Полиция капитаны М.С.Мукашев 13 страница

    Бұдан басқа, куә Сартабаев Ж.Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 420, 421-баптары бойынша жалған айғақтар беру немесе айғақтар беруден бас тарту үшін қылмыстық жуаптылық туралы, сондай-ақ келуден немесе өзінің міндеттерін дәлелді себептерсіз орындаудан бас тарту немесе жалтару үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

Куә:______________ (Ж.Б. Сартабаев)

Күдікті Ч.С. Карипбековке Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 65-бабымен көзделген құқықтары түсіндірілді.

Күдікті:______________ (Ч.С. Карипбековке)

Бір-бірінді танисындар ма деген сұраққа жауап алынған дамдар былай жауап берді:

Куә Ж.Б. Сартабаевтың жауабы: мен бұл азаматты білмеймін, бұрын онымен кездескен емеспін, оған қатысты ешқандай теріс ойым жоқ.

Күдікті Ч.С. Карипбековтың жауабы: мен бұл азаматты білмеймін, бұрын онымен кездескен емеспін, оған қатысты ешқандай теріс ойым жоқ.

Күдікті Ч.С. Карипбековке сұрақ: орын алған оқиға туралы айтып беріңіз.

Күдікті Ч.С. Карипбековтің жауабы: 27.09.2016 жылы орын алған 26 престелген түп сабанның ұрлануы бойынша күдікті Ч.С. Карипбеков келесіні көрсетті: Менің ақ-жасыл түсті «МТЗ» маркалы тракторым бар, онда кун орнатылған, мен онымен иесіз өрістерде шөп шауп, оны үйіме малға апарамын, шаруашылық жүргіземін, өзімнің өрісім жоқ. Мен Н. және А. автотрассасында Наурызбай ауылынан батысқа қарай шамамен 12 км жерде «Жартас» ЖШС өрісінде сабан шабу жұмыстарының жүріп жатқанын мен білдім. Осыдан бұрын, мен шөпке барғанымда бірнеше рет осы «Жартас» ЖШС өрісінің жанына өткенде, осы ЖШС жұмыскерлерінің сабан жинап, оларды трактор арқылы түптерге пресстеп жатқанын көрдім. Осылай, 27.09.2012 жылы шамамен 16.00 сағатта мен Наурызбай ауылынан батысқа қарай бара жатқанымда, мен өзімнің ақ-жасыл түсті «МВЗ» маркалы тракторымда екі бос арбаны әкетім бара жаттым, сол уақытта «Жартас» ЖШС-на тиесілі Уызбай ауылынан батысқа қарай 16 км жерде орналасқан сабан өрісінде көп пресстелген сабап түптерін көрдім. Бұл сәтте осы өрісте ешкім болмаған, оның ішінде «Жартас» ЖШС жұмыскерлері де болған жоқ, сол кезде маған осы пресстелген сабан түптерін қысқа өзімнің малыма ұрлау ойы келді, оларды бос арбаларыма салып, алып кеттім. Осыдан кейін, мен алдымен «Жартас» ЖШС жұмысшылары тұратын вагонға бардым, сол кезде осы вагонның есігі сыртынан жабық екенін көрдім, оның есігі сыммен байланған болатын. Осы вагонның жанында шетелде шығарылған жасыл түсті трактор тұрды, оның маркасын білмеймін, одан басқа сабанды пресстеуге арналған трактордың пресстелген құрылғысы, «Сак» пісіретін аппараты бар трактордың арбасы болды. Мен, бұл жерде ешкімнің жоқ екенін көріп, осы вагоннан 2 км. жерде орналасқан «Жартас» ЖШС өрісіндегі пресстелген сабан түптеріне өзімнің тракторыммен барып, арбаларды арыттым, одан кейін кун арқылы пресстелген сабан түптерін арбаға салдым, осылай екі арбаға 26 пресстелген сабан түптерін, яғни әрбір арбаға 13 түптен салдым. Сосын арбаларды қайта тракторға жалғап, осы 26 пресстелген сабан түптерін Сабынды ауылына үйіме алып келдім. Сабан түптерін арба салып жатқанымда және үйіме бара жатқанымда мені ешкім көрген жоқ. 26 пресстелген сабан түптерін мен арбаға шамамен бір жарым сағат ішінде салдым. Үйіме келгеннен кейін мен 23 сабан түптерін үйімнің жанында түрісіп алдым, ал үш түп сабанды арбада қалдырдым, өзімнің жақын танысым Уызбай ауылының тұрғыны Канатов Досқа беруді шештім, оның Наурызбай ауылының жанында мал шаруашылығы базасы болатын. Осыдан кейін мен өзімнің тракторыммен арбамен үш түп сабанды Достаың мал шаруашылығы базасына апардым. Шамамен 20.30 сағатта мен Достың мал шаруашылығы базасына жеттім, бірақ онда ешкім болған жоқ, сондықтан мен үш пресстелген сабан түбін базанын жанына тастап кеттім. Бұл сабанды «Жартас» ЖШС өрісінен ұрлап алғанымды мен Досқа айтқаным жоқ, ол туралы Дос білмеді. Осылай, мен ұрлаған 23 түп сабан үнемі менің үйімнің жанында жатты, ал үш түп сабан Доста болды. Сабанды ұрлаған кезде мен сау болдым, алкольдік ішімдік және есірткі-психотропты заттарды қолданбағам. Бұл ұрлықты мен жалғыз өзім жасадым, оны 27.09.2016 жылы тергеу экспериментін жүргізу кезінде дәлелдегем және ұрлық жасаған кезімде мені ешкім көрген жоқ. Осы факт бойынша өзімнің кінәмді толық мойындаймын, жасағаныма өкінемін. Осы кезде полиция қызметкерлері мен ұрлаған 26 пресстелген сабан түптерін менен алып, осы сабанды «Жартас» ЖШС өкілдеріне қайтарды, яғни келтірген материалдық зиянды мен толығымен өтедім. _____________

Куә Ж.Б. Сартабаевқа сұрақ: Сізге __________ жауаптары түсінікті ме және Сіз оларды растайсыз ба?

Куәның жауабы: мен Ч.С. Карипбековтің жауабымен келісемін, өйткені ол 26 пресстелген сабан түптерін мен өрісте болмағанымда, 27.09.2016 жылы күндіз ұрлауы мүмкін еді.________________

Күдікті Ч.С. Карипбековке сұрақ: Сіз өзіңіздің жауаптарыңызды құптайсыз ба?

Күдіктінің жауабы: Ч.С. Карипбеков «Ия»

Тергеушінің ұсынысы: Куә К.А. Бөкенов және күдікті Б.А Саутбеков Сіздердің бір-біріңізге сұрақтарыңыз бар ма?

Куәнің жауабы: Ч.С. Карипбековке сұрақтарым жоқ.

Күдіктінің жауабы: Ж.Б. Сартабаевқасұрақтарым жоқ.

Адвокаттан сұрақ тұскен жоқ.

Куә: ______________ (Ж.Б. Сартабаевқа)

Күдікті:____________ (Ч.С. Карипбеков)

Адвокат:______________ (Қ.Қ. Ільясов)

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

 

Тану үшін көрсету туралы

ХАТТАМА

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199,229, 230 баптары талаптарын сақтай отырып, Энск қ. ІІБ-ның 315- кабинетке келесі куәгерлердің қатысуымен:

Сағынтаева Айнагуль Серікқызы, тұратын мекен жайы: Энск қ Кривогуза көшесі 15 үй. 13 пәтер;

Болатбек Лаура Мейрамқызы, тұратын мекен жайы: г. Караганда Төлепов көшесі 25 үй. 12 пәтер;

Жәбірленуші С.Н.Касперовқа тану үшін азаматша 21.05.1982 жылы туған Динара Аманқызы Ахметованы көрсетті.

Тану үшін көрсетуді жүргізу алдында куәгерлер А.С.Сағынтаева және Л.М.Болатбекке Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 82 бапта көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді 1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға; 2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға; 3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысуға; 4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіруге; 5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алуға;6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқығы бар.

Танудын алдында жәбірленуші С.Н.Касперов айғақ беруден бас тартқаны үшін, көрінеу  жалған айғақ берген үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледі, оған сондай –ақ өзіне (зайыбына) және өзінің жақын туыстарына қарсы куәлік етпеу құқығы түсіндірілді. ________________ С.Н.Касперов

Тергеу іс-әрекеті арасында таңдалуға тиіс адам орналасқан өзге адамдар:

С.Д. Жаналина, К.Ж.Нүрпейсова және Ш.Д.Бекеновна қатысуы ерікті түрде келіскенін және тануға қарастырылған С.Н.Касперов олармен бұрын таныс болмағандығы туралы дәлелдеді.

Танитын адам: С.Н.Касперов болмау кезінде танылуға тиіс Д.А.Ахметоваға өзге адамдардың арасында кез келген орынды таңдап алуы ұсынылды, содан кейін Д.А.Ахметова үшінші орынды таңдап алды. Сөйтіп сол жақтан оң жаққа отырғандар:

15.08.1986 жылы туған, бойы 1м.70 см., жасы 30-35 шамасында, орта бойлы, толық денелі, азият ұлтты, үстіне қара түсті капюшоны бар шуба киген Саягуль Досжанқызы Жаналина

25.09.1985 жылы туған, бойы 1м.70 см., жасы 30-35 шамасында, орта бойлы, толық денелі, азият ұлтты, үстіне қара түсті капюшоны бар шуба киген Кенжегуль Жанатқызы Нүрпейсова

21.05.1982 жылы туған, бойы 1м.70 см., жасы 30-35 шамасында, орта бойлы, толық денелі, азият ұлтты, үстіне қара түсті капюшоны бар шуба киген Динара Аманқызы Ахметова 

25.11.1983 жылы туған, бойы 1м.70 см., жасы 30-35 шамасында, орта бойлы, толық денелі, азият ұлтты, үстіне қара түсті капюшоны бар шуба киген Шолпан Даниярқызы Бекенқызы 

Содан кейін танитын С.Н.Касперов шақырылды, оған өзі ол туралы айғақ берген адамды көрсету ұсынылды. С.Н.Касперов оған ұсынылған төрт адамға қарап былай деп мәлімдеді:     _________________________

    Мына адамдардың арасынан екінші болып тұрған адамды танимын. Мен ол қызды дидарынан таныдым, себебі мен есіме жақсы сақтадым. Нақты осы «Динара» есімді қыз 15.01.2016жылғы сағат 19-00 теміржол вокзалының маңында алаяқтық жолмен, яғни жалдауға пәтер беремін – деп, өзінің мүмкіншілігі болмасада, қылмыстық жолмен алдау және сенімге кіру арқылы мені шатастыру жолмен сим-картасыз «Nokia 105», маркалы ұялы телефоның, кепіл ретінде алып, қылмыс орнынан қашып кеткен.

    Танылған адам өзін - 21.05.1982 жылы туған, Динара Аманқызы Ахметова деп таныстырды. 

    Хаттама дауыстап оқылып шықты, өзгерістер мен толықтырулар жоқ.

                       Танушы:__________________ С.Н.Касперов.

                  Куәгер: ________________________ А.С.Сағынтаева.

                               _________________________Л.М. Болатбек.

                  Танылуға тиіс адам: ________________ Д.А.Ахметова.

                                              

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

Фотосурет бойынша тану үшін көрсету

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199, 229, 230-баптарын басшылыққа алып, мына куәгерлердің қатысуымен:

1) Құсайнов Арыстан Әбілтайұлы, Энск қаласы, Б. Жырау көш., 15-үй, 67-пәтер мекенжайы бойынша тұрады;

2) Нұрбеков Қанат Нұрбекұлы, Энск қаласы, Университет көш., 21-үй, 16-пәтер мекенжайы бойынша тұрады,

Энск қаласы ІІБ үй-жайында №28 кабинетте табиғи жарық болған кезде №155897003101784 қылмыстық іс бойынша жәбірленуші Әлия Оспановаға тану үшін Рүстем Махметовтың, бір мезгілде онымен бірге тағы басқа адамдардың фотосуреттерін көрсетті.

Фотосуреттер фотокесте бір қатарға жапсырылған және олардың солдан оңға қарай 1, 2, 3 деген реттік нөмірлері болды, олар Қызылорда қаласы ІІБ мөрімен бекітілді.

         
   

 


               ФОТО                    ФОТО                      ФОТО

 

 

 № 1                          № 2                                № 3

Тануға көрсетудің басында барлық қатысушы адамдарға олардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі мен фотосуреттер бойынша адамды тануды жүргізу тәртібі түсiндiрiлдi.

Танушы адам:                                                              Ә. Оспанова      

Куәгерлер:         ______________              А.Ә. Құсаинов

                                ______________              Н.Қ. Нұрбеков

Бұдан кейін тану үшін көрсету жүргізіліп жатқан бөлмеге куә (жәбірленуші) Ә. Оспанова шақырылды, оған Қазақстан Республикасының ҚК-нің 419-бабына сәйкес көрiнеу жалған жауап бергені үшін және Қазақстан Республикасының ҚК-нің 421-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

                                            ____________________ Ә. Оспанова

Тану үшін көрсетуге қатысып отырған адамдарға олардың тергеу әрекеттеріне қатысты хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасау құқықтары түсіндірілді.

Куәгерлер А.Ә. Құсаинов, Н.Қ. Нұрбеков Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 82-бабында көзделген олардың құқықтары түсіндірілді: 1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; 3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысу; 4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіру; 5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алу; 6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеу.

Сонымен бірге, куәгерлерге олардың міндеттері де түсіндірілді: 1) қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келу; тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыру; 3) анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; 4) тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтау.

__________________      ___________________

________________________________________________________________________________________________________________________________

Танушы адам Әлия Оспанова өзіне тану үшін көрсетілген фотосуреттерді қарап, № 2 фотосуреттегі адамды танығаны туралы мәлімдеді: «ол 2016 жылы 1 қарашада шамамен 23.45 сағатта Банк колледж жатақханасы кіреберісінде мені пышақпен қорқытып, менің изумруд тастары бар алтын сырғамды шешіп, белгісіз бағытта жасырынып кеткен. Мен оны бет-әлпетінің белгілері бойынша: қалың қасынан, кең мұрнынан, қызғылт түсті терісінен, сондай-ақ шаш қию үлгісінен: мандайында тақыры бар қысқа қиылған ақшыл шашынан таныдым. Мен бұрын бұл ер адамды көрмегенмін, бірақ ол қылмыс жасаған сәтте оны жақсы есімде сақтадым. Оның осы адам екеніне сенімдімін».

Тану нәтижесі: Рүстем Махметов танылды. Тану үшін көрсету алдында және оның барысында не ол аяқталғаннан кейін қатысушы адамдардан: танушы Ә. Оспановадан, куәгерлер А.Ә. Құсаинов, Н.Қ. Нұрбековтен мәлімдемелер түскен жоқ.

 

Танушы адам:                                                              Ә.Е. Оспанова   

Куәгерлер:         ______________              А.Ә. Құсаинов

                                ______________              Н.Қ. Нұрбеков

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды. Хаттамаға ескертулер жоқ.

Танушы адам:                                                              Ә.Е. Оспанова

Куәгерлер:         ______________              А.Ә. Құсаинов

                                ______________              Н.Қ. Нұрбеков

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

Мәйітті тану үшін көрсету


ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199, 229, 230-баптарын басшылыққа алып, мына куәгерлердің қатысуымен:

1) Нұрланов Ержан Нұркенұлы 14.09.1989 ж.т.

2) Нұрмағанбетов Алтай Тұрсынахметұлы 09.09.1978 ж.т.

Энск қаласында Облыстық медициналық орталық моргында № 2 кабинетте күндізгі табиғи жарық болған кезде № 15431003104571 қылмыстық іс бойынша куә Тұраров Мұратбек Қанатбекұлына Энск қаласының орталық саябағында бұта түбінде табылған ер адамның мәйітін тану үшін көрсетті.

Тану үшін көрсетуге қатысып отырған адамдарға олардың тергеу әрекеттеріне қатысты хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасау құқықтары түсіндірілді.

Куәгерлер Е.Н Нұрланов пен А.Т. Нұрмағанбетов Т.Н. Баспаковқа тану үшін көрсетуге дейін Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 82-бабында көзделген олардың құқықтары түсіндірілді: 1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; 3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысу; 4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіру; 5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алу; 6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеу.

Сонымен бірге, куәгерлерге олардың міндеттері де түсіндірілді:1) қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келу; тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыру; 3) анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; 4) тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтау.

1. _________________

2. _________________

Куә Тұраров Мұратбек Қанатбекұлына Қазақстан Республикасының ҚК-нің 419-бабына сәйкес тану кезінде көрiнеу жалған жауап бергені үшін және Қазақстан Республикасының ҚК-нің 421-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

_________________

Көрсетілген белгісіз ер адамның мәйітін қарап, куә Тұраров М.Қ. былай мәлімдеді: «Тұрсын Нартайұлының Баспаковтың» мәйітін таныдым. Оны бойы бойынша – менен ұзын, дене пішіні бойынша – орташа денелі, бет-әлпетінің белгілері бойынша – қара қоңыр көздері, кең қастары, кең мұрыны, сондай-ақ желкесіндегі тақыры бойынша танып отырмын. Бұрын Тұрсын Нартайұлының Баспаков саты алаңы бойынша менің көршім болған. Бұл сол адамның мәйіті болып табылады».

Тану үшін көрсету алдында, оның барысында не ол аяқталғаннан кейін қатысушы адамдардан: танушы М.Қ.Тұраровтан, куәгерлер Е.Н. Нұрлановтан және А.Т. Нұрмағанбетовтан мәлімдемелер түскен жоқ.

    Хаттама дауыстап оқылды, дұрыс жазылды.

 

Танушы адам                  _______________

Куәгерлер:                                                    1. _______________

                                                                           2. _______________

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

Нәрселерді тану үшін көрсету

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев,  Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199, 229, 230-баптарының талаптарын сақтай отырып, барысы мен нәтижелерін техникалық құралдар арқылы тіркеуді қолданып, № 206 қызметтік бөлмеде Лаура Тоқтарқызы Мұқышевтың қатысуымен, Энск қаласындағы ПБ криминалисті полиция лейтенанты А.Ж. Байбиловтың қатысуымен кілемді тану үшін көрсетті.

Жоғарыда аталған адамдарға алып қоюды жүргізген адамның барлық әрекеттері кезінде қатысу және жүргізілген әрекеттер бойынша ескертулер енгізуді талап ету құқыңы түсіндірілді.

Бұдан басқа, жәбірленуші Л.Т. Мұқышеваға Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 230-бабының 4-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419, 421-баптары бойынша айғақтар беруден бас тарту немесе жалтару және көрінеу жалған айғақтар беру үшін қылмыстық жуаптылық туралы ескертілді.

Бұдан басқа, өзiнiң, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін, сондай-ақ ал діни қызметшінің тәубеге келу үстінде өзіне сырын ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенiн түсiндiрілді.

______________ Л.Т. Мұқышева

Тануды бастаудың алдында танушы адам болмаған кезде танылуға жататын нәрселерді криминалист мынадай ретпен қойды:

1. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 3х3 м., Түркияда шығарылған, оң жақ төменгі бұрышында көлемі 25х10 см. үтікпен жандырылған орны бар.

2. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 3х3 м., Түркияда шығарылған, бұрыштары қырылған.

3. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 3х3 м., Түркияда шығарылған, оң жақ төменгі бұрышында көлемі 1х1 см. жандырылған орны бар.

4. Қара-жасыл түсті кілем, көлемі 3х3 м., Түркияда шығарылған, бұрышында қара-жасыл оюлары бар.

Бұдан кейін жәбірленуші Л.Т. Мұқышева шақырылды, оған үйінен ұрланған кілемді тану ұсынылды. Бұдан кейін Л.Т. Мұқышева тануға көрсетілген кілемдерді қарап шығып, № 3 болып белгіленген кілемге көрсетіп, ұсынылған кілемдер ішінде № 3 кілемді танығанын, ол 10.05.2016 жылы оның үйінен ұрланғанын айтты. Бұл кілемді сыртқы түрі бойынша, атап айтқанда жасыл түсі, көлемі және оң жақтағы төменгі бұрышындағы жандырылған жері бойынша таныды. 

Тану барысында «Sony» маркалы бейнекамерамен бейнежазба, сондай-ақ «Canon» маркалы цифрлық фотоаппаратпен фотосуретке түсіру жүргізілді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: