Компьютерді пайдалану

Әрбір жаңа қызметкер компьютермен жұмыс жасау үшін локальдық желіге кіру үшін пайдаланушының аты мен кілтсөзді, сондай-ақ корпоративтік электрондық почта жәшігінің ала алады. Орталықта барлық пайдаланушылар сақтауға тиіс «Компьютерлік жабдықтарды пайдаланудың ішкі ережелері» жұмыс жасайды. Картридждерді ауыстыру, проекторды баптау және басқа да сұрақтар бойынша жөнінде ережелермен және сұрақтармен 2-63 телефонына хабарласуға болады.

Интернет –

Интернет желісін тек жұмыс бабында ғана пайдалануға болады.

Лифттерді пайдалану

Жолаушы лифттері медициналық қызметкерлерге және өздігімен қозғала алмайтын пациенттерге арналған.

Босанған әйелдерді тасымалдауға арналған ауруханалық лифттерді пайдалануға тыйым салынады.

Инфекциялық бақылау

Орталықтағы бірінші жұмыс күнінен бастап сіз инфекциялық бақылау бағдарламасының қатысушысы боласыз. Халықаралық ұйымдардың сарапшылары инфекциялық бақылау ерекше назар аударады. Олар сіздерге келесі сұрақтарды қоюы мүмкін:

Инфекциялық бақылау бойынша сіздерге не оқытылды?

Сіздің жауабыңыз – осы кітапша бойынша кіріспе нұсқамалық, сондай-ақ бөлімшеде сіздің меңгерушіңізбен, аға медбикеңізбен ұсынылған кез-келген оқу. Қосымша, Орталықтың дәрігер эпидемиологы және инфекциялық бақылау медбикесі жоспарлы және жоспардан тыс семинар сабақтарын жүргізеді.

Ереже бойынша ауруханадағы инфекцияға жол бермеу үшін сізге не істеу қажет?

Сіздің жауабыңыз – бұл ең алдымен қол гигиенасы. Қол гигиенасы – ауруханадағы инфекцияны азайтудың дәлелденген тиімді әдісі.

Тіпті пациенттің зақымдалмаған қалыпты терісінде қауіпті микроорганизмдер болады. Күн сайын қалыпты теріден өмір тіршілікке икемді микроорганизмдер бар миллионға жуық қабықшалар түседі. Сондықтан пациенттердің киімдеріне, төсек-орындарына, жиһаздары және пациенттің айналасындағы басқа да нысандарға пациенттің микроорганизмдері оп-оңай жұғуы мүмкін.

Ауруханаішілік микроорганизмдердің қызметкерлердің қолдары арқылы берілуінің схемасы

басқа пациент

                 
   
мед.қызметкерлер
       
 
     
 
   
пациенттер
 
 


Қолды сабынмен жуып, кептіріңіз!

Қолды сабынмен жуудың тиімділігі ғылыми дәлелденген. Қолды кәдімгі сабынмен 15 секунд бойы жуу терідегі бактерияларды 0,6-1,1 log10, ал 30 секунд бойы жуу бактериялардың болуын 1,8-2,8 log10-ға азайтады.

Қолдарға арналған антисептиктерді пайдаланыңыз!

Спирттер оң және грамотеріс бактерияларды, соның ішінде дәріге бейімделген патогендерді, сондай-ақ вирустарды (кәдімгі герпес, АИТВ, тұмау, РСВ және сиыр шешегі) жояды немесе олардың өсуін тоқтатады.

Спирттік антисептиктер ұзақ әрекет жасай алмайды. Аса тиімділері 60%-95% алкогольдық ерітінділер мен антисептиктер болып табылады.

Дозаторды қолды тигізбей шынтақпен басқан жөн.

ҚОЛДЫ САБЫНМЕН ЖУЫҢЫЗ НЕМЕСЕ АНТИСЕПТИКТІ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ!

● пациентпен байланыстың алдында және одан кейін

● жеке сақтану заттарын (бетперде, қолғаптар) шешкеннен кейін

● палатаға кірер алдында және одан шығар алдында

● дәретханадан шыққаннан кейін

● зақымдалған (жұқтырылған) жабдыққа, затқа, организмнің биологиялық сұйықтықтарына жанасқаннан кейін

● ас ішер алдында және одан кейін

● жөтелу, түшкіру немесе сіңбіруден кейін

● манипуляция жүргізер алдында және одан кейін.

Қолдарды өңдеудің негізгі тәсілдері

Өңдеудің тәсілдері Өңдеудің мақсаты (деконтаминация дәрежесі)
Қолдарды әдеттегі жуу Инфекция жұқтырылған пациенттермен және/немесе қоршаған ортаның контаминацияланған нысандарымен болған байланыстың нәтижесінде медициналық қызметкерлер қолдарына жұққан ласты және транзиторлық флораны кетіру
Гигиеналық антисептика Транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою
Хирургиялық антисептика Транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою және резиденттік флора мөлшерін азайту

Сіз инфекциялардан қорғану үшін қандай сақтану заттарын қолданасыз?

Сіздің жауабыңыз – халат/жамылғы, қалпақша, қолғап, бетперде (жай, арнайы), қорғайтын көзілдіріктері.

Жеке қорғану құралдарын қай уақытта және қалай шешуіңіз тиіс?

Сіздің жауабыңыз – инфекцияны жұқтырудың тікелей қаупі бар емшаралардан кейін дереу арада. Жеке қорғану құралдарын карантин жариялау жағдайларынан басқа, қоғамдық жерлерде, баспалдақтарда, ғимарат дәліздерінде киіп жүруге болмайды.

Жеке қорғану құралдарын пайдаланғаннан кейін «Б» сыныбына арналған арнайы контейнерлерде (сарты түсті пакеттер) зиянсыздандыру қажет.

Өткір заттарды – ине, скальпель т.б. қалай және қайта лақтырып тастайсыз?

Сіздің жауабыңыз – 2/3 көлемде толтыруға болатын қызыл қақпағы бар («Б» сыныпты) пластмассадан жасалған сары түсті арнайы ыдыс-контейнерге.

Ыдыс 2/3 көлемде толтырылғаннан кейін санитаркаға хабарлау қажет.

Санитарка ыдысты жертөле қабатындағы «Б» сыныптағы медициналық қалдықтар қоймасына тапсырады.

Сіз жұқпаланған қалдықтарды қалай зиянсыздандырасыз (лақтырып тастайсыз)?

Сіздің жауабыңыз – қалдықтар арнайы контейнерлерде зиянсыздандырылады. 20 парақта А, Б, В, Г сыныптарындағы медициналық қалдықтарды ұстаудың схемасы көрсетілген.

Егер қан немесе биологиялық сұйықтық төгілген жағдайда Сіз не істер едіңіз?

Сіздің жауабыңыз – 1) қолғап киіп, рұқсат етілген дезинфекциялық заттармен учаскені өңдеймін; 2) қолғапты шешіп, сары түсті пакетте саламын(«Б» сыныбындағы); 3) дез.заттармен өңдегеннен соң 15 минуттан кейін учаскені жуу заттарын қосып сумен жуамын;

Сұрақтар бойынша эпидемиологқа хабарласуға болады.

Орталықта инфекциялық бақылаумен кім айналысады?

Сіздің жауабыңыз - әрбір қызметкер инфекцияның таралуын тоқтатуға жауапкершілікте болады. Алайда бөлімшедегі эпидемиялық ахуал мен инфекция бақылауға бөлімше меңгерушісі мен бөлімшенің аға медбикесі жауапкершілікте болады.

Егер санитарлық және эпидемияға қарсы талаптар туралы сұрақтар болса дәрігер-эпидемиологқа, инфекциялық бақылау жөніндегі медбикеге хабарласуға болады.

Инфекциялық бақылау бағдарламасын орындау үшін қосымша жұмыс жасайды:

Төрағасы директордың медициналық бөлім бойынша орынбасары болып табылатын инфекциялық бақылау жөніндегі комиссия.

Өрт қауіпсіздігі

1. Өрт шыққан кезде, ҚАЖЕТ:

Дереу 101 телефоны немесе жақын арадағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 51-05-94 телефоны бойынша хабарлау (нысанның дәл мекен-жайды, өрт шыққан жерді, сондай-ақ өзінің тегін айту) қажет.

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ: ПО директорына, ТХ бойынша инженерге ішкі 2-63 тедефоны арқылы қоңырау шалу керек.

1. Қол астындағы заттармен (ылғал ақ жайма, көрпе, өрт сөндіргіштер) өртті сөндірудің барлық шараларын жасау қажет.

2. Адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз орынға көшіру.

3. Өрт туралы белгіні алған кезде ғимаратта бар барлық тұлғалар эвакуациялау жоспарына сәйкес қысқа жолдар арқылы ғимараттан шығу.

Перинаталдық орталықта, дәліздерде, сондай-ақ бөлімшелерде жақын арадағы шығу есіктеріне шығу бағыттары көрсетілген арнайы сілтемелер қондырылған. Эвакуация кезінде жайшылық сақтап, бөлмелерден шығарда барлық терезелер мен есіктерді нығыз жабу керек, өйткені таза ауаның кіруі (өтпе жел) жалынның тез жайылуына ықпал етеді. Перинаталдық орталықтың әрбір қабатында жақын арадағы шығу есіктеріне шығу бағыттары көрсетілген белгілер бар. Өртті бастапқы кезеңінде сөндірге аса маңызды. Өртті сөндіруге бірінші минуттарда тек 1 литр су кетеді, 2 минутта 10 литр, ал үшінші минутта 100 литрге жуық су кетеді. Өртті сөндірудің ең үздік бірінші құралы - өрт сөндіргіш болып табылады.

Өрт сөндіргішті пайдалану өте қарапайым. Өрттің тұтануының кішігірім ошағын сөндіру үшін орташа есеппен 5-10 секунд кетеді.

Перинаталдық орталықта өрт сөндіргіштердің екі түрі қолданылады:

1. ұнтақты өрт сөндіргіш тиімді және әмбебап, ол қатты заттарға, сұйық отынға және газға да үйлеседі. «Е» белгісі бар ұнтақты өрт сөндіргіш электр кернеуінде тұрағн құрылғыларды да сөндіруге үйлеседі.

2. көмірқышқылды өрт сөндіргіш әртүрлі заттар мен материалдардың жануын, 1000 В дейінгі кернеуде тұрған электроқондырғыны, ішкі жану қозғалтқыштарын, жанғыш сұйықтықтарын сөндіруге арналған.

Ауа кірмейтін бөлмеде өртеніп жатқан материалдарды сөндіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Өрт сөндіргішті пайдаланудағы іс-қимылдар:

1. пломбаны алып тастау, мөлтекті суырып алу;

2. рычагқа басып, ағынды жалынның ортасына бағыттау;

3. кемінде 1,5 м қашықтықта өртті сөндіруге кірісу;

Төтенше жағдайлар кезіндегі кодтар

Төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын үйлестіру үшін келесі кодтық сөздер әзірленген.

1. Қызыл код - өрт кезінде;

2. Сары код – КӘУЗ (күшті әсер ететін улы заттар), радиоактивтік және биологиялық заттармен уланған кезде;

3. Жасыл код – оқу дабылы кезінде;

4. Көгілдір код – зардап шегушіні жедел реанимациялау қажеттілігі кезінде.

Орталықта түстерімен ерекшеленетін электрмен қоректендірудің үш түрі бар:

1. АҚ түсті электр розеткалары – қалалық электр желісі. Оған тұрмыстық электр аспаптары қосылады.

2. КӨК түсті электр розеткалары – резервтік қоректендіру көзіне (генератор) қосылған электр желісі. Оған электрмен жабдықтаудағы үзіліс пациенттер мен жабдықтар үшін зор залал келтірмейтін тұрмыстық электр аспаптары қосылады.

3. ҚЫЗЫЛ түсті электр розеткалары – үздіксіз қоректендіру көзіне қосылып тұратын электр жүйесі. Кіріктірме қоректендіру көзі жоқ және жұмысында қысқа уақытты үзіліске төзбейтін медициналық аппараттар (пациенттердің өмірін қамтамасыз ететін аппараттар, ұйымдастыру техникалары, бағдарламалық қамтамасыз етілген жабдықтар) қосылады.

Жарамсыз түрдегі, сымдары жалаңаштанған, қорғаныш қалқаншасы ашық тұрған электрожабдықтарды пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Тұрмыстық электр, технологиялық, медициналық аспаптары мен жабдықтарды қосу сұрақтары жөнінде 2-88 ішкі телефоны, 8-701-449-4232 ұялы телефоны бойынша кезекші электрикке хабарласыңыз.

Қауіпті материалдар

Жұмыс кезінде Орталық қызметкерлері әртүрлі зиянды заттармен, қалдықтармен және шығарылулармен кездеседі. Олар әсер ету дәрежесіне қарай әртүрлі сыныптарға бөлінеді.

Зиянды және қауіпті материалдарға жатады:

1. Майланған ескі-құсқылар;

2. Медициналық қалдықтар;

3. Қорғасын аккумуляторларының

батареялары

4. Ескі пневматикалық шиналар;

5. Құрамында сынап бар қалдықтар;

6. Игерілген майлар;

7. Қатты тұрмыстық қалдықтар;

8. Ластанған сіңіргіш және сүзгіш материалдар (игерілген майлар);

9. Электрондық жабдықтар қалдықтары.

Медициналық қалдықтарды топтастыру (сол парақты қараңыз).

А сыныбы. Қауіпті емес қалдықтар (қаптамалар, кеңсе тауарлары, тамақ)

Б сыныбы. Орташа қауіпті қалдықтар (шанышқыш және өткір, бір рет пайдаланылатын заттар)

В сыныбы. Аса қауіпті қалдықтар (АИТВ, туберкулез инфекциясы жұққан заттар, т.б.)

Г сыныбы. Құрамы жағынан өнеркәсіптікке жақын қалдықтар (цитостатиктер, құрамында сынап бар заттар).


ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 «Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерді бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыстық перинаталдық орталық бөлімшелерінде медициналық қалдықтарды ұстаудың схемасы

       
   
 
 

Шығарындыларды топтастыру

Қазандық ғимараты. Орталықтың қазандық ғимаратында дизель отынында жұмыс жасайтын 4 су ысытатын жылыту қазандығы бар. Отынды жағу кезінде ластанғыш заттар: күйе, көміртек оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, күкірт диоксиді бөлінеді.

Отын қоймасы. Отын 2 жерасты резервуарларында сақталады. Ластағыш заттардың (көмірсутегі және күкіртсутегі) бөлінуі отынды қабылдау мен сақтау кезінде жүреді.

Қоқыс өртеу қондырғысы. Қондырғы дизель отынында жұмыс жасайды, жұмыс жасап тұрған кезде күйе, көміртек оксиді, азот диоксиді, диоксиндер және т.б. заттар бөлінеді.

Дизельді генератор. Шығарындылар – азот диоксиді, күкірт диоксиді, мұнай бензині.

Гараж. Шығарындылар - азот диоксиді, күкірт диоксиді, мұнай бензині.

Оқыс оқиғалар кезіндегі іс-қимылдар

ҚР заңнамасына сәйкес өндірістегі барлық бақытсыз жағдайлар, еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты жарақаттар мен қызметкерлер денсаулығының басқа да зақымдалулары тергеледі және есепке алынады.

Әрбір бақытсыз жағдай туралы зардап шегуші немесе куәгер жұмыс берушіге дереу хабарлауға тиіс.

Жұмыс беруші өндірістегі бақытсыз жағдайларды тексерілуін, ресімделуін және тіркелуін ұйымдастыруға жауапкершілікте болады.

Тексеруді бақытсыз жағдай болған сәттен бастап 24 сағат ішінде жұмыс берушімен құрылған комиссиясы жүргізеді. Қызметкердің жұмысқа қабілеттігінен айырған әрбір бақытсыз жағдай медициналық қорытындыға (ұсынбаға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша (Н1 нысаны) қажетті данада ресімделеді.

2012 жылғы 1 мамырдан бастап оқиғаларды (медициналық қателіктерді, өндірістік жарақаттарды, пациенттердің немесе келіп-кетушілердің құлауларын және басқа да төтенше жағдайларды) тіркеу жүйесі енгізілді.

Егер сіз:

- қауіпті жағдайдың

- санитарлық талаптардың бұзылуының

- қауіпсіздік техникасы мен ережелерінің бұзылуының

- медициналық қателіктердің

- басқа да жайсыз оқиғалардың куәгері болсаңыз – онда келесі шараларды орындау қажет:

1. Пациенттің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу (алғашқы көмек, тексеру және т.б.).

2. Қоршаған адамдардың денсаулығы қорғау (аса қауіпті биологиялық сұйықтықтарды, заттарды жою немесе зиянсыздандыру)

3. Оқиға туралы емдеуші дәрігерге және қажет болған жағдайда басқа да тұлғаларға хабарлау

4. Оқиға туралы фактіні түсіріп алу/сақтап қалу (оқиға кезіндегі пациенттің жағдайын есте сақтап қалу, талдауға үлгілер алу, оқиға орнын фотоға түсіріп алу, препараттың қаптамасын, ампуласын, жапсырмасын сақтап қалу және т.б.).

5. Қажет болған жағдайда бөлімше басшысына (бөлімше меңгерушісіне), АҚ және ТЖ бөліміне (тел.26-63-87, ішкі тел.2-63), еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерге (ішкі тел.2-63) және күзет қызметіне хабарлау.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Егер сіз төтенше жағдайдың куәгері болсаңыз - өрт, біреудің денсаулығының нашарлауы (көгілдір код), кәріз құбырының жарылуы және басқа да оқиғалар жөнінде 101 нөміріне, сондай-ақ қала диспетчеріне хабарлау қажет. Жарақаттануды, бақытсыз жағдайларды, медициналық қателіктерді және басқа да жайсыз оқиғаларды болдырмаудағы Сіздің роліңіз маңызды.

Сізге сәттілік пен жемісті еңбек тілейміз!


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: