Билет № 26 Сөздердің байланысу түрлері

1. Отан деген не? Бұл сөзді күн сайын естіп жүрміз. «Отан – отбасынан басталады» дейді қазақ. Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

Қазақ халқының атамекені – көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, шығысы мен солтүстігі – Сібірге және Алтай тауларына, оңтүстігі Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан республикаларына шектеседі. Көлемі бес Францияға, он екі Бельгияға пара-пар елдің жерінде алуан түрлі өсімдіктер, жан-жануарлар бар. Менделеев ашқан химиялық элементтері кестесінде көрсетілгендердің бәрі қазақ даласынан табылады. Елімізде 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіз, демократиялық және құқықтық республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы – Президентін сайлау болды.

Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Республиканың Елтаңбасын, Мемлекеттік туын және әнұранын бекітті. 1995 жылы тамыздың 30-ында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.

Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Қазақстан өркениет елдерінің қатарына қосылуға батыл қадам жасап қана қоймай, сыртқы саясатқа ықпал ете алатын іргелі, өркениетті мемлекетке айналды.

2. Сөздердің байланысу тәсілдері

Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:

1. Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады.

2. Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады.

3. Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады.

4. Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.

Сөздердің байланысу түрлері

Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

Қиысу

Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз.

Мысалы:

  Жекеше Көпше
1-жақ Мен оқушымын Біз оқушылармыз
2-жақ Сен оқушысың Сендер оқушыларсыңдар
  Сіз оқушысыз Сіздер оқушыларсыздар
3-жақ Ол - оқушы Олар - оқушылар
  Жекеше Көпше
1-жақ Мен оқимын Біз оқимыз
2-жақ Сен оқисың Сендер оқисыңдар
  Сіз оқисыз Сіздер оқисыздар
3-жақ Ол оқиды Олар оқиды

Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: