Темекілік ауыспалы егістері. 4 страница

42. Топырақты күзде және көктемде өндеу варианттары.

  жыртқан-нан кейін қопсыту   түренді сыдыра жыртқышпен ~өңдеу-арамшөп тағы пайда болған соң, жыртылатын қабат терендігіне жырту
  в) дискілеу+ терең қопсыту БДН-3+ КПГ-250 (ПГ-3-5) Солтүстік Қазақстанның далалы аймақтары -эрозиялы процесстер бар жағдайда көп Жылдык шептердің тығыз шьшын 8-10 см терең, дискілеу және 25-27 см терең қопсыту
  г) жазық тілгішті қопсыту ОПТ-3 Солтүстік Қазақстанның далалы аймақтарьшда жеңіл топырақтарда көп жылдық шөптердің шымдары тығыз болмаса 6-8 см-ден 14-16 см-ге дейінгі тереңдікке культивация
  Д) культивац ия+терең қопсыту ОПТ-3+ ПГ-3-5 (КПГ-250) Қазақстанның далалы аймағында 8-10 см терендікке 1-2 культивация және 25-27 см терең қопсыту.
Ерте көктемде өндеу
  Тырма-лау БИГ-3 БМШ-15 ЗБТС-1,0 Күзде тырмаланбаса, әсіресе сүдігер тоң кесекті болса аңыздың үстінен инелі тырмамен, аударып жыртқан сүдігерде 4-5 см терендікке инелі тырмамен өнделеді
  Ерте көктемде өндеудің қажеті жоқ   Арамшөптердің тұқымдарын топыраққа енгізу үшін күзде тырмалау жасалған танаптарда
  Тығыздау ЗКК-6А Борпылдақ езілмейтін топырақтарда көктем жылы және құрғақ болса егер топырақтағы ылғал қоры аздау болса
Себу алдындағы топырақты өндеу
  Аралық өңдеу+ себу алдындағы қопсыту + Себу ОП-8 (ЛДГ-10) +ОП-8 (ДДГ-10)+ СЗС-2,1 Көктем ерте және жылы болғанда, топырак қатты ластанғанда кеш себілетін жаздық дақылдар себу алдында; топырақ ылғалдылығы аз болса культивация жасайды, топырақ ылғалды болса сыдыра жырту жасайды, культхвациядан кейін құрғақ ауарайында шығыршықты таптауыштармен тығыздау керек
  Себу алдында-ғы қопсыту +себу ОП-8 (ЛДГ-10)+ СЗС-2,1 Ластанған топырақтарда жазғы ерте дақылдарды себу алдыңда
  Себу алдында-ш өндеусіз себу" СЗС-2,1 • ' Арам шөптерден таза танаптардатопырақ қажетті борпылдақ, болса (әдетте сүр танаптан кейін себу

5. Сүрі жерді өңдеу технологиясын құру.

Сүрі жерді өндеу технологиясын жасау үшін мәліметтерді оқытушы береді. Нақтылы жағдайға байланысты (ауа-райы, жер, ластану типі) сүрі жерді өндеу технологаясы әр түрлі болуы мүмкін.

Көбінесе сүрі жерге физико-химиялық және гидрологиялық қасиеттерін жақсартуды талап етуші, қатты ластанған танаптар іалдырылады. Алдында айтқандай, сүрі жерлер таза, екпе және арнайы болуы мүмкін.

Әр түрлі егіншілік аймақтарда таза сүрі жерлердің мынадай түрлері кездеседі: қара, ерте, жазықтілгішті, жазықтілгішті-гербицидті және гербицидті.

Қара сүрі жер көбінесе күздік дақылдар үшін қолданылады. Ол екі кезеңге белініп өңделеді: алғы дақылдарды орған жылы жазғы-күзгі және келесі жылғы көктемгі-жазғы.

Қара сүрі жердің негізгі өндеуі алғы дақылдарды орғаннан кейін (бірден жасалады. Ол ауыспалы егістің басқа танаптарындағы жаздық дақылдар үінін сүдігерді өндеуден айырмашылығы жоқ аңызды сыдыра жырту және арамшөптер өнгесін мәдени жырту.

Жыртудың алдында органикалық және минералдық ' тыңайтқыштарды енгізген дүрыс. Қара сүрі танаптың ең маңызды күту кезеңі — көктемгі-жазғы, бұл кезде бірнеше беткі және кабаттармен өвдеуді арамшөптер өнген сайын жасайды.

Қабаттармен өңдеудің негізгі әрбір келесі өндеу тереңдігі бірнеше сантиметрге тереңдетіліп отырады. Осылай өңдегенде арамшеп (Тұқымдары және көпжылдық арамшөптердің вегетативті таралу '. органдары жүдеп жыртылатын қабат тиімді тазарады. Өндеу саны ' арамшөптердің өну қарқындылығына байланысты болады.

' Көктемгі-жазғы кезең жағдайы құрғақшылықты болса сүрі танапты күту қабатпен керісінше жасалады, яғни топырақты өңдеу тереңдігі біртіндеп азаяды.

Ерте сүрі танап. Қараға қарағанда ерте сүрі танаптың негізі өңдеуін алғы дақылды күзде орғаннан кейін емес, оны келесі жылы көктемде жасайды. Егер танап жатаған бидайыкпен ластанса тамырсабақты уату үшін көктемде қиылысты дискілеу жасайды жеке өскікдері екген соң жерді жыртады. Ерте сүрі і жазғы күту әдісі қара сүрі танабын өндеумен бірдей.

Жазык-тілгішті сүрі танап. Жазықтілгішті сүрі танабын ендеу ерекшелігі арамшептерді түтіктекуге жеткізбей, аралығы 20-22 күк сайын көктемгі-жазғы кезеңде жазықтілгіш культиватормен 4 беткі қабатты өңдеу жасалынуында. Тамыздың екінші бөлігінде 25-2? см терендікке жазықтілгіш-терең қопсытқышпен өңдеу жасалады

Күзі ұзақ жылы жылдары терең қопсытқаннан кейім арамшөптер өнсе, беткі қабатты өңдеу ұсынылады. Қара қатты ластанған танаптарда, күзде алғы дақыл орылғаннан сон БМШ-15 тырма тісті шабақтауышпен тырмалау керек.

Көп жыл бойы жазықтілгішті өндеу жасалынған жерде 6-8 жылда бір реттен шымтілгіші бар соқамен жерді жыртуға болады Жаңбырлы жазда егер танап атпатамырлы және тамырсабақтыарамшөптермен ластанса сүрі танапты өндеуге КПЭ-3,8 немесе КТС-10-1 ауыр культиваторларын және ЛДГ-10 дискілі сыдыра жыртқыштарды жазықтілгішті құралдардың орнына қолданған дұрыс.

Егер жауқияқпен қатты ластанса сүрі жерді өңдеу технологиясының ерекшеліктері болады. Мұндай танаптарды жауқияқтың тамырсабақтары орналасқан тереңдіктен 2-3 см терең жыртады, кейін арамшөптер өнген сайын ауыр культиваторлармен жүдету үшін және тамырсабақтарын тырнап шығару үшін өңдеу керек.

Жазықтілгішті сүрі танаптың кемшіліктеріне өсімдік қалдықтарының топырақ бетінде болмауына байланысты жел эрозиясының пайда болуын, қарашіріктің қарқынды минерализациясын жәөне топырақтың шамадан тыс борпылдақ болуынан судың булануын жахқызуға болады.

Жазықтілгішті-гербитіидті сүр көпжылдық арамшөптермен ластанғанда тиімді. Көктемде тырмалаумен арамшөп тұқымдарын топыраққа енгіземіз, арамшөптер ескіндері пайда болғасын, маусымның басында, 2,2-2,5 кг/га әсерлі заттың мөлшері мен жаппай әсер ететін раундап немесе ұраған гербицидімен бүрку керек. Содан кейін жаз бойы арамшөптер өнген сайын механикалық өңдеулер, химиялық өңдеулермен алмастыру керек. Тамыз аяғында 25-27см терендікте терен қопсыту керек.

Егер танап далалы шырмауықпен ластанғанда, бірінші жазықтілгішті-культиваторлармен өндейді, кейін жаз бойы шілдеде механикалық өңдеулерді еткізбейді, арамшөпке жеткілікті жапырқ алаканык құруға мүмкіншілік береді.Тамыздың біріняо онкүндігінде 2.4Д гербицидімен немесе 1,0-1,2 кг/га ә.е.з. мөлшерімен бүркеді, айдың екінші бөлігінде 25-27см терендікте қопсыту жүргізіледі..

Бүрку кезектілігімен саны және жазықтілгішті сүрі танаптағы гербицидтердің тандауы ластану типімен және танаптағы

арамшөп санына байланысты болады. Бұл сүрі танаптың жақсы-қасиеті оның жел эрозиясынан жақсы сақтандыруында. Сонымен қатар механикалық өңдеулер химиялық өвдеулермен алмастырылса шөптер толық құртылады.

Гербицидті сур танап.

Механикалық құрамы жеңіл қатты, тығыздалмайтын, сүр танаптарда арамшөптермен күресті еханикалық өндеулерден бас тартып, тек қана химиялық істермен күресуге болады. Өсімдік жамылғысының сақталуы саны жел және су эрозиясына төзімді болуына ықпал жасайды.

Екпе сүр танаптар.

Сүр танапта егілетін дақылдарға қарай олар жаппай егілетін эне отамалы болып бөлінеді және екі кезенде өнделеді, алғы,ылдың жиналуынан сүр танапта егілетін дақылды еккенше:өне сүр танапта егілетін дақылды жинағаннан негізгі дақылды епкенше.

Күзгі және себу алдындағы топырақты өңдеу бірінші кезеңде келесі әдістерден құрышады, алғы дақылдарды жинағаннан кейін аңызды сыдыра жыртып, аудара жырту, көктемде ерте тырмалау және себу алдында культивациялау. Егер сүр таншта отамалы дақылдар өнделсе, көктемгі-жазғы кезенде арамшөптерді өлтіріп, топырақты қопсыту үшін қатараралық өңдеу жасалады.

Сүр танапта егілетін дақылды жинаған соң жерді жыртады да арамшөптер өнген сайын беткі өндеу жасалады.

Арнайы сур танаптарға ықтырмалы. құрама және ықтырмалы-құрамалар жатады.

Сидератты сүр танап.

Топырақтағы органикалық заттарды байыту үшін, топыраққа жасыл тыңайтқыш ретінде жерге жырту үшін дақыл өсірілетін ауыспалы егіс танабы. Сондай дақылдарды сидерат дейді. Оларға бөрібұршақ, сераделла, түйежоңышқа, рапс және басқалар жатады.

Сидералды сүрі танап технологиясы бойынша өнделеді. Жобалап күздік дақылдарды егер алдында екі жұма бұрын сидератгы көк балаусаны топыраққа аудара жыртады. Көк балаусаны топыраққа жақсы енгізу үшін оны жырту алдына тыгыздайды, соқаккң әр тұрғыскның алдында дкскілі пышақ Қояды. Жыртқаннан кейін немесе онымен бірге агрегатта топырақты тығыздайды.

Ықтырмалы сүрі танап. Оны өңдеу техкологкясы таза сүрі танапты өндеу технологиясына ұқсас. Олардан ерекшелігі қар жиналу үшін және топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін шілдеде ықтырмалы дақыддар егеді - қыша, күнбағыс, жүгері. Ықтырмалардың арасы өсімдіктердің биіктігіне, жел режим' байланысты болады және 7-12 метр аралығында ауытқиды. Күз еріген сулар жақсы сіңуі үшін терең қопсыту немесе жасалады.

Топырақтың беткі қабатын құрғатып алмау үшін ықтырма егер алдында тығыздаусыз терең өндеудің қажеті жоқ, одан немесе таяз өңдеулер тиімді болады.

Арамшөптермен күресу үшін кейде ықтырма алдыңда шымтілгіші бар соқамен жерді жыртуға болады. Бұл жағдайда екі міндет атқарылады:

Қыша дұрыс өнеді және арамшөптер басылады. Су эрозиясы болмау үшін ықтырмаларды беткей бойымен егуге болмайды

Органикалық заттар мен минералды элементтерді толтыру үшін танапта алғы дақылды жинаған соң сабанды қалдыру, кең енгізу, фосфор тыңайтқышын қалдыру керек, кейін оларды топыраққа енгізу қажет.

Құрама сурі танап. Құрама сүрі танап өңдеу технологиясына қоректік элементтерді толықтыру үшін алғы дақылды орғаннан кейін келесі жылдың көктемінде фосфорлы тыңайтқыштарды енгізу, арамшөптер қаулап шыға бастағанда 8-10 см тереңдікке КПШ-9, ОП-8, КПЭ-3,8 немесе КТС-10-1, КТС-10-02 культиваторларымен жазықтілгішті культивациялаулар жатады. Арамшөптерді жою мақсатымен топырақты өндеу мен тыңайтқыштарды енгізуді СЗС-6 немесе СЗС-12 сепкішін қодданып қиыстыруға болады. Арамшөптер қайтадан өнгенде шідденің екінші онкүндігінің аяғы үшінші онкүндігінің басында гербицидпен өндеу жасалады. Гербицидті тандау және енгізу мөлшері арамшөптердің түрлеріне және санына байланысты анықталады. Шілденің басында 1 гектарға 1,0 млн әнгіш тұқым мөлшерімен сүлы себіледі. Топырақты эрозиядан сақтау және қысқы кезеңде қар жинау мақсатымен сүлыны себу, онын тұқымдары топырақтың ылғалды қабатына терең енгізіліп, біркелкі өскін алуына кепіл болуымен түсіндіріледі. Онымен қатар сұлының тамырлары куатты болып, қиын алынатын қосындылардан фосфор корын іске косады, арамшәптердіен күресуде жоғары бәсекелестік қабілеті бар, тұзға төзімді фитосанитар, тамыр шірігі патогенін басуға қабілеті бар.

Сүрі танапта сұлыны себу жазғы-күзгі кезеңдегі ылғал қоры сәл азайтса да, жалпы жауған жауын-шашынды белсенді қолдануын кетеруіне әсер етеді.

Құрама ықтырмалы сурі танап. Бұл жерде екі-үш қатарлы ктырма себіледі, ықтырма аралығына сүлы себеді. Күзде күйектің соңы мен қазанның басында сұлы жасыл жемге табылады, қышадан себілген ықтырмалар және ықтырма расындағы жоғары аңыздар қысқа қалады. Басқа өндеу ехнологилсы ықтырмалы сүрі танапты өндеу технологиясына қсас. Құрама және құрама-ықтырмалы сүрі танаптар топырақ жеткілікті өсімдік жамылғысы болғандықтан, олар жел мен эрозиясынан сенімді сақталады.

Сүрі танаптарды өндеу технологияларын құру үшін студенттерге оқытушылар береді (44 кесте). Жағдайға байланысты ауа райы, жер бедері, ластану типі сүрі танапты жедеу технологиясының вариантгары әр түрлі болуы мүмкін.

Шифрмен байланысты мәліметтер 43 кестеден алынады.

43- кесте. Сүрі танапты өндеу технологиясын құру үшін мәліметтер.

Топырақ ай-мағы, типі мен типшесі Топырақтың механикалы қ құрамы, жер бедері Арамшөптер түрлері мен танаптың ластануы, балл Алғы және жоспарлы дакыл
         
  Орманды дала, кәдімгі қара топырақ Ауыр құмбалшықты жазықтық Егістік және қызғылт қалуен-3 балл, қара сұлы-4 балл Жаздық арпа - жаздық бидай
  Орманды дала, кәдімгі қара топырақ Орта құмбалшық, жазықтық Шырмауық-3 балл, егістік қалуен-2 бал қара сұллы-З балл, қызғылт қалуен-3 балл. Сұлы жаздық бкдай
  Дала, оңтүстік қара топырақ Ауыр құмбалшық жазықтық   Шырмауық-3 балл, қара сұлы-2 балл Жаздық бидай- жаздық бидай
  Дала,кебірлен – ген оңтүстік қара топырақ құмбалшық, аз енкесті беткей қара сұлы-3 балл, 1 көк итқонақ-2 балл тауық тарысы – 2 балл Жаздық арпа 1 - картоп
  Дала карбонатты оңтүстік қара топырақ Ауыр құмбалшықты аз еңкісті беткей Қызғылт қалуен- 3, далалық, шырмауық – 2, гүлтәжі – 3 балл Жаздық бидай – жаздық бидай
  Құрғақ дала, карбонатты күңгірт қара қоңыр топырақ Орта құмбалшықты жазықтық Жатаған бидайық-2 балл, қара сұлы-3 балл Сұлы жаздық бидай
  Құрғақ дала, карбонатты, кебірленген күңгірт қара-қоңыр топырақ Ауыр құмбалшықты аз еңкісті беткей Егістік қалуен-3 балл, қаңбақ-2 балл тауық тарысы — 2 балл Жаздық ~бидай жаздық бидай
  Құрғақ дала, ашық қара қоңыр Жеңіл құмбалшықты, жазықтық Далалық шырмауық -3 балл, бұтақты бидайық-2 балл Күздік тары жаздық бидай
  Тау етегіндегі дала, сұр топырақ Жеңіл құмбалшық ты, беткей қызғылт қалуен, сары қалуен-3 балл, итқонақ-3 балл Күріш -күріш
             

Шифрдың бірінші саны топырақ аймағына, типіне және типшесіне сәйкес келеді, Екіншісі — жер бедері мен механикалық құрамына, үшіншісі — ластану дәрежесі, төртіншісі - сүрі танаптың алғы және жоспарлы дақылына сәйкес келеді. Берілген жағдайға байланысты студент ең қолайлы сүрі танапты тандап, жоғарыдағы мысалда көрсетілген (44- кесте) ықтырмалы сүрі танапты өңдеу технологиясына сай өз өндеу технологиясын құрады.

6786 шифрмен берілген жағдай бойынша мысал келтірейік. Шифрдың бірінші санына сөйкес 43- кестенің алтыншы жолынан табамыз - құрғақ дала, карбонатты күңгірт қара қоңыр топырақтар, екінші сан жетінші жолдан — ауыр құмбалшықты аз еңкісті беткей, үшінші сан сегізінші жолдан —далалық шырмауык -3 балл және бұтақты бидайық - 2 балл, төртінші сан алтыншы жолдан — алғы дақыл сұлы, сүрі танаптан кейін жаздық бидай егіледі.

Тапсырма жағдайы бойынша ең қолайлысы жазықтілгішті ' гербицидті сүрі танап.

44 Сүрі танапты өңдеу технологиясын құру үшін мәліметтер шифрлері

         
  2214 4456 6641 8863 ІІ42~ 3373 4442 6626 8851      
1122 2226 4421 6641 8814 1163 3361 4456 6637 8863      
  1144 3312 5513 6613      
  1151 3321 5521 6627 8883      
  1163 3334 5534 6636 8898      
         
  5546 6643 8891      
         
         
         
         
         
         
         
         
         
             

6. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері және орындалған далалы жұмыстардың сапасын бағалау

Топырақты өндеу сапасы қолданған құралдың конструкциясына, агрегаттың жылжу жылдамдылығына, топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне байланысты болады. Оларға созымдылық, жабысқақтық, байланыстық, қаттылық және физикалық пісу жатады.

Созымдылық - топырақтың өз пішінін өзгертіп, ұзақ уақыт оны сақтау қасиеті. Ол анық ылғал ауытқуын да көрсетеді. Құрғақ күйінде топырақтың созымдылығы болмайды. Созымдылықтың жоғары шегі- топырақтың езіліп, аға бастағандағы, ал теменгі шек — топырақты жіпшеге айналдыруға болатын шегі. Созымдылық топырақтың механикалық құрамына, қарашірік мөлшеріне, топырақ сіңіру кешенінің негіздермен сіңірілуі топырақ құрылымына байланысты болады. Балшыкты топырақтардың созымдылығы ең жоғары болады. Құмды топырақтарда созымдылық болмайды. Топырақтың қарашірігі мен құрылымдылығы жоғары болған сайын созымдылық азаяды.

Жабысқақтық - топырақтың жанасқан заттарға және топырақты өндейтін құралдарға жабысу қабілеті. Құрғақ немесе шамадан тыс ылғалды кезінде топырақта жабыскақтык болмайды. Жабысқақтығы ең жоғары топырактар ол ылғаяды күйлегі механикалық құрамы ауыр топъшақтар. Жабысқақтық топырақтың құрылымдық күйі, кебірлігі және қарашірік мөлшер1 әсер етеді.

Біріктілік топырақтың сыртқы күштердің үзу әсерінен қарсы тұру қабілеті. Ол топырақтың механикалық құрамына, құрылымдьшыққа, ылғалдану дәрежесіне, оргакикалық болуына байланысты болады. Ең төменгі біріктілік топырақтың

физикалық піскен кезеңінде болады.

Қаттылық - топырақтың ішіне қысымның күшімен бір, ененің кіруіне қарсы түру қабілеті. Ол арнайы приборлармен
яықталады қатшлықты өлшегіштермен. Топырақтың аттылығы оның ылғалдануына, сіңірілген негіздердің құрамына, механикалық құрамына жене топырақтың қарашірік мөлшеріне байланысты болады.

Топырақтың өзіндік қарсыластығы мен оның қаттылығы арасында тышз байланыстылық бар. Жоғары қаттылығы бар топырақты өндегенде үлкен тоң кесектер пайда болады, агрегаттың өнімділігі төмендейді де жанар май шығыны көбейеді,

Топырактын физикалык пісуі — топырақтың жақсы уатылып, топырақты өндейтін құралдардың жұмыс органдарына жабыспайтын күйі. Топырақты өңдеудің жоғары сапасына оның физикалық пісуі кезеңінде жетуге болады. Сонымен қатар, піскен топырақты өндеуге әлдеқайда төменірек тарту қуаты қажетті болады.

Топырақтың физикалық пісу күйі ең бастысы оның ылғалдылығымен аныкталады. Топырақтардың көбінде ол шекті пайалалық су сыйымдылықтан (ШДСС) 60-тан 90%-ға дейін ауытқиды. Топырақты өндеу әдістерінің көбін тек қана топырақтың пісу кезеңінде ғана жасауға болады. Физикалық пісу ' кезеңіне дейін өндесе топырақ құралдарға жабысып жүгады. нашар уатылады. Құрғақ топырақтарды өкдегекде окы | тозандатады, тоң кесектер пайда болады т. б.

Физикалық пісуді қарапайым әдіспен анықтау үшін бір уыс топырақты қысып кеуде биіктігінен жерге тастау керек. Егер ол " ұсақ бөлшектерге бөлінсе пісу кезеңі бар дегені. Әдетте, 1 физикалық пісу кезеңінде топырақ айдарының үсті сөл құрғап тұрады да, олардың арасы болады.

Топырақтың физикалық пісуін дәлірек анықтау үшін танапқа трактормен байқау үшін кіріл көру керек.

Физикалық пісуге лайықты пайда болу кезеңі мен ьшғалдылық ауытқуы топырақтың механикалық құрамына, жер бедеріне және беткей экспозициясына, құрылымдық күйіне, Қарашірік мөлшеріне, агрегаттың жылжу жьшдамдығына және топырақты өвдейтін машиналардың жұмыс органдарының типіне байланысты болады. Жеңіл топырақтарда ауыр топырақтарға Қара-анда физикалық пісу ертерек пайда болады; су айрықтар мен оңтүстік беткейлер солтүстікке карағанда ертерек кебеді. Топырақтарды дискілі құралдармен және тегістеп қопсытқышпен сапалы өңцеу үшін қажетті ылғалдылық культиваторларға қарағанда әлдеқайда кендеу болады. Агрегаттьт жоғары жылжу жылдамдығында, төмен жыддамдыққа қарағаңда ылғалдылығы жоғарылағанда топырақты өңдеуге болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: