Деректер базасына кіру

Деректер базасына кіру жүйесі төмендегі суретте көрсетілген:

 
 


Стратегиялық селектор – тұтынушының талабын тиімді формада орындалуын түрлендіретін программалық жабдық.

Буфер диспетчері – деректердің жедел жады мен дискінің арасында қозғалуын бақылайтын программалық жабдық.

Файл диспетчері – деректердің дискіде орналасуын және олардың құрылымын басқаратын программалық жабдық.

Деректер сөздігі (словарь данных) – тұтынушылық деректер құрылымын анықтайтын және олардың қолдану мүмкіндіктерін анықтайтын ДББЖ-нің физикалық бір бөлігі.

Деректерді сақтау құралы

Жедел жады – деректерді сақтауға арналған жадысы бар құрылғы. Онда орындаушы программа бар. Программаны орындау үшін деректер керек болғандықтан, оларды жедел жадыға көмекші жадысы бар құрылғылардан аламыз. Дегенмен, жедел жады бірнеше мегабайт деректерді сақтай алады. Бірақ та бүкіл ДБ-сын сақтауға өте аз. Сондықтан көмекші жадыда сақтау құрылғысы керек.

Жедел жады дегеніміз – деректерді сақтауға қолданатын орталық процессорда орналасқан жады бар құрылғы.

Көмекші жады бар құрылғыларға ДББЖ-де әдетте дискі немесе магниттік лента жатады. Көбінесе бүкіл ДБ-сы дискіде сақталады.

Дискіде сақтау бұл деректерді сақтау формасының ең негізгісі. Себебі, дискідегі жеке жазбаларға тікелей байланыс немесе біртіндеп байланыс жасауға болады. Бірақ та, магниттік лентада сақтау дискіге қарағанда арзандау. Бірақ ондағы жазбалармен тек біртіндеп қана байланыса алады (дискіге қарағанда жай)

Магниттік лентаның ДБ-сындағы рөлі көбіне деректерді архивтеуге пайдаланады.

Дисковод дискіге деректерді жазатын құрылғы.

Әрбір дисковод бір пакет дискіден немесе томнан тұрады. Пакет дискісі бірнеше валдардан тізілген жұмыс беттеріне тұрады. Жұмыс уақытында дискінің валдары үлкен жылдамдықпен айналады. Деректер жолақшаларға жазылады. Бір дискіде бірнеше жүздеген жолақшалар болуы мүмкін. Цилиндр – пакет дискісінің жұмыс бетіндегі бірдей жолақшалар.

116. MS Access МББЖ-мен жұмыс негіздері. MS Access объектілері. Кесте құру тәсілдері. Мәліметтер типтері. Көпкестелік деректер қоймалары. Кестелер арасында байланыс орнату. Қатынас түрлері.

MS Access программасы – реляциялық деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) болып табылады. MS Access-те деректер базасының бірнеше кестесімен бір мезгілде жұмыс ұйымдастыруға болады. MS Access программасында дайындалған кестелерді басқа ДББЖ-лерімен (Paradox, dBase) байланыстыруға болады және ол басқа ДББЖ-ндн жасалған кестелерді пайдалана алады. Excel электрондық кестесі деректерін де Access программасында қолдануға болады. Программалау тілдері (мысалы, С++) мүмкіндіктерін пайдаланып, Access программасымен байланыса отырып басқа қосымшалармен, яғни деректер көзімен жұмыс ұйымдастыруға арналған қолданбалы программа интерфейсін дайындауға болады. MS Access-те бүкіләлемдік Интернет желісімен байланысуда және Web қосымшаларын құруда жеңілдік беретін құрылғылар жиынтығы бар.

Access ДББЖ-не көптеген қосымша сервистік мүмкіндіктер кірістірілген. MS Access ДББЖ-дегі деректер базасы ақпаратты өңдеу, сақтау, басқару, тарату істерін жылдам әрі көрнекі орындайтын құралдар жиынтығы құрайды.

MS Access жүйесі деректермен жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік беретін кесте, форма, сұраныс, отчет объектілерінен тұрады. MS Access құрамына жұмысты жеңілдететін жүздеген шеберлер кіреді. Access-тегі шеберлер дайын үлгілерге сүйеніп, стандарт түрдегі кесте, форма, отчет, сұраныс, графиктер, пошталық жапсырмалар (наклейка) мен қосымшаларды жобалауға және құруға мүмкіндік береді. Конструкторлар дайын кесте, формаларды түрлендіруге, күрделендіруге арналған және олар стандарт емес құжаттар дайындауға мүмкіндік береді.

MS Access ДББЖ-мен жұмыс барысында анықтамалық жүйесін қолдануға болады. Анықтамалықты мәзір арқылы да, тәуелді мәзір көмегімен де алу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар қажет кезде жылдам шақыруға болатын көмекшіні де пайдалануға болады.

MS Access ДББЖ-де деректер базасының құрамына енетін кесте, форма, отчет, сұраныс және басқа объектілер бір файлда сақталады. Деректер базасының негізгі құрылымдық компоненті кестелер болып табылады. Кестелер өрістер деп аталатын бағандар мен жазба деп аталатын қатарлардан (жолдар) тұрады. Кестенің әрбір жазбасы деректер базасының жеке элементі туралы ақпаратты сақтайды. Мысалы, оқытушы туралы жазба оның фамилиясы, аты, туған күні, қызметі, мекен-жайы және тағы басқа деректерден тұруы мүмкін.

Кесте құрылымын анықтау барысында кесте өрістері, өріс типтері және өріс өлшемдері анықталады. Бір кестеде аттас өрістер болмауы керек, яғни өрістер атаулары ерекше болуы тиіс. Әрбір өріске міндетті түрде сәйкесті типтер бекітіледі. MS Access-те төмендегідей өріс типтері пайдаланылады:

Деректер типтері Сипатталуы
Текстілік (текстовый) 255 символдан аспайтын текст немесе есептеуді қажет етпейтін сандар
Сандық (числовой) Есептеу жүргізуге арналған әртүрлі форматтағы сандық деректер
Мерзімдік (дата/время) 100 жыл мен 9999 жыл аралығындағы уақыт пен мерзімді сипаттайтын деректер
Ақшалық/қаражаттық (денежный) Ақша, қаражатты сипаттайтын деректер, сандық өріске ұқсас, мұнда санның бөлшек бөлігіне автоматты түрде тек екі орын ғана бөлінеді.
МЕМО өріс Ұзындығы 65535 символдан аспайтын түсініктеме (комментарий) сақтауға арналған.
Санағыш (счетчик) Автоматты түрде жазбаның реттік номерін меншіктейтін, өзгермейтін арнайы сандық өріс
Логикалық Ақиқат не жалған мәндерін ғана қабылдайтын өріс.
Ole объектілі өріс (поле объекта Ole) Әртүрлі графиктік бейнелер, екілік кодтағы деректер, Access-ке кірістірілген текстілік құжат, диаграмма, электрондық кесте, аудио жазбалар сақтауға мүмкіндік беретін өріс
Гиперсілтеу (гиперссылка) Әріптер мен цифрлардан тұратын және гиперсілтеу адресін сипаттайтын қатар. Адрес кем дегенде 3 бөліктен тұрады: өріске енгізілетін не басқару элементінде қолданылатын текст; сыртқы файлға сілтеме беретін жол, маршрут (UNC форматындағы жол); файл ішінде не парақтар (беттер) арасында көрсетілетін жол (URL адрес). Өріске гиперсілтеу адресін кірістіру үшін Вставка-Гиперссылка бұйрығы қолданылады.
Алмастыру шебері (мастер подстановок) Тұрақты мәндерден не басқа кесте деректерінен тұратын өріс, тізім мәндерін таңдауға мүмкіндік беретін өріс құрады. Бұл типті өріс типі емес өрісті сақтау тәсілі деп қарауға болады.

Access-те кесте құрудың 4 тәсілі қолданылады:

- кесте режимі – бос кестені тікелей толтыру арқылы құру тәсілі, мұнда өрістерге атау беруде олардың типтерін Access автоматты түрде өзі анықтайды.

- конструктор – конструктор режимінде кесте макетін, параметрлерін анықтауға мүмкіндік беретін тәсіл.

- кесте шебері – дайын үлгі-шаблондарға сүйеніп кесте құрылымын, өрістерін анықтайтын тәсіл.

- кестелерді импорттау – бұрын құрылған ДБ-сы не сыртқы файл кестелері, форма, отчеттарына сүйеніп, бір операцияда жаңадан ДБ құру тәсілі. Бұл тәсілді дайын ДБ-на жаңадан кесте, форма, отчет кірістіруге қолдануға болмайды.

Кестелер арасында 4 түрлі байланыс орнауы мүмкін: біреуден біреуге (1→1), біреуден көпке (1→...), көптен біреуге (...→1), көптен көпке (...→...).

Кестелер арасындағы байланыс көп жағдайда алғашқы кілт бекітілген өрістер негізінде орнатылады. Алғашқы кілт - жазбаларды ерекшелендіретін деректерді сақтайды, жалпы жағдайда алғашқы кілт деректері қайталанбайтын және өзгермейтін болғандықтан, санағыш типті өріске бекітіледі. Алғашқы кілтті басқа өрістерге де бекітуге болады. Алғашқы кілтті өрістерді индекстеуде де қолдануға болады, кілт бекітілген өріс автоматты түрде индекстеледі. Индекс – индекс құрамына кіретін өрістер мәні (өрнегі) мен индекстік өрнекке сәйкес келетін әрбір жазбаның кестедегі орны көрсетілген екі бағаннан тұратын ішкі кесте. Өрістерді индекстеу көпкестелік ДБ-нан деректерді жылдам іздеп табуға және реттеуге мүмкіндік береді. Ole және MEMO типті өрістер индекстелмейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: