Координат типтері

3ds Max 9-да негізгі жеті типтегі (жүйедегі) проекциялық координат қарастырылған оларды UVW Map модификаторы көмегімен қалыптастыруға болады. Ол коорди­наттар:

· Planar (Плоские) координат типі текстуралық карта бейнесін жазық бетке проециялау үшін қолданылады. Проекциялау контейнері жазық тік төртбұрыш пішінде болады;

· Cylindrical (Цилиндрические) координат типі цилиндрлік денеге жақын пішіндегі денеге қолданылады. Карта бейнесі осындай дененің тік осін айнала оралады да, содан кейін бүйір бетіне проекцияланады. Бұдан басқа жеке көшірмелері, текстуралары цилиндр денесінің қима ұшына көшірмелене алады, ол үшін Сар. Жалаушасы қондырулы болу керек. Проекциялау контейнері цилиндрлік пішінде болады;

· Spherical (Сферические) координат типі пішіні сфераға жақын денелерді көркемдеуге арналған. Проекциялау контейнері сфералық пішінде болады;

· Shrink Wrap (Обтягивающие) координат типі органикалық тектегі объектіге тән күрделі дұрыс емес пішінді денеге қолданылады. Бұл жүйе сфералыққа жақын, одан өзгешелігі – мұнда текстуралық карта бейнесінің барлық бұрыштарын бір нүктеге келтіру жүреді. Проекциялау контейнері сфералық пішінде болады;

· Box (Прямоугольные) координат типі тік бұрышты параллелепипедке жақын пішінді денеге қолданылады. Проекциялау контейнері тік бұрышты параллелепипед пішінде болады;

· Face (Координаты граней) координат типі текстуралық карта бейнесінің масштабталған жеке көшірмелерін дененің барлық жақтарына орналастыруды жабдықтайды;

· XYZ to UVW координат типі текстура өрнегінің үш өлшемді карта материалымен көркемделген дене бетінде осы дененің модификаторлардың көмегімен деформациялану кезінде өзгеруін жабдықтайды (осы режімді іске асыру үшін қосылған үш өлшемді карта үшін Материалдар редакторы терезесінде Coordinates орамының Source тізіміндегі Explicit Map Channel пунктін таңдау керек). Проекциялау контейнері жоқ болады.

10.3. Текстураны материалдарға қолдану

Текстуралық карталардың материалдардың көркемдеу мүмкіндігін біршама кеңейтетіндігі белгілі. Сондықтан 3ds Max 9-да табысты жұмыс істеу үшін картаның қажетті типін таңдай алу ғана емес, сонымен бірге оларға әр түрлі операцияларды орындай алу керек. Операциялардың негізгілері:

· картаны Материалдар редакторына жүктей алу;

· картаны өңделудегі материалға қосу;

· материал картасының параметрлерін баптау;

· картаны сөндіру және жою.

10.3.1. Картаны Материалдар редакторына жүктеу

Әдетте текстуралық карталар өңделудегі материал компоненттеріне оның параметрлерін баптап болғаннан кейін, карта бейнесін (оның ішінде анимациялық) қарау мүмкіндігі жоқ болғанда тікелей қосылады. Егер материалдағы карта саны екі-үштен артық болмаса, онда оларды материалға тікелей қосу әдісі қолданымсыз болып қалады, өйткені карта параметрлерін түрі бойынша немесе Редактор терезесіндегі үлгі бойынша немесе көрсетушілікті кадрлар терезесіндегі осы материалмен көркемделген сахна денесі бойынша реттей аласыз.

Сонымен бірге келесі екі жағдайда картаны кейін нақты материалға қолдану үшін Материалдар редакторының бос ұяшығына жүктеген жөн:

· осы картадан басқа материалда көптеген басқа карталар қолданылатын болады, олардың әрқайсысының материалға әсерін бақылау қиын болады;

· берілген картаны (оның қандай да бір параметрлерімен) көптеген материалдарға қолдану қажет болғанда.

Картаны қосудың екінші әдісінің артықшылығы оның нәтижелеуші бейнесін келесі үш жерден көруге болады:

· Материалдар редакторының ағымдағы ұяшығында;

· үлгіні қарау терезесінде;

· анимацияланған картаны жаңғыртуға болатын Редактордың берілген ұяшығының жанама мәзірінің командасымен ашылатын Render Map (Визуализировать карту) сұқбат терезесінде.

Картаны материалға қосу

Текстуралық карталы материалды қалыптастыру немесе бар материалдағы картаны алмастыру жағдайында дисктегі файлда немесе ашық кітапханада сақталынған картаны берілген материалдың сәйкес компоненттеріне қосу қажеттілігі туады. Мұны Материалдар редакторының екі жерінде істеуге болады:

· материалдың жеке компоненттерін баптаудың параметрлі орамында;

· түпнұсқа материалдың барлық компоненттері топталған, текстуралық картаны қосуға болатын Maps (Карты) орамында (бастапқы материал түгелдей немесе ол құрамдас болса, оның іштестірілген бөлігі мұндай материал бола алады).

ЕСКЕРТУ. Maps орамы кез келген типтегі материалда түпнұсқа материалдардың үш типін санамағанда бар болады: Architectural (Архитектурный), Ink 'n Paint (Рас­краска) және Matte/ Shadow (Матовый/ Затеняемый). Стандарт тип және Raytrace типті материал үшін де берілген орамда әртүрлі құрылғы бар болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: