Кіріспе. Сызбаларды редакциялау

Сызбаларды редакциялау

Объектілерді таңдау..............................................................................................

Объектілерді редакциялау құрал-саймандары...................................................

Қалам көмегімен редакциялау............................................................................

Объектілерді жою және қалпысына кайтару......................................................

Объектілерді көшіру.............................................................................................

Объектілерді айналық бейнелеу..........................................................................

Ұқсас объектілерді жасау................................................................................

Массивпен объектілерді көбейту.........................................................................

Объектілерді тасу..................................................................................................

Объектілерді бұру..................................................................................................

Объектілерді масштабтау.....................................................................................

Объектілерді созу..................................................................................................

Объектілерді қию...................................................................................................

Объектілерді ұзарту..............................................................................................

Объектілерді бөліктерге бөлу..............................................................................

Фаскаларды алу.....................................................................................................

Дөңгелектеуді салу...............................................................................................

12 Сызбаны тұтастыру және оның кеңістігі

Моделдің кеңістігі және парақтың кеңістігі......................................................

Көрініс экрандар....................................................................................................

Қалқымалы көрініс экрандары............................................................................

Еркін формадағы көрініс экрандар.....................................................................

13 Үш өлшемді моделдерді тұрғызу

AutoCAD-тың үш өлшемді модельдердің типтері.............................................

Параллелепипед....................................................................................................

Сына........................................................................................................................

Конус.......................................................................................................................

Шар.........................................................................................................................

Цилиндр..................................................................................................................

Тор...........................................................................................................................

Пирамида................................................................................................................

Жаншуланған дене................................................................................................

Айналу дене..........................................................................................................

Объектілерді біріктіру...........................................................................................

Объектілерді алу....................................................................................................

Объектілерді қиылыстыру....................................................................................

14 Үш өлшемді объектілерді редакциялау

Объектілерді тасымалдау.................................................................................

Объектілерді бұру..................................................................................................

Жазық салыстырмалы айналық бейнелеу...........................................................

Үш өлшемді массивпен көбейту..........................................................................

Қима тұрғызу.........................................................................................................

Кесік алу.................................................................................................................

Денеге түрлендіру.............................................................................................

Бетке түрлендіру...................................................................................................

Қырларда фаскаларды алу....................................................................................

Қырларды қабысу..................................................................................................

Үш өлшемді объектілерді қию және ұзарту.......................................................

Үш өлшемді объектілерді қабысуы.....................................................................

15 Үш өлшемді көріністерді анықтау

Ортогоналды және изометриялық көріністерді орнату.....................................

Көріністі интерактивті басқару......................................................................

Бос орбита..............................................................................................................

Үш өлшемді моделді динамикалық айналдыру.................................................

Шарнир..................................................................................................................

Сызбаны аралап шығу...........................................................................................

Сызбаны айнала ұшу........................................................................................

Камера.....................................................................................................................

Аралап шығу және айнала ұшу кезіндегі орынды ауыстыру анимациясы......

AutoCAD-тың кейбір пернелік тіркестер.......................................................

Кіріспе

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, есептеушi техника және программалық қамтамасыз етулердiң қарқынды дамытудың, білім беру трансформациялау, өндіріс және ғылыми интеграциялау қазiргi заман шарттарында нақты дүниенiң объектiлерін екі және үш өлшемдi моделдеу және анимациялау сұрақтарына ерекше көңіл бөлуді талап ету қажет. Осы мақсаттар үшiн Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі механика-математика факультетінде 5В070500 – Математикалық және компьютерлік пішіндеу мамандықтар үшін «AutoCAD-та компьютерлік моделдеу және анимация» пәні енгізілген.

Оқу құралының материалы маңызды объектілерін пiшiндеудi, сәулеттiк және инженерлiк объекттердi жасауды, әртүрлі сызбалар үшін, мысалы, құрылысқа, машина жасауға, архитектуралық сызбаларды, құрауыштарды, жұмыс құжаттарды, шаблондарды және форматтарды жасауды, сызбаларды жасау және рәсімдеу, құрастырушы бірліктерді жобалауды және үш өлшемдi анимация графикасы үшiн AutoCAD пакетiнің қажеттi бастапқы бiлiмін бередi, сонымен қатар келешек маманның креативті-шығармашылық және зерттеушi мінездерін тәрбиелейді.

Оқу құралының мазмұны «AutoCAD-та компьютерлік моделдеу және анимация» бойынша дәрістердің материалдар негізінде құрылған. Оқу құралда AutoCAD программасының 2009 нұсқасының интерфейсі қарастырылған, бірақ жұмыс істеудің негізгі принциптері басқа нұсқалармен бірдей қалады, сондықтан келтірілген материал кейінгі шыққан нұсқаларда қолдануға болады.

Оқу құралдың мақсаты мен есебі – оқырмандарды AutoCAD 2009 программасымен таныстыру, AutoCAD-та сызу және жобалау автоматтандыру жүйесінде жұмыс істеуді теориялық білімді оқырмандарға беру, екі өлшемді сызбалармен және үш өлшемді тұрғызулармен жұмыс істеу практикалық дағдыларды оқырмандармен алу.

Оқу құралы компьютерлік модельдеудің және анимациялаудың төмендегі тарауларды қамтиды:

· AutoCAD-тың пайдаланушылық интерфейсі бойынша шолу;

· сызба файлдармен жұмыс істеу үшін командалар қарастырылады;

· координаттық жүйелермен жұмыс істеу;

· объектілердің қасиеттермен таныстыру және оларды сызу барысында пайдалану;

· экранды басқару әдістермен таныстыру;

· объекттік байлаумен таныстыру және оларды сызу барысында пайдалану;

· сызықты объектілерді тұрғызу процестермен және командалармен таныстыру;

· қисықсызықтық объектілерді тұрғызу процестермен және командаларды таныстыру;

· мәтіндерді және кестелерді жасау, блоктарды жасау және оларды кірістіру процестермен және командаларды таныстыру;

· сызбаларды рәсімдеу командаларды таныстыру;

· екі өлшемді сызбаларды редакциялау командаларды таныстыру;

· сызбаны тұтастыру және оның кеңістікпен таныстыру;

· үш өлшемді моделдерді тұрғызу процесімен және командаларды таныстыру;

· үш өлшемді объектілерді редакциялау командаларды таныстыру;

· үш өлшемді көріністерді анықтаумен таныстыру.

Оқу құралы тек қана бастаған пайдаланушыларға емес, сонымен қатар AutoCAD программасымен жұмыс істегісі келетін оқырмандарға бағытталған. Әр тараудың соңында өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар тізімі берілген. Осы оқу құралы компьютерлік модельдеуді және анимациялауды жоспарлық оқу жұмысында да, өзбетімен жұмыс үрдісінде де үйренуге мүмкіндік береді.

 

AutoCAD-қа кіріспе

AutoCAD – Autodesk компаниясы өңдеген, екі және үш өлшемді автоматтанған жобалау жүйесі (АЖБЖ) және сызусы. AutoCAD атауы Automated Computer Aided Drafting and Design – Компьютер көмегімен автоматты сызу және жобалау қысқаша сөз тіркесінен құрастырылған. Жүйенің бірінші нұсқасы 1982 жылында шықты. 2013 жылғы наурызда програманың соңғы нұсқасы 19.1 нөмірімен AutoCAD 2014 шықты, оның ішіне үш өлшемді жинақ моделдеуді жиының толық құралдар қосылған (қатты денелі, бетті және полигоналды модельдеуді қолдайды). AutoCAD машина жасауда, құрылыста, архитектурада және басқа өнеркәсiп салаларда кеңінен қолданылады. Программа 18 тілінде шығарылады.

АЖБЖ – жобалау процесін автоматтандыруға арналған үшін ұйымдық-техникалық жұйесі. Ол персоналдан, техникалық және программалық, оның қызметін автоматандыратың басқа құралдар кешендерден тұрады.

AutoCAD терезенің элементтері

AutoCAD іске қосылғаннан кейін монитор экранында AutoCAD-тың жұмыс терезесі орналасады, сонымен қатар «Семинар по новым возможностям» сәлемдесу терезесі пайда болу мүмкін. Сәлемдесу терезесінде үш ауыстырып қосқыштар орналасады:

· Да (Иә) – программаның жаңа функциялар туралы тұсаукесерді іске қосу;

· В другой раз (Келесі ретте) – үңсіз бойынша, сәлемдесу терезені келесі ретте іске қосу;

· Больше не предлагать (Басқа ұсынбау) – келесі ретте сәлемдесу терезені іске қоспау.

AutoCAD терезесі (1.1-сурет) мынадай интерфейстік аймақтардан тұрады:

1. Шолушы менюі - А (1) – командаларды іске қосу үшін меню пунктілерді, (Последние документы (Соңғы құжаттар), Открытые документы (Ашылған құжаттар), Последние операции (Соңғы амалдар)) амалдарды, «Баптау» терезені іске қосу үшін «Параметрлер» батырманы біріктіреді.

2. Тез іске қосу панелі (2) – файлдармен жұмыс істеу үшін жиі пайдаланатын командаларды (жасау, ашу, сақтау, басу) және (болдырмау, қайталау) амалдарды біріктіреді.

3. Инфо-орталық жолы (3) – AutoCAD аңықтамалық жүйесінде еңгізілген ақпаратты іздеу.


1.1-сурет. AutoCAD 2009-дың терезесі.


4. Меню жолы (4) – менюдің пунктілері бар, үңсіз бойынша ол жасырылған. Меню жолың бейнелеу немесе жасыру үшін орындаңыз: тез іске қосу панеліне контексті меню шақырыңыз және «Показать строку меню» таңдаңыз.

5. Құрал-саймандардың таспасы (5) – AutoCAD-тағы құрал-саймандарды біріктіреді, олар барлығы мынадай ішкі беттерде орналасады:

· Главная (Басты) – сурет салу және сызбаларды редакциялау, қабаттармен жұмыс істеу, блоктар мен түсініктеме кірістіру, тұрғызу линияны баптау үшін барлық негізгі құрал-саймандар бар;

· Блоки и ссылки (Блоктар және сілтемелер) – блоктар және сілтемелермен жұмыс істеу, басқа форматтарға импорттау, байланыс немесе ендіру объектілерді кірістіру, гиперсілтеме, деректерді байланыстыру және шығару үшін құрал-саймандардың барлық жиынтығы бар;

· Аннотации (Түсініктеме) – мәтіндермен, өлшемдерді түсіру, шығаруларды кірістіру, кестелерді жасау, белгілерді жасау, масштабты басқару үшін құрал-саймандар бар;

· Сервис – макросты жазу және ойнату, траектория бойынша анимация жасау, мәліметтерді есептеу және алу, сызбаларды тексеру және қалпына келтіру утилиттер, пайдаланушылық интерфейсті баптау және басқа құрал-саймандар бар.

· Вид (Көрініс) – пайдаланушылық координат жүйесін басқару, көрініс экранды бейнелеу, палитраны баптау, терезелерді басқару, терезенің элементтерін баптау үшін құрал-саймандар бар.

· Вывод (Тұжырым) – сызбаны басу, сызбаны жариялау, сызбаны экспортау және жасақтау үшін құрал-саймандар бар.

6. Құрал-саймандар панелі (6) – панелдерде орналасатын AutoCAD командаларын біріктіреді (AutoCAD-та барлығы 38 панель бар). Керекті панелді бейнелеу үшін орындаңыз: тез қосу панелдің контексті менюі→Панели инструментов→AutoCAD→ Панелдің атына басу.

7. Графикалық аймақ (7) – сызбаларды тұрғызу үшін арналған жұмыс кеңістік, төменгі сол жақта пайдаланушылық координатолар жүйесінің белгісі орналасады;

8. Командалық жолының өрісі (8) – командаларды еңгізу мен бейнелеу, параметрлерді беру үшін арналған;

9. Қалып-күй жолы (9) – сызба координатоларын бейнелеу үшін, сызба режимдерін басқару батырмалар орналасады.

10. Құрал-саймандар палитрасы (10) – сызбада жиі пайдаланатын блоктар мен штрихтерді тез орналастыру үшін пайдаланылады. Құрал-саймандар палитраны бейнелеу үшін Ctrl + 3 басыңыз немесе команданы орындаңыз: Құрал-саймандар таспасы→Вид→Палитры→ Инструментальные палитры.

11. Тігін диспетчері (11) – көп санымен сызбаларға ыңғайлы айналу, бір жоба бойынша сызбалар жиынтығын жасау үшін пайдаланылады. Тігін диспетчерді бейнелеу үшін Ctrl + 4 басыңыз немесе команданы орындаңыз: Құрал-саймандар таспасы→Вид→Палитры→Диспетчер подшивок.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: