Скептицизм

Антикалық философияның соңғы сатысындағы тағы бір ағым - ол скептицизм. Олар өздерінің аты ізденуші болса да, барлық Дүние жөніндегі білім, заңдылыктардың ақиқаттылығын теріске шығарады, бәріне күмәнданады. Скептицизмге карсы тұрған ілім - ол догматизм (dоgmа -ілім), ғылымда ашылған белгілі теорияларды өзгермейтін, абсолютті ретінде карау.

Егер скептицизм ағымын осы сөздің мағынасы арқылы түсінгіміз келсе, онда бүкіл философияны осы ағымға жатқызуға болады, өйткені бұл пәннің саласында бірде-бір бүкіл ғылым қауымы мойындаған ақиқат жоқ. Әртүрлі философиялык ағымдар Дүниенің ең жалпы сұрақтарына өзінше жауап береді. Философиялық дүниетаным өте күрделі де қиын, болмыс әлі көп құпияларын өзінің бойында сақтап жатыр, әрбір ұрпақ үлкен ізденіс пен толғау арқылы өзінің дүниетанымын тереңдете түседі...

Ал бірақ танымның қиындығын скептицизммен теңеуге болмайды. Скептицизм барлык дүниетанымға күмәндану, танымның ақиқатқа жетуге болатыньш теріске шығарған кезде ғана дүниеге келеді.

Скептицизмнің түп-тамыры Софистика мектебіне кетеді. Протагорды еске түсірейік. «Әр зат жөнінде кемінде екі қарама-қарсы пікір айтуға болады», - дейді ол кісі. Ал мұның өзі скептицизмге жол ашады.

Қазіргі таным теориясьшдағы қайсыбір білімнің салыстырмалы екендігі да белгілі бір жағдайда скептицизмге әкелуі мүмкін.Скептицизм бағытының ірі тұлғасы - Пиррон (360-370 б.ғ.д.).Пиррон жазылған еш нәрсе калдырмаса керек. Ол өзінің ойларын оқушыларына әңгіме етіп жеткізіп отырған. Ол еш нәрсені сұлу, ия түрсіз деп, әділетті, ия болмаса әділетсіз деп айтпаған. Оныңойынша, ақиқат жоқ, ал адамдар тек қана әдет-ғұрып арқылы өмір сүреді. Затгар сезіммен де, ақыл-оймен де танылмайды, сондықтан олар жөніндегі қайсыбір пікір болмасын ақиқатқа жеткізбейді.Пиррон өзінің осы пікірлерін дәлелдеу үшін былай дейді.

«Еш нәрсені заттар жөнінде айтуға болмайды, өйткені олар әртүрлі тіршіліктердің бір-біріне ұқсамайтын түйсіктерін тудырады: біреулеріне ол зат пайдалы, екіншілеріне зиянды; әртүрлі адамдар да, заттардан әртүрлі әсер алады. Белгілі бір нәрсе адамның әртүрлі түйсіктерінде әртүрлі қабылданады (күннің сәулесі көзге жарық болып, денеге жылылык әсерін тигізеді). Адам өзінің жан-дүниесінде әртүрлі жағдайда белгілі бір затты әртүрлі қабылдайды. Заттар әртүрлі баска құбылыстармен бірге кабылданады да, әр жағдайда әртүрлі болып көрінеді; белгілі бір тұжырымға екінші оған қарсы пікірді айтуға болады және олардың біреуі екіншісінен гөрі ақиқатқа жақын деп айту қиын. Сондықтан Дүние жөніндегі ақиқат тек Құдайдың колында».

Олай болса, адам еш нәрсенің ақикатын білмегеннен кейін, олар жөнінде ешқандай тұжырым жасаудан аулақ болуы керек.

Пиррон жөнінде мынандай аңыз қалған. Кемемен теңізде жүзіп келе жатканда үлкен толқындар пайда болып, адамдардың көңіл-күйі түсіп кетеді. Бірак Пиррон айналаға самаркаулыкпен қарап, адамдарға кемедегі тамақ күйсеп жатқан торайды көрсетіп: «Неге қорқасыңдар, осы торай сияқты еш нәрсеге алаңдамай, өздеріңді дана адамға ұқсас сиякты ұстамайсыңдар ма?» - деген екен.

Атақты орыс философы А.С.Богомолов: «Скептицизм адамдық дәрежеге сай емес, одан төмен тұрған ілім», - деген пікір айта-ды. Өйткені қауіп туғандағы корқыныш сезімі адамдыққа лайықты болмағанмен, қорыққан адам ең болмаса өзінің өміріне кауіп төніп тұрғанын біледі. Ал нағыз адамдык нәрсе - ол содан кейін барлық күш-жігерін жинап, сол кауіпке карсы тұру, осы күресте барлық өмірдегі алған тәжрибесін, білімін жұмсау болса керек. Богомоловтың бұл пікіріне толығынан косылуға болады.

Сонымен скептицизммен антикалық философия аяқталады. Грек философиясында ең алдымен оптимистік дүниетаным пайда болды. «Білемін және соған сәйкес әрекет етемін» деген қағида көне гректердің ең биік идеалы. Эпикурлықтар: «Білемін, сондықтан бас тартамын», - деді. «Білемін және оған көнемін», - деп стоиктер айтты. Ал Скептиктер: «Білмеймін, сондықтан калай болса солай өмір сүремін», - деп, көне грек ой-пікірін аяқтады. Ал мұның өзі Көне Заманның тарихи мүмкіншілігінің (кұл иеленушілік қоғамның) сарқылғанын, жаңа ой-өрісіне өрлеу керектігін қажет етті.

Бұл жаңа талапқа сай келген Орта Ғасырларда пайда болған тамаша философия діннің шеңберінде пайда болған сенім философиясы еді. Келесі тарауда соны талдауға көшеміз.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

Философияның дүниеге келуінің қандай себептерін айтар едіңіз?

«Кіндікті уақыттың» ерекшелігі неде? Даоның екі мән-мағынасын көрсетіңіз.

Қытай философиясындағы болмыс пен бейболмыстың ара-қатынасы кандай?

Даоны сезімдік жолмен танып-білуге бола ма?

Даосизмнің этикалық – саяси көзқарастарының ерекшеліктері қандай?

Конфуцийдің «алтын ережесін» есіңізге түсірініз. Конфуцийдің «бес тұрақтылығын» атаныз.

«Цзюн цзы» (ізгі адам) мен «Сяо-жень» (надан адам) айырмашылығы неде?

Конфуций оқу мен ой елегінің байланысын қалай түсінеді?

«Фа-цзя» мектебі адамның табиғатын калайша түсінеді?

Үнді мифологиясындағы «Сансара», «Карма», «Мокша» ұғымдарының мағынасын көрсетіңіз.

Каста дегеніміз не?

Апариграха дегеніміз не?

Джайнизм ілімінде адам кімді жеңуі керек?

Ахимса дегеніміз не?

Буддизм деген ұғымның мәні неде?

Зардап шегудің себептері неде?

Нирванаға қалай жетуге болады?

Үнді философиясындағы материалистік көзқарастардың ерекшеліктері неде?

Грек мифологиясындағы Құдайлардың атын айтыңыз. Гректің «Жеті Данасының» қандай нақыл сөздері есіңізде қалды?

Алғашқы грек натурфилософтарының атын атаңыз.

Апейрон дегеніміз не?

Гераклиттің «Логосы» деген не?

Парменидтің «Болмыс» дәлелдемесін көрсетіңіз.

Зенонның қандай «апорияларын» білесіз?

Эмпедоклдың «Сүйіспеншілік», және «Жаугерлік» күштері ғарышта қандай роль алады?

Демокрит дүниедегі қажеттілік пен себептікті неден шығарады?

Софистиканың бетбұрысын қандай философиядағы мәселеге теңеуге болады?

Протагордың «Адам барлық заттардың өлшемі» деген нақыл сөзін қалай түсінесіз?

Сократтың «ирония» мен «маевтикасын» қалай түсінесіз?

Платонның «идеялар әлемі» дегеніміз не?

Платонның «анамнезис» теориясының мағынасы неде?

«Платондық сүйіспеншілік» деп нені айтамыз?

Платонның мемлекетіндегі «үш әлеуметтік топтарды» атаңыз.

Платон неге жекеменшікке қарсы?

Аристотельдің «Платон маған қымбат, бірақ ақиқат одан да қымбат» деген сөзін қалай түсінесіз?

Аристотельдің логика саласындағы ашқан зандарын айтыңыз.

Аристотельдің материя және форма үғымдарын қалай түсінесіз?

Аристотель жан дүниесінің қандай үш түрін көрсетеді? Аристотельдің 10 категориясын есіңізге түсіріңіз. Аристотельдің этикалық көзқарастарының ерекшелігі неде? Аристотельдің ашқан басқару формалары қандай? Киниктердің көзқарасы қандай болды? Эпикуреизм деп этика саласында нені айтамыз? Скептицизмнің көрнекті өкілі кім?

Реферат тақырыбы

Қытай философиясының негізгі ерекшеліктері. Даосизмдегі диалектикалық көзкарастар.

Қытайдағы бүгінгі реформалар мен конфуциандык идеоло-гияның байланысы.

«Фа-цзя» мектебі мен XX ғасырдағы тоталитарлық мемлекеттер (тарихи салыстыру).

Үнді мифологияларындағы негізгі түсініктер.

Джайнизм философиясыньщ кағидалары.

Буддизм - үнді философиясы.

Грек натурфилософиясы.

Платонның философиялык көзқарастары.

Аристотельдің онтологиялық ілімі.

Адам дүниенің өлшемі бола ала ма (Протагормен сұхбаттасу).

Аристотельдің саяси-этикалық көзқарастары.

Демокриттің атомистік көзқарасы.

Стоя философиясы.

Ойланыңыз:

Ешқашанда бұл дүниеде өшпенділік өшпенділікпен жойылған жоқ; тек кана өшпенділіктің жоғы оны тоқтатады. Бұл – мәңгілік Дхамма. Бұл Будданың сөзін қалай бағалайсыз?

Жау жауға не істесе де, жалған бағытпен жіберілген ой одан да жаман істейді.

Даосизмнің диалектикалық идеялары: Барлык дүние болмыстан туады. Болмыс бейболмыстан туады. Бірдеңені әлсірету үшін ең алдымен оны күшейту керек. Бірдеңені кұрту үшін ең алдымен оны гүлдету керек. Біреуден бірдемені алу үшін оған ең алдымен беру керек; Бақытсыздықта бақыт жатыр. Бакытта бақытсыздық бар. Кім оның шекарасын біледі?

Адамдарды білетін - дана; өзін-өзі білетін - ағарған.

Аспанның тілегі - адамдар бірін-бірі сүю керек және бір-бірі-не пайда әкелулері керек (Мо-Цзы).

Пайда іздегендер адалдықты ұмытады; Ең биік адамды сүюшілік туыскандық байланыстарды ескермейді (Чжуан-Цзы).

Аспан қарапайым адамдарды елбасы үшін тудырмайды, ол елбасын таққа қарапайым адамдар үшін отырғызады (Сюнь-Цзы).

Өлген мен тірі, оянған мен ұйықтаған, жас пен кәрі, бәрі - бір, өйткені бірінші екіншіде жоғалады (Гераклит).

Бейболмыстың өмір сүруі ешқашанда дәлелденбейді. Ой елегін бұл жолменен жүргізбе (Парменид).

Сүйіспеншіліктің тартуымен бәрі де жиналады; қастық олардың бәрін кері тартады (Эмпедокл). Философия - таңғалудан басталады (Аристотель).

Күн, ай және барлық жұлдыздар - жанып жатқан тастар (Анаксагор).

Бір заттың себебін табу - маған парсы тағынан қымбат (Демокрит).

Дене тілегі - ашықпау, шөлдемеу, тоңбау. Осының бәрі бар адам, я соған болашақта үмітті адам Зевстің өзімен бақыт жөнінде дауласа алады (Эпикур).

Тағдыр тілегенді алып жүреді, тілемегенді сүйретеді (Сенека).

Қандай тәлтекке түссең де, олардың бәрі ғасырлар бойы аңықталған. Себептердің байланысы басынан бастап сені сол оқиғалармен байлады (Марк Аврелий).

Менің білетінім - ештеңені білмегенім (Сократ).

Уақыт - өзінің істегендерін қарап отырған мәңгілік (Платон).

III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті аясындағы философия

§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері

Тарихшылар Орта ғасырларға Көне Рим Империясының құлауынан бастап, Қайта Өрлеу (Ренессанс) заманына дейінгі уақытты жатқызады (V ғасырдан XIV ғасырға дейін). Яғни бұл заман - құл иеленушілік коғамның Дүниеден кетіп, оның орнына феодалдық қоғамның келіп өмір сүрген уақыты. Демек, оның негізі - белгілі өндіріс тәсілінің орнауында.

Философтар бұл мәселеге біршама басқаша қарайды. Олардың ойынша, Орта ғасырлар Европа топырағына Христиан дінінің пайда болуымен бірге келіп, Қайта Өрлеу заманына дейін созылды. Ал мұның өзі бірқұдайлыққа көшуменен (монотеизм), философияда адам және Құдай мәселелерінің бірінші орынға көтерілуімен байланысты.

Сонымен тарихшылар Орта ғасырларды 1 миллениумға (мыңжылдық) теңесе, философтар оны 1.5 мың жылғы уақытқа дейін созады.

Көп жылдар бойы Орта ғасырларға көп көңіл бөлінбей, оны бір-екі ауыз сөзбен айтып өтіп, әрі қарай кете беретінбіз. Орта ғасырлар тарихтағы бір кертартпалық, діни түнек, бір орында тұрып қалу, алға жылжымау, ғылым мен техниканың алға баспауы, адамдардың рухани езіліске түсуі, ерікті ойдың қудалануы, өндіргіш күштердің тұрақтап қалуы ретінде суреттелген болатын.

Мүның негізгі себебі - Кеңес заманындағы Орта ғасырларды атеистік (кұдайсыздық) идеологиясының тұрғысынан сынау, бағалау болды.

Бүгінгі таңда біз Орта ғасырлар дәуіріне қызыға қарап жатырмыз. Әңгімені өндіргіш күштерден бастасақ, әрине, құлдық қоғаммен салыстырғанда, бұл заманда үлкен алға жылжу байқалады. Шаруалар байларға тіркелгенмен, олардың өздерінің отбасы, малы, жері болды. Олар жартылай ғана тәуелді адамдар болды.

Ғылым мен техникада да белгілі жаналықтар болды. VI ғ. Қытайда фарфор өндірісі дами бастады. Бұл елде 1041 ж. алғашқы баспа дүниеге келіп, кітаптар шыға бастады, шараптан спирт шығарыла бастады.

1010 жылы Солернода (Италия) алғашқы медициналық мектеп ашылды.XII ғ. ауыр соқамен жер жырту басталды, компас дүниеге келді.

1215 ж. Париж университінің жарғысы жарияланып, 1222 жылы Падуя (Италия) қаласында университет ашылды (салыстыр: Ресейде - 1725 ж., Қазақстанда - 1934ж.). XIII ғ. аяғында көзілдіріктер істеле бастады. Осы кезде механикалық сағаттар жасала бастады. 1320 жылы күкіртпен атылатын зеңбіректер пайда болды. Бұлардың бәрі де қоғам өмірінде алға жылжулықтың болғанын көрсетеді.

Ал Орта ғасырдағы рухани ахуалға келетін болсақ, ондағы ғажап өзгеріс - адам өзінің ішкі жан дүниесінде рухты тауып, өзінің Құдаймен байланысты пенде екенін аңғарады. Мұның өзі философияның жаңа түрінің пайда болуына әкелді. Ол - сенім шеңберіңдегі философия, рух саласын зерттеу философиясы.

Еуропа топырағында бұл заманда дүниеге келген философия, негізінен, діни көзқарасқа жақын, екінші жағынан, адам тағдыры, ел қандай болуға тиіс т.с.с. мәселелерді қамтыды.

Бұл жаңа рухани ахуалдың бірінші ерекшелігі - монотеистік (бірқұдайлық) көзқарастың негізін жасау. Ертедегі гректер Құдай біреу ме әлде көп пе? деген ой шеңберіңде болды. Аристотель аспандағы жұлдыздарды құдайлықпен теңеп, ал Плотин Ғарышты «Көрінген Құдай» деп есептесе, енді бірде Құдайдан басқа еш нәрсе жоқтығы айтылды.

Екінші ерекшелігі - креационизм, (сrеаturа - лат. сөзі, жасау, жарату). Бұл - Дүниені жоқтан бар қылып жасаған Құдайды мойындау. Грек философиясында Дүние әртүрлі стихияның қосындысы ретінде, я болмаса Платонның Демиург туралы ілімі, Аристотельдің «Мәңгілік қозғалтқышы» арқылы түсіндірілсе, Орта ғасырда Дүние мен адам Құдайдың құдіретті күші арқылы жаратылды деген пікірден таймайды.

Үшінші ерекшелік - Антропоцентризм (аntrороs - адам, сеntrum - орталық). Грек философиясының негізгі мәселесі - ғылым. Адам мен ғылым бір-біріне қарсы қойылмайды, Ғарыш макрокосм болса, адам - микрокосм. Адамды қандай дәріптеп биікке қойған-менен, ол Ғарыштың шеңберінен шықпайды. Аристотельдің айтуынша, «адамнан да гөрі анағұрлым жетілген заттар табиғатта көп, оларды көруге болады: мысалы Ғарыштағы жұлдыздар». Басқаша көзкарас Орта ғасырда пайда болды. Ол бойынша адамды еш нәрсемен салыстыруға болмайды, өйткені оны Құдай өзіне ұқсас қылып, ерекше басқадан бөліп жасады. Олай болса, ол - жаратылған Дүниенің қожайыны, бәрінен де биік тұр. Сонымен қатар оның Құдай алдындағы ерекше пенде екендігі оған үлкен жүк артады: ол әрқашанда өзінің ар-ұжданын, жан дүниесін таза үстауға тырысуы керек.

Төртінші ерекшелік - Құдайдын еркіне көну мәселесі.

Егер Грек философиясында табиғат (физис) заңы деген ұғым пайда болса, оған адам да, құдайлар да көнуі керек. Өйткені оны ешкім жасаған жок, ол мәнгі болатын болса, Орта ғасырда, керісінше, адамға заңды беретін - Құдай, адам оның еркіне көнуі қажет (ешқандай карсылықсыз). Ал Құдайдың еркіне көнбеуден жаман күнә жок.

Иса пайғамбардын өзі Құдайдың еркіне көніп, талай-талай зардаптан өтіп өлді. Олай болса, адам да езінің Құдайға деген сүйіспеншілігін көрсетіп, Иса пайғамбар жасап кеткен жолмен жүруі керек.

Бесінші ерекшелік Құдайдың қүдіретті көрегендігі. Егер гректер тағдырға (фатум) табынса, ал оның өзі табиғаттың қажеттілігінен шығатын болса, Құдай өзі жаратқан бүкіл Дүниені басқарып қоймай, ондағы әрбір адамның күнәлі, кемтар, данышпан болса да, жүріс-тұрысын, іс-әрекетін бағалап отырады. Оған сенген адамға «Сұраса - беріледі, іздесе - табылады, қақса - ашылады».

Алғашқы тектік күнә, оның салдары және одан құтылу -алтыншы ерекшелік. Алғашқы адам Құдайдың айтқан ізгілік пен жамандықты танитын ағаштың жемістерін алмау жөніндегі ескертуін тыңдамады. Ол адамның тәкаппарлығында, өзімшілігінде, ешқандай шектеуді жаратпауында, өзінің Құдай болғысы келуінде. Керісінше, адам шайтанның «Сендер алманың дәмін татқан кездеріңде Құдай сияқты ізгілік пен жамандықты білетін боласыңдар» деген ақылын тыңдап, күнәға батып, жердегі жұмақтан қуылды. Құдай оларды жамандық, зардап өлімге толы дүниеге өзінен алыстатып қоя берді. Адамның жасаған күнәсі бүкіл адамзат күнәсіна айналды, сонымен «өлім адамдың тағдарының үстінен өтеді, өйткені бәрі де күнәкар» (апостол Павел).

Сонымен алғашқы тектік күнә жеке адамды, ол қалай тырысса да өзінің шегінен шығармайды, одан құтылу үшін құдайдың қолдауы керек; бүл рухани жаңа көзқарас грек ой-пікірінен канша алшақ тұр десеңізші! Грек философиясында күнә ұғымы бар болғанымен, оның мәні жөнінде сұрақ әлі қойылмаған болатын, сонымен қатар, олар жан-дүние өлген адамнан тірі адамға көшкен көзде жанарып отыратына сенген, ал философтарды алатын болсақ, олар дүниетаным арқылы өздерінін ақыл-ойының арқасында жан дүниесін тазарта алатынына күмән келтірмеген. Ал Орта ғасырдың адамы Құдайдың қолдауынсыз күнәліктің шеңберінен шыға алмайтьшына сенеді.

Жетінші ерекшелік - Рухани сенімнің дүниеге келуі.

Гректердің ойынша, сенім сезімдік танымнан шығады, ал сезіммен қабылданатынның бәрі - жалған, өтпелі, өзгергіш т.с.с. сондықтан олар ақыл-ой арқылы (ерікіете) Дүниені тану, игеруге көп көңіл бөлді. Орта ғасырдағы ахуал ақыл-ойды шектейді, ғылымның әр жағында сенімнің бар екендігін мойындайды. Сонымен адамның үшінші өлшемі ашылады: егер гректер адамды тек дене және жан-дүние деп алып қараса, қазір оған рухани сенім қосылып, «дене-жан-рух» адамның үш құрамды бөлігіне айналады.

Сегізінші ерекшелік - Құдайдың сүйіспеншілігі.

Егер Гректердің эросы адамды жетілдіруге ұмтылдыратын күш, сезімдік құдіретті әлеммен байланыстырушы ретінде қаралған болса, Орта ғасырдағы діни түсінік бойынша, сүйіспеншілік («агапэ») ол адамның жоғарғы игілікке ұмтылысы емес, ол Құдайдың адамдарға түсуі. Ол адамдарға берілген сый және ол қайырымды талап етпейді.

Егер гректердің ойынша сүйетін — адам болса, жаңа рухани ахуалда - ол Құдай, оның сүйіспеншілігі - риясыз, ол күштіні де, әлсізді де, кемтарды да – бәрін сүйеді... Сондықтан адамдар Құдайға еліктеп, бірін-бірі сүю керек. Кімнің сүюге қабілеті жоқ, ол әлі Құдайды таныған жоқ, өйткені Құдай дегеніміз - ол сүйіспеншілік. Христиан діні жақыныңды, алысыңды сүйіп қана қоймай, сонымен бірге жауыңды да сүй деп, адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін талап қояды.

Адамзат Тарихының жаңа мән-мағынасы - соңғы ерекшеліктердің бірі.

Гректердің ойынша, тарих Ғарыштың тағдырымен тығыз байланысты. Ғарыш оттан пайда болып, дүниежүзілік өртте құриды да, тағы жаңа Дүние келеді. Ол тағы да өртте құрып, тағы да жаңарады.

Ал жаңа Дүниеге келген көзкарастың шеңберінде тарих қайталанбайды, ол өзінің соңына бара жатыр. Уақыттың соңы сонымен қатар жаратылған Дүниенің сарқылуымен тең. Соңғы сот -Құдайдың патшалығының толыққанды келуіне тең.

Орта ғасырдағы алғашқы діни философтар

Александриядан шыққан Филон (1 ғасырда өмір сүрген) Грек философиясындағы кейбір ұғымдарды Христиан дінінде пайдаланып, христиандық діни философияның негізін қалайды.

Филонның айтуынша, Библияны екі түрде оқуға болады: бірінші - ондағы жазылғанды тікелей түсіну; екінші -- ондағы сөздермен көмкерілген астыртын жатқан метафизикалық, моральдық, рухани мән-мағынаны ашу.

Ол ақиқаттарға жету үшін адам жан дүниесі ерекше жағдайда болуы керек. Филон Грек философиясына беймәлім «Жарату» ұғымын кіргізеді. Құдай Дүниені жоқтан жаратты. Бірақ материалдық Дүниеден ерте ол «интеллигибелдік Дүниені», яғни «идеялар әлемін» тудырды. Оны ол гректердің «Логос» ұғымы арқылы береді. Сонымен Логос - Құдайдың ойы, сөзі, сол арқылы Дүние өмірге келеді.

Филонның айтуынша, Құдайдың екі потенциясы бар: біріншісі - жаратушылық, екіншісі - басқарушылық (жаратылған дүниені).

Адам мәселесін де Филон жаңаша көзбен карайды. Ол адамның хайуандық жағы - дене; 2 - жан, ақыл-ой; 3 - рух - Құдайдан пайда болған. Олай болса, адамның жаны табиғаттан шыққаннан кейін құрып кетуі де ғажап емес. Бірақ ол рухпен бірге өмір сүрсе, онда өлместік дәрежесіне көтерілуі мүмкін.

Сондықган адам Ғарышты танудан гөрі, ең алдымен өзінің ішкі өмірін тануға тырысуы керек. Адам өзін танып - біліп, сыртқа серпіліс жасаған кезде, өзінің толығынан бишара екендігін мойындайды. Тек қана өзінің пенделігінен өтіп, жаратылмаған мәңгілік Құдаймен байланысқа түссе ғана масайрайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: