Элей мектебі. Парменид пен Зенон 26 страница

Енді Абайдың Философиялық антролологиясына келер болсақ, жаратылған адамның ақыл-ойы, күш-қуаты бар, ал ол -Алланың ғылыми құдіреттілігінен шығатын қасиеттер. Бұл арада ұлы Абай Рақымшылдыққа аса көп көңіл бөледі. Ол да - Алланың 8 сипатгарына кірмесе де, Оның негізгі қасиеттерінің бірі, себебі оның аттары Рахман (Жарылқаушы), Рахим (Мейірімді), Ғафур (Кешіру-ші), Уадуд (Сүюші), Хафиз (Қорғаушы), Сәттар (Айыпты жабушы), Разақ (Ырыздық беруші), Нафиг (Пайда беруші), Уәкил (Өкіл), Латиф (Ілтипатты) - бәрі де Рақымшылдықты көрсетеді (қараңыз: Абай. Алматы., Ел., 1993, 86 б.).

Абай адамның ерекше пенде ретінде жаратылғанын ескертеді: «Адам баласынан махшарда (о дүниеде. - С.М.) сұрау беретүғын қылып, жаратқандығында һәм ғадаләт, һәм махаббат бар» (аталған одебиет, 87 б.). Дүниедегі өлі табиғат, тіршілік болсын - бәрі де адам үшін жаратылған: «...Жер мақтасын кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, қүхтар жүнін, етін, жүмыртқасын; хайуандар: етін, сүтін, күшін, көркін, терісін; сулар балығын, балықтар уылдыры-ғын, хатта ара балын, балауызын, қүрт жібегін - һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде Бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі - адам баласына таусылмас азық» (аталған әдебиет, 88 б.), - деп қорытады ұлы ойшыл. Ал мұның бәрі де Алла тағаланың адамға деген сүйіспеншілігін көрсетеді, олай болса, адам да Жаратқанды барлық жан-тәнімен сүю керек, сонда ғана ол өз өмірінің мән-мағынасын табады.

Сонымен адам - Ғарыштың өзегі, ерекше пенде. Бірақ, соған қарамастан, ол - шектеулі, өлшемді, ал Алла тағала - өлшеусіз, шексіз. Сондықтан «біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес... өлшеулі бірлән өлшеусізді білуге болмайды» (аталған әдебиет, 83 б.). Біз Бұл арада Абай ойының сол кездегі Еуропа топырағындағы ағартушылардан анағұрлым терең екенін байқаймыз: әңгіме дүниенің бәрін қайта өзгертуде емес, ол - тәкаппарлыққа, Құдаймен теңесуге деген адам іңкәрін туғызып, оны шайтан жолына түсіреді. Сондықтан Абай:

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Тетігін тап та, бар қалан!» - деген ұран тастайды.

Абай - Жаңа дәуірдің перзенті. Сондықтан ол Орта ғасырлардағы ойшылдардың аскеттік философиясын қабылдамайды. Оның ойынша, егер барлық адамдар тариқат жолына түсіп, материалдық дүниеден бас тартса, онда «дүние ойран» болар еді. «Бұлай болғанда малды кім бағады, дүшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім іздейді (аталған әдебиет, 92 б.) деген сұрақ қойып, ойшыл оны Құдай алдындағы күнә ретінде қарайды. Алла тағала дүниені адамға «рақатын көрмегіне бола жаратқан», қазірет Ғосман, Ғабдурахман ибн Ғауф, Сагид ибн Абдукас саяқты Пайғамбардың жақындары да өз байлықтарымен даңқты болған.

Алайда байлықтың да байлығы болады. Кейбіреулер мал жинау, мүлкін көбейту арқылы басқалардан озып, өзін биікке I көтеріп, дандайсып кетеді. Екіншілер кемтарларға көмектесу, өзін өзгелерден тәуелді еткісі келмесу үшін баюға тырысады. Соңғы жолды Құдай қалайды. Нағыз адамға тән биіктеу - ол рухани самғау. Адамның абыройы оның сыртқы әсем киімі мен жүріс-тұрысында емес, оның ішкі таза ниетінде, сол арқылы ғана бізді Құдай таниды. Руханияты биік адам өмірде кездесетін өрескел қиын жағдайлардың өзінде өз абыройын жоғалтпайды. Адамның өз-өзін мадақтауы, басқа адамдарды төмендетуге тырысуы - оның тайыз-дығын көрсетеді. Абайдың Бұл ойлары қазіргі қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Абай өзінің әйгілі 2-қарасөзінде қазақты өзбек, ноғай, тәжік, орыстармен салыстыра келе, қазақтар сол халықтардан үлгі алып, егін егу, сауда, ғылым, қолөнермен айналысып, тазалық пен тәр-тіпке, әскери қызмет атқарып, Құдайды қүрметтеуге және маңдай терін төгіп еңбек етуге шақырады. Сонда ғана елге молшылық келеді. Тек бүгінгі таңда ғана халықтың көпшілігі осы ойдың даналығын мойындаған секілді. Сонымен қатар енжарлық көрсетіп, осы уақытқа шейін мемлекетке қарап, қол қусырып отырғандар да аз емес саяқты.

Абай «байлық» атты ұғымның адамгершілік жағына аса көп назар аударады. «Әуелі, Құдайдан мал тілейсіңдер, - дейді Абай. - Құдай тағала саған еңбек қылып, мал табарлық қуат берді. Ол қуатты халал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жүмсамай-сың... Сенікі біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол» (аталған шығарма,

б.). Өз ойын әрі қарай жалғастырып, Абай сол жолмен тапқан малды енді сарып қылып, ғылым табу керек тігін айтады. Өзіңе табылмаса, балаң тапсын деген талап қояды. «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қажылық ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жүмсаған» (атал. шығ, б.), - деп өкінеді ұлы ойшыл.

Қорыта келе, Абайдың нарықтық қатынастардың жетік білгірі болғанын айта келіп, оның көтерген мәселелері осы күні де өзінің өзектілігімен байқалады деуге болады.

Абайдың саяси-құқықтық көзқарастарына келер болсақ, онда да өнегелі көп терең ойларды табамыз. Әрине, Абайдың еңбектерінен «құдтық мемлекет» деген ұғымды іздеу бекер болар, адам қандай ұлы болса да, өз заманының перзенті ғой. Бірақ Абайдың саяси-құқтық көзқарастары осы ұғыммен байланысты екенін байқауға болады. Абай отарлық саясатты әшкерелей келе, «бөліп ал да, билей бер» деген саясаттың негізінде халықтың ішінде іріткі пайда болып, жеке адамның күқтарының өрескел бұзылғанын әңгіме қылады. «Болыс болдым мінеки» деген өлеңінде Абай:

«Бұрынғыдай дәурен жоқ,

ұлық жолы тарайды,

Өтірік берген қағаздың

Алды-артына қарайды.

Тауып алып жалғанын,

Қылмысыңды санайды.

ӨзІ ЗаЛЫМ ЗӘКүНШІК

Тонап алды талайды.

Темір көзді сарайды», - деп, патшалық саяси тәртіпті әшкерелейді.

Абайдың сот тәуелсіздігі жөніндегі ойларына келсек, ол да бүгінгі күнгі талаптармен үндесіп жатыр. Бұл қағиданы іс жүзінде өмірге енгізу үшін сот қызметкері сол жұмысқа өмірлік сайлануы қажет. «Әрбір елден толымды-білімді кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе - жаманшылығы әшкере білінгендіктен түссе, әйтпесе түспесе», - дейді ұлы ойшыл. Егемен мемлекетімізде Абайдың айтқан бұл ойын іске асырдық, бірақ етек жайып кеткен пара алатын «зәкүншіктер» осы уақытқа шейін таусылар емес.

Абай бүкіл болмысымен, жан-тәнімен өз халқын сүйген, сол себепті оның тарихи қалыптасқан кемшіліктерін әшкерелей білген. Өз кемшілігін сезіну - одан жартылай құтылумен тең емес пе, қалған жартысын білім алу, қажырлы еңбек ету жолында жоюға болады. Абай «Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалды талдай келе «Ардан кеткен соң, тірі болып жүргенің құрысын» (29-сөз., аталған шығарма, 63 б.), - деп қынжылады. «Қалауын тапса қар жанады», «Атың шықпаса, жер өрте», «Алтын көрсе, періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» деген мақал-мәтелдерге сын көзбен қарап, қазақ дүниесезімінде қалыптасқан теріс кертартпа қылықтарды қатты сынға алып, оларды түзеуге шақырады.

Біздің Бұл мәселеге тоқталған себебіміз - дербес мемлекет болып қалыптасып, жаңа өмірге ұмтылып жатқан жағдайда, ұлттың өзіндік сыны 100 жылдан аса уақыт өтее де, Абайдың деңгейінен төмен болып тұрғандығы. Керісінше, қоғамдық санада «Жаманы-мызды жасырып, жақсымызды асырайық» деген сорақы пікір кең тараған. Сонда біз халықтың теріс қылықтарынан қалай арыламыз?! Я болмаса бүгінгі таңдағы қазақ халқының кемшіліктері жоқ па? Олай болса, біз неге басқа алға кеткен халықтардан озып кетпейміз? Бұл қойылған сұрақтарға қарсы «қазақ елі көпұлтты мемлекетке айналғаннан кейін, басқалардың алдында өз кемшіліктерімізді әшкерелегеннің жөні болмас» деген пікірді де естіп жүрміз. Ал басқалар сынаса, жатып алып долданамыз.

Әрине, көпұлтты елде бірін-бірі сынау үлкен саяси қателік болар еді. Сонымен қатар «Ауруын жасырған - өледі» дегенді еске алсақ, ұлттық сын керек саяқты, және оны жасайтын өз ұлтыңның зиялылары болу керек. Сонда ғана алға жылжұлық орын алып, ұлттың сана-сезімі өседі. Басқа жағдайда, орынсыз, Абай уақы-тында сынға алған, өркөкіректікке келеміз. Ал жақсы жақтарымызға келер болсақ, оны басқа халықтар айтпай-ақ біліп, біздің ұлтымызды сыйлайды. Міне, осындай ащы ойлар Абайды оқығанда еске келеді, ол да болса ойшылдың өсиеттерін орындау парызынан шығады.

Келесі Абаймен ақылдасатын көкейкесті мәселе - Қазақстан-ның ғаламдасу (глобализация) үрдісіне кеңінен кіруі. Уақытында оның жолын ұлы Абай орыс мәдениеті мен тілін игеру керектігі жөніндегі ойларында терең көрсетіп кетті. «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста түр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек» (25-сөз., аталған әдебиет, 51-6.), - дейді ұлы ағартушы. Яғни жақсы жақтарын алып, жаман жақтарынан безу керек. Олай болса, біз шетелдерден жаңа технологияларды алып, өнді-рісімізді дамытып, сонымен қатар Батыс мәдениетінің түрпайы да дөрекі - зорлық-зомбылық пен тыйымы жоқ нәпсіні көрсететін түрлерінен өз ділімізді алшақ ұстауымыз қажет. Ал іс жүзінде бірін-шісінен гөрі екіншісі - елді жаулап алып, руханиятымызды улап жатыр. Ертең-ақ соның салдарынан төл мәдениетімізден жаттанып, XXI ғ. «жаңа мәңгүрттеріне» айналу қаупі төніп тұрғандай.

Абайдың ойынша, Жаратқанның тудырған Бұл Дүниесінің кіндігі - адам. Олай болса, «Адам бол!», - дейді бабамыз. Яғни әрбір кісі әрқашанда өзінің тұлғасьшың адам ұғымына сәйкестігін өлшеп, өмір-бақи соған жетуге тырысуы қажет. Тек сонда ғана адам өзін жан-жақты дамытып, бойындағы ашылмаған табиғи дарын-дарын сыртқа шығарып, гүлдетіп, бұл өмірде ерекше орны бар тұлғаға айналып, өзін бақыттымын деп сезіне алады.

Бірақ адам идеясы, ұғымы мен тірі өмірдегі пенденің арасын қанша жақындатсақ та, олар бір-бірімен толық қосылмайды. Мүны терең түсіне білген Абай да, қазіргі тілмен айтқанда, экзистенциалдық ой-өрістің шеңберінен көрініп, XX ғ. пайда болған осы Батыс ағымы қойған адам мәселелерін қамти білді, оны біз 1-ші қара сөзден-ақ байқаймыз. «...әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыс-тық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық... Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық,... бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» (аталған әдебиет, 7-6.), -деген ойшыл сөздерінен өмір философиясын көру қиын емес.

Дегенмен де «Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел», бәрі де өзгерісте болғаннан кейін, ұлы Абай нағыз адам болу үшін болашақ ұрпақтарына өсиет ретінде: «Бес нәрседен қашьщ бол, бес нәрсеге асық бол», - дейді.

«Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой -

Бес асыл іс, көнееңіз».

Әрине, Абай - телегей-теңіз, біз оның кейбір маңызды ойларына ғана талдау жасадық. Оқырманға Абайтану жолында сәттілік тілейміз.

XX ғасырдағы отандық философия

Қайшылыққа толы XX ғасыр қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ресей империясының шеңберінде қысылған, езілген халықтың ұлттық сана-сезімі оянып, еріктікке, халықтың оз бостандығына деген қүштарлығы оянады; халық зорлық-чомбылықтың негізінде жартылай қырылып, геноцидке (тұқымы-мен кұру) түсе жаздап, Кеңес заманының алғашқы кездерінде түпкілікті түрде көшпенділік өмір салтымен қоштасып, жерге отырады, сауаты ашылып, мәдениеті дамиды. Жергілікті халықтың саны күрт төмен-деген соң, оның кең-байтақ бай жеріне басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өз еркімен, я болмаса қуғын-сүргінге ұшырағаннан көптеп келе бастайды, қазақ елі көпұлттық елге айналады. Жаңа қалалар бой көтереді, тау-кен өндірістері тез қарқынмен дамиды, тың жерлер бұрын-соңды болмаған қарқынмен игеріле бастайды.

70-ші жылдардың аяғы, 80-ші жылдардың басында Кеңес Одағы іріп-шіріп, империя күйзеліске ұшырайды, соның нәти-жесінде 90-ші жылдары Кеңес Одағы ыдырап, оның орнында жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болады. Қазақ халқының жүздеген жылдар бойы армандаған ел бостандығы жүзеге асып, Егемен Қазақ Елі дүниеге келеді. Сонымен ғасыр трагедиямен басталса, соңында халықтың шаттыққа толы жарқын үміттерімен, оның жаңа мемлекет орнатудағы құлшынысымен аяқталып, XXI ғ. үласады. Міне, жоғарыдағы айтылған тарихи өзгерістер мен көлемді оқиғалар философия саласында терең толғауларды тудырып, отандық ой-талғамды жаңа сатыға көтереді. Енді әңгімені нақтылай келе, XX ғ. ұлы ойшылдардың философиялық шығармашылығына назар аударайық.

Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары ұлы Абайдың туысы Шакәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.) - XIX ғ. аяғы - XX ғ. басында өзінің терең де жан-жақты рухани еңбеғтерімен тарихта қалған, қазақ руханиятында ерекше орны бар үль- •йшыл-философ, тарихшы, ағартушы, ақын. Оның философиялық көзқарастарының қалыптасуына ағасы, тәлім-тәрбие берушісі - Абайдың ықпалы өте зор болды. Өзінің аса да-рындылығының арқасында Шәкәрім бес жасынан бастап сауатын ашьш, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін өз бетінше оқып-біліп, соның Нәтижесінде Батыс және Шығыс философиясы, әдебиеті мен поэзиясынан сусындап, өзіне тән ерекше дүниеге деген көзқарасын қалыптастырды.

Шәкәрімнің онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны рационалдық діни философияға, нақтылай келе деизм (Құдайды Жаратушы ретінде мойындағанмен, Табиғат әрі қарай өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре береді) бағытына жатқызуға болатын саяқты. Өзінің «Тіршілік, жан туралы» өлеңінде ойшыл Дүние жөнінде былай дейді:

«Жаралыс басы қозғалыс,

Қозғауға керек қолқабыс.

«Жан» де, мейлің бір «мән» дс,

«Сол қуатпен бол таныс.

Әлемді сол мән таратқан,

Қозғалмаса көшпейді,

Көшпеген нәрсе өспейді.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге түспейді».

Бұл шумақтан біз бүкіл дамудың қайнар көзі қозғалыста екенін, ол жоқ жерде өсіп-өнудің де жоқ екенін байқаймыз. Бірақ ойшыл сол қозғалыстың өзі бір қуаттың арқасында болатынын айтады. Бұл жерде еріксіз XX ғ. өмір сүрген әйгілі француз діни философы Теяр де Шарденнің дүниенің негізіндегі «тангенциал-дық» (физикалық) және «радиалдық» (психикалық) энергиялар жөніндегі ойлары есімізге түседі, өйткені Шәкәрімнің көзқарасы оған өте жақын. Әрі қарай:

«Құс, балық, шаян, көп алуан,

Айуаннан өсіп болдық адам.

Кейіміз есті, кейіміз надан,

Жаралыс салған сондай мән».

Ақынның бұл өлең жолдарынан біз адамның өзі табиғаттың төл туындысы екенін байқаймыз, яғни ол Бұл мәселеге жараты-лыстану тұрғысынан қараған екен.

«Жанымыз - күннен келген нұрдан,

Тәніміз-толырақпененсудан.
Күн - атам, анық жер - анам,
Бірі нұр беріп, бірі - тамақ,

Бұзады біраққайтадан.

Ер жетем, толам, қайта солам,

Әрі анам - Бұл жер, әрі - молам...».

Қандай ғажап ойлар! Күннің сәулесінің арқасында жер бе-тінде тіршілік дүниеге келді емес пе? Бұл шумақтан біз Шәкәрімнің тіпті деизмнен гөрі пантеизмге (Табиғаттың өзін Құдаймен теңей-тін ілім) жақынырақ екенін жорамалдаймыз. Сонымен қатар Бұл дүниеде еш нәрсе де мәңгі емес, өзінің сатыларынан өтіп (ер жетем, толам, солам) өмір сүруін тоқтатады. Бірақ ол ізсіз жоғалып кетпейді, басқа бір денеге, құбылысқа айналады.

«Әлектриядан не шықты,

Істедің талай қызықты!

Дәл өзін көрген адам жоқ,

Шын затын оның кім ұқты?

Ісінен білдік барлығын», - дейді ұлы ойшыл. Бұл жолдар, бір жағынан, ақынның өз заманының ғылыми жетістіктерін білгенін көрсетсе, екінші жағынан, оларды түсінуде идеалистік жолға түсіп кетпей, практика, іс-әрекет арқылы оның шындығына жету мүм-кіндігі айтылады.

«Күннен неге түсіп түр мұнша жарық,

Сегіз минут шерікте жерге барып.

Әншейін құр жарқырап түрып алмай,

Жылылық нүрмен бірге жүр қозғалып.

Барша әлем тапжылмай түрып қалса,

Бола ма, уақыт деген өлшеу салып?

Мақсат, тәртіп керексіз тозаңы жоқ,

Тексермей неге отырмыз мұны ойланып». Бұл шумақтан біз ақынның сол кезде жаңа ғана ашылған ғажап ғылыми жаңалықты -күн сәулесінің жылдамдығының 300 мың км/сек. екенін білгенін байқаймыз. Екіншіден, ойшылдың қозғалыс пен уақыттың өзара байланысын байқағанын, үшіншіден, табиғаттың терең сырларын әрі қарай зерттеп, диалектикалық ұғымдармен ғылымды байыту керектігін терең сезінгенін көреміз.

Терең философиялық мәні бар ерекше мәселе - жан мен
тәннің арақатынасы, өзара байланысы.

«Жансыз тән қалайша жүрмек?

Сол жан емес пе денелерді қозғап өсірмек.

Бас қозғалыс қой жанның атасы,

Ол жаратады түрлеп.

Сол жаннан талай жан өскен,

Жанына қарай тән өскен.» Сонымен, ақынның ойынша, жаН мен тәннің арақатынасында басымдылық біріншіде, тәуелділііс екіншіде, яғни сана, ақыл тәнді билейді.

Енді гносеологиялық, танымдық мәселелерге келсек, Шә-кәрім өзінің «Анық пен танық», «Мұсылмандық шарттар» т.б. еңбектерінде ол адамдарға «қоршаған табиғи ортаның жүмбақ-сырын үд, танып-біл, оның ашылған сырларын мақсат-мұратыңа жарат» деген ой тастайды. Оның ойынша, тану, білу, нану, үғыну - бәрі ақыл ісі, ал оның іргесі мида жатыр. Бірақ ол үшін адам дүние-11 ден белгілі ақпараттар алуы қажет. Оны жеткізегіқ- түйсіктер.

«Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын - иіс, тіл - дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы-жаман әр істі сол тексермек», - деген жолдар ақынның Бұл мәселені өз заманының деңгейінде шешкенін көрсетеді.

Сонымен қатар дүниені тану жолында соңғы ақиқатқа ешкім де жете алмайды, оның соқпақтарында шындық пен қатар қателесіп кету де кездеседі. Сондықтан, бәрін ой елегінен өткізу қажет.

«Тегіс тексер, сөз көрсең - сыр мен сынын,

Түзетуге именбе тапсаң мінін.

Әдеп сақта, жалғыз-ақ қате айтты деп,

Былшылдапты дей көрме, білсең шынын». Бұл жолдарда ақын ғылыми әтиқаның бүгінгі таңда бізге керек негізгі бір қағидасын алға тартады. Өйткені гуманитарлық ғылым саласында, өткен Кеңес заманындағы жетістіктердің бәрін сынап, «бәрі - теріс, қате, шындыққа бүгін мен ғана жеттім», - деп лепіріп жүрген ғалым-сымақтар жоқ емес.

Енді, міне, ұлы ғалымның этикалық, ағартушылық идея-ларына тоқталуға кезек келді. Ол ойшылдың негізгі еңбегі - «Үш анықты» - басынан аяғына шейін самғап өтетін негізгі идея. Алғашқыда ақын екі анықты сөз қылады. Бірінші - ол ғылымдағы ақикаттар, оған адамзаты мыңдаған жылдар бойы ізденіп, зерттеп жетті. Екінші - діннің берген аяндары. Бұл, әрине, философия саласында мыңдаған жылдар созылып келген «ақыл-ой мен сенім ақиқаттары», олардың ара-қатынасы. Осы екі «аныққа» ойшыл үшінші - ар-ркданды қосып оның іргелілігін баса айтады. Яғни, Шәкәрім Абайдың «жүрек», «нұрлы ақыл» категорияларын әрі қарай тереңдетеді. Оның ойынша ар-ұжданға ынсап, әділет, мейірім кіреді. Шәкәрімнен кейін жарты ғасыр өткен шақта австрияның ұлы ғалымы В.Франкл ар-ұжданды «адамның ішкі Қріайы» (В.Франкл. Человек в поисках смысла. М.Д99О,с.9О), -деген болатын. Мұның өзі де бабамыздың өз заманын озған ғұлама екенін Дәлелдемей ме?

Ақынның ойынша, ар-үждан - рухтың өзегі, сондықтан бүкіл өнер-білім оның сынынан өтуі керек.

«Еңбекпенен, өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл, қайнар өмір

Ар ілімі қосылса».

Біз бұл мәселеге оқырманның ерекше назарын аударғымыз келеді. Өйткені, ол бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың әрі қарай дамуы-ның шешуші мәселесіне айналып отыр. Ар-ұ_жданның аясындағы ғылым тіршілікті сақтап, қоғамды гұлдетеді, ал оны еске алмайтын ғылым бүкіл тіршілікті адамзатпен бірге құртып жіберуі мүмкін. Оған бүгінгі таңда балама жоқ. Батыс ой-талғамы бұл пікірге екі дүниежүзілік соғыстан, Бухенвальд пен Освенцимнен өтіп, миллиондаған адам өмірінен айырылып барып келген болатын.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: