дисконттық (есепке алу) саясаты – ОҰБ-ң пайыз мөлшерлемесін өзгертуіне бағытталған;

2. Девиздік саясат – ОҰБ шетел валютасын сату, сатып алу арқылы ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі

Валюталық саясаттың әдістері:

1. Валюталық интервенция – шетел валютасын сату, сатып алу;

2. Валюталық резервті диверсификациялау – валюталық резервтердің құрылымын зерттеу;

3. Девальвация – ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатысты төмендету;

4. Ревальвация – ұлттық валюта бағамын шетел валюталарға қатынасы бойынша жоғарлату.

1$ = 150 теңге 1$ = 130 теңге Д = (150- 130) / 150 х 100% = 13%

1тг = 0,0066 < 1 тг = 0,0076 Р = (0,0076 – 0,0066) / 0,0066 х 10% = 15%

Д = Бе – Бж / Бе х 100% Бе – ескі бағам Бж – жаңа бағам

Р = Бж – Бе / Бе х 100% Бе – ескі бағам Бж – жаңа бағам

Есеп. Мысалы, фунт стерлинг бағамы арнайы түрде 2,8 ден 2,4$ дейін төмендетілді.

Д = 2,8 – 2,4 / 2,8 х 100% = 14,3%

Енді 1$ неше фунт стерлиг барын анықтайық.

1ф.с. = 2,8$ 1 ф.с. = 2,4%

х ф. с. = 1% х ф.с. = 1$

х = 1 / 2,8 = 0,35 х = 1 / 2,4 = 0,41

1$ = 0,35 ф.с. 1$ = 0,41 ф.с.

Доллардың ревальвациялау мөлшері:

Р = 0,41 – 0,35 / 0,35 х 100% = 16,7%

5. Валюталық шектеу – валюталар операцияларын заңды түрде тыйм салу, шектеу.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИКТАНТ

1. Экспорт пен импорттың санын, түрін шектеу тарифтер деп аталады (квота);

2. Импорт үлесін анықтау үшін ЖІӨ -ді импорт сомасына бөліп, 100%-ке көбейту керек, (керісінше);

3. Абсолютті артықшылық теориясы салыстырмалы артықшылық теориясынан кейін шықты;

4. Сауда балансы = Э + И (Э - И) сауда айналымы;

5. Халықаралық есептесу бірлігі – валюта деп аталады;

6. Валюталық жүйенің екі түрі бар – дүниежүзілік, ұлттыө (аймақтық);

7. Инфляцияның ↓, сол елдің валюта бағамы ↑;

8. Егер % мөлшерлемесі ↓, ұлттық капитал шетке кетеді;

9. Кросс- бағамды анықтау үшін 3 валюта тұрі қажет;

10. Валюталық жүйенің эволюциясы ХІХ ғасырдан басталды.

13 тақырып. Экономикадағы мемлекет

Сабақтың мақсаттары:

1. Мемлекеттің экономикаға қалай араласатындығын анықтау.

2. Айналма ағымы диаграммасының көмегімен үй шаруышылығы, бизнес-фирамалар мен мемлекет арасындағы экономикалық қарым-қатынаспен байланысты өзекті мәселелерді ескеру.

3. Салықтардың анықтамасын беру және олардың жіктелуін түсіндіру.

4. Үкіметтің өз ақшасын қалай табатынын түсіндіру.

5. Төлем қабілеттілік пен алатын игіліктерге салық салу қағидасы секілді салық салудың екі көзқарасына түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

1. Мемлекеттің экономикадағы рөлін бағалауды үйрету.

2. Оқушылар мемлекеттің жеке меншік құқын қорғау, халықаралық қатынастармен жұмыс істеу, нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету, тұтынушыларды қорғау, экономиканы тұрақтандыру, экономикалық тұрақтылыққа кепілдік беру, қоғамдық игіліктер мен коммуналдық қызметтерді ұсыну секілді көпшілік таныған міндеттерін атай алу керек.

3. Мемлекеттің сыртқы қызметтеріне анықтама беруге, пайдалы және жоюшы сыртқы қызметтеріне мысал келтіруге үйрету.

4. Өз бетінше жұмыс істеу және топта және жұппен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Өндірістік ресурстар (еңбек ресурстары, табиғи ресурстар, капитал)

2. Ресурстар үшін төлем (еңбек ақы, жалақы, рента, пайыз, пайда)

3. Өзара тәуелділік

4. Тауарлар, қызметтер, өндірістік ресурстар мен ақша төлемдерінің айналма ағымы

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

· «Экономика JA» Алматы, 2003ж.

· К.Р.Макконнел, С.Л. Брю «Экономикс» Москва. ИНФРА-М 2006ж.

· «Экономика для старших классов. Активтные формы обучения» МЦЭБО, Москва, 2004ж.

· Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1997ж.

· «Конституция для всех». Оқу құралы. А.К. Мухтарованың басш., Алматы, 2002 ж.

· «Мозаика права». Оқу құралы. А.К. Мухтарованың басш., Алматы, 2002 ж.

ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ

Мемлекет экономикада маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік, жергілікті маңыздылықтағы түрлі деңгейдегі үкіметтік органдар ЖІӨ үштен бірінен жоғары болатын тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Мемлекет, экономикадағы басты жұмыс беруші ретінде, білікті қызметкерлер үшін жеке бизнеспен бәсекелестікке түседі. Сонымен қатар, ол, жеке бизнес секілді қаржыландыру көздерін іздейтін нарықта қаржыландыру көздерін іздейді. Жергілікті үкіметтің меншігіндегі кәсіпорындар экономиканың жеке секторындағы бизнеске қайшы экономиканың мемлекеттік секторы деп аталадыҚазақстан РеспубликасыныңКонституциясы бойынша (66 бап, 1 тармақ) «үкімен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын дайындайды» және «мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады» (66 бап, 4тарау)

Мемлекеттің атқаратын рөлін анықтауда: «Компаниялар мен жеке адамдарды шешімдердің еркін айырбас көмегімен қабылдануы қанағатттандыра ма, жоқ әлде мемлекет тарапынан белгілі араласу қажет пе?» деген түпкілікті сұрақ туады.

Шешім қабылдаудың әр әдісінің өзіндік артықшылығы мен кемшілігі бар. Сонымен қатар, шешімердің әр түріне бірнеше әдіс сай келуі мүмкін. Мысалы, біз қай тамақты сатып алу туралы шешімді өзіміз қабылдаймыз. Бірақ, біз, мемлекет біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуін қалаймыз, себебі, қызметтің бұл түрін біз нарықта сатып ала алмаймыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша (6 бап 3 тармақ) жер мен оның қойнауы, сулар, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде.

Мемлекеттік меншік – бұл Қазақстанның барлық азаматтары иелік ететін және пайдаланатын меншік. Мемлекеттік меншік азаматтардың үлкен топтары - Қазақстанның бүкіл тұрғындарының мүдделерін қанағаттандыру үшін арналған.
Жеке меншік – бұл азаматтардың, мемлекеттік емес бірлестіктердің, қоғамдық және діни ұйымдардың меншігі. Мемлекеттік меншікке жатпайтынның барлығы жеке меншікке жатады.

Үкіметтің негізгі экономикалық қызметтері мыналар:

1. Жеке меншік құқығын сақтау.

2. Сыртқы әсерлерді ескеру.

3. Нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету.

4. Тұтынушыларды қорғау.

5. Экономиканы тұрақтандыру.

6. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

7. Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету.

Көптеген экономистер мен ресми тұлғалар мемлекет экономикада белгілі рөл атқаруы керек дегенмен келісіп отыр.

Сайлау кезінде және сайлау барысында жалғасатын дай-дамайлар осы рөлдің қаншалықты маңызды болуы туралы орын алуда. Осы дау-дамайлардың мәнін дұрыс түсіну үшін мемлекет атынан қызмет ететін үкіметтің түрлі экономикалық қызметтерін толығырақ қарастыру қажет. Қазіргі экономикада үкімет арбитрдың (соттың), менеджер мен қатысушының рөлін атқарады.

1.1 Жеке меншік құқығын сақтау

Нарықтар «ойын ережелерін» жедел түрде қалыптастырмайды және қуаттамайды. Нарықтың қызмет етуіне араласу және оның әділдігін қамтамасыз ету үшін бейтарап жақтың қатысуы қажет. Мысалы, меншік құқығы нақты белгіленбей және қамтамасыз етілмей, адамдар нарықта еркін айырбас жасай алмайды. Егер меншік құқығы қорғалмаған болса, адамдар біреу олардың үйін, мәшинесін немесе жеке заттарын алып қояды деп қорқады. Ережесі жоқ қоғамда ресурстарды сақтау мен оларға инвестициялау тарапынан қызығушылық болмайды. Егер, келісімдерді бұзу жазаланбайды болса, онда оларды ешбір адам жасамайтын болады. Сенімнің бұл негізінсіз нарықтар шығынға ұшырайды, несие берушілер мен компаниялар, компаниялар мен еңбек ресурстары арасында үйлестік болмайды. Жалпы алғанда, меншік құқығы экономиканың қызмет етуі мен өркендеуі үшін аса қажет. Тек үкімет пен соттың көмегімен ғана адамдар қажетті ережелерді анықтай алады және жеке келісімдердің сақталуын байқай алады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік тең деп танылады және қорғалады (ҚР Конституциясы, 6 бап 1 тармақ)

1.2 Сыртқы әсерлерді ескеру

Үкімет сыртқы әсерлер деп аталатын нарықтан тыс сыртқы шығындар мен артықшылықтарды есепке алумен айналысады. Олар тауарлар мен қызметтер өндірісінің шығындары өндірушілер мен тұтынушылардың мәселесі емес, осы шығындарды өтейтін үшінші жақ - қоғамның өзекті мәселесі болып саналатын кезде орын алады. Экономисттер бұл шығындар мен артықшылықтарды сыртқы деп атайды, себебі, олар шешім қабылдаушының қызмет шеңберінен асып түседі. Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны күзетуді мақсат етіп қояды (ҚР Конституциясы, 31 бап 1тармақ).

Сыртқы әсерлер су жағалауына жақын аймақта кемелерді тазалаумен айналысатын фирмада орын алуы мүмкін. Кемелерді тазаланғаннан кейін суды өзенге ағызады. Бұл суда адамдар үшін қауіпті ештеңе болмаса да, онда балықтардың уылдырық шашуына кері әсерін тигізетін химикаттар болады. Отельдер, балық аулауға қажетті заттарды сататын дүкендер, спорт тауарлары дүкендері балықтардың кемуі салдарынан шығынға ұшырайды, себебі, балық аулауды ұнататын туристтер басқа демалу орындарына көшеді.

Кемелерді тазалайтын компанияның иесі өзі ұсынатын қызметтердің шығындарына өз іс-әрекетінің жағымсыз салдарын енгізбейді. Себебі, бұл салдар оның тікелей шығындарына әсер етпейді. Сондықтан оның клиеттері бұл шығындар үшін төлем төлемейді. Керісінше, бұл шығындарды бизнесі балық санының төмендеуінен жапа шеккен адамдар төлейді.

Нарықтар мұндай шығындарды бөле алмайтын кезде, өз шығындарын басқа адамдардың немесе фирмалардың мойнына асып қойған компанияларға сыртқы шығындар бойынша есеп беруге сендіру үшін белгілі әрекеттерді қабылдай алады. Мысалы, кемелерді жуатын компанияға жуатын құралдағы балықтардың көбеюіне әсер ететін химикаттан айырылу керектігі туралы үкім шығаруы мүмкін. Сонымен қатар, компания шығындалған кәсіпкерлердің шығындарын өтеуі қажет. Олай болмаған жағдайда, бұл шығындарды жуу орнының иелері мен олардың клиенттері төлейді.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Агенттік сыртқы шығындармен әрекет етеді, ол ауа мен судың тазалық стандарттарын белгілейді және олардың сақталуын байқайды. Компаниялар немесе жеке азаматтар ауаны немесе суды қолданған кезде, олар бұл ресурстарды сыртқы ортаға қайтару алдында стандарттарға сай тазалауы керек.

Сыртқы артықшылықтар да өндірушінің қызмет шеңберінен асуы мүмкін. Мысалы, медициналық клиника түрлі жұқпалы ауруларға қарсы егу шараларын жасайды. Егу шаралары жасалған адамдар ұтады, бірақ, егу шаралары жасалмаған адамдар да ұтады, себебі, ауруды жұқтыру тәуекелі едәуір төмендейді. Адамдар тікелей ала алатын артықшылықтарды (сыртқы артықшылықтарға қарағанда) қабылдайды, сондықтан, үкімет осындай іс-шараларды жүргізуді талап етуі мүмкін және де, тұрғындарды сал ауруынан сақтандыру үшін егу шараларын жүргізу секілді, олардың өткізілуін қаржыландырады.

1.3 Нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 11 бабының 1 бөлімінің, 1 тармағына сәйкес «заңды бәсекелестікті шектеуге немесе оны жоюға, негізсіз артықшылықтарды алуға, құқықтар мен тұтұнушылардың заңды мүдделерін шектеуге бағытталған монополистік және басқа да қызмет рұқсат етілмейді».

Еркін кәсіпорындар қашан да нарықтардың бәсекелестікке ашық екендігінің кепілі бола алмайды. Белгілі нарықтың компаниясы немесе компаниялар тобы ресурстарға бақылау жасай отырып немесе «тонаушылық» баға белгілеуді қолдана отырып бәсекелестікті шектей алады. Мұндай жағдайларда әрекет етуші кәсіпорындар бағаның осы деңгейімен келіспейтін бәсекелесті нарықтан шығару үшін өз бағаларын уақытша төмендетуге келіседі.

Бәсекелестік шектеулі болған жағдайда, тұтынушыда ерекше таңдау болмайды, ал өндірушілерде бағаны төмендету мүмкіндігін сезінбейді. Нарықтың тиімсіздігін тек мемлекет қана жоя алады. Бұл үшін момнополияға қарсы заңнама дайындалған және монополияға қарсы саясат жүргізіледі. Осы заңдардың өз мақсатына жетуі туралы экономистер бәстесіп келеді. Кейбір жағдайда заңдар бағаларды тұрақтандыру бойынша келісімді алдын алды немесе төмендетті. Басқа жағдайларда, бұл заңдар, кәсіпорындарға олардың жоғары тиімділік көлеміне дейін өсуіне кедергі жасады. Ал, енді бір жерде, олар компанияларға бәсекелестікті қорғауға көмектесті.

Осындай істердің біріне Microsoft компаниясымен болған сот ісі мысал бола алады. Қазіргі кезде компания компьютерлерді бағдарламалармен қамтамасыз ететін ірі өндіруші болып саналады. Компанияның адвокаттары компания ашық нарықта әділ бәсекелесті және ол үстемдікке заңды түрде қол жеткізді деп санайды. Алайда: компания әділетсіз тартысқа килікті, монополияға қарсы заңдарды бұзды және монополист болғысы келеді деген секілді көзқарас та бар. Мұнда үкімет айыптаушы және, осыған сай, сот ретінде қызмет атқарады.

1.4 Тұтынушыларды қорғау

Нарықтар, ресурстарды бөлуде жалпы алғанда тиімді әрекет етсе де, осындай бөлінудің нәтижесі, мәселен, табыстардың қоғамға жағымсыз айырықшалылығы секілді теңсіздіктерге душар еткізуі мүмкін. Сонымен қатар, нарықтық экономикада бағалардың өзгеруі мен жұмысссыздық деңгейінің ауытқуы жиі болып тұрады. Осы жағдайларда үкімет ресурстарды қайта бөле отырып, нарықтың өсіңкілігіне ықпал ете алады..

Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқын қорғау Азаматтық кодекс пен басқа да заңнамалық актілерде көрсетілген құралдармен қамтылады. Осыған орай, Азаматтық Кодекстің 10 бабының 6 тармағында «әр – бір тұтынушының:

· тауарларды сатып алуға, қызметтерді мен жұмыстарды пайдалануға;

· тауарлардың (жұмыстармен қызметтердің) тиісті сапасы мен қауіпсіздігіне;

· тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) туралы толық және шынайы ақпарат алуға құқы бар» делінген.

1.5 Экономиканы тұрақтандыру

Нарықтық экономика сатып алушылар мен сатушылардың аяқ астынан қабылдайтын шешімдер тізбегінен тұратын болғандықтан, осы шешімдердің нәтижесіне үй шаруашылықтарында да, кәсіпкерлерде де қиындық тудыратын экономикалық белсенділіктің елеулі ауытқулары жатады. Экономикалық белсенділіктің осылайша өсуі мен төмендеуі экономикалық циклдар деп аталады. Үкіметтің рөлі – экономикалық циклдардың қатаңдығын шектеу және жұмыссыздық деңгейін, бағаларды және экономикалық өсуді басқару арқылы болашақ өсу үшін негіз салу болып табылады.

1.6 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Нарықтық экономика ұлттық пайданы бөлуде әр азаматтың өнімділік деңгейіне ерекше назар аударады. Ресурстары көп немесе ресурстары тиімдірек қызмет ететін тұлғалар көбірек өндіретін болғандықтан көбірек пайда табады. Бұл, нарықтық экономика ұлттық өндіріске өз үлесін қоса алмайтын адамдарға табысты бөлсе де, аз бөлетінін білдіреді. Нәтижесінде бұл адамдар экономикалық жағынан қорғалмаған болып қалады.

Үкімет экономикалық қауіпсіздікті қамтумен айналысатыны таң қаларлық емес. Үкімет әр адамды өмір сүру минимумымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар бағдарламаларды дайындайды. Олар табысқа қосымша ақыны, тамақ пен пәтер үйге субсидияны және медициналық көмекке рұқсат беруді қамтиды. Бұл бағдарламалардың кейбіреуі зейнеткерлер мен мүгедектерге көмек береді, ал басқалары төмен табысы бар азаматтарға жеңілдіктер ұсынады және олардың экономикалық мүмкіндіктерін көтеруге бағытталады.

Бұл бағдарламалардың басым бөлігі үкіметтік трансферттік төлемдердің бір топтан екінші топқа қайта бөлінуін талап етеді. Мысалы, қазіргі жұмысшылар өздерінің еңбекақысынан әлеуметтік қауіпсіздік пен медициналық қызмет көрсету салығын төлейді, ал үкімен оларды зейнеткерлер мен мүгедектерге төлейді. Бұл және осы секілді трансферттік бағдарламалар үкіметтік шығындардың өсуіне жетелейді және мемлекеттік бюджеттің басым бөлігін құрайды.

Осындай адамдарға көмек беруге арналған бағдарламалардың екі категориясы:

Ø Табыс пен өмір сүру деңгейін көтеру бағдарламалары. Бұл трансферттердің мысалдарына мыналар жатады: әлеуметтік қауіпсіздік бағдарламасы мен басқа да зейнетақылық бағдарламалар, әлеуметтік жәрдемақылар, медициналық бағдарламалар, ақысыз тамақтану, жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақылар.

Ø Кедейлік себептер мен экономикалық өзекті мәселелерді жою бағдарламалары. Бұл мақсат үкіметті дискриминацияны заңнан тыс деп жариялауға және адамдарға өз дағдыларын дамытуға және өнімділікті көтеруге мүмкіндік беруге бағытталған білім беру бағдарламаларын жасауға жетеледі.

1.7 Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету

Үкімет, өндіруші рөлін атқара отырып, қызмет көрсету саласына ерекше назар аударады. Ардагерлер үшін госпитальдар, ұлттық қауіпсіздік пен реттеу үкімет әрекет ететін үш маңызды қызметтер аясының мысалдары болып табылады. нарықтық экономика жағдайында белгілі тауарлар мен қызметтер өндірісі жеке сектордың мүддесіне сай келмейді. Міне, осы жағдайда, олармен мемлекет айналысады.

Жеке және мемлекеттік тауар немес қызметтің арасындағы айырмашылықты тану үшін балмұздақты сатып алу мысалын қарастырайық. Егер, Сіз, балмұздақты өзіңіз үшін сатып алсаңыз, оны Сізден басқа ешкім сатып ала алмайды. Сонымен қатар балмұздақ сатып алғыңыз келсе, ол үшін ақша төлейсіз. Тұтынушылар белгілі-бір өнім сатып алған кезде, комапнияларға балмұздақ және басқа да жеке тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін артықшылық

Енді, ұлттық қорғаныс сынды тауарды қарастырайық. Мемлекеттік тауарға (немесе қызметке) әр-бәр тұлға қосымша шығындарсыз қол жеткізеді. Қорғаныс жүйесі қалыпты болған кезде, азаматтар олардан артықшылқ ала алады. Сіздің ұлтық қауіпсіздікті пайдалануыңыз, оның көршілеріңіз үшін артықшылығын кемітпейді. Баршаға жаппай тең деңгейде қауіпсіздікті тек мемлекет қана қамтамасыз ете алады, себебі, жеке кәсіпкерге бұл ая пайда табу үшін шағын ғана нарықты ұсынады немес мұндай нарық мүлдем болмайды.

Алайда, таза жеке немесе мемлекеттікболып саналатын бірнеше ғана тауарлар мен қызметтер бар. Көпшілігі осылардың ортасында болады.. Мемлекеттік және жеке тауарлар мен қызметтердің арасында айыру сызығын қалай жүргізу керек?

Бұл сұраққа қарапайым жауап жоқ. Кейбір тауарлар мен қызметтерді жеке компаниялар да, үкімет те жеткізеді. Мысалы, жергілікті басқару органдары полицияның қызметтерін ұсынады, ал жеке бизнес болса, қауіпсіздік агенттіктерін немесе қорғаныс агенттіктерін ұсынады. Соңғы жылдары үкімет бұрынырақ мемлекеттің иелігінде болған қызметтердің бір бөлігін жеке компанияларға берді, мысалы, жер орындарын толтыруды, қоқыстарды қайта өңдеу зауыттары мен аэропорттар.

? Жеке және мемлекеттік сектордың қабылдайтын шешімдерінің арасындағы айырмашылық неде?

Ø Бизнес төмен бәсекелестік жағдайында көбірек пайда табады. Мемлекет, әдетте, бәсекелестікті қорғайды және оның дамуына ықпал етеді.

Ø Максималды пайда табу нарықтарды ынталандырады. Ал максималды пайданы тек тауарлар мен қызметтер тұтынушылардың қажеттілігіне сай болған кезде ғана алуға болады. Мемлекет болса ресурстарды қайта бөлуде де, компаниялардың ойын ережелерін ұстануын байқауда да әділеттік ұғымын ұстанады. Пайданы есептеу өте оңай; ал әділеттілік жеке қабылдауға байланысты.

Ø Нарықтар өз ресурстарын тиімді қолданады, себебі, пайда оларға тікелей байланысты болады. Әр деңгейде үкіметтің өзіндік бюджеті және шығындар шектемесі болады. Бірақ, бюджеттің шектемесіненшықпау мен ресурстарды тиімді пайдалану бір емес.

Ø Тауарды сатып алған тұтынушылар оны қолданады. Салық төлеушілер ешқашан қолданбайтын тауары немесе қызметі үшін төлем төлейді, және, кей жағдайда, одан артықшылық ала алады.

Ø Сатып алушылар әлде-бір тауады сатып алу немесе сатып алмау арқылы өз қалауларын білдіреді. Мемлекет азаматтардың қалаулары туралы әлеуметтік сауалнама немес азаматтардың көпшілік алдында сөз сөйлеуі арқылы біледі. Жеке азаматтардың сайлау қорытындысымен келіспеуі мүмкін, алайда олар көпшіліктің таңдауына келусуге мәжбүр болады.

1.8 Мемлекеттік және жеке сектордың өзара әрекеті

Әдетте, жеке және мемлекеттік сектор нарықтық экономиканың екі жеке бөлігі ретінде қарастырылады. Бірақ, мұқият қарастыратын болсақ, мемлекет пен кәсіпкерлік арасында жеке сектордың бағасына, пайдаға, өндірістік шешімдер мен нарықтарға әсер ететін тұрақты өзара әрекеттестік бар.

Тікелей төлемдер немесе салықтық жеңілдіктер арқылы мемлекет экономиканың түрлі секторларына субсидияларды (қаржылық көмекті) ұсынады. Бұл әрекеттер қоғамның мүддесін алға бастау мақсатымен жүргізіледі.

1.9 Үкімет өз ақшасын қалай жұмсайды

Ø Азаматтарға тікелей төлемдер мен жәрдемақылар. Үкімет өз бюджетінің жартысынан көбінжеке тұлғаларға төлеуге жұмсайды. Бұл төлемдердің барлығы дерлік әлеуметтік қамсыздандыруға, әлеуметтік медицинаға, денсаулық сақтауға, ардагерлерге, жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларға төленетін жәрдемақы төлеуге жұмсалады. Бұл төлемдер федералды бюджеттің ең шапшаң өсетін бөлігі болып табылады.

Зейнеткерлер үшін көптеген жеңілдіктер бар. Зейнетақы қорларының табыстарын сақтандыру мемлекеттік қызметкерлер үшін зейнеткерлік жеңілдіктерлі қамтиды, бірақ бұл төлемдердің басым бөлігі жеткілікті қамтамасыз етілмеген тұлғаларға көмек көрсету үшін жұмсалады.

Ø Жергілікті билік төлемдері. Көптеген санаттар жоспарларды, аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын дайындаумен айналысатын жергілікті билік төлемдерін қамтиды. Төлемдер жергілікті және аймақты даму, көлік және білім беру қажеттіліктеріне пайдаланылады.

1.10Үкіметтік табыстардың көздері

Үкімет табыстарының негізгі көзіне салықтар жатады. Олардың ішінде, сатуға салынатын салықтар бюджетке түсетін барлық салықтық төлемдердің шамамен тең жартысын құрайды. Сіз көп зат сатып ала отырып, сатуға салынатын салықты төлейсіз. Табыс салықтары табыс көзінің маңыздылығы жағынан екінші салық түрі болып табылады. Азаматтар өз табыстарынан салық түрінде белгілі пайыз төлеуге міндетті.

Салықтар – бұл мемлекеттің бюджетке жеке және заңды тұлғалардан алатын міндетті жарнасы.

Салықтардың басты қызметіне үкіметтің өзінің шығындары өтеу жатады. Бірақ салықтардың басқа да қызметтері бар.

Кейде салықтар өндірістің белгілі салаларын қорғау үшін алынады. Көп жылдар бойы баж (импортқа салынатын салық) импорттық тауарды қымбат ете отырып, ірі фирмалардың мүддесін қорғауға көмектескен еді.

Салықтар, сонымен қатар, үкіметтің көзқарасы бойынша, зиян қызметке бөгет болу үшін қолданылады. Мысалы, «күнә» салықтары деп аталатын спиртті ішімдіктер мен темекілерге салынатын салықтар ақша алу және, сонымен бірге, темекі шегу мен ішімдік ішуден адамдардың көңілін аудару мақсатымен алынады. Бұл салық акцизді салық деп аталады.

Акциз– өндіріске немесе жеке тауар түрінің сатылуына салынатын салық.

Сонымен бірге, салықтар экономикалық қызметтің деңгейін реттеу үшін қолданылады. Салықтарды көбейте немесе кеміте отырып, үкімет айналымдағы ақша санына тікелей әсер ете алады.

Көптеген адамдар кейбір салықтар қажетті деген тұжырыммен келіседі. Алайда, ол салықтың қай түрі және олардың мөлшері қандай болу керек туралы елеулі келіспеушілік бар. әлде-бір салық түрін бағалау үшін: «Оны кім төлейді?» деген сұраққа жауап беру керек. Салықтардың нақты әрекеті соңында осы салықты төлеу ауыртпалығын көтеретін жеке адамдар мен компанияларға қатысты болады. Сондықтан, назарды төмендегі сұрақтарға аударып, салық салу әрекетінің фактілері мен қағидалары туралы білу қажет:

? Салықты кім төлеу керек?

Салықтардың қай түрлері алынады?

Салық салудың дотация қағидасы үкімет адамдарға өзінің қызметін қолданудан алатын артықшылыққа сай салық салу қажеттігін білдіреді. Көпір арқылы өту үшін төленетін төлем жақсы мысал бола алады. Неге? Себебі, белгілі қондырғылар мен қызметтерді қолданатын адамдар бұл үшін төлем төлеуге міндетті.

Мүмкіндіктер бойынша төлеу қағидасына сай адамдар салықтарды төлей алатын кезде төлеуі керек. Экономистер тек жалпы ғана түсінік беруі мүмкін: бай адамның салық төлеуге мүмкіндігі көбірек. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабына сай салық төлеу әр-бір азаматтың борышы мен міндеті болып табылады.

Адамдардың өздерінің материалдық жағдайына сай салықтың мөлшерін анықтауда түрлі пікір айтатыны таңқалардық емес. Мысалы, кейбіреулер салықтар табыс деңгейіне тәуелсіз барлығына бірдей болуы керек дегенді айтады. Ал, кейбіреулер бай адамдардан көбірек салық алу керек деп есептейді. Бұл келіспеушіліктер пропорционалды және прогрессивті салықтар арасындағы айырмашылықты айқындайды.

Салықтар

       
   
прогрессивті салықтатабыстан жоғары пайыз алынады. Сонымен, табыстың көбеюімен салық жоғары пропорциямен көбееді.
 
Пропорционалдысалықты тұрақты деп айтады. Табыстың жоғарылауымен салық та пропорционалды түрде көтеріледі (салықтардың біркелкі мөлшері).


Пропорционалды және прогрессивті салықтардан басқа регрессивті де салық бар. Регрессивті салық төмен табыстан жоғары пайызды және жоғары табыстан төмен пайызды төлеуді білдіреді. Сатуға салынатын салықтар жеке табыс негізінде есептелмесе де, олардың регрессивті әсері бар.

Азаматтарда үкіметтің қызметін жыл сайын талдау мүмкіндігі бар, себебі, бюджеттер мемлекеттік және жергілікті деңгейде жыл сайын жасалады. Мемлекеттік бюджет – ол алдағы қаржылық жылға көзделген табыстар мен шығындарды біріктіретін қаржылық жоспар. Көзделген табыстар көзделген шығындарға тең болатын болса, бюджет балансталған (теңестірілген) болып саналады. Егер, бюджеттің шығындары табыстардан басым болса, онда олардың арасындағы айырма дефицит (жетіспеушілік) деп аталады. Егер, табыстар шығындардан басым болатын болса, онда бюджет белсенді болады (профицит).

?Неге экономистер мен саяси қайраткерлерді дефицит қатты ойландырады?

Мемлекеттік борыш – ол барлық жылдық дефициттерді қаржфландыру үшін қажетті барлық қарызданулардың соммасы. Борыш үкіметтің азаматтар мен компанияларға, шетелдік инвесторларға және өз-өзіне төлеуге қажетті ақшаны қамтиды.

 
 


Көптеген экономистерді дефицит келесі себептерге байланысты ойландырады:

Ø Мемлекеттік борыш бойынша пайыздардың жылдық төлемдері бюджеттің басым бөлігін құрайды.

Ø Ірі дефицит несие бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесінің өсуіне жетелеуі мүмкін.

Ø Бюдежттік дефицитті жабу үшін үкімет, әдеттегідей, банктерден, корпорациялардан, шетел инвесторларынан ақшаны қарызға ала алады, немесе ақшаны басып шығара алады. Пайыз нысанындағы несие құны басқа бағалар сынды сұраныс пен ұсыныс заңымен реттеледі. Егер, мемлекеттік займдар бос қаражаттарға деген сұранысты көтеретін болса, онда бұл пайыз мөлшерлемесінің өсуін білдіреді.

Ø Бюджеттік дефицит пен жеке салымдар. Үкімет дефицитті қаржыландыру үшін ақшаны қарызға аларда, ол компаниялар фабрикалар мен құрал-жабдықтарды инвестициялау үшін қолданған қаражаттарды ала алады. Зауыттар мен құрал-жабдықтарға аз инвестициялау жаңа жұмыс орнының аз мөлшерін білдіреді. Бұл да еңбек өнімділігінің өсуін бәсеңдетеді, яғни, жеке табыстардың өсуін кідіртеді.

Ø Дефицит пен инфляция. Үкімет өз қарызын өтеу үшін ақшаны жай ғана басып шығара алады. Бірақ, бұл жағдай, тауарлар мен қызметтер санының өсуінсіз ақша ұсынысын көтереді, ал бұл нәтижесінде инфляцияға әкеп соғады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Экономикада мемлекет маңызды рөл атқарады, себебі еркін кәсіпкерлік келесі мәселелерді шеше алмайды:

§ Жеке меншік құқығының сақталуын байқау.

§ Сыртқы шығындар мен артықшылықтарды ескеру.

§ Нарықтық бәсекелестікті қуаттау.

§ Тұтынушыларды қорғау.Экономиканы тұрақтандыру.

§ Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

§ Тұрғындарды қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз ету.

Сонымен бірге, мемлекет осы қиындықтарды жеңіп өтуге талпыну үшін араласады. Ол келісімдер мен меншік құқығының сақталуын байқайды.. ол сыртқы шығындар бойынша қоршаған ортаны қорғау және сыртқы артықшылықтар бойынша денсаулық сақтау секілді рәсімдерді орнатады. Ол нарықтық бәсекелестіктің қуатталуына және ұлттық қауіпсіздік секілді қоғамдық қолданыстағы тауарлар өндірісін қамтамасыз етуге әсер ете алады. Үкімет жеке азаматтардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономиканы жалпы тұрақтандыра алады. Бірінші кезекте экономикаға әсер ететін үкіметтің шешімдері бәсекелестікті қорғау, нарықты қоғамдық тауарлар мен қызметтермен қамту және нарықтың кемшілігін жөндеу қажеттілігінен туындайды. Нарықтық шешімдер өндірушілер мен тұтынушылардың өзара әрекетімен мәжбүр етілген. Бұл түрлі дәлелдемелер жеке және мемлекеттік секторда шешім қабылдайтындар арасындағы дау-жанжалға жетелейді.

Үкімет пен жергілікті билік органдарының шығындары экономиканың өсуіне пара-пар өседі. Үкімет пен жергілікті билік органдары ақшаларды жеке азаматтарға тікелей жеңілдік жасауға және ұлттық қауіпсіздікке жұмсайды. Олар азаматтардың жеке табыс салығынан, акциздік жинақтардан табыс табады.

Салықтар мүмкіндіктер бойынша төлеу және дотация бойынша төлеу қағидаларына негізделеді. Салықтар табыс деңгейіне, салықтық мөлшерлеменің тұрақты, өсіңкі немесе кемитін болуына байланысты пропорционалды, прогрессивті және регрессивті болуы мүмкін.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БОЙЫНША ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

Салықтар – мемлекеттің арнайы заңнама негізінде азаматтардан (жеке тұлғалардан) және кәсіпорындардан (заңды тұлғалардан) алатын міндетті төлемі.

Салықтар:

· Табыстарға (еңбекақы, пайыз, рента, пайда)

· Шығындарға (сатып алынатын тауалармен қызметтердің бағаларынан)

· Мүліктерге салынады.

·

Салық жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

Салықтық мөлшерлер – пайызбен белгіленетін және бюджетке төлеуге міндетті шығындардың белгілі үлесі.

Салықтық база – салық салуға жататын табыстардың тұрақты мөлшері.

Салықтық жеңілдіктер – салық төлеушілердің кейбір санаттары үшін салықтарды заңды түрде кеміту (салық мөлшерлемесін немесе салық базасын төмендету арқылы).

Салықтардың атқаратын қызметтері Реттеу. Салықтар – нарықтық экономика басқаратын қаржылық тетіктердің бірі.
Ынталандырушы. Салықтар техникалық прогресстің шапшаңдауына және жұмыс орнындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына әсер етеді.
Бөлу. Салықтардың көмегімен мемлекеттік бюджеттің баптары орындалады.
Фискалды. Салықтардың көмегімен азаматтар мен фирмалардың шығындарының бірбөлігі мемлекеттік қажеттіліктерге жұмсалады.

Салықтарды тек мемлекеттік және жергілікті билік органдары ғана төлетуге құқылы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жергілікті салықтардың құрылымы мынандай:

ЖАЛПЫ МЕМЛЕКЕТТІК:

1. Табыс салығы

2. ҚҚС

3. Акциздер

4. Бағалы қағаздар эмиссиясы үшін жинақ

ЖЕРГІЛІКТІ:

1. Жер салығы

2. Жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығы

3. Көлік салығы

4. Заңды тұлғаларды тіркеу үшін салық

5. Қызмет түрлерімен айналысуға құқық

6. Аукциондық сауда - саттықтардан салықтар

Салықтарды бағалауда оларды шын мәнісінде кім төлейтінін білу аса маңызды.

Салықтардың қызмет ету аясы заң бойынша төлеуге міндетті азаматтар мен фирмаларға таралады. Шығындарды басқа тұлғаға аудару мүмкіндігі салықтарды аудару деп аталады. Салықтар тұтынушыға қайта салына алады, бұл жағдай алға қарай жылжуды білдіреді. Керісінше, салықтар артқа ығыса да алады, бұл жағдайда салықтық ауыртпалықты өндірушілер өз мойнына алады.

Ығысу бола ма, және болса қай жаққа қарай болатыны сұраныс пен ұсыныстың икемділігіне байланысты.

Икемді сұраныс тұтынушы-азаматтардың тауарлар мен қызметтерді сатып алуға дайындығын білдіреді.

Икемді ұсыныс сатушы ұсынатын тауар санын қаншалықты оңай төменде немесе жоғарылата алатынын анықтайды.

Тұтынушы салық аясында әрқашан болады.

13 тақырып. Экономикадағы мемлекет. (есептер, тест сұрақтары)

ТЕСТ

ДҰРЫС ЖАУАПТЫ КӨРСЕТІҢІЗ

1. Салықтар ненің салдарынан пайда болды?

а) Мемлекеттің пайда болуы

б) Өнеркәсіптің орнығуы

в) Сауданың дамуы

2. Төлету әдістеріне байланысты салықтар қалай бөлінеді?

а) Жалпыға міндетті және факультативті

б) Тікелей және жанама

в) Абстрактті және мақсатты

3. Салық құқығының заты - мемлекет пен салық төлеушілердің өзара әрекеті неге байланысты болады?

а) А. Бюджетке жеке және заңды тұлғалардың табысын алу

б) Б. Салықтарды бекіту, жүргізу және мөлшерін есептеу мен бюджетке төлету тәртібі

в) В. Заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін табыстарын бекіту, өзгерту мен төлету.

Сұрық нөмірі      
Жауаптары А Б В

ЕСЕП

Сіз жұмысқа орналастыңыз да жұмыс берушімен еңбек келісімін жасадыңыз. Еңбек келісімінде еңбекақы көлемі 10000 теңге деп көрсетілген. Алайда, айдың соңында 10000 теңгенің орнына Сіз 8550 теңге айлық алдыңыз. Сіздің құқыңыз бұзылды ма? Еңбекақыдан немесе табыстан қандай салықтар ұсталынады?

Шешуі:

1. Міндетті зейнеткерлік жарна ұсталынады. Ол еңбекақы соммасынның 10 % -ын құрайды және олар Сіздің зейнетақы шотыңызға аударылады.

10000теңгеХ10%=1000теңге – зейнетақы шотына төленетін сомма (міндетті)

10000 теңге – 1000 теңге = 9000 теңге

2. Табыс салығы ұсталынады. Табыс салығын бухгалтерлік бөлім арнайы кесте бойынша ұстайды. Табыс салығының мөлшері табыс мөлшеріне байланысты. Табыс жоғары болған сайын, салық төлеу мөлшері де жоғары болады.

9000Х12 ай = 108000 теңге

9000Х5% = 450 теңге

9000 – 450 = 8550 теңге

Жауабы: алатын сомма 8550 теңге.

ТАЛҚЫЛАҢЫЗ

1. Бүгін Анардың туған күні. Ол 12 жасқа толды. Ол сыныптас жолдастарын шақырды. Жолдастары Анар тұратын үйдің маңайындағы Жаңа алаңда жиналды және осы кезде гүл сапыт алмағандары естеріне түсті. Олар гүлдерді жақын клумбадан жұлып алуды жөн көрді. Өз-өздерін ақтау үшін гүлдер ешкімдікі емес және барша адамдар үшін өсіп тұр деді. (клумбадағы гүлдер – мемлекеттің меншігіндегі тауар, сондықтан балалар әкімшілдік жауапкершілікке тартылады)

2. «Борыш» пен «міндет» түсініктері арасында айырмашылық бар ма? (жауаптар әртүрлі болу мүмкін)

ОЙЛАНУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

1. Қазақстанда әлде де Үкіметтің бақылауындағы қызметтер мен салалар тізімін құрыңыз. Осы тізімнен жекешелендіріле алатын бір немес екі саланы таңдаңыз. Сіз оларды қалай жекшелендіретін едіңіз? (Суаттар, жер қойнауы (лизинг, жалға алу, сату), орман мемлекеттің қарамағында. Жекешелендіру жөніндежауаптар әртүрлі болуы мүмкін)

2. Еркін кәсіпкерліктің базалық элементтері мынандай: жеке меншік, бәсекелестік құқы мен бағалардың нарықтық жүйесі. Сонымен қатар, бүкіл дүние жүзінде адамдардың ойына басқа да мәселелер келеді, мысалы: Толық еңбекпен қамтылу; Экономикалық өсу; Бағалардың тұрақтылығы; Экономикалық қауіпсіздік; Экономикалық теңдік.

Қазақстанның тұрғындары жиі ұшырасатын аса маңызды бес экономикалық мәселелердің тізімін құрыңыз. Сіз, бұл мәселелерді неден бастап шешер едіңіз? (жауаптар әртүрлі болуы мүмкін)

3. Кейбір «ойын ережелері» мемлекеттің қатысуынсыз – ақ пайда бола ала ма? (иә, егер фирманың ішкі ережесі туралы сөз болса)

4. Табыстарды қайта бөлудің артықшылығы мен кемшілігі неде? (егер ресурстар дұрыс орналастырылған болса, нарық тиімді жұмыс істейді. Осы орналастырудың нәтижесі қоғамға қажет емес табыс айырмашылығы бойынша теңсіздікті тудырады. Үкімет ресурстарды қайта бөлу арқылы араласуы мүмкін.Бірақ көптеген кәсіпкерлер оған келіспейді, себебі олардың негізгі қағидалары – «кім жұмыс жасамайды, сол ешнәрсе алмайды». Және қазіргі кезге дейін «әділ салық» туралы пікір-таластар болып отыр.)

5. Конституцияда азаматтардың жаппай еңбек етуге міндеттілігі туралы көрсетілмеген, ҚР ҚК жұмыспен айналысудан бас тарту үшін жауапкершілік туралы бап алынған. Еңбекке деген өз мүмкіндігін еркін қолдану құқы, мүлдем еңбек етпеу құқын білдіре ме? (Иә, себебі сіздің алдыңызда таңдау мәселесі болып тұр – жұмыс жасау немесе бос болу).(Әкімшілік-әміршілдік жүйе жұмыссыздық қағидасын жоққа шығарды) (Дискуссия)

Жаттығу 1

Экономикалық қызметтің айналма ағымы

I бөлім:

Үй шаруашылығы өз меншігіндегі табиғи ресурстарды, адами ресурстар мен капиталды ақша табысының төлемдері- еңбекақы мен жалақы, рента, пайыз бен пайдаға айырбастайды. Бұл табыс төлемдері бизнес фирмалар ұсынатын соңғы тауарлар мен қызметтерді сатп алу үшін пайдаланылады. Бизнес фирмалар бұдан түскен түсімді сатуға арналатын жаңа тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін үй шаруашылықтарынан жаңа өндірістік ресурстарды сатып алуға жұмсайды. Сонымен, өндірістік ресурстардың, тауарлар мен қызметтердің, сонымен қатар, табыстың ақшалай төлемдерінің айналма ағымы қалыптасады және қуатталады.

II бөлім:

Төменде келтірілген айналма ағымының сызбасында қисық сызықтар үй шаруашылығы мен бизнес фирмалар арасында орын ауыстыратын төлемдер мен өнімдердің қозғалу бағытын көрсетеді. Сызықтардың сыртқы шеңбері табыс (ақшалай төлемдердің) ағымын көрсетеді. Сызықтардың ішкі шеңбері төлемдер төленетін өндірістік ресурстар мен дайын өнімнің ағымын көрсетеді. Қарапайым экономикада айналма ағымының нұсқасын ая&


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: