Аккредиттеу 2012 ж

АИТВ/ЖИТС

АИТВ жұқтырғандармен және ЖИТС ауыратындармен байланыста болған тұлғалар, сондай-ақ апаттық жағдайлар (пайдаланылған инені шаншып алу, қолданылған өткір аспаптармен кесіп алу, АИТВ жұқтырған әйелдер қанының терінің ашық учаскелеріне түсуі және т.б.) кезінде жұмыс жасаған медициналық қызметкерлер эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша АИТВ-инфекциясына тексерілуге жатады.

АККРЕДИТТЕУ 2012 ж.

Аккредиттеу – медициналық мекемеге деген сенімнің және кәсіби стандарттарға сәйкес (меншік түріне, әкімшілік және ведомстволық тиістілігіне қарамастан) ерікті түрде жүргізілетін сапалы медициналық көмек көрсетудегі оның біліктілігін бағалаудың ресми формасы.

МАҚСАТЫ: оқыту, аккредиттеу және сертификаттау арқылы медициналық күтім мен қауіпсіздік сапасын үздіксіз жақсарту:

Бәсекеге қабілетті ұйым болуға

Қоғамның сенімін нығайту, медициналық қызмет сапасын қолдау және оны жақсарту шараларын күшейту

Қауіптерді азайту (пациенттер, қызметкерлер, келіп-кетушілер өмірі үшін)

Ұжымдағы ұйымшылдықты және командалық рухты артыру.

Пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша аккредиттеу стандарттары

1 стандарт. Пациенттерді дұрыс сәйкестендіру. Әрбір емшараның, талдауға материал жинаудың, тағайындаудың алдында пациенттің толық аты-жөнін және туған жылын тексеру (сұрау+бейджик бойынша) қажет. Медицианлық картаның әрбір парағында пациенттің осы 2 сәйкестендірушісі болуы тиіс.

2 стандарт. Қызметкерлер арасында ақпаратты тиімді беру. Препаратты тағайындауды немесе талдау қорытындыларын ауызша немесе телефон арқылы алу кезінде ақпаратты беру парақшасын толтырып, оны тиісті статтистикалық картаға жапсырып қою керек.

3 стандарт. Жоғары қауіпті дәрі-дәрмектерді қолданудың қауіпсіздігін арттыру. Қажеттілігі бар бөлімшелерді қоспағанда, бөлімшелерде шоғырландырылған электролиттерді (KCI, MgSO4, NaCI1%<, K3PO4) және т.б. жоғары қауіпті дәрілік заттарды сақтауға тыйым салынады. Қателіктен енгізудің алдын алу үшін олар бөлек сөрелерде сақталады, олар қол жетімділікті шектейтін қызыл жапсырмамен белгіленеді.

4 стандарт. Хирургиялық араласу учаскесінің дұрыстығын, емшараның дұрыстығын, пациенттің дұрыстығын тексеру.

1. Операция немесе инвазиялық араласу қарсаңында кесу орнын хирургиялық маркермен немесе «көк дәрімен» белгілеу керек – оны алдағы жасалатын операция туралы түсіндіру үшін пациент ұйықтамастан бұрын жасаған дұрыс.

2. Операцияны бастамастан бұрын, барлық хирургиялық команда «тайм-аут» жүргізуі тиіс, «тайм-аут» - бұл операция жасайтын хирургтың емшараның, араласу орнының және пациенттің дұрыстығын, команданың барлық мүшелердің операцияға әзірлігіне көз жеткізетін қысқаша үзіліс. «Тайм-ауттың» жүргізілуін медбике жазуы мүмкін.

3. Хирургиялық команда немесе жауапты тұлға барлық қажетті аспаптар мен заттардың барын және әзірлігін растайды. Ең кемінде бір аспап әзір болмаса, онда проблема жойылғанша операцияны бастауға тыйым салынады!

4. Барлық қолданылған материалдар есептеліп, олардың мөлшері операцияға дейін және одан кейін де саналынып алынады.

5 стандарт. Ауруханаішілік инфекцияларды азайту.

Практикада қолдардың тиісті гигиенасын сақтау талап етіледі. Инфекциялық бақылауды қараңыз.

6 стандарт. Құлаудан жарақат алу қаупін азайту.

Медбике әрбір пациенттің құлау қаупін күн сайын медбикелік тексеру картасында бағалауы (Морзе шкаласы бойынша) тиіс және одан әрі қарай пациенттің құлауы мен жарақат алуын келесі жолдар арқылы алдын алуы қажет:

Құлау қаупі бар пациенттерді дәретханаға және киіну душында міндетті түрде сүйемелдеп алып жүруі тиіс, қызметкерлердің аса назар аударып жүрулері үшін бейджде сәйкестендірулер қызыл түспен толтырылады, палата есігіне қызыл түсті белгі жапсырылады.

Пациенттердің құқықтары

Перинаталдық орталық медициналық көмектегі жеке сұраныстарды ескере отырып пациенттер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен ар-намыстарын құрметтейді. Қызметкерлер мінез-құлықтың этикалық нормаларын, медициналық күтімнің деонтологиясын сақтауға міндетті.

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және Аккредиттеу стандарттарына сәйкес пациенттер құқылы:

ҚР Үкіметімен бекітілген тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілді көлемін (одан әрі – ТМККК) алуға; ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен және дәрілік мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге;

● ТМККК тыс жеке қаражат, ерікті сақтандыру және басқа да тыйым салынбаған көздер есебінен қосымша медициналық қызметтерге;

● ҚР Үкіметімен анықталған тәртіпте бюджеттік қаражат есебінен шетелде медициналық көмек алуға;

● медицианлық ұйымды ерікті таңдауға, сапалы және уақытылы медициналық көмекке;

● диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты, мәдени және жеке құндылықтарына құрметпен қарауға:

● Орталықта рухани жалғыз болуға арналған бөлме бар (3 қабат); өзінің денсаулығының жай-күйі, тексеру қорытындылары, алдын алу, диагностика және сауықтыру әдістері туралы ақпарат;

Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шеңберінде аурудың алдын алу, диагностикалау, емдеу және медициналық сауықтырудың әдістері, денсаулыққа ықпал ететін зерттеулер мен факторлар туралы дұрыс ақпаратты ақысыз алуға;

● Егер сұхбат/оқытуды өткізсеңіз Пациентті үйрету парағын толтырыңыз

● өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін (есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы), айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лардан зардап шегуші, психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші жағдайындағы пациенттерді қоспағандағы медициналық көмектен бас тартуға;

● ерекше ескертілген жағдайлардан басқа дәрігерлік құпияны құрайтын құпия мәліметтерді жарияламауға;

● Пациенттердің діни және рухани сенімдерін бейнелейтін діни қызметтерге;

● денсаулыққа медициналық қызметкерлердің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы заттар мен медициналық техниканы дұрыс емес тағайындауы мен қолдануынан келтірілген зиянды өндіріп алуға;

● жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібінде медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға:

● Орталықта ұсыныстар мен арыз-шағымдарды жинауға арналған жәшіктер бар; мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеу жағдайында тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтініш білдіруге;

● Ауырсынуды тиесілі бағалау мен бақылау. Қызметкерлер пациентті ауырсынуды анықтауға ынталандыруы және үйретуі тиіс; медбике немесе дәрігер ауырсынуды бағалау парағын күн сайын толтыруы және ауырсынуды уақытылы тыюы тиіс.

● Орталықта қабылдау бөлімшесінде барлық пациенттерге ауырсынуды бастапқы бағалау жүргізіледі және одан әрі күн сайын Ауырсынуды бағалау парағында жүргізіледі; пациентке түсінікті формада және тілде түсіндіру: Орталық жауапкершіліне сәйкес мүліктің жоғалып кетуінен және ұрланып кетуінен сақтау:

● Орталық пациенттер мен қызметкерлердің мүліктерінің жоғалуы мен ұрланып кетуінен сақтауда ШЕКТЕУЛІ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕ болады!

● Пациенттердің бағалы мүліктері құлыптанатын жеке шкафтарға сақтауға тапсырмастан бұрын саны мен атаулары жазылып алынады. Сақтауға тапсырылмаған заттар үшін Орталық жауапкершілікте болмайтындығы жөнінде пациенттер хабардар болулары тиіс.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

n Палатаға кірер алдында міндетті түрде есікті қағыңыз! Медициналық ықзмет көрсету кезінде есікті жабыңызы! Дәрігерлік құпияны сақтаңыз! Бөлімшеге топпен немесе комиссиямен барардың алдында бөлімше меңгерушісін хабардар етіңіз!

n Қауіп тобындағы барлық нәрестелер, әйелдерге үлкен назар қою талап етіледі!

ПАЦИЕНТТЕР МЫНАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАЛҒАН:

Перинаталдық орталыққа кіру есігінің алдындағы тәуліктік күзет қызметі;

Орталықта жүрген тұлғаларды бейдж бойынша сәйкестендіру

Күзет қызметіне және АҚ және ТЖ қызметтеріне уақытылы хабарлау.

Құпия ақпарат

Еңбек шартына қол қою кезінде Орталықтың әрбір қызметкері «Қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды құрайтын мәліметтерді жарияламау туралы міндеттемеге» қол қояды.

Қызметтік құпияны – еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты Орталық қызметкеріне белгілі болған электрондық немесе қағаздай хат алмасуларда, телефон сөйлесулерінде, хабарламаларда мазмұндалатын мәліметтер құрайды, оларды жария ету немесе жоғалту Орталықтың немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін. Әрбір қызметкер ОПО еңбек қарым-қатынастары кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде

n қызметтік құпияны жарияламауға,

n тиісті мемлекеттік органдардың, ОПО органдары мен лауазымды тұлғаларының жазбаша келісімінсіз қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеуге және көпшілік алдында жария етпеуге,

n қызметтік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және Аккредиттеу стандарттарына сәйкес медициналық қызметкерлер қызметтік құпиядан басқа, пациент туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуі тиіс. Дәрігерлік құпияны азаматтың медициналық көмекке жүгіну фактісі, денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы және оны тексеру мен емдеу кезінде алынған басқа да мәліметтер туралы ақпарат құрайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімі бар болған жағдайларды қоспағанда, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге жол берілмейді!

ЖҰМЫСТЫ НЕДЕН БАСТАУ ҚАЖЕТ

10. Кіріспе нұсқамалық

Әрбір жаңа қызметкер немесе бір бөлімшеден басқа бөлімше ауыстырылған қызметкер, іссапарға жіберілген, өндірістік практикаға немесе оқуға келген машықтанушы немесе студент қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженердің еңбектің қауіпсіз тәсілдерін көрсетумен жеке кіріспе нұсқамалығын алады. Оған енеді:

●жұмыс режимі;

● еңбек жағдайы

● жеке қорғану заттарын пайдалану (арнайы кимідер кию);

● электроқауіпсіздік;

● қауіпсіздік белгілері;

● еңбектің санитариялық-гигиеналық жағдайлары;

● қызметкерлердің бақытсыз жағдайлар және басқа да оқиғалар кезіндегі іс-қимылдары;

● еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтар немесе орындамағаны үшін жауапкершілік.

Кіріспе нұсқамалығынан кейін жұмыс орнында бөлімше жетекшісімен бастапқы нұсқамалық өткізіледі.

Іскери этикет және корпоративтік мәдениет

Корпоративтік этика кодексін сақтау Орталықтың басшылығы мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылады. Корпоративтік этика кодексі жайлы жұмыс ахуалын, бірыңғай корпоративтік рухты және мәдениетті сақтуға арналған. Кодексте ұйым ішінде, сондай-ақ сыртқы серіктестермен қарым-қатынас жасаудың бірыңғай құндылықтары, этикалық қағидалары мен стандарттары берілген.

Қызметкердің құқығын қорғау

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қызметкердің құқықтары мен міндеттері жөнінде жеке бап (22 бап, 3 тарау. Еңбек қатынастарының субъектілері. Еңбек қатынастарының пайда болуының негіздері) көрсетілген. Қызметкердің жалпы құқықтары мен міндеттерінен басқа Еңбек кодексінде қызметкердің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласы бойынша да құқықтары мен міндетері жазылған (5 тарау, 35 бөлім, 314 бап). Орталықта ОПО медициналық қызметкерлерінің кәсіподағы мен ОПО басшылыға арасында жасалған ұжымдық шарт жұмыс жасайды, оның шеңберінде Орталық қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жүзеге асырылады.

Ұжымдық шартпен сіз перинаталдық орталықтың кадрлар бөлімінде таныса аласыз.

ЖҰМЫСТЫ НЕДЕН БАСТАУ ҚАЖЕТ

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер жұмыс уақытында киімнің белгіленген формасын сақтаулары тиіс. Денсаулық сақтау нысандарының қызметкерлері күн сайын ауыстыруға жеткілікті мөлшердегі ауысымды арнайы киім жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Арнайы киімді жеке киімнен бөлек жеке сақталады, оларды жуу орталықтандырылған және науқастардың киімдерінен бөлек жүргізіледі.

Арнайы киім таза, жинақы, барлық түймелері салынған болуы тиіс;

Арнайы киім ластанған немесе науқастардың бөлінділері жұққан кезде ол дереу арада ауыстырылады.

Әкімшілік-басқару блогын қоса алғанда, барлық қызметкерлер киімінің іскери үлгісі сақтанымпаз және ұстанымды болуы тиіс:

● аяқ киім жұмсақ, тақасы 4 см артық болмауы тиіс;

● макияжы қиқарланған, «қыдырғандық» болмауы тиіс;

● қысқа етек, арқасы мен иықтарын ашып тұратын киім кимеген жөн;

● шаштары жиналған/немесе ұқыпты ретке келтірілген болуы тиіс;

● маникюр табиғи болуы тиіс, тырнақты ұзын етіп өсіруге рұқсат етілмейді;

● әшекей бұйымдарын аз мөлшерде тағу. Дәрігерлерге, орта және кіші медициналық қызметкерлерге пациентке манипуляциялар жасау кезінде сақина тағуға тыйым салынады.

Қызметкерлерді сәйкестендіру (бейдждер) және күзет

Перинаталдық орталықтың әрбір қызметкері аты-жөні мен лауазымы көрсетілген бейдж тағып жүруге міндетті. Бұл Орталықтағы қауіпсіздік мақсатында тұлғаларды сәйкестендіру үшін қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Бөлімшеге кіру есігі алдындағы тұлғаларды сәйкестендіруге және бөлімшелердегі күзет режиміне бөлімше қызметкерлері жауапкершілікте болады!

Автомобильді тұраққа қою

Орталық аумағында орталық кіре берістің қарама-қарсы жағында қызметтік және жеке автокөлікке арналған күзетілетін автотұрақ бар. Егер Сізде өзіңіздің жеке автокөлігіңіз болса, онда Орталық директорынан автокөлігіңізді қызметтік автотұраққа қоюға рұқсат етуін сұрап, жазбаша өтініш жазу қажет.

 
 


Қоғамдық көлікпен келу

Орталыққа дейін Сіз №1, 2, 6,

11, 8, 43, 33 автобустарымен

«Облыстық аурухана»

аялдамасынан

түсіп келе аласыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: