Әдебиеттер тізімі:
1. Сыздықов С. Еуразия идеясы мен практикасы жаңа белесте // Егеменді Қазақстан, 2010 жылғы 18 мамыр.
2. Нысанбаев А. Н., Абенов С. М., Бакаев Л. К. и др. Евразийская интеграционная политика Республики Казахстан: проблемы и перспективы. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
3. Назарбаев Н. А. Евразийский экономический союз: теория или реальность // Известия.-2009.-19 марта.
Дәріс 12.
Еуразиялық экономикалық қауымдастық: жетістіктері мен болашағы
Мақсаты: Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың жетістіктері мен болашағын қарастыру.
1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының ТМД кеңістігіндегі қызметі
2. ЕурАзЭҚ негізгі міндеттері
Негізгі түсініктер: Еуразиялық экономикалық қауымдастық еуразиялық интеграция экономикалық кеңістікБіртұтас экономикалық кеңістік
1.Еуразиялық идеясы – құрлық тарихы ерекшеліктеріне негізделген философиялық-саяси тұжырымдама болып табылады. Сонымен қатар, тарихи-мәдени тұжырымдама ретінде саналатын идея еліміздің интеллектуалды элитасын мазалайтын түсініктердің бірі. Еуразиялық озық идеяның ұстамды және сындарлы нұсқасын Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев ұсынған болатын. Саяси интеграцияға бағытталған түсінік мемлекет басшысының «Еуразиялық Одақ» ұғымын қалыптастыруға септігін тигізді. Қазіргі өзекті саяси тәжірибеде Елбасы посткеңестік кеңістік мемлекеттерінің ықпалдастығынан көреді. Іс жүзіндегі аталмыш идея үлкен кеңістік үшін нақты тұғырнаманың іргетасы. Елбасы Н. Ә. Назарбаев үшін интеграция құр бос сөздер мен ұрандар емес. Ол нақты қадамдарға ұласатын маңызды шара. Міне осы жолдағы маңызды жұмыстар ЕурАзЭҚ, АӨСШК, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдардың құрылуына және Жалпы экономикалық кеңістік идеяларының дамуына ұйытқы болудан басталады. Елбасы тұжырымдамасы бойынша Еуразия географиялық шекарасы айқындалған, экономикалық, саяси және мәдени өлшемдерге ие жалпы құрылым.Елбасымыздың осыған дейінгі ұйымдарға төрағалық ету барысында көптеген тәжірибелі жұмыстар атқарғанын көреміз. Әрбір көшбасшының бүкіл құрылымдық жүйені басқарудағы ең басты көрінбейтін заңдылығы – бұл стратегиялық ұстанымының беріктігі. Бұл идеяларға дәлел Елбасының мына пікірі: «Еуропадағы, әсіресе Азиядағы қауіпсіздік, Батыс Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияның әлемдік экономикалық орталықтарымен байланысы мемлекеттің ұстанымын айқындайды». Сондықтан тууы мүмкін жаңа қатерлер ұлттық қауіпсіздіктің жаңа механизмдерін қалыптастыруды қажет етеді.
|
|
|
|
2000 жылдың 10 қазанында Белоруссия, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекет басшылары Астана қаласындағы кездесуінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру жөніндегі Келісімге қол қойды. Бұл шартта Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік жөніндегі келісімдерде айқындалған өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық жолындағы мақсаттар мен міндеттерге жету тұжырымдамасының негіздері қаланды. Қол жеткізген келісімдерді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық құралдары, қабылданған шешімдер мен тараптар жауапкершілігін бақылау жүйесі қалыптасты.
Осы жылдар арасында ұйымның халықаралық дәрежедегі орны мен рөлі жоғарылады. Үш жылдың өзінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесін иеленді. 2005 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының саммитінде аталмыш одақтың бірігуі орын алды. Ұйым хатшылығы алаңында Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастырудың ұйымдастырушылық құрылымы жасақталды.2005 жылдың қыркүйегінде қауымдастыққа мүше елдер үкімет басшылары Душанбе қаласында елдердің отын-энергетика балансын қалыптастыру базалық құжатына қол қойылып, бидай тапсырысын реттеу жөніндегі келісім жобасы талқыланды. 2010 жылдың желтоқсанында Кеден одағының құрылуынан кейін Мәскеу қаласында өткен ұйым саммитінде Біртұтас экономикалық кеңістік базасы шеңберінде Белоруссия, Қазақстан мен Ресей Еуразиялық Одақ құру туралы келісімге қол жеткізілді.
ЕурАзЭҚ негізгі міндеттеріне енеді: 1) еркін сауда тәртібі көлемін ресімдеуді аяқтау, жалпы кедендік тариф қалыптастыру және реттеу; 2) капитал қозғалысы еркіндігін қамтамасыз ету; 3) жалпы қаржылық нарық қалыптастыру; 4) ұйым шеңберінде ортақ валютаға өту принциптері мен шарттарын бойынша мәмілеге келу; 5) кедендік реттеудің бірыңғайланған жүйесін құру; 6) мемлекетаралық арнаулы бағдарламалар дайындау және жүзеге асыру; 7) жалпы энергетикалық нарық қалыптастыру; қауымдастық мемлекеттері азаматтарына оның барлық территориясында білім алу мен медициналық көмекте теңдей құқық беру; 9) ұлттық заңнамаларды жақындастыру және үндестіру және т. б.
Жалпы ЕурАзЭҚ пен БЭК мақсаттары мен міндеттері өзара байланысты: ол жалпы рынок пен біртұтас экономикалық кеңістік құру. Негізінен Біртұтас экономикалық кеңістік Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үш мемлекеті Қазақстан, Ресей және Белоруссияның экономикалық ықпалдастық жөніндегі ортақ жобасы. Жоспар бойынша жобаның аталмыш елдер территориясына енуіне аз ғана уақыт қалды. 2012 жылдың 1 қаңтарында БЭК толық қалыптасып, интеграциялық келісімдер кең көлемде сол жылдың шілдесінде бастау алмақ. Бұл ұйымды құру жөніндегі бастамалар 2003 жылдың 23 ақпанында қалыптаса бастаса, 19 қыркүйекте келісімге қол қойылды. Бүгінде бұл кеңістікке енуге Қырғызстан, Украина, Абхазия және Армения ниет білдіріп отыр.
|
|
Елбасы назарында Еуропалық аймақтармен қатар, Азиялық стратегиялық жоспарлар да басым көрінеді. Тәуелсіздіктің 20 жыл ішінде Азия аймағындағы біршама саяси экономикалық идеялар іс жүзіне асты.
1996 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шеңберіндегі 15 мемлекет өкілдерінің кездесуі өткен болатын. Бүгінде бұл кеңес Азия құрлығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық форум болып табылады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен ұсынылған бұл кеңеске 22 мемлекет мүше. БҰҰ, ЕҚЫҰ мен Араб елдерінің Лигасы және 8 бақылаушы мемлекеттер арқылы қызметін атқаратын бұл ұйымның беделі халықаралық деңгейде жоғары. Бұл шара алғашқы бастамалардың бірі болса, кейінгі жылдары мынадай негізгі кездесулер ұйымдастырылған: 1999 жылдың қыркүйегі – сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуі; 2002 жылдың маусымы – мемлекет немесе үкімет басшыларының бірінші саммиті; 2004 жылдың қазаны – сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуі; 2006 жылдың маусымы – мемлекет немесе үкімет басшыларының екінші саммиті; 2008 жылдың тамызы – сыртқы істер министрлерінің үшінші кездесуі; 2010 жылдың маусымы – мемлекет немесе үкімет басшыларының үшінші саммиті.
Біздің еліміз аталмыш кеңестің 2002 және 2010 жылдары аралығында төрағалық қызметін атқарса, бүгінгі күндегі төрағалықты 2012 жылға дейін Түркия атқаруда. Алдағы уақытта бұл Кеңес тек аймақта ғана емес, халықаралық деңгейде өз беделін жоғарылататынына сенімдіміз.
|
|
2002 жылдың 3-4 маусымындағы ұйымның маңызды бірінші саммиті жұмысына 16 мүше-мемлекеттер (Ауғанстан, Әзірбайжан, Египет, Иран, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Палестина, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Үндістан) мен 8 ел (Австралия, АҚШ, Индонезия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина, Корея Республикасы) мен ұйымдардың бақылаушылары қатысты. Осы жоғары деңгейдегі кездесуден бұрын көптеген елдер ғалымдары, сарапшылары мен сыртқы істер министрліктерінің мамандары және БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб елдерінің лигасы сынды беделді халықаралық ұйымдар өкілдерінің ұзақ және еңбекті көп керек ететін жұмыстары орын алды. Саммитте ұйымның құрылтай құжаты болып табылатын АӨСШК Жарғысы яғни, Алматы Актысы қабылданды. Құжатта мүше мемлекеттердің Азияда бейбітшілік, еркіндік пен өркендеудің шарттарындағы қауіпсіздіктің жалпы және бөлінбейтін салаларын қалыптастыру туралы айтылды. Бұл Үндістан мен Пәкістан арасындағы кезекті қақтығыстардың өршу қаупі туындап тұрған кезеңдегі маңызды қадамдардың бірі еді. Сонымен қатар, АӨСШК құрылымы мен институттары айқындалып, мемлекет басшылары арасындағы тұрақты кездесулер төрт жылда бір рет, ал сыртқы істер министрлері деңгейінде екі жылда бір рет өткізуге келісілді. Саммиттің екінші маңызды құжаты терроризмді жою және өркениеттер арасындағы үнқатысуға ықпал ету жөніндегі Декларацияны қабылдау болып табылады. Жалпы АӨСШК шақыру идеясын Азия аймағындағы мемлекеттермен қатар, Ресей Федерациясы, Қытай, АҚШ, Жапония, Австралия, Түркия, Германия қызу қолдады. Мәселен, ГФР экс вице-канцлері Йошка Фишер: «ГФР үкіметі Қазақстанның аймақтағы жағдайды реттеудегі саяси бастамасын қолдауға дайын», – екендігін айтты. Иран ислам Республикасының бесінші Президенті М. Хаттами АӨСШК бастамасы және оның Азиядағы сенімді бекітудегі рөліне жоғары баға беріп, елінің қолдайтындығы жөнінде айтты. Ал, Ресей Федерациясының сол кезеңдегі Президенті В. В. Путин АӨСШК форумын «өз уақытында өткізілген және жоғары дәрежеде пайдалы» деп атап көрсетсе, БҰҰ-ның 1997-2007 жылдар аралығындағы Бас хатшысы К. Аннан «үлкен жетістік» екендігін баян етті.
2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары негізін қалаған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы да аймақтағы беделді халықаралық ұйым болып табылады. Өзбекстан қатарға қосылғанға дейін ұйым 1996-1997 жылдары «Шанхай бестігі» аталып, бес ел шекарасындағы тыныштық пен әскери саладағы сенім жөніндегі келісімдерді бекіткен болатын. Жалпы бұл ұйым қалыптасуының алғышарттары ХХ ғасырдың 60-жылдары КСРО мен ҚХР арасындағы шекара мәселелерін шешуге байланысты қалыптаса бастады. Кеңестер елі келмеске кеткеннен кейін саяси алаңда келіссөздер жүргізудің жаңа қатысушылары пайда болды. Қытай көршілес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен территориялық мәселелерді өркениетті жолмен шешкен соң аймақтық ынтымақтастықты жалғастырудың әріптестік басымдықтары арта түсті. 1996 жылы «Шанхай бестігі» құрылған соң, оның саммиттері 1997 жылы Мәскеуде, 1998 жылы Алматыда, 1999 жылы Бішкекте, 2000 жылы Душанбеде өтті.
Құрылысы нақтыланған және институтталған ұйым ерекшеліктеріне келсек, мәртебелік қатынас жөнінде Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы (НАТО) секілді әскери блок қатарына жатпайды. Өңірлік саяси, мәдени әрі экономикалық ұйым болып табылатын Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (AСЕАН) сынды аралық позиция ұстанбайды. Ұйымның негізгі міндеттері қатарына мүше мемлекеттер кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті бекіту, лаңкестік, сепаратизм, экстремизм және наркотрафикпен күрес, экономикалық ынтымақтастық, энергетикалық әріптестік, ғылыми және мәдени өзара әрекеттестікті дамыту жатады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев осы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында «ШЫҰ біздің белсенді қатысуымызбен құрылған болатын және біз оның нығаюы үшін барлық қажетті нәрсені жасауға тиіспіз. Мұның барлығы Қазақстанның өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығайтуға қосқан маңызды үлесі болады», – деді. Осы жылдың маусым айында табысты өткізілген мерейтойлық саммит сыртқы саясатымыздағы кезекті жеңіс, Елордамыз Астананың халықаралық имиджін жоғарылатқан тағы бір қадам.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстандағы дипломатия ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ОАЫҰ сияқты ұйымдар басымдығын бекітуге аса назар аудару тиіс», – деген болатын. Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында бірқатар халықаралық ұйымдардың қызметін жандандыруда белсенді рөл атқарды. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына сәтті төрағалық етуі соның айқын дәлелі. Ал, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық идеясы бастамасының үш киті болып саналатын Еуразиялық экономикалық қауымдастығы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының халықаралық аренадағы мәртебесі жоғарылайтындығына толықтай сеніміміз мол.
Әдістемелік нұсқаулар: Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың ықзметін қазіргі күнгі БАҚ материалдарына сүйене отырып қарастыру керек.
Әдебиеттер тізімі:
1. Сыздықов С. Еуразия идеясы мен практикасы жаңа белесте // Егеменді Қазақстан, 2010 жылғы 18 мамыр.
2. Нысанбаев А. Н., Абенов С. М., Бакаев Л. К. и др. Евразийская интеграционная политика Республики Казахстан: проблемы и перспективы. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
3. Назарбаев Н. А. Евразийский экономический союз: теория или реальность // Известия.-2009.-19 марта.
Дәріс 13.
Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуы және маңызы
Мақсаты: Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуы және маңыздылығыңқарастыру.
1. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуы
2 БЭК-тің құқықтық негізгі шарттары
Негізгі түсініктер: Бірыңғай экономикалық кеңістік, еуразиялық интеграция экономикалық кеңістік
1.БЭК-тің толық көлемде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2011 – 2015 жылдар аралығында тағы да 55 халықаралық келісімдерді және басқа да құжаттарды қабылдап, белгіленген нақты мерзімдеріне сәйкес БЭК қалыптастыратын келісімдер бойынша 74 міндетті шаралардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.
БЭК-тің құқықтық негізін қалыптастыратын келісімдерді шартты түрде алты топқа бөлуге болады: келісілген экономикалық саясат жүргізу және экономиканы реттеу жүйесін үйлестіру; қызмет көрсетудің ортақ рыногын жасау; капиталдың ортақ рыногын қалыптастыру және келісілген валюталық саясат жүргізу; еңбек ресурстарының ортақ рыногын жасау; ортақ энергетикалық рынок қалыптастыру, энергетика мен көлік саласында табиғи монополиялардың қызметіне қолжетімділікті туғызу; техникалық реттеу деген сияқты.
БЭК-ті құрайтын төрт құрамдас бөліктің біреуі – тауарлардың ортақ рыногы – жұмыс істеп тұрған Кеден одағымен атқарылып отыр. БЭК-тің тағы бір маңызды бөлігі – қызмет көрсетудің ортақ рыногының алғышарттары 2012 жылдың басында жасалмақ. Осының шеңберінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер өздеріндегі заңды және жеке тұлғалардың қызмет көрсету рыноктарына енудің ұлттық режімдерін бекітуге ұмтылып, арнайы лицензияны қажетсінетін қызмет түрлеріне берілген лицензияларды мойындауды қамтамасыз етеді және ұлттық заңнамаларды үйлестіреді, ал қызмет көрсету саудасы бойынша үшінші елдерге қатысты келісілген саясат жүргізеді.
2013 жылғы 1 қаңтардан жүктерді тасымалдаудың темір жол тарифтері бір жүйеге түсіріліп, әрбір мемлекеттің территорияларында қолданылып келген бұрынғы экспорттық, импорттық және ішкі тарифтер жойылады. Олардың орнына ортақ тариф енгізіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше мемлекеттердің жүк тасымалдаушылары үшін темір жол инфрақұрылымын еркін пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
2014 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше елдер үшін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу жүйесінде ұлттық режім қолданылатын болады.
2014 жылғы 1 қаңтардан капиталдың ортақ рыногын құру шеңберінде БЭК-ке мүше елдердің ұлттық режім жағдайында қаржы, банк және сақтандыру қызметтеріне еркін ену қамтамасыз етіліп, инвестициялық қызметке теңқұқықтық жағдай жасалады, валюталық операцияларға шектеу алынып тасталады.
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін газ бағасы бойынша (нарықтық) бірдей пайда түсетіндей жағдайға қол жеткізіледі.
БЭК-те ортақ еңбек рыногы қалыптасады. БЭК-ке мүше елдердің еңбек мигранттары белгілі бір әлеуметтік кепілдіктерді пайдаланып, олардың құқықтары қорғалатын болады. Осы аталған шаралардың бәрі 2016 жылдың 1 қаңтарынан БЭК-тің толық сипатта жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға және оларды дамудың инновациялық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды.
Биылғы жылдың 18 қарашасында посткеңестік аумақ елдері үшін тарихи оқиға болып, Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері Еуразиялық экономикалық интеграция туралы Декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жөніндегі келісімді қабылдады.
- Мұнымен біз Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыру жолында кезекті және өте мықты қадам жасадық, – деді Дмитрий Медведев бірлескен баспасөз мәслихатында. – Бұл бірлестік ешбір күмәнсіз біздің елдеріміздің болашағын айқындайды. Осы ретте ол былай деп атап айтты: «Мен ең алдымен өз әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа рахмет, егер турасын және ашығын айтатын болсақ, аса қиын 90-жылдары ол осынау идеяның ұсынушысы болды. Сол уақыттың өзінде Нұрсұлтан Әбішұлы шын ықыласымен посткеңестік аумақта интеграциялық үдерістермен айналысуға шақырды». Мұның посткеңестік кеңістікте аса жоғары, басқа халықтардың да қосылуы үшін ең тартымды нағыз интеграциялық бірлестік болуын қалаймыз. Басты мақсатымыз – біздің халықтарымыздың әл-ауқатын көтеру. Сондықтан экономиканы дамыту негізгі мақсат емес. Мақсат адамдардың өмір сүруін жақсарту. Адамдардың осындай игіліктерге кенелуі үшін экономика табыс табады. Бәрі осындай мақсат үшін жасалады. Интеграция да осыған бағытталған. Беларусь Президенті Александр Лукашенко өз кезегінде былай деді: «Мен еуразиялық кеңістікте жаңа экономикалық, саяси күш орталығын құру арқылы Беларусь, Қазақстан және Ресейдің дұрыс бағытта жүріп келе жатқанына сенімдімін, өйткені, БЭК табысы біздің мемлекеттеріміз ғана емес, жақын көршілеріміз үшін де маңызды болмақ. Және ол барлық ірі халықаралық орталықтар үшін елеулі фактор болады». Сөз жоқ, еуразиялық кеңістіктегі интеграция үдерісі бұдан әрі де тиімді дами береді. Мұндай табысты интеграциялық құрылымдарға ЕурАзЭҚ және ТМД-ның басқа да мүшелері қызығушылық танытуда. Жұртқа мәлім екеніндей, Қырғызстан басшылығының өтінішіне жауап ретінде бұл елдің Кеден одағына кіруін дайындау жөніндегі жұмыс механизмі іске қосылды. Мұндай қызығушылықты Тәжікстан да білдіріп отыр.
2011 жылғы 26 қазанда «Известияда» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына» деген бағдарламалық мақаласы жарияланып, онда Еуразиялық экономикалық одаққа ұласатын Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің одан әрі дамуының мүмкіндіктері нанымды түрде бейнеленді.
ЕурАзЭҚ-тың дамуының практикалық нәтижелерін бағалай келе, Қазақстан Президенті 11 жыл ішінде қоғамдастықта интеграцияның әр түрлі өлшемдердегі тиімді жылжуын қамтамасыз ететін тораптық механизмдерінің, оның ішінде, салалық деңгейде, сондай-ақ кәсіпкерлер, ғылым қайраткерлері, жастардың бастамасымен құрылған құрылымдарының қалыптасқанын атап көрсетті.
Осы мақалаға орай жазылған үнқосуында академик Олег Богомолов Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық идеясын жаңашыл сипатта және іргелі ой-құндылықтармен беріп отырғанын атап өтті. Академик Қазақстан Көшбасшысының біздің елдеріміздің табиғи ресурстарды шетте қалған экспортқа шығарушы және модернизацияның шаңында қалушы ретіндегі жағдайын орынды сынауына ерекше назар аударған. Ғалым ықпалдастықтың әр түрлі деңгейлік сипаты мен икемділігін көздейтін интеграцияның негізгі ұстанымдары ретіндегі толық теңқұқықтық және ерікті әріптестік идеясын қолдайды.
Белгілі ресейлік экономист, РҒА академигі Иван Ивановтың пікірінде де осындай ойлар айтылған. Ол біздің елдеріміздің инновациялық өсуінің әлеуеттерін біріктіруге және «кәсіпорын деңгейінде кәсіпкерліктің жанды ұлпасын» түзетін бизнес пен биліктің үнқатысуын қалыптастыруға сүйенген Қазақстан Президенті ұстанымының дұрыстығын айтады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық идеясының интеллектуалдық тереңдігі мен практикалық дамуын РҒА-ның корреспондент-мүшесі, РҒА Экономика институтының директоры Руслан Гринберг те атап көрсеткен. Ғалым ЕурАзЭҚ-тың «табыс формуласы» прагматизмді күшті әрі ғылыми еуразиялық интеграциялық бастаманың идеологиялық құрамдас бөлігімен біріктіруде деп біледі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Еуразияшылдық – бұл болашақтың идеясы. Бұл бүгінгі күні жаһандануды қажет етіп отырған интеграциялық үдерістердің тәжіндегі алмас. ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ тәрізді практикалық үш құрылым – келешектегі еуразияшылдықтың құрамдас үш бөлігі. Мен түбінде үлкен еуразияшылдық идея, Еуразия құрлығының бірлігі жеңеді деп ойлаймын».