Максимальды балл – 20

Стандартталған актер (пациент) үшін сценарий тексті және оның ролінің сипаты

Науқас 56 жаста, стационарға оң аяқ басы үлкен бармағындағы ауырсыну, бел тұсындағы ауру, оның несепағар бойымен таралуы, несеп мөлшерінің азаюы, дене қызуының 37,5-38,0 градусқа дейін көтерілуі шағымдарымен келіп түсті.

Сұрақ мәні Актер үшін сұрақты тұжырымдау Жауап
Бел тұсындағы ауырсыну сипатын айқындады Ауру қандай, екі жақта да ма, ұстамалы түрде немесе өткір? Сыздап, тұрақты, көбіне оң жағында
Ауру иррадиациясы Ауру қайда беріледі? Ауру шап аралығына беріледі
Ауру синдромының пайда болу себебі Бел тұсында ауырсыну пайда болуын немен байланыстырасыз? Жуырда қолданған ішімдік және көп мөлшерде ет тағамдарын қолданумен
Дизуриялық құбылыстарды айқындау Зәр шығару бұзылыстары бар ма? Несеп мөлшері азайды
Басқа шағымдарды айқындау Басқа не мазалайды? оң аяқ басы үлкен бармағындағы ауырсыну дене қызуының 37,5-38,0 градусқа дейін көтерілуі
Ауру сипаты мен ұзақтағын айқындау Буындағы ауру сипаты қандай,сыздап, ұсытамалы? Ауру ұстамасы қанша уақытқа созылады Буындағы ауырсыну өте қатты, кенет пайда болады, сау кезде
Ауру пайда болу уақытын және қимылмен байланысын айқындау Ауру тәуліктің қай кезінде жиі пайда болады? Буындағы ауырсыну қозғалыспен байланысты ма немесе тыныштық күйде туындайды ма? Жиі түнде, тыныштық кезде пайда болады, буындағы қимылмен байланыссыз
Буын зақымдалуыны симметриялығы Ауырсыну, ісіну екі аяқта да пайда бола ма? Ауырсыну, ісіну симметриялы емес, тек бір аяқта болады

Анамнезі: 28 жасынан бері жылына 1-2 рет қайталанатын бүйрек ұстамасы мазалайды. Соңғы 5-7 жылда ұстама болмаған. 35-жасынан бері жедел артриттер пайда болған. Подагра анықталған. Емдеу тек симптоматикалық, буын ұстамасы кезінде (жылына 1 рет). Артрит ұстамасынан тыс кезде өзін қанағаттанрлық сезінеді, белсенді өмір сүреді. Жағдайының кенет нашарлауы кешкілік ішімдік және көп мөлшерде ет тағамдарын қолданғаннан кейін түнде жедел артрит, қоңыр түсті несеп, зәр мөлшерінің азаюы мазалаған. 3-і күннен кейін стационарға жатқызылды.

Объективті: бойы 168 см, салмағы 76 кг. Артық тамақтану. Тері жабыны және көзге көрінетін кілегей қабаттары қалыпты. Жалпы жағдайы ауыр, беті, аяқ басы ісінген. Өкпеде төменгі бөлікте ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек шегі солға бұғана орта сызығына дейін кеңейген, тондары тұнықталған, пульс – 96 рет минутына, АҚҚ – 150/80 мм.сын.бағ. Ұрғылау симптомы екі жақта оң, әсіресе оң жақта, бүйрек пальпацияланбайды.

Локальды статус: оң аяқ басы бірінші табанфаланга буыны ісінген, тері гиперемиясы, пальпация кезінде ауырсынады, қимылы біршама шектелген.

Лабораторлық – инструментальдық мәліметтер:

ЖҚА Гемоглобин – 102 г/л Эритроцит - 3,5 х 1012 /л Цветовой показатель 0,9 Тромбоцит - 2409/л Лейкоцит – 12,5 х 109/л Палочкоядерные – 9 % Cегментоядерные нейтрофилы – 50% Эозинофил – 1% Моноцит – 6 % Лимфоцит – 34 % ЭТЖ – 35 мм/час ЖЗА ЖЗА – реакция қышқыл Менш.салм: 1006 Белок – 4 г/л Жалпақ эпителий – 2-4 к/а. Лейкоцит – 40-50 к/а. Цилиндр гиалинді – 1-3 к/а. Тұздар - ураттар ++++ Микробты дене саны - 150*109/л; Зәр қышқылы мөлшері – 9 ммоль/л
Проба Реберга-Тареева Клубочковая фильтрация – 60 мл/мин. Канальцевая реабсорбция – 99% Коагулограмма: АЧТВ – 22 сек тромбиновое время-16 сек протромбиновый индекс – 100% фибриноген- 6 г/л C-реактивный белок – 6 мг/л БҚА: Мочевина – 9,0 ммоль/л креатинин – 190 мкмоль/л Қандағы несеп қышқылы – 700 мкмоль/л Холестерина 7,41 ммоль/л Триглицеридтер 3,377 ммоль/л. Жалпы белок – 78 г/л Альбумин - 25 г/л Глобулины – 75 г/л ХсЛПНП-4,18ммоль/л триглицериды - 2,8ммоль/л; ЛПВП выше 1,1ммоль/л

Аяқ басы рентгенограммасы:

Оң аяқ басы рентгенограммасы:

Подагра кезінде буын зақымдалуының классикалық орналасуы. I ТФБ аздаған эрозия көрінеді. Эпифизде сүйек тканінің айқын дефекті («пробойник симптомы»).

Бүйрек ультрадыбыстық тексеруі

Бүйрек ультрадыбыстық тексеруі: Бүйректер типті орналасқан. Оң бүйрек 11,3 х 6,5 см, паренхима қалыңдығы 1,4см, астауша-тостағанша жүйесі 2,8 см,қалыңдаған, кеңейген, деформацияланған. Сол бүйрек 11,0 х 6,0 см, паренхима қалыңдығы 1,3 см, астауша-тостағанша жүйесі 2,5 см, қалыңдаған, кеңейген.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: