Жыныстары деградацияланады

Озон тесіктері. Жер бетінен 20-25 км қашықтықта орналасқан қалыңдығы

3 мм болатын озон қабатының мүжілуі озон қабатында саңылаулардың пайда

болуына әкеледі. Озон қабаты жер бетіндегі барлық тіршілік иелерін күннің

ультркүлгін сәулелерінен, яғни радиациядан қорғайды. Мұндай озон

қабатының тозуы табиғи және антропогендік жолмен іске асады. Мысалы

антропогенді жолмен озон қабатының тесілуі атмосфераға құрамында хлор

молекулалары бар қоспалар мен химиялық заттардың түсуі нәтижесінде

жүреді. Құрамында хлоры бар заттар қатарына суытқыш заттарда, яғни

тоңазытқыш пен кондиционерлерде пайдаланылатын суытқыш агенттердің

(фреондардың) ауаға түсуі, еріткіштер, аэрозольдер озон қабатын жояды.

Қышқыл жаңбырлар. Ауадағы күкірт диоксидімен азот оксидтерінің

ауадағы ылғалда еріп, нәтижесінде түзілген қышқыл жауын-шашындарды

қышқыл жаңбырлар деп атайды. Орташа рН мөлшері 5,6 дан төмен болады.

Қышқыл жаңбырлардың зиянды әсері өте көп, атап айтсақ, өсімдіктердің

жапырақтарына зиян келтіру, мәрмәрдан жасалған мәдени ескерткіштерді және

ғимараттарды бұзу, металдар коррозиясының жылдамдауы т.б.

Өнеркәсіп _________және тұрмыс қалдықтарынан қорғау. Әр түрлі өнімдерді

өндіру немесе пайдалану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы

қасиеттерін жоғалтқан, енді қоланылуға келмейтін заттардың, материалдардың

және т.б. қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз. Қалдықтар қоршаған ортаға

және адам ағзасына зиянды материалды заттарға жатады.

Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады:

042-14.4.05.1.20 35/03-2013 №2 Басылым беттің 41 беті

- тұрмыстық (коммуналдық);

- өнеркәсіптік (өндіріс қалдықтары);

- өнідірісөнімдерінің қалдықтары;

- қауіпті (улы);

- радиоактивті қалдықтар.

Өндірістік қалдықтарды қатты және сұйық қалдықтарға бөледі. Қатты

қалдықтарға металдардың, ағаштардың, пластмассалардың, өндіріс өнімдерінің

қалдықтары жатады. Сұйық қалдықтарға ағынды суларды тазартқаннан кейін

қалатын тұнбалар, газдарды ылғалдық әдіспен тазартқан кезде қалатын

минералды және орагникалық шаңдар қалдықтары жатады.

Шу әсерінен қорғау. Ластану салдары әрдаайым дереу байқала бермейді.

Ластанудың көбінесе жасырын, тез табыла қоймайтын түрлері де болады,

мысалы қоршаған ортаның физикалық тұрақтыларының өзгеруі нәтижесінде

болатын ластанулар, немесе физикалық ластанулар деп те айтады. Ағзаның

тіршілігінің ауытқуларына әкелетін фактор шу болып табылады. Шулылық

шудың қарқындылығы мен қайталануының табиғи деңгейден жоғарылау

нәтижесінде пайда болады.

Биологиялық әсерден қорғау. Биологиялық ластану да аз қауіп

тудырмайды. Қоздырғыш микроағзалар (микробиологиялық ластану) –

бактериялар, вирустар болып табылатын тырысқақ, тұмау немесе оба сияқты

аурулардың індетін еске алудың өзі жеткілікті. Қажетті мөлшерде тазаланбаған

және заласызданбаған тұрмыстық ағынды сулар тері, ішек және басқада

ауырулар тудыратын микроағзалардың үлкен кешеніне айналады..

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар

1. Адамның қоршаған ортаға тигізетін негізгі әсерлеріне мысал

келтіріңіздер?

2. Экологиялық мәселе дегеніміз не және ол қалай пайда болады?

3. Қандай экологиялық мәселелер ғаламдық деп аталады?

4. Климаттың өзгеруінің белгілерін мысалға келтіріңіздер.

5. Ғаламдық жылулық құбылыстың себебі неде?

6. «Жылулық эффект» дегеніміз не және оның себептері?

7. Климаттың жылуынан қандай салдар болады, қалай ойласыз?

8. Озон қабатының негізгі мәселесі неде? «Озон қабатының» негізгі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: