Орыс проваславие шіркеуі

Орыс православие шіркеуі (РПЦ) 988 жылы қасиетті князь І Владимир кезінде орталығы Киевте болып Константинополь Шіркеуінің Митрополяисы ретінде құрылды. Қазіргі уақытта РПЦ Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы - Кирилл. равославие (бұл - Құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді) - шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шығып ұйымдастырылып құрылған христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух) болып табылады. Иисус Христтің құдай кейпіне өтуі, күнәсін жууы, қайта түлеуі және жоғары көтерілуі болып табылады.

Православие үшін күрделі, егжей-тегжей әзірленген тәртіп тән, әрекет негізін жеті басты дәстүр - құпия құрайды: шоқыну, тазару, (евхаристия), тәубеге келу (ғибадат), мирамен майлап шоқындыру, зәйтүн майымен шоқындыру (шіркеуде), неке, дін ұстану. Православиеде басты құдайға құлшылық ету - литургия, басты мереке -Пасха. Дін басылары аққа (үйленген приход священниктері) және қараға (монахтар, некесіздік сөзін беретіндер) бөлінеді. Ерлер және әйелдер моностырьлері бар Монах қана епископ бола алады.

Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Сербтық, Чехословак, Эллада және 4 автономдық шіркеу: Крит, Синай, Финляндия, Жапондық

25 Қазақстандағы католик,будда,басқа діндер

Қазақстандағы алғашқы католик миссионерлері францискандық монахтар болды.-.Римдік жоғарғы дінбасының тапсырмасы 1245 ж. Ұлы хандарға Джованни дель Плано Карпинидің миссиясы аттандырылды. 1253-1255 жж. Тағы бір францискандық Гильом Рубрук Константинополден Қарақорымға сапар шекті, ол жүріп өткен жолдардың біразы қазіргі Қазақстан территориясына жатады. Рубрук жазбаларынан Орталық Азияның ортағасырдағы келбеті жайлы қызықты мәліметтер кездестіруге болады. Түркі хандарымен католик шіркеулерінің басшылары Николай IV және Иоанн XXII хат алысыпы тұрғандығы белгілі.Қазақстандағы католицизм тарихы XVIIIғ. XIX ғ. екінші жартысында да жалғасты, осы кезеңдерде қазақ жеріне поляктар, әскерилер жер аударылды бастады. XIX ғ. соңында Қостанай қаласында Ом приходының бөлімшесі болып табылатын католик храмы жұмыс істеді. XX ғ. басында Қостанай приходының священниктері поляк-неміс католиктері орналасқан Ақмола Семей өңірлерінде діни рәсімдер өткізіп тұрды. 1917 ж. Қостанай приходына қарасты 6 мың католик және 8 ғибадат үйлері болды. Петропавл қаласында Пресвятого Сердца Иисуса (бұл қазақ жерінде революцияға дейінгі уақыттан бері сақталып қалған жалғыз католик шіркеуі) шіркеуі қызмет етті. 1930-1950 жж. Біздің еліміз жаппай жер аударулар мен депортациялар мекеніне айналды. Қоныстанған неміс, поляк, латыштардың есебінен католик дінін ұстанатын адам саны ұлғайды. Католиктік храмдарды салуға ресми рұқсат тек ХХ ғ. 70-жылдары ғана берілді. 1978 ж. в Қарағандыда Қасиетті Иосиф храмы салынды, 1979 ж. Целиноградта (қазіргі Астана) бірінші діни бірлестіктері тіркелді.Католик қауымының шынайы жаңғыруы Қазақстан тәуелсіздігін алған соң ғана мүмкін болды. 1992 ж. қазанында Қазақстан Ватиканмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге 1998 ж. 24 қыркүйегінде қол қойылды. Біздің еліміз посткеңестік территориядағы мұндай қадам жасаған алғашқы мемлекет болды.1998 ж. Қарағанды қаласында Орта Азиядағы бірінші католиктік жоғарғы оқу орны – «Мәриам – Шіркеу Анасы» рухани семинариясы ашылды.2011 ж. қыркүйегінде Рим Папасы II Иоанн Павелдің Астанаға мемлекеттік сапары Қазақстан үшін маңызды оқиға болды. Ватикан басшысы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен кездесіп, Отан-Ана алаңында болды, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті студенттерімен кездесу өткізді. Рим Папасы Матери Божьей Неустанной Помощи кафедралды соборында қасиетті Мессаны атқарып, Конгресс-холлда мәдениет, өнер және ғылым саласы өкілдерімен кездесу өткізді. Қазіргі уақытта республикада екі архиепископ (біреуі митрополит қызметінде), 60 тан аса священниктер қызмет ететін 86 рим-католиктік және 2 грек-католиктік қауым жұмыс істейді, қауым құрамында Қазақстан азаматтарымен қатар, Польша, Италия, Германия, Корея және Швейцария азаматтары бар. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген монах ордендері, конгрегациялар мен шіркеулік қозғалыстар жұмыс істейді.. Көптеген қалаларда жаңа католик храмдары салынуда. 2003 ж. Қарағандыда қаласында кафедралды собор салынатын территория мен негізгі тасы қасиеттендірілді. Салынып жатқан бұл үлкен храм Фатимдік Қасиетті Мәриам анаға арналады. Біздің елімізде 300 мыңға жуық католиктер өмір сүреді. Католик шіркеулерінде құдайға құлшылық рәсімдері орыс, украин, неміс, ағылшын және поляк тілдерінде өтеді. Дінге сенушілердің ұлттық құрамы әртүрлі, немістер мен поляктармен қатар, можно украин, орыс, латыш, корей және өзге де ұлт өкілдерін кездестіруге болады.Католиктік шіркеу үлкен қайырымдылық жұмыстарын өткізеді. Көптеген приходтар кедейлерге арналған асханалар, қарттар, балалар мен панасыздарға баспаналар ұйымдастырады. Қайырымдылық мақсатты бірнеше медициналық мекемелер қызмет көрсетеді. Действует несколько благотворительных медицинских учреждений. «Renovabis» қоры мен дінге сенушілердің жанашырлықтарының «Кредо» газеті жарық көреді.

Қазақстандағы будда діні Қағанаттар дәуірінен көне түркілердің Тәңір дінін ұстанып келгені белгілі. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы арқылы түркілер даласына жаңа дәуірдің бас кезінде өзге мәдениет үлгілері де, соның ішінде будда діні де ішінара тарала бастады. Әсіресе II-ІІІ ғасырларда соғды, парфия және қаңлы дін уағызшылары белсенді әрекеттер жасады. Бірақ, будда дінінің VІ ғасырға дейін қоғамға елеулі ықпалы болды деп айта алмаймыз. Тек VІІ ғасырдың алғашқы жартысында ғана батыс түркілердің кейбір ел басшылары будда дінін қабылдап, оның орнығуына ынта білдірді. Мәселен, VІ ғасырға жататын соғды тіліндегі Бугут жазбаларында Таспар қағанның өз сарайына соғдылық буддашыларды алдырып, арнайы храм салдыртып, буддашылар қауымын құрып, осы ілімді мемлекеттік дінге айналдыруға жасаған ұмтылыстары туралы деректер жеткізіледі.Бұдан қағандардың будда діні негізінде әлеуметтік-этникалық құрылымы әртүрлі қағанаттың басын бірік-тіретін ортақ идеология жасауға ұмтылысы байқалады. Бірақ, 551 жылы басталған саяси дағдарыс және осыдан кейін қағанаттың ыдырауы бұл процесті тоқтатып тастады. Дегенмен будда діні қағандықтың шығыс бөлігінде, Енисей қырғыздары мен қимақтар арасында біраз уақытқа дейін сақталып келді. Ұлы Жібек жолы бойындағы бірқатар қалаларда будда ескерткіштерінің сілемдері сақталған. Мәселен, қазба жұмыстары барысында Шу аңғарынан, Сайрам маңынан буддизм мәдениетіне тән әшекей бұйымдары, иконография, т.б. табылды. Түрік халықтарының ішінде ұйғырлар ғана будда дінін толық мойындап, мемлекеттік дін ретінде орнықтырды. Олар Үндістанда, Тибетте, Шығыс Түркістанда жазылған будда мәтіндерін өз тілдеріне аударып, мол мұра жинады.VIII ғасырдан түркілер біртіндеп ислам дінін қабылдай бастады. Х ғ. ислам Қарахан қағандығының ресми діні болып жарияланған соң будда діні өз әсерін жоғалта бастады.Буддизмнің Қазақстанға келуінің жаңа толқыны XVI-XVIII ғғ. жоңғар шапқыншылықтарымен байланысты болды. Сол кезеңдегі будда ғибадатханаларының Жетісу, Балқаш және Орталық Қазақстан далаларында сақталған қалдықтары табылған. XIX ғ. бас кезінде Медеу шатқалында будда ғибадатханасы тұрғызылғаны белгілі. Алматы маңындағы Тамғалы-Тас қабырғаларындағы будда бейнелері мен діни тексттер әлі күнге дейін сақталған. Тарихшылар осы жазбалардың нақты уақытына қатысты келісімге келе алмай отыр. Бұл кезді олар XII ғ. дан ХVII-ХVIII ғғ. деп көрсетуде. Қазіргі таңда, Казахстанда ресми деректер бойынша бес буддалық бірлестік тіркелген. Оның үшеуі тибеттік ламаизм және екеуі корейлік вон-буддизм. Тибеттік-буддалық орталықтарының бірі 1996 ж. Орал қаласында ашылды. Будда дінін ұстанушылар негізінен калмыктар мен корей диаспорасы. Будда іліміндегілердің арасында өзге ұлт өкілдері де кездеседі.

Қазақстандағы иудейлік. Иудейлік Қазақстан территориясына Хазар қағанаты арқылы енді. Оны хазар ақсүйектері қабылдады. Қағанаттың ресми іс кағаздары көне еврей жазуларымен жазылды. XIV ғасыр-да еврейлердің бір тобы Ираннан Түркістанға қоныс аударды. Патша үкіметінің көші-қон саясатына орай XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында республика жеріне қолөнерші еврейлердің көп отбасы келді. Кеңестер дәуірінде олар қоныстанушылардың жаңа толқынымен толықты.Қазақстанда алғашқы синагогалар революцияға дейін пайда болды. Олардың ең көнесі Семей қаласында сақталған. Иудейлік дін ұстанушылар 1913-1932 жж. Аралығында 20 жұмыс істеген синагоганың 2003 ж. 90 жылдығын атап өтті.Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Павлодар және басқа да ірі қалаларда еврей синагогалары бар. 2004 ж. Астана қаласында Орталық Азиядағы ең үлкен «Бейт Рахель – Хабад Любавич» синагогасының ашылуы мен оның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев және Израиль, АҚШ, Еуропа және ТМД елдерінің делегаттарының қатысуы Қазақстан еврейлері өмірінде маңызды оқиға болды 2011 ж. 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанның барлық облыстарында жұмыс істейтін 27 иудейлік қауымдастық тіркелген. 2002 ж. бастап Қазақстанда «Шалом» газеті шығып тұрады (құрылтайшы – Қазақстандағы Еврей конгресі). Қазақстан иудейлері арасында Еуразиялық раввиндер конгрессінің ықпалы мықты, конгресс отырысы ТМД-ның ірі қалаларында өтіп тұрады, олардың қатарында Алматы қаласы да бар. Конгресс конфессияаралық келісім мен еврей діни қауымдастықтарының қызметтерін үйлестірумен айналысады. Қазір республикада бүгінгі заманғы иудейліктің барлық бағыттары бар. Қазақ жерінде мұсылмандар мен иудейлердің бейбіт қатар ғұмыр кешуі кофессияаралық келісімнің жарқын үлгісі бола алады. 1998 жылы Алматыда еврей мәдени орталығы салтанатпен ашылды. Ондағы синагогаға 1939 жылы Қазақстанға жер аударылған ребе Леви Ицхактың есімі берілген.Иудейлік дін өкілдері Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің үш съезінің жұмыстарына қатысты. 2009ж. шілдесінде өткен III Съезд жұмысына Израильдің ашкеназилық бас раввин Йона Мецгер және сефардтық бас раввин Шломо Амар, сонымен қатар Қазақстанның бас раввині Ешая Коген қатысты. Сонымен қатар, Астанада өткен дінаралық форумға Израиль Президенті Шимон Перестің қатысуы маңызды оқиға болды.

26 Қазақстандағы ислам діні

Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға Араб халифатының VIII- ғасырда ислам дінін тарату мақсатында жасаған жорықтарынан бастап ене бастады. Х ғасырдың басында Қарахандар әулетінің негізін салушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады. Ал оның баласы Боғра хан 760 жылы исламды Қарахан мемлекетінің діні деп жариялады. Алғашқы кезде ислам діні қалаларда тарай бастайды.Қазақ жерінде мешіт,медреселер салынып,осылайша ислам діні орнығып қалады. Деректері бойынша Қазақстанда шамамен 9 миллион мұсылман бар, ол халықтың 67%-ын құрайды. Қазақстанда әрекет ететін 2337 мұсылман бірлестігінен 2334 - сүннеттер, 3 бірлестік шиит бағытыныкы.

27 Ислам діннің Қазақстанға енуі

Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға Араб халифатының VIII- ғасырда ислам дінін тарату мақсатында жасаған жорықтарынан бастап ене бастады. Х ғасырдың басында Қарахандар әулетінің негізін салушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады. Ал оның баласы Боғра хан 760 жылы исламды Қарахан мемлекетінің діні деп жариялады

28 Х.А.Яссауидың қызметі

Қожа Ахмет Йассауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Йассауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Йассауи ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.

Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Йассауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Йассауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фани...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Йассауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Йассауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Йассауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Йассауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу.

29 Қазақстандағы ислам дінінің бағыттары

30. Қазақстандағы дәстүрлі емес культтер

Қазақстандағы соңғы он жыл ішінде діни өмір көптеген жаңа діни ағымдардың көптеп пайда бола бастауынан байқалады. Елдегі дәстүрлі ислам және христиан діндерімен бәсекелестікке түскен бірқатар жаңа діндер шет елдік миссионерлер арқылы елімізде көптеп тарап кетті. Олардың өздерін ерекше көрсеткен кезі ХХ ғ. 90 ж., алайда жаңа діни ағымдардың келе бастауы кеңестік кезеңде басталды. Миссионерлердің белсенді қызметінің арқасында ориенталисттік бағыттағы (кришнаиттер, бахаи қауымы, «Трансцендентальная медитация», т.б.) ілімдер мен протестанттықтың харизматтық тармақтары, «Иегова Куәгерлері», «Саентология» және басқаларының әсерлері байқала бастады.
31 Мунның Шіркеу бірігулері және Виссариондық Шіркеу жалғыз сенім

1. Христиандық бағыттағы қозғалыстар «бірлестік Шіркеуі» немесе «Құдайдың балалары», «Христос Шіркеуі» т.б. Бұл бірлестіктер дәстүрлі христиандық сенімге сүйенеді. Солай бола тұра олар Библияны өздерінше түсіндіріп, дін туралы басқа да деректерге өзгерістер енгізеді. Олар негізгі басымдықты эсхатология (ақыр заман туралы ілім) мен мессиандыққа бере отырып, басшылары Құдайдың жіберген елшісінің деңгейіндегі пайғамбарларға саналады.

2. Ориенталистік бағыттағы ағымдар (қозғалыстар) «Кришна санасының қоғамы», «Құдайлық Сәуленің миссиясы», «Трансцендентальдық медитация», «Вайшнав-тар» т.б. Бұл ұйымдардың негізіне шығыстық діни-философиялық жүйелер – индуизм, кришнаизм, буддизм, конфуцишылдық т.б. жатады. Олардың ілімдерінің мазмұны – медитация. Олардың медитациялық тәжірибесі «жанды құтқаруға» арналған. Мұнда медитациялық тәжірибені орындауда белгілі-бір сөздер айтып, дыбыстар шығарып оларға мистикалық маңыз береді.

3. Сатанистік, оккультты-мистикалық ағымдар (қозғалыстар) христиандық ілімге қарсылық ретінде пайда болды. Бұл ағымның өкілдері саналы түрде зұлымдық пен жауыздықты ұлықтап, Сатана, шайтан сияқты зұлымдықтың көздерімен мистикалық байланысқа түсуге шақырады. Бұл ағымның белді өкіліне «Сатана Шіркеуі» жатады.

4. Сцентистік бағыттығы ұйымға «Саентология Шіркеуі» жатады. Аталған бағыттың өкілдері әртүрлі белгісіз мистикалық құбылыстарға назар аудара отырып, ол адамның физикалық, психикалық табиғатына әсер етеді деп түсіндіреді. Ұйымдарына жаңадан кіргізгісі келген адамның психикасына агрессивті түрде шабуыл жасайды. «Жаңа ғасыр» ағымы мектептер мен үйірмелер, қауымдастықтарға атын беріп көне өркениеттерге баса назар аударады (Атлантида, Гипербория). Олар бұл өркениеттерге балама тарих ретінде өздерінше сипат беріп әртүрлі теорияларды, құпия ұйымдар туралы ілімді ойлап тауып бір кездері осы өркениеттерді басқарамыз деген ойларын білдіреді. Жалғанпсихологиялық және парамедициналық ұйымдар психотерапевтикалық, дәстүрлі емес халықтық емдеу әдісі арқылы емшілікпен айналысады. Олардың ішінде көп тарағаны «Әлла-Аят» (фархатшылар), «Ата жолы», т.б.

32 Иегова куәгерлері және кришна ұйымдары

Америка Құрама Штаттарында Чарльз Тэйз Рассел тарапынан 1872 ж құрылған және 1931 жылдан кейін өздерін осы атпен таныта бастаған миссионерлер ұйымына берілген атау. шындығында “Дүние жаннаты” сенімін тарату үшін сионизм әмірінде жұмыс істейтін ағым. Инжил – Иегова атты тәңірлерінің сөздері екендігін, өздерінің хазреті Адамның баласы Әбілден хазреті Исаға дейін жалғасып келген ұзын кезеңдегі куәгерлердің соңғы өкілдері екендіктеріне сенеді. Иегова тәңірі хазреті Исаға жер бетіне Иса хандығы деп аталатын бір діни мемлекет құруын міндеттегенін және күнәхарлардың хазреті Иса арқылы Тәңір Иеговаға қайтадан байлана алатындығына сенеді. Құрылатын Иса хандығының 114 000 таңдалған еврей тарапынан басқарылатынына және Иегова куәгерлерінің осы хандықта өмір сүріп еш өлмейтіндеріне сенеді. Жаннатқа, Жаһаннамға және өлгеннен кейінгі тірілуге, періштелерге, тағдырға, қияметке және рухтың бар екендігіне сенбейді. “Өлім – адамның толығымен жоқ болуы” деп айтады.

33Дін және оның құбылыстары

34 Діни сенімдер мен құндылықтар

Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр. Сонымен қатар ол Жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілер де кездеседі. Алайда, ортақ бір мәселе бар: дінге сенетін барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі бір құпия күштің бар екендігіне сенеді.Азиядағы көшпенділер мен түркі тектес халықтар арасынан буддизмді қабылдаған бір ғана ұлт монғолдар екені белгілі. Жоғарыда сөз еткен тибеттік буддизмнің Монғол жеріне таралуының өзіндік себебі болды. Юань патшалығы құлағаннан кейін қытайдың ұлы қорғанынан еліне қуылып келген монғолдар бірнеше хандықтарға бөлініп алып, өзара жауласып қырқысты. Осы тұста олардың басын қосып, ынтымақтастыратын идеология қажет болды. Тибет жағының да өз мүдделері бар еді. Ондағы сан түрлі діни ағым өзара қызу бәсекеге түсіп, итжығыстан көз ашпай жатты. Қай бірі суырылып алға шығу үшін жаужүрек көшпенділерден әскери көмек алуға ықыласты еді. Екі жақты осындай саяси мүдде табыстырса керек. Тибет елінде буддизмнің «шарын шажин» деп аталатын топтары мемлекет билігін қолға алып, Далай лама деген атақпен бір сопы ел басқарған тұста монғол тайпалар буддизмге топырлап еніп жатты. Бұл үрдіс сол тұста шығыста күш ала бастаған мәнжулерге, қытайдың Миң, Шиң үкіметіне қатты ұнады. Осылайша, асау көшпенділерді ауыздықтап қолға түсірудің өте күрделі айласы жүзеге асып, монғолдар 1911 жылға дейін мәнжудің, кейін 1921 жылға дейін қытайлардың отарында болып әбден әлсіреп тоз-тозы шықты. Шындықты шарқ ұрып іздейтін буддизм қағидалары Монғолияда әсіре бұрмаланып сау тамтығы қалмады. Бақсы, балгер, көріпкелдер, ақ және қара магияшылар секілді буддизмге мүлде қабыспайтын жат көріністер көз сүріндірді. Будданың тағылымы догмалыққа салынып, өңі айналдырылды. Тылсым сыр, парапсихология, экстрасеанстан аяқ алып жүру мүмкін болмай ламалардың өзі Жаратушыға серік қосудан қаймықпайтын жағдайға жеткен. Мұның бәрі айналып келгенде онсыз да артта қалған жабайы қоғамдық сананы одан ары кері тартып бұза түсті. Қарапайым адамдар арасында қандай күнәға барсаң да оны ламаға берген қайыр, садақа арқылы жуып-шаюға болады деген пендешілік ұғым қалыптасқан.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: