Атайды

Топтардағы популяция аралық өзара әрекеттестіктер (биологиялық өзара

әрекеттестіктер типі) – бұл әртүрлі популяциялардың топтың шегіндегі

байланысы; мынадай қатынастарды бөледі: нейтрализм, бәсекелестік,

паразиттік, жыртқыштық, симбиоз, мутуализм, комменсализм, антогонизм.

Бәсекелестік – табиғи топтардың құрамын анықтайтын қатынастардың

басты типтерінің бірі, бәсекелес түрлер бірге тіршілік ете алмайды. Азық, өмір

сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы

кері әсерлер. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін.

Симбиоз (селбесу) – дегеніміз әр түрге жататын даралардың екі жақты

пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Мысалы: өсімдіктердің арасындағы симбиозға

қынаны алуға болады. Қыналар балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп

тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі.

Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal- бірге

тамақтану).Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай

зиян келтірмейді.Мысалы, жабысқақ –балық ірі балыққа бекініп алады да,

онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді.

Амменсализм (латын тілінен аударғанда mensa - азық, тамақ). Бір

популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Мысалы, зең

саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы. Зең саңырауқұлақтары бөліп

шығаратын антибиотиктер бактерияларды жояды.

Жыртқыштық. Популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете

отырып, пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқыш өлтіре отырып, онымен

қоректенеді. «Жыртқыш – жемтік» қатынасының негізінде қоректену тізбегі

жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты қарастыруға

болмайды. Себебі, жыртқыштың аузына ауру және әлсіреген даралар түседі де,

аурудың таралуының алдын алып, популяцияны сауықтырады.

Паразитизм (грек тілінен аударғанда parasitus- арамтамақ). Бір түр

екіншісінің денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін

түр аралық қарым-қатынастарды айтады.

Гомотиптік реакциялар немесе түрішілік әрекет – бір түрдің дараларының

арасында байқалады, бұған түрішілік бәсекелестік жатады.

Гетеротиптік реакциялар немесе түраралық әрекет – әр түрге жататын

даралар арасында байқалады.

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар

Синэкология нені зерттейді?

Биоценоз туралы не білесіз?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: