Кредиттер саны: 3 4 страница

Консервативтік және либералдық әдістер, бірінші кезеңдегі модернизация теориясы сынды модернизацияны өздігінен дамитын үдеріс ретінде емес, керісінше бастамашылары мен жетекшілері лайықты модернизация саясатын жүргізетін саяси элита түрінде қарастырды. Модернизация теориясы дамуының екінші кезеңінде қоғамдық дамуда заманауилық пен дәстүрлілікті қарама қарсы қоюды шеттететін алғышарттар пайда бола бастады. Мұндай тенденция модернизация теориясын түсінуді күрделендірді. Модернизация теориясының көпшілік авторлары модернизация түсінігін, дәстүрлілікті түбірімен шеттету емес, керісінше модернизациялық үдерістің сипатын анықтап, тұрақтандырушы фактор ретінде танылатын дәстүрлердің қолдануы арқылы даму деп ұғына бастады.

Сонымен, екі бағыт өкілдерінің басты айырмашылықтарына келер болсақ либералдық бағыт өкілдері модернизацияны жүзеге асыруда халықтың саясатқа араласуы, белсенділігі маңызды және әртүрлі бәсекелес партиялар, БАҚ, қысым көрсетуші топтар т.б. құрылымдар орталық өкіметтің қызметін шектеуге, жүйенің келісім негізінде кызмет жасауына ықпал етеді деп есептейді. Сонда плюрализм бір жағынан әлеуметтік жіктелуге, екінші жағынан ықпалдасуға мүмкіндік береді. Ал консервативтік бағыт өкілдері модернизацияны жүзеге асыруда шешуші ролді саяси институттар атқарады деп есептейді. Ал халықтың саяси курсты жүзеге асыруға кеңінен қатысуын қолдамайды. Олардың пікірінше азаматтардың белсенділігі сайлауда дауыс берумен шектелуі тиіс

7-ДӘРІС: Қоғамды саяси модернизациялаудың тарихи қажеттілігі. Жаңарту ісін талап ететін əлеуметтік-экономикалық, саяси, мəдени-идеологиялық факторлар.

Мақсаты: қоғамдағы саяси модернизациялаудың тарихи қажеттілігіне сипаттама беру, жаңарту ісін талап ететін əлеуметтік-экономикалық, саяси, мəдени-идеологиялық факторларға талдау жасау

Сұрақтар тізімі:

1. Қоғамды саяси модернизациялаудың тарихи қажеттілігі

2. Факторлар

3. Модернизация үрдістері

Негізгі түсініктер: демократия, демократизация, партиципаторлы демократия, плебисцитарлы демократия, қатысушы демократия, ақпараттық демократия, демократия индекстері

Әдебиет:

1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.

2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.

6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.

7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

10. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002.

Модернизация теориясының үшінші кезеңінде заманауилық және дәстүрлілікті қатаң түрде қарама-қайшы қойып қарастырудың жеміссіздігі туралы идея күшейе түсті. Көптеген авторлар технологиялық прогресс, «Батыстық» институттар мен нормалардың енгізілуі сыңайлы факторлардың екінші дәрежелілігін және бұл факторлардың қандай қоғамда болмасын әлеуметтік қатынастар мен әлеуметтік мәдени құндылықтардың үстемдігіне тәуелді екендігін жасырмайды.

80-жылдардың екінші жартысында, батыстық үлгіні міндеттемей, әлеуметтік мәдени дәстүрді сақтауға негізделген «модернизации в обход модернити» атты саяси даму концепциясы қалыптаса бастайды. Бұл концепцияның өкілдерінің қатарында А. Абдель-Малек, А. Турен, С. Хантингтон, Ш. Эйзенштадт және т.б бар.

«Модернити» батысевропалық рационализм, жеке бас еркіндігі мен әлеуметтік теңдік идеясына, либералды демократия және әлеуметтік мемлекет, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам идеяларына, экономикалық өсу мен өмір сүру деңгейінің негізі саналатын әлеуметтік субъектілердің инновациялық іс әрекет нұсқасына бейімділігіне берілгендігімен байланыстырылады.

Бұл концепцияның шеңберінде қоғамдық және саяси дамудың әмбебаптылығы жасырылмайды. Әмбебаптылық принципі партикуляризммен үйлесімді синтезі модернизациялық үдерістің сәттілігі ретінде қарастырылады. Модернизация саяси элиталардың іс әрекетіне ғана емес, ең алдымен қоғам мүшелерінің тәртібі мен бірқатар жағдайлардың әсер етуіне байланысты өздігінен дамушы үдеріс ретінде қарастырылады.

Концепция шеңберінде «контрмодернизация» және «антимодернизация» терминдері қалыптаса бастайды. Контрмодернизация батыстық емес үлгідегі модернизацияның альтернативті нұсқасы (мысалы сталиндік модернизация үлгісі), ал антимодернизация бұл үдеріске белсенді түрде қарсы тұруды білдіреді. Осы екі құбылыс XX ғасырдағы қоғамдық саяси даму тенденциясының негізін сипаттайды. Осы кезеңнен бастап модернизация теориясының эволюциясында Саяси және әлеуметтік - экономикалық модернизация арақатынасы сұрағы туындай бастайды. Экономика саласын модернизациялауда «Даму мақсаттарына бағытталған мемлекет» (hatten-shiko-kata kokka, или developmental state) термині 70-жылдардың ортасында Шығыс Азия аймағында жоғары сұранысқа ие болғандықтан, ағылшын тілді әдебиеттерде таралмады. Бұл жүйенің Батыста зерттелуінің көрінісі 1982 жылы шыққан Жапониядағы өндірістік саясат туралы жарық көрген Ч.Джонсонның еңбегі болып табылады.

«Даму мақсаттарына бағытталған мемлекет» теориясының маңызды белгілері:

· Экономикалық биліктің маңызды бөлігі мемлекеттік аппаратың қолында шоғырланады;

· Мемлекеттік аппараттың әлеуметтік және экономикалық өмірге «сырттан» араласуға мүмкіндік туғызатын әлеуметтік үдерістерден автономдылығы;

· Мемлекет пен бизнес арасында тығыз байланыстар. Мемлекет лидер ролінде. Бұл орайда мемлекеттің экономикаға ықпалы кедендік саясат арқылы әртүрлі проценттік көрсеткіштерді бекіту, кейбір өндіруші топтарға монополиялық мүмкіндік беру, дайын өнімнің импорты мен экспортын ынталандыру, ішкі нарықта қауіпсіздендіруге бағытталған бірқатар протекционистік шараларды орындау арқылы жүзеге асырылады.

8-ДӘРІС: Қытайдағы модернизация. Біртіңдеп модернизациялау. Модернизацияның қытайлық моделі.

Мақсаты: саяси транзитологияның қалыптасуы және дамуын қарастыру, Қытайдағы модернизацияны зерттеудегі негізгі көзқарастарды анықтау, Дэн Сяо Пиннің қызметі жəне модернизация

Сұрақтар тізімі:

1. Қытайдағы модернизация

2. Біртіңдеп модернизациялау.

3. Модернизацияның қытайлық моделі.

4. Негізгі түсініктер: Қытайдағы модернизация, транзитология, демократия, өтпелі кезең, модернизацияның қытайлық моделі.

Әдебиет:

1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.

2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.

6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.

7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

10. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002.

Developmental state концепциясы 30-жылдары жапон экономисті К.Акамацу тұжырымдаған «Қаз сынасы» деген атқа ие болған теориясымен тікелей байланысты. «Қаз сынасы» теориясына сәйкес технологиялық ілгерілеудің дамыған мемлекеттерден тыс территорияда дамуы мен таралу деңгейіне байланысты, дамушы мемлекеттер ең заманауи технологиялық жетістіктерді және еңбек ресурстарын қолдана отырып, соңғы өнімнің жоғары тиімділігін қаматамасыз ететіндей дәрежеге жетеді. Образды түрде көшбасшының биікке қалай өрмелегеніне байланысты, қалған топ бағыт алады. 70-80 жылдары Жапония биік экономикалық жетістіктерге жеткен уақытта аталмыш концепция модификацияланған сипатта болды. Көшбасшы ретінде Жапонияның өзі танылды. Әлемдік сарапшылардың пайымдауынша Жапония осы теорияны негізге ала отырып, көршілес территорияларға өз тәжірибесін көшбасшы ретінде тарата білді. Дегенмен, модернизациялық үдерістерді жүргізуде теорияның қорытындылары мен кеңестері негіз ретінде алынған, концепциялардың осы және басқа түрлері мемлекеттердің дамуының тұрақтылығы қамтамасыз етілмеді. Батыс мемлекеттерінің технологиялық дамуына тәуелді, бұл мемлекеттер өндірістік тауарларды өндіру мен экспорттауға там көп көңіл аударды. 90-жылдары "қуып жетуші" мемлекеттердің даму деңгейі күрт төмендеді, ал 1997-1998 жылдары әйгілі азиялық қаржылық дағдарыс кезеңі туындады. Дағдарыс кезеңі модернизацияның бұл моделінің шектеулігін көрсетті. Дегенмен соңғы уақытта көптеген аналитиктер Азиялық дағдарыстың шығу себебін аймақтық мемлекеттердің қаржылық және экономикалық саладағы қателіктерімен түсіндірсе, ақиқатында «Қаз сынасы» теориясының жетілмегендігінің айғағы.

Модернизация теориясына жалпылама баға бере отырып мынадай қорытынды түюге болады: Модернизация концепциясы дамушы мемлекеттердегі қоғамдық өмірдің спецификалық жақтарына өте аз деңгейде көңіл бөліп, Яғни, модернизациялық үдерістің жүргізілуі барысында тарихи және мәдени дәстүрлер, халықтар мен мемлекеттердің ерекшелігі мен менталитетті ескермеді. Сол себептен, концепция Батыстық теоретиктер мен дамушы Шығыс елдерінің зерттеушілерінің тарапынан сынға ұшырады. Көптеген, ғалымдар модернизация теориясы дамушы мемлекеттерге тән емес деген көзқараста болды. Дегенмен бүгінгі таңда модернизация концепциясының іс жүзінде жүзеге асырылуының қажеттілігі әлем елдерінде, әсіресе, Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің тарапынан мойындалып отыр.

9-ДӘРІС: Дамушы елдердегі саяси модернизация. Авторитаризм жағдайында шектеулі консенсус негізінде модернизациялау (Чили, Индонезия жəне т.б.).

Мақсаты: дамушы елдердегі саяси модернизацияға талдау жасау, авторитаризм жағдайда шектеулі консенсус негізінде модернизацияны салыстыру

Сұрақтар тізімі:

1. Дамушы елдердегі саяси модернизация

2. Дамушы елдер жіктемесі

3. Авторитаризм жағдайда шектеулі консенсус негізінде модернизациялау

Негізгі түсініктер: дамушы елдердегі саяси модернизация, авторитаризм жағдайында шектеулі консенсус негізінде модернизация

Әдебиет:

1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.

2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.

6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.

7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

10. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002.

Көптеген философиялық және социологиялық әдебиеттердегі анықтамаларды сараптай келе саяси - экономикалық модернизация ұғымын төмендегідей түсіндіруге болады: саяси экономикалық модернизация қоғам дамуының ерекше формасы, қоғамның саяси экономикалық және қаржылық салаларының жан жақты өзгеру үдерісі. Сонымен қатар, аграрлық қоғамнан индустриалды қоғамға өтудегі өтпелі кезең, «дәстүрлі қоғамнан заманауи қоғамға» яғни, Батыс Европа және Солтүстік Америка елдері қол жеткізген социум деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Модернизация теоретиктері бұл анықтаманы дәстүрлі және заманауи қоғамды анықтауда, модернизацияның типтері мен түрлерін анықтауда критерий ретінде негізге алады. Аталған техникалық немесе технологиялық критерийдің негізінде қоғамдық өмірдің басқа салаларындағы критерийлер жобаланады.

Осы тұрғыда қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы модернизация үдерісін айқындап көрсетуге болады:

Әлеуметтік саладағы модернизация - адамдардың, қоғамдық және мемлекеттік институттардың қызмет түрлері бойынша мамандануы дамыған сайын жеке адамның жынысы, жасы, әлеуметтік шығу тегі, жеке байланыстарынан тәуелсіз оның қасиеттеріне, біліміне, талабына көбірек көңіл бөлінуі. Әлеуметтік модернизация сатылы тәуелділік қатынастардың өзара ортақ мүддеге исі ізделген тең құқықтық партнерлік қатынастармен ауысуы.

Экономикалық модернизация ғылыми білімге негізделген технологияны, тиімділігі жоғары энергия көздерін пайдалану, қоғамдық және техникалық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, тауарлар, ақша және еңбек рыногінің дамуы, оларды реттеу, өндірісті ұйымдастыруды күрделендіру, технологиялық және ұйымдық жаңалықтарды ендіруге стимулдың болуы. Модернизация барысында қоғам өмірінде "экономикалық ұйымдардың" (банктер, сауда фирмалар және т.б.) ролі артып, олардың саясат пен идеологиядан тәуелсіздігі арта түседі.

Модернизация теориясына сәйкес артта қалған елдердің дамуындағы басты мақсат өндірісті индустрияландыру және техникалық жабдықтау арқылы экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Батыстық мамандар дамушы елдерде экономикалық модернизацияны мына жолдармен жүргізуді ұсынды:

1. Бұл елдерде индустриализация үшін капитал болмағандықтан, шетелдік капитал салуға мүмкіндік беру;

2. Кірістердегі теңсіздікті қолдау жасау капитал салу мен ұлттық кірісті есіруге қажетті жинақтарды жинауға мүмкіндік береді;

3. Дәстүрлі қоғамда адамдар өздерінің кірістерін жинауға әдеттенбегендіктен, экономикалық дамуға жол ашатын кәсіпкерлер табының қалыптасуына көмек беру.

Саяси модернизация - модернизация теориясын зерттеушілердің пікірі бойынша, біріншіден, территорияны кеңейту және әкімшілік - саяси шекараны реттеу, ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы да) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске тұрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.

Модернизация туралы толыққанды түсінікті 1960 –жылдары Ш.Н. Эйзенштадт берді: «Модернизация бұл 17ғ -19ғ Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде дамып, Еуропаның басқа елдеріне тарала бастаған, ал 19ғ-20ғ Латын Америкасы, Азия, Африка елдерін қамтыған экономикалық, әлеуметтік, саяси жүйелердің бағытында даму үдерісі». Модернизация саласы бойынша АҚШ- ның басқа теоретигі С. Блэк, «модернизацияны қоршаған ортаны үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін адами білімнің шарықтауын көрсететіндей дәстүрлі институттардың жаңа функцияларға әдістенуі»,- деп түсіндіреді. М.Леви болса, модернизацияны «жалпы әлеуметтік революция» деп тұжырымдайды. Зерттеушілер модернизацияны барлық мемлекеттерге ортақ қайта құру жүйесі ретінде қарастырып, қоғамның ішкі дамуына байланысты, басқа мемлекеттердің ықпал етуінің себебінен аталмыш үдерістің әр мемлекетте әр түрлі деңгейде жүргізілгендігін атайды. Модернизация теоретиктері қайта құрудың жағымды және жағымсыз факторларын жіктей келе, жағымсыз факторлардың қатарына дәстүрлі қоғам элементтерін, қоғамның ілгері дамуы бағытында билеуші элитаның артқа тартуы, тұрғындардың басым көпшілігінің сауатсыздығы, дамушы қоғамның дуалистігі.

Поляк ғалымы П. Штомпканың тұжырымдауына сәйкес модернизация қоғамның ілгері жылжу барысында байқалатын барлық прогрессивті және әлеуметтік өзгерістердің синонимі. Бұл тұрғыдан алып қарағанда автомобиль көліктері жылқылардың орнын басуы, баспа машиналарының орнына компьютерлердің келуі – модернизация үдерісінің айқын көрінісі. Дегенмен, П. Штомпканың пікірінше модернизация теориясына қатысты аталмыш ұғымның төменде келтірілген анықтамасы әлдеқайда, ақиқатқа жақын: ең алдымен модернизация «заманауилық» ұғымына пара-пар және XVI ғ. - XIX-XX ғ. Батыс елдерінде жүргізілген әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени және интеллектуалдық трансформациялық үдерістердің комплексін білдіреді. Бұл өз кезегінде индустриализация, урбанизация, рационализация, бюрократизация, демократизация, капитализмның басым ықпалдығы, индивидуализмның кең таралуы, ғылым мен өркениеттің қалыптастырылуының кезеңдерін толыққанды қамтыды. Осы орайда модернизация заманауилықтың жетістігін білдіреді: «Модернизация бұл Дәстүрлі немесе технологиялыққа дейінгі қоғамның машиналық технология, рационалды және секулярлы қатынастар мен жоғары деңгейде дифференциацияланған әлеуметтік құрылымдар тән қоғамға айналуы.

10-ДӘРІС: КСРО-дағы модернизация. Тоталитарлық саяси жүйеден демократияға көшудің тарихи қажеттілігі.

Мақсаты: КСРО-дағы модернизацияға сипаттама беру, тоталитарлық саяси жүйеден демократияға көшудің тарихи қажеттілігіне талдау жасау

Сұрақтар тізімі:

1. КСРО-дағы модернизация

2. Тоталитарлық саяси жүйеден демократияға көшудің тарихи қажеттілігі.

3. КСРО-дағы модернизация ерекшелігі

Негізгі түсініктер: КСРО-дағы модернизация, КСРО-ның ыдырауы., М. Горбачевтің «жаңаша ойлау» жүйесіндегі сыртқы саясат концепциясы.

Әдебиет:

1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.

2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.

6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.

7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

10. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002.

Отандық зерттеушілердің ішінен «Политический транзит» еңбегінің авторы М. Ашимбаевтың пікірінше, модернизацияның үш кезеңін немесе эшелонын ажыратып көрсетуге болады. Бірінші кезең, XVII-XVIII ғ. қамтыды. Бұл кезеңдегі өндіріс саласы буржуазиялық капиталистік әдіс негізінде дамығандықтан модернизациялық үдеріс өндірістік революция іспеттес сипатталады. Яғни, модернизация "модернити" сынды қоғамның өмір сүруі мен оның қоғаммен және адамзат дамуының басқа да бөлшектерімен қарым қатынасын білдіреді. Бірінші кезеңдегі модернизацияның қорытындысы: саяси жүйесі мен халықаралық қатынастардағы ерекшеліктермен, мемлекетішілік қатынастармен, сондай ақ, спецификалық өркениеттілігімен сипатталатын Батыс Еуропалық және Солтүстік Америка қоғамының қалыптасуы. Бірінші кезеңдегі Модернизация Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдеріндегі тарихи даму барысында модернизацияланушы мемлекеттердің жеке тәжірибесінде негізделгендіктен ғалымдар модернизацияның бірінші толқынын оның табиғилығына ерекше мән бере отырып ішкі, органикалық, эндогенді деген ұғымдармен сипаттайды.

Модернизацияның екінші кезеңінде XIX ғасырдың екінші жартысында модернизациялық үдерістер Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропа, Жапония, Турция және Ресей мемлекеттерін қамтыды. Алайда, модернизацияның екінші кезеңіне жататын жататын мемлекеттерде модернизациялық үдерістердің әр елде әрқилы басталғандығы туралы ақпарат бар. Мысалы, Ресейдің бірқатар зерттеушілері модернизацияның басталуын XIX ғ. бірінші жартысына, XVII ғ. екінші жартысына, кейде тіпті модернизацияның бірінші батысеуропалық эшелонына жатқызады. Екінші кезеңдегі мемлекеттердің модернизациясының уақыттық сәйкессіздігіне қарамастан, барлық мемлекеттерге ортақ белгі тән болды. Бұл елдерде сол кезеңдегі басқарушы элитаның іс әрекеті мемлекеттің саяси, экономикалық тәуелсіздігіне төніп тұрған қауіпті жоюға бағытталғандықтан модернизациялық үдеріс сыртқы факторлардың ықпал етуінің негізінде жүзеге асырылды. Мысалы, Батыс Еуропа мемлекеттерінің Жапонияға қатысты ең алғашқы өркениеттік байланыстар орнатуы, жапондық билік етуші элитаның тарапынан өз мемлекеттерінің территориялық тұтастығы мен билігін сақтап қалу мақсатында батыс елдерінен технико-экономикалық артта қалуды жою қажеттігіне талпындырды. Модернизацияның екінші эшелонының мемлекеттері даму деңгейі бойынша әлдеқайда жоғары мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық және техникалық даму тәжірибе үлгісін, өндірісті ұйымдастыру және әлеуметтік институттар нұсқасын белсенді түрде қолданды. Алайда, басқа мемлекеттердің тәжірибесін үлгіге алу қоғамның мәдениетінде айтарлықтай өзгерістерге алып келмеді. Мұндай «мәдени консерватизм» модернизациялық із басудың тиімділігін төмендетті. Дәстүрлі құндылықтарға бағытталу модернизация үдерісі үшін бөгеуші фактор болған жоқ. Осы орайда, модернизация теориясына терең деңгейде жүгінбестен өз кезінде сәттілігін дәлелдеген Жапонияның тәжірибесі өте көрнекті. Қиындықтар мен артқа ылдилауға қарамастан модернизацияның екінші толқынының мемлекеттері индустриалды өсу, өндірістік және техникалық даму, саяси либерализация жолына түсті.

Латын Америка, Азия, экономикалық тұрғыда әлдеқайда артта қылып қойған Оңтүстік Еуропа, Африка мемлекеттерін қамтыған модернизацияның үшінші толқыны жартылайколониалды сипат алып, XIX ғасырдың аяғына тұспа тұс келді. Аталмыш мемлекеттердің модернизациясы оларды колонизациялау мен колониалды тауарды әлемдік сауда жүйесіне жеткізу сатысынан басталды. Модернизацияның мұндай үлгісі тұрғындардың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейін қамтымады. Экономикалық қатынастар мен әлеуметтік, қоғамдық байланыстардың арасында органикалық модернизация тән мемлекеттердегідей үйлесімділік болған жоқ. Модернизацияның Үшінші кезеңіне жатқызылатын мемлекеттердегі модернизациялық үдерістің негізгі қорытындысы ретінде олардың Батыс елдеріне деген тәуелділігі қалыптасты. Модернизацияның үшінші эшелонына жататын мемлекеттерді халықаралық сауда құрылымына енгізу бұл мемлекеттердің өз бағыттары бойынша дамуына тосқауыл болды. Модернизацияның үш кезеңінің спецификасы саяси ғылымдардағы модернизация феноменіне жақындықты білдіреді. Модернизацияның жоғарыда келтірілген желісі модернизацияны құбылыс ретінде түсіндіріп өз кезеңінде, абстрактылық, шарттылық және үстіртін сипатымен сынға ұшырайды. XX ғасырдың 50 – 60 жылдарынан бастап, ғылыми тұрғыда әлем елдерінің теоретиктерінің назарын аудартып кеңінен зерттеле бастайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: